НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА ЛИЗИНГТІК БИЗНЕСТІҢ ДАМУ МЕХАНИЗМІ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей еліміздегі 80%-ға дейін тозығы жеткен құрал- жабдықтарды алдағы жылдары алмастыра отырып, оны шешудің жолы ретінде жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар – сыртқы экономикалық, несиелік және инвестициялық операциялар элементтерін біріктіретін лизинг болмақ. Қазақстан Республикасында лизингті дамыту негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Осы мәселені елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің 18 ақпан 2005 жылы жолдаған жолдауында атап өткен болатын. Яғни лизинг – ол шағын және орта бизнесті дамытумен қатар ел экономикасын дамытудың бірден — бір жолы болып табылады. Әр түрлі халықаралық ұйымдар үкіметтік емес ұйымдардың, университеттердің, халықаралық агенттіктердің және жергілікті басқару органдарының көмегімен арнайы Жобалар жасау арқылы елдегі лизингтік қатынастардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасай отырып, лизингтік қатынастарды мега деңгейде басқаруда маңызды рөл атқарады. ҚР- да халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің қаржылық қолдауымен 2003 жылы лизингтті дамыту бойынша жоба өз қызметін бастады. Бұл жобаның негізгі мақсаты лизингтік қатынастарды реттейтін заңдылықтарды жетілдіру үшін мемлекеттік басқару органдарына және Парламентке ұсынастар беру, қаржылық және кәсіпкерлік орталарда лизинг туралы 77 танымдалық танымдылықты жоғарылату және лизингтік сектордың ресурстық базасын кеңейту бойынша көмектер жасау болып табылады. Қазіргі кезде осы жобаның бірінші және екінші кезеңдері толық іске асырылған. Ал үшінші кезеңін іске асыру үшін Халықаралық қаржылық корпорацияның инвестициялық департаментімен бірлесе отырып, Орталық Азияда лизингті қаржыландыру Қорын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Лизингтік қатынастарды мега деңгейде басқаруды дамыту үшін шетелдік инвесторлар тартуға көбірек көңіл бөліну қажет. Лизингтік қатынастарды басқарудың нарық талаптарына сәйкес келетін тиімді технологиясын жасау үшін ең алдымен мемлекет макродеңгейлік қатынастарды реттеуші ретінде неғұрлым маңызды роль атқарады. Еліміздегі лизингтік қызметтер нарығының қалыптасқаннан бергі уақыт аралығында лизингтік қатынастарды ұйымдастыратын және реттейтін бірнеше нормативті актілердің бекітілгені белгілі. Солардың негізінде лизингтік қызметтер нарығын ұйымдастыру қағидаларын анықтайтын база құрылған. Бірақ лизингтік қатынастарды дамыту бойынша елімізде қабылданған заңнамалық актілердің қабылдау уақыттарына жасалатын талдаулар, көптеген жағдайларда нарықтың мемлекеттен реттеуші шараларды талап еткендігін көруге болады. Яғни, бүгінгі күні мемелекет лизингтік қатынастарға заңнамалық базаның көмегімен жергілікті деңгейлерде реттеулер жүргізіліп отырған жоқ. Сондықтан да , біздің қазіргі таңда ҚР-ғы лизингтік қатынастарды мемлекеттік деңгейде басқарудың кейбір тетіктерін сапалық жағынан келесідей бағыттар бойынша қажет екендігін ұсынамыз: 1. Лизингтік қатынастарды әр түрлі келісім шарттық қатынастардың элементтерінен тұратын инвестициялау тетігі ретінде оның әлеуметтік-психологиялық аспектілерін түсіндіруге мүмкіндіктер беретін қосымша заңнамалық нормативтік базаны қалыптастыру қажет. Ол үшін лизингтік қатынастарға байланысты қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан заңнамалық құжаттарды түсіндіретін «төменгі» деңгейдегі, яғни әдістемелік нұсқаулар жасап оларды қолданысқа енгізу керек. 2. ҚР-да лизингтік қатынастарды құру қағидаларын толық қалыптастыруға жауап беретін құқықтық реттеу тетіктерін жасау және оларды нақты қолданысқа енгізу керек. Бұл жерде ең алдымен, «қаржылық лизинг» түсінігінен белгілі бір ерекшеліктері бар « оперативті лизинг » деп аталатын жаңа тетікті қолдануға өту үшін қажетті құқықтық базаны қалыптастыру керектігі айта кеткен жөн. Себебі, шетелдік тәжірибе көрсетіп оырғандай кейбір объектілерді әсіресе, құрылысты жүргізуге қажетті құрылғыларды оперативті лизинг негізінде пайдалану қаржылық лизинг қарағанда неғұрлым тиімді болып келеді.Сондықтан да қазіргі кезде лизингтік қатынастарды оперативті лизинг арқылы дамытуға көп көңіл бөліну керек.Осы мақсат үшін оперативті лизинг тетіктерін пайдалану қағидалары мен тәртіптерін түсіндіретін және реттейтін заңнамалық актілер қабылдау қажет. 3. Соңғы кездері еліміздегі лизингтік нарықтағы өзекті мәселелердің бірі бұрын пайдаланылуда болған мүліктерді лизингке беру тәжірибесін дамыту болып отыр.Жалпы бұл норма «қаржылық лизинг туралы» ҚР-ның Заңында қарастырылғанына қарамастан,қазіргі кезде бұл нарық жұмыс істемей отыр.Содықтан да, бүгінгі күні мемлекет тарапынан осы сектордың жұмысын ынталандыру және белсендіру үшін қосымша жеңілдік шарттар құру қажет.Себебі,елімізде қайталама лизингтік нарықтың дамуы,менің ойымша өтімділігі неғұрлым жоғары лизинг объектілерінің көптеген түрлерінің пайда болуына әсерін тигізді. 4. Лизингке беруші субъектілердің қызметтеріне бақылау жасауды күшейту мақсатында,олардың қызметтерін лицензиялау тәртібін қолдану қажет.Ол үшін «Қаржылық лизинг туралы» ҚР-ның Заңының 10-бабына өзгертулер енгізу қажет.Бұл лизингтік қызметтер нарығын нақты жұмыс істемейтін лизингтік компаниялардан «тазартуға»мүмкіндіктер береді.Сонымен, менің ойымша мемлекет тарапынан лизингті қатынастарды басқару жүйесін реттейтін заңнамалық негіздерге осындай тұзетулер мен толықтаулар енгізуеліміздегі лизингтік қызметтер нарығының дамуына қолайлы әсер етеді. Лизингке беруші субъектілердің қызметтерінің ерекше қарастыра отырып, олардың ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі жүйесінде экономиканың нақты және қызмет көрсетуші 78 секторларының құрылымынан тұрақты аралық звено болып табылатынын атап өткен жөн. Елдегі лизингтік қызметтер нарығы экономиканың қаржылық нақты секторларының белгілі бір элементтерінен қалыптасатыны белгілі. Сонымен, лизингтік қатынастарды басқару деңгейлерін кешенді түрде пайдалану лизингтік қатынастарды бекіту кезіндегі тәуекелділіктерді төмендетуге мүмкіндіктер береді. Лизингтік қатынастардағы тәуекелділікті басқару үдерісі бір-бірімен байланысты бірнеше кезеңдерден тұрады. Оны арнайы құрастырылған блок-сызба түрінде көрсетіп кетейін. Ұсынылған тәуекелділік түрлерін жіктеудің бір ерекшелігі лизингтік қатынастардың лизингтік келісімге қатысушы субъектілер арасындағы серіктестік қатынастар ретіндегі экономикалық мәнін ашуға мүмкіндіктер беретін серіктестік тәуекелділігімен толықтырудың енгізілуі болып табылады. Лизингтік қатынастар кезінде пайда болатын тәуекелділіктерді басқару үшін менің ойымша, лизингтік келісімге қатысушы әрбір субъектілердің ұйымдастырушылық құрылымында тек тәуекелділіктерді басқару мәселелерімен айналысатын арнайы бөлім құрылуы керек. Сонымен, лизингтік келісімдердегі тәуекелділіктерді ескере отырып, лизингтік қатынасты басқару жүйесін қалыптастыру кезінде келесідей факторлар ескерілуі керек: Бір лизингтік келісімге қатысушы тұлғалар санының неғұрлымкөп болуы,(лизингтік компания, лизингке алушы, жеткізуші, сақтандыру компаниясы, кредитор және лизингтік келісімге т.б. жанама қатысушылар); Лизингтік операцияны іске асыру мерзімінің ұзақтылығы ( 3 жылдан жоғары ); Лизингтік қатынастардың сипатының көп болуы. Осы айтылғандарға сүйене отырып, лизингтік қатынастарды іске асыру кезінде тәуекелділіктерді басқару лизингтік келісімге қатысушы әрбір тұлғаның негізгі қызметі болып табылуы керек. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты: Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг оъектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды; Лизинг 100% — ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай – ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдала отырып, өнеркәсіп өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді; Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады; Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады. Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды. Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар : Жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан (әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды; Ұйымдастырудың күрделілігі; Лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады. Еліміздегі лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдірудің бір жолы ретінде лизингтік компаниялардың қосымша қызметтерін дамыту стратегиясы ұсынылған. Осы стратегияға сәйкес лизингтік келісімді бекіту лизингтік компаниядан басталу керектігі ұсынылған. Ол үшін лизингтік компания инвестициялық жобаларды таңдау және бағалау 79 үдерістеріне неғұрлым белсенді түрде қатысуы қажет деп ойлаймын. Яғни, олар лизингке алушылардың тәуекелділіктерінін біраз бөлігін өздеріне алуы немесе мүмкіндіктері болған жағдайларда басқаларға беруі қажет. Осындай қосымша қызметтерді лизингтік компаниялардың өзіне алуы лизингке алушылар тұрғысынан лизингтік қызметтерге деген сұранысты жоғарылату арқылы орны жабылады. Бұл стратегия белгілі – бір түрдегі лизингке алушыларды қаржыландырудың базалық үлгісі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Ұлттық экономиканы көтерудің басыңқы шараларының бірі инвестицияларды пайдалану деп айтқан. Бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде және дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді каржыландыру түріне айналуы тиіс. Ел Президентінің Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 мемлекет қатарына енуі бағдарламасын жүзеге асыру үшін кәсіпорындар бәсекеге қабілетті өнім шығарып, бәсекеге қабілетті қызмет көрсету қажет екенін бәріміз де жақсы түсінеміз. Дегенмен, оны физикалық тозған немесе моральды ескірген құрал негізінде жүзеге асыру мүмкін емес. Менің көзқарасым бойынша, лизингтік бизнесті дамытуда кешенді бағдарлама жетіспейді деуге болады. Оның құрамында келесідей элементтер болуы мүмкін: — құрамында мамандарды дайындайтын, көрсетілетін қызметтерді жариялайтын ақпарат болатын лизингтік нарықтың инфрақұрылымын дамыту; лизигтік келісім-шарттарды несиелеуде банктермен кең көлемде жеңілдіктер берілуін қамтамасыз ету (3 жылдан жоғары); кепіл жүйесін дамыту; қазіргі кезде қолға алынған мәселелермен қоса лизинг шегіндегі шетел инвестицияларын тартуды қадағалау (халықаралық лизингтік келісім-шарттарда валюталық бақылаудың болмауы). Әлемдік нарықта өздерінің техникалық және құндық параметрлері бойынша ұқсас машиналар мен құрылғылар түрлерінің номенклатурасының көбеюі. Осының әсерінен өз тауарларын өндіру үшін неғүрлым жақсы келетін, тиімді құрылғыларды таңдау мәселелері күшейе түсті және сонымен бірге, құрылғыларды уақытша пайдалану қажеттіліктері арта бастады. Лизингтік қатынастардың пайда болып дамуына әсер еткен маңызды факторлардың бірі қаржы нарығындағы капиталдардың жеткіліксіздігі. Бұл жағдай орта және кіші кәсіпкерлікпен айналысатын фирмалардың қаржылық жағдайында неғұрлым кері әсер етеді. Сонымен қатар, мемлекеттердің өзіндік өндірістік инфрақұрылымы жеткілікті деңгейде дамымаған жағдайларда, тапшылық әсерінен бағалардың тез қарқынмен өсу және валюталық дағдарыстар кезінде өзіндік қаражаттар есебінен құрылғыларды сатып алу мәселелері тереңдейді. Лизингтік қатынастардың қалыптасып дамуына әсер еткен себептердің бірі ретінде лизинг негізінде қаржыландыру нарықтық экономикасы дамыған елдердегі қаржыландырудың негізгі қағидасына, яғни, қаражаттарды өз атынан емес делдалдар арқылы орналастыру қағидасына сәйкес келетіндігін атауға болады. Мұндағы негізгі мақсат – жауапкершіліктер мен тәуекелділіктерді бөлу. Сонымен қатар шетелдерде лизингтік қатынастардың дамуына төлем қабілеттігі бар сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздіктер, мемлекеттің әсер ету шаралары сияқты экономикалық шараларды қоса кеткен жөн. Кесте 1-Лизингтегі мәселелер мен шешу жолдары Кедергілер Себебі Шешу жолдары 1 Халықтың лизингтік Баспасөз БАҚ арқылы халықты лизинг операция жасауға беттерінде жайлы жан-жақты толық сауатсыздығы лизинг жайында ақпараттандыру мәліметтердің 80 аздығы 2 Лизингтік Пайыздық Пайыздық ставкаларды қаржыландыруда ставкалардың төмендету , мемлекет тарапынан тәуекелдің жоғарылығы жоғарылығы, субсидиялар,дотациялар арқылы инфляция қолдау көрсету 3 Лизингтік сұрақтар Лизингтік Оқу орындарында арнайы бойынша мамандар қатынастардың мамандар даярлау, біліктілікті жоқтығы жеткілікті арттыру курстарын ашу деңгейде дамымауы Ескерту — автор құраған Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, шетелдерде және отандық нарықта лизингтік қатынастардың пайда балып, даму шарттарының бір-бірінен ерекшеленетінін көруге болады.Бұрынғы Совет Одағы құрамындағы елдерде лизингтік қатынастардың пайда болуының негізгі факторы ретінде қаржылық қатынастармен бірге материалдық қатынастардың да жетіспеушілігін айтуға болады.Сондықтан да, біз үшін әлемдік және отандық экономикалық нарықта лизингтік қатынастардың қалыптасу және даму тәжірибесін зерттеудің маңыздылығы өте зор. Сонымен жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, қазіргі уақытта лизингтік қызметтер нарығы әлемнің шамамен барлық аймақтарында дамуда деп айтуға болады. Әлемнің көптегенн елдеріндегі инвестицияның жалпы көлеміндегі лизингтің алатын үлесіне байланысты лизингті инвестициялаудың болашағы бар бір формасы деп толық санауға болады. Тағы бір айтатын жағдай экономиканың нақты секторларын дамыту шеңберінде лизингтің кең түрде дамуын төмендегідей жағдайлар мүмкіндік береді: Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемін жоғарылату арқылы оларға деген сұраныс үшін жеткілікті ұсынысты қамтамасыз ету. Экономиканың нақты секторларынан яғни, өндіріске жаңа техникалар мен технологияларды ендіруді жеделдету. Елде бәсекелестік өндірісті құру. Өндірістік салалық құрылысын жетілдіру өнеркәсіптік өндіріске дұрыс көңіл бөлген жағдайда елдегі шикізат, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Дайын өнімдерді шетелдерден әкелу көлемін азайту. Себебі, ұлттық экономика шеңберінде де дайын өнімдер өндірілуі қажет. Сонымен қатар, лизингтік қатынастардың дамуын жетілдіру үшін, мынадай ұсыныстар жасауға болады: лизингке берілетін барлық жылжитын мүліктердің түріне 3 немесе 4-тен жоғары емес коэффициентпен жеделдетілген амортизациялау механизмін қолданылу мүмкіндігін заңды түрде қарастыру; 2-3 жылға дейінгі мерзімде қызмет ететін қаржы лизингінің келісім-шартына байланысты алынған пайдалар бойынша лизингті берушілерге (банктерге немесе олардың еншілес лизингтік компанияларына) табысқа салынатын салықты төлеуден босатуды қайта қарау; лизинг объектісі болып табылатын, Қазақстан аумағына уақытша алып келген тауарларға қатысты кеден бажынан және салықтардан лизингті берушілерді босату; Қазақстандағы лизингтік қарым-қатынастарды ұйымдастырушы және реттеуші мемлекеттік лизингтік ассоциацияның тез арада құрылуына қолдау көрсету. Қазақстанда лизингтің дамуының өзектілігі сол, еліміз әзірше шикізат ресурстарының әлемдік бағаларына тәуелді және бұл тәуелділік көмірсутекті шикізат экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты алдағы орта мерзімді болашақта сақталып әрі 81 өсе түсуде. Ұзақ мерзімде ел экономикасын мұнай бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай экспортынан түскен табыстың ауқымды мөлшерінен көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асатын Ұлттық қор қалыптастырылды, сақталып әрі өсе түсуде. Ұзақ мерзімде ел экономикасын мұнай бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай экспортынан түскен табыстың ауқымды мөлшерінен көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асатын Ұлттық қор қалыптастырылды. «Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуіміз қажет», — деп атап көрсетілген Президенттің Қазақстан халқына жолдауында. Қазақстан экономикасын шикізат ресурстарының бағалары тұрақсыздығынан қорғаудың тағы да бір тетігі отандық өндірістің дамуы болып табылады. Бұл жағдайда елдегі құрал-жабдықтардың 70- 80 пайызы тозғанын, алдағы бірнеше жылда оларды алмастыру қажеттігін ескерген жөн. Осы мәселені шешудің бір жолы жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар сыртқы — экономикалық , несиелік және инвестициялық операциялар элементтерін біріктіретін лизинг болмақ. Сонымен бұл мақалада берілген тақырып бойынша басты мәселелер анықталып, оларды шешу жолдары ұсыныстармен дәйектелінді.

Читайте также:  Сабақтастық - тарихи кеңістік-уақыттың болмыс мәні

Оставить комментарий