Үнді­-германдық халықтардың маңыздылығы

Ықылым заманнан бері халықтар Азиядан оңтүстікке қарай бағыт алып жылжып барады. Б. з. д 2000 жылдары бұрын үнді­герман тілді халықтар Үнді мен Иранға бағытталған, кейіннен Грекия мен Италияға бет алды; біздің дәуірімізге дейінгі кезеңнің ортасында кельттер мен германдықтар оңтүстік халықтардың мәдени әлемін қайтадан мазалай бастады; Қытай көшпелі­моңғолдардың шапқыншылығын тоқтатып отырғанындай, біраз жылдар бойы Рим империясы да олардың басқыншылығын ұстап отырған болатын. Содан кейін ұлы халықтардың көшу қозғалыстарына германдық және славяндық халықтар, кейіннен түркі халықтары, одан кейін моңғолдар қосылды. Және біраз ғасыр бұрын ғана осы үзіліссіз қозғалыс тоқталған болатын. Бұл процестің толығымен тоқталуы көшпелі өмір салтынан отырықшылыққа өтумен байланысты болды. XVIII ғ. бастап бүгінгі күнге дейін оңтүстіктен жылжи келе, Моңғолияны Қытай шаруалары бейбіт жолмен тоқтаусыз басып келеді. Солтүстікте Кеңес мемлекеті соңғы көшпенділерді отырықшы өмір салтына өтуге мәжбүрлейді. Тарихи жағдайлар айқындайтын мыңжылдықтар бойындағы қоныс аударып жүрген халықтардың ішінен біз үнді­германдық халықтарға ерекше көңіл аударамыз және бұл өте әділетті. Ежелгі ұлы мәдениеттер ешқандай да үнді­германдық болып табылмайды. Хет тілінің үнді­германдық сипаты біздің танымымыз қол жеткізген рухани ерекшелікпен байланысты емес. Ежелгі ұлы мәдениеттер кезеңіне қатысты үнді­еуропалықтардың өткен шағында осы мәдениеттерге ұқсас жазуы, мемлекеті және тәжірибелермен алмасушылығы бар әлем байқалған емес. Алайда бұл әлем тілдің ортақтығымен ғана бірлескен жоқ. Онда рухани мазмұнның тұтастығы, — мысалы, әке мен бала идеясы, табиғатқа деген ерекше жақындығы байқалады. Тарихта дәйекті түрде өткені жайлап ұмытылатын, бейболмысқа айналатын уақыттар және қайтадан жаңғырып, тнылатын, еске түсетін және қайталанатын кезеңдер де болады. Сол кезеңнен бері тарихта әр тарапта қайта өрлеу жүріп жатыр (Август кезеңі, Каролинг, Оттоның қайта жаңғыруы, 1770­1830 ж.ж. Германиядағы гуманистік қозғалыс, XII ғ санскриттің қайта өрлеуі, Хань кезеңіндегі конфудиандық және Сун кезеңіндегі жаңа конфуциандық). Белдеулік кезеңі мен кейінгі мыңжылдықтардағы Батыс тарихы үшін үнді­германдық негізінде құрылған мәдениеттер ерекше мазмұнға ие болды. Бұл үнді, герман, грек, сонымен қатар кельт, славян және кейінгі парсылар мәдениеттері ортақ белгілерге ие: олар батырлар мен эпостар туралы аңыздарды жасап, қасіретнамалықты ұғынып, әбзелдеген. Бүл басқа халықтарда кездесетін Вавилондағы Гильгамеш туралы аңыз, мысырдағы Кадеш кезеңіндегі шайқас, қытайлардағы Үш патшалық мүлдем басқа сипатқа ие. Үнді, парсы жөне грек жеріндегі жасалғандардың бәрі белдеулік уақыттың сипатын қамтамасыз ететін факторлардың бірі болып табылады. Алайда белдеулік уақыт үшін соншалықты маңызды болатын, иудейлер мен қытайлар сияқты халықтар мүлдем үнді­германдық болған жоқ. Сонымен қоса, барлық үнді­германдық бірліктер бастапқы мекендеген жерінен кетіп және бөтен дәстүрлерді игеру нәтижесінде алдыңғы ұлы мәдениеттердің негізінде құрылған. Еуропада, солтүстік халықтарының әлемінде белдеулік уақытпен кездескеннен кейін, біздің дәуіріміздегі бірінші мыңжылдықтан бастап белдеулік уақытта өздерін көрсеткен күштерге туыстас, бұрын­соңды болмаған, рефлексияға түспейтін субстанция пайда болады. Осы кейінгі солтүстік халықтарының қақтығыстарының салдарынан, бұрын өзін ғана сезінетін, импульстер ретінде өмір сүрген сублимация басталады: Рухтың жаңа шығармашылығында қарсылықтан көңілі толмаған рухқа, кейіннен ізденістерге немесе мойымайтын «Меннен» өзіндік экзистенция негізіндегі еркін тұлғаға айналатын бір нәрсе жасалды. Кез келген талпыныс кернеу шегіне дейін жетіп, адамның кім екенін, әлемдегі тіршілігі мен болмысын танып, трансценденттілікке деген сенімі пайда болады.

Читайте также:  Мифтер және бұқаралық ақпарат құралдары

Оставить комментарий