НАСЫР ХОСРОУДЫҢ ПОЭЗИЯЛЫҚ МҰРАЛАРЫ

Парсы елінің ұлы ақыны және ислам дінін уағыздаушы Абу Муин Хамид ад-Дин Насыр ибн Хосрау ибн Харис аль- Кубадийани аль-Марвази әдебиет әлемінде Насыр Хосроу деген атпен танымал. Насыр Хосроудың бізге жеткен поэзиялық мұрасы — бірнеше қасида мен қыты және екі дидактикалық маснавиінен тұрады. Бұл шығармалар «Диван» деп аталатын өлеңдер жинағында жинақталған. Н.Хосроудың өзі парсы және араб тілдерінде жазылған екі маснавиі бар екендігін айтады (Бертельс 1988:327), бірақ ақынның араб тілінде жазылған нұсқасы табылмаған. Н.Хосроудың поэзиясы жайында жазылған Е.Э. Бертельстің алғашқы мақаласынан бастап, қазіргі кезге дейінгі жазылған мақалаларға қарамастан оның поэзиясының көркемділігі жайында біржақты пікір айту мүмкін емес. Насыр Хосроудың «Диваны» алғаш рет Тебризде 1863 жылы, ал екінші баспасы 1896 жылы Тегеранда басылып шықты. Бірақ, бұл «Диванға» ақынның шығармашылық жинағы толығымен кірмеді. Тек 1925-1928 жылдары ирандық ғалымдардың Хадж Сайид Насраллах Такави, Али Акбар Деһхода, Сайид Хасан Тағизаде және Муджтаба Минувилердің көмегімен ақынның кейбір қолжазба нұсқалары қайтадан өңделіп, поэзиясы толығымен жинақталды. Аталған ғалымдар 1896 жылы шыққан басылымды негізге ала отырып,ортағасырларда құрастырылған поэтикалық антологиялар мен сөздіктерде ақынның қолжазбасынан көшіріліп жазылған көшірмелерін, жекеленген өлеңдерін енгізді. Сайид Хасан Тағизаде бұл жинаққа көлемді алғысөз жазып, ақынның өмірі мен оның философиялық көзқарастарына жан-жақты тоқталып өтті. Муджтаба Минуви ақын жайында парсы әдебиет антологиясынан көптеген деректер келтіре отырып, ақын шығармасын талдаған. 2003жылы Тәжікстанда Насыр Хосраудың 1000 жылдық мерейтойына арнап 3томдық шығармалар жинағы баспадан басылып шықты. барлық өлеңдерімен қоса, діни- философиялық еңбектері де енді. Насыр Хосроудың әдеби шығармашылығы кассикалық парсы поэзиясының алғашқы кезеңдерімен бірге дамыды. Х-ХІ ғасырларда «қасида» өлең түрі жоғары деңгейге көтерілген болатын. Қасиданы сол кездегі сарай ақындары өз патшаларын және патшаның жақын адамдарын мадақтауда көптеп қолданған болатын. Қасида өлең қалыпына салып, төмендегідей тақырыптарда өлеңдер жазылған: )نسیب )تشبیب – кіріспе бөлімі, көбінесе түсіндірмелік, сипаттамалық, ғашықтық мағанасында айтылады; تخلص — мадақтық, мақтау, өлеңнің кімге арналғандығын білдіру; Негізгі бөлім – مدح) мадақтау), فخر (өзін-өзі мақтау, мақтану), (жоқтау) мағынасында және қорытынды бөлімі طلب – шығарған өлеңі үшін сыйлық сұрау, دعای تعبید – дұға жасаудан тұрады. Сонымен қатар иран халықтары ұлттық мерекелерін және салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына негізделген салтанатты жиындарын қасида өлең формасына салып өлең-жырмен тойлатқан. Мысалы, ежелгі иранның маусым ауысу мерекелерінде, мұсылмандық-діни мейрамдарды атап өтуде, патшаны ұлықтау рәсімдерінде, патша мұрагерінің дүниеге келу қуанышында, жауды жеңуде, биліктің ауысуы кезеңдерін өлеңмен, жырмен атап өткен болатын. Жоғарыда келтірілген салтанатты жиындардан басқа «қасида» өзінің күрделі жанрлық- құрылымы жағынан елдің әлеуметтік- саяси міндеттерін шешуде және үгіт- насихат жүргізуде де қолданылған. ХІ ғасырда Унсури мен Фаррухидің Ғазнави әулетіне жазған қасидасы осының дәлелі. Насыр Хосроу әдеби және әдебиеттен тыс міндеттерді алдына мақсат етіп алып, сарай поэзиясына мүлдем ұқсамайтын тақырыптарда өз қасидасын жаза бастады. Ол қасиданың маңызды белгілерін сақтай отырып, мағынасын толығымен өзгертті десе де болады. Енді мадақтың орнына – насихаттық, өсиеттік мағынасында қасидалар жазыла бастады. Ақын шығармасында көбінесе діни уағыздарды, соның ішінде «исмаилизмдік ілім» жайында көптеп жазған. Иран ғалымдары, әдебиетшілері Насыр Хосроудың өмірі мен шығармашылығын төрт кезеңге бөліп қарастырады. Біріншісі – «исмаилизм» ағымын ұстанғанға дейінгі кезең. Екінші кезең – 42 жасында жасаған Насыр Хосроудың жеті жылға созылған сапары жайында өзінің » سفرنامه-» сінде жазып қалдырған. Үшінші кезең – оның рухани кемелденген, «исмаилизм» ағымын уғыздаушы ретінде туған жері Хоросанға қайтып оралуы. Ал төртінші кезең – ақынның Йумғанда өткізген кезеңі. Өмірінің соңғы жылында Насыр Хосроу бірқатар философиялық еңбектер жазған болатын. Насыр Хосроу өлеңдерін көбінесе қасида түрінде жазғандығын біз жоғарыда айтып кеткен болатынбыз. Ақынның көптеген өлең түрлерінің ішінен «қасиданы» таңдағанын былай дәлелдеуге болады. Біріншіден, ортағасырлық әдебиетте прозадан қарағанда поэзия барлық жағынан жоғары деңгейде дамыған. Екіншіден, қасида өлең жолдарының ырғағы мен оның ұйқасы тыңдаушыға немесе оқушыға түсінікті және есте тез сақталуында. Үшіншіден, мүмкін, әртүрлі тақырыпты қамтитындығында шығар. Өйткені Насыр Хосроу өзінің өсиетін, уағыздарын еркін тақырыптарда, атап айтсақ саяси, әлеуметтік, философиялық, діни, адамгершілік, әдептілік жайында жазған.

Читайте также:  ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ ИРАН ПРОБЛЕМАСЫ

Оставить комментарий