ӨНДІРІСТІ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКА ЖЕТІСТІКТЕРІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Қазақстанның жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуі кезінде экономиканы тұрақтандырудың негізгі буыны – шикізаттық сала болды. Яғни, экономикалық процестерді реттеу үшін мемлекет шетел инвесторларын тарта отырып, шикізаттық экспортқа бағытталған өндірістік жүйені қалыптастырды. Бірақ та, уақыт өте келе, нарықтық қатынастарға бейімделген ел экономикасының жаһандық процеске сай дамуы үшін бұл саланың тиімсіз екендігі айқындалып, экономиканы әртараптандырудың объективті қажеттілігі туындады. Осы ретте, қолда бар минералдық-шикізаттық ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында өндірістік саланы қайта құрудың ролі арта түсті. Осылайша, елімізде экономиканың шикізаттық бағытынан ауысу негізінде, шикiзаттық емес салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыру көзделді. Нарықтық экономикаға көшкеннен кейін Қазақстандағы қол жеткен өнеркәсіп өндірісінің өсімі шикізатқа деген сұраныстың өсуімен байланысты әлемдік нарық конъюнктурасына қолайлы әсер еткен сыртқы жағдайлармен сипатталды. Бірақ та, еліміздің өнеркәсіп салаларында қазақстандық өнеркәсіптік базаның техникалық және технологиялық деңгейін айқындайтын, ғылымды қажетсінетін өнім түрлерін өндірудің көлемі төмендей бастады. Осыған байланысты, бүгінгі күні елімізде жоғары технологиялық өндірісті дамыту қажеттілігі артып келеді. Демек, бұл келешекте ел экономикасының постиндустриалдық және технологиялық дамуының кепілі болмақ. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде өндірістік құрылымды қайта құру, елдің орта және ұзақ мерзімді перспективалық жобалары мен стратегиялары негізінде жүзеге асырылатыны белгілі. Сол себепті, Қазақстан Республикасының қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық ұстанымы – жоғары технологиялық өндірісті дамытуды индустриалды-инновациялық факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету болып отыр. Әлемдік практикада ғылыми-техникалық жетістіктерді қолданысқа енгізу мемлекеттің индустриялық-инновациялық саясатын іске асырудағы негізгі факторлардың бірі екендігін дәлелдейді. Жалпы, өндірісті техникалық дайындау, сондай-ақ оның ғылыми-технологиялық деңгейін уақытылы жаңарту нарықтық экономиканың басты талабы екені баршамызға белгілі. Өндірісті техникалық жаңартуға – жаңа өнім түрін өндіру мен модернизацияланған бұйымдардың және өндірістің ұйымдастыру-техникалық деңгейін арттыру мақсатында жүргізілген жұмыстардың жиынтығын жатқызуға болады.11 Жаңа инновациялық өнімдер өндіру кезінде өндірісті техникалық дайындаумен бірге жаңа құрал-жабдықтарды, инновациялық технологияны, материалдарды, өндірісті ұйымдастырудың жаңа түрлерін игеру жөнінде дайындық жұмыстары жүргізіледі. Әдетте өндірісті техникалық дайындау үш кезеңнен тұрады: — бірінші кезеңде жаңа өнім түрін жасау және өндірісті дайындау, үлгіні әзірлеу және оның тәжірибе жүргізу арқылы үлгісін жасау, оны бекіту, құжаттарын дайындау, бұйымды суреттеу, қолданылатын негізгі және қосымша материалдарды ескере отырып конструкциясын жасау, өнімді өндіруге қажетті шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар мен фурнитура беруші жабдықтаушыларды анықтау шаралары жүргізіледі. Осы кезеңде өнімді дайындаудың технологиялық сызбасы, технологиялық операциялардың 11 «Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 161 тізбегі, жұмыс күшіне қажеттілік, олардың мамандылығын анықтау, құрал-жабдықтарды жөндеу және түзеу тәрізді көптеген жұмыстар атқарылады. — екінші кезеңде жаңа және әр түрлі өнімді өндіруді дайындау және игеру, ұйымдастыру-техникалық шараларды енгізу орындалады. Бұл жұмыстар негізінен тәжірибе цехтарында жүзеге асырылады. Өндірісті техникалық дайындаудың екінші кезеңінде еңбек өнімділігін арттыруға, өнім сапасын жақсарту мен материалдарды үнемдеуге барлық жағдай жасау жан-жақты қарастырылады. — үшінші кезеңде өнімнің жаңа және әр түрін өңдеудің жалпы және сериялық әдістерін бір жүйеге келтіру, өндірістік ағындарда өндірістік- техникалық шешімдерді пайдалану сияқты жұмыстар атқарылады. Жетілдірілген ағынның тиімділігі жұмыс істеп тұрған ағынның технико-экономикалық көрсеткіштерімен (еңбек өнімділігі, өнімнің қор сыйымдылығы, өндірістік алаңның бір шаршы ауданынан өнім алу және т.б.) салыстырылады. Егер қабылданған көрсеткіштер жүйесі бойынша бағалау нәтижесі берілген жағдайда келтірілген шығындардың ең аз (минимальды) шамасы қолданылады. Сөйтіп, өндірісті соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықтаудың мазмұны мен міндеттері кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына байланысты анықталады. Осыған орай тапсырыс беруші сауда орындарының, тұтынушылардың талабына сәйкес өндірісті техникалық тұрғыда ұйымдастыру үшін дайындық шаралары жүргізіледі. Өндірісті жаңа ғылыми-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін алдымен жаңалық ашудың маңызы зор. Жаңалықтар aшy, рационализаторлардың, өнертапқыштардың ұсыныстары, патенттер мен лицензиялар құқықтық актілер негізінде растайтын қажетті құжаттарының болуы арқылы жүзеге асырылады. Жаппай өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндіретін өнімнің көлемі көп, ассортимент түрлері кең болған жағдайда өндірісті инновациялық технологиялармен жабдықтау көптеп шығын жұмсауды қажет етеді. Бүгінгі таңда республикада жаңа технологияларды, сондай-ақ, инновациялық технологиялармен байланысты машиналар мен жабдықтарды сатып алуға, жаңа өнімдерді (қызмет көрсетуді) өндіру әдістерін зерттеуге және жаңа өндірістік процестерді әзірлеуге 01.01.2009 жылғы дерек бойынша 113 460,1 млн. тг. жұмсалған. Соның ішінде: республикалық бюджеттен – 5 613,2 млн. тг., жергілікті бюджеттен – 36,9 млн. тг., меншікті қаражат есебінен – 96 860,0 млн. тг., ал шетелдік инвестициялар есебінен – 9 413,6 млн. тг.-ден астам көлемде қаржыландырылған. Өндірісті ғылыми-техника жетістіктерімін қамтамасыз ету деңгейі негізгі өндірістің өнімді дайындаудағы тиімділігін арттырады және оның берілген тұтынушылық қасиеттерін сақтай отырып, өндірістің ырғақты жұмыс істеуіне толық мүмкіндік береді.12 Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау деп өндірісте өнім өндіру жүйесі мен конструкторлық технологиялық дайындауды реттеуші мөлшерлі-технологиялық шаралар кешенін айтады. Мөлшерлі-технологиялық шаралар кешені бірнеше сатылардан тұрады. Тәжірибе- конструкторлық жұмыстар сатысында технологиялық үрдістерді ұйымдастыру, негізгі өнімнің сызбаларын, технологиялық құрал-саймандарды, стандартқа сәйкес емес құрал- жабдықтарды, өнімнің сапасын техникалық бақылау және сынау үшін құралдарды және тасымалдау құралдарын орналастыру мен жіберу жұмыстарын дайындау және жетілдіру жатады. Осы сатыда тәжірибе жұмыстары жүргізіледі. Стандартқа сәйкес емес құрал- жабдықтардың және технологиялық құрал-саймандардың жеке құрамдас бөліктерінің жұмысын тексеру, модельдер мен үлгілер дайындау жұмыстары орындалады.Тәжірибелік- конструкторлық жұмыстар сатысы болашақ өнімнің техникалық деңгейінің қалыптасуына ерекше әсерін тигізеді. Тәжірибе-конструкторлық жұмыстар алынған ғылыми нәтижелер стандартқа сәйкес келмейтін құрал-жабдық және технологиялық жабдықтар өндірісі сатысында жүзеге асады. Аталған жабдықтау құралдарының дайындалуының санасы мен 12 Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің ай сайынғы ақпараттық-талдамалы журналы 162 беріктілігіне соңғы өнім агрегаттары, түйіндері мен бөліктерінің сапасы тығыз байланысты болады. Сонымен, өндірісті ғылыми-техника жетістіктерімен қамтамасыз ету кезеңінде орындалатын жұмыстарды сипаттамасына қарай келесідей топтарға бөліп көрсетуге болады: конструкторлық, технологиялық және ұйымдастыру-экономикалық. Сөйтіп, өндірісті конструкторлық дайындау 5 сатыны қамтиды, олар: техникалық тапсырма, техникалық ұсыныс, эскиздік жоба және жұмыс жобасы.13 Өндірісті ғылыми-техникалық дайындау үрдісін жүзеге асыруда стандарттар жүйесі бойынша мөлшерлер, ережелер және талаптарға сәйкес орындау қажеттілігі пайда болады. Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау деңгейі көптеген факторлармен тығыз байланысты. Оларға техникалық, экономикалық ұйымдастыру және әлеуметтік факторлар жатады (Кесте 1). Кесте 1. Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындаудың басқа да факторлармен өзара байланысы № Атауы Сипаттамасы Типтік және стандартты технологиялық үрдістерді жасау және жетілдіру; технологиялық жабдықтардың стандартқа сай және унифицирленген құралдарын пайдалану; автоматтандырылған жобалау жүйесін қолдану; технологиялық жабдықтарды қолдану; өндірісті автоматтандырылған жүйемен басқаруды қолдану; Техникалық бөліктерд і өңдеудің механикалық және термиялық өңдеуді 1. прогрессивті тәртібін қолдану; прогрессивті технологиялық факторлар әдістерді қолдану; ұнтақты металлургия, электрофизикалық, электрохимиялық және т.б. әдістерді дайындау; сапаны тексеруде белсенді және объективті техникалық тексеру құралдарын пайдалану; технологиялық құралдарды өндірудің және жобалаудың торлық сызбасын бақылауды автоматтандыру және т.б. жатады. Өндірісті технологиялық дайындау жұмыстарының кезеңдері 2. Экономикалық бойынша алдын ала қаржыландыру, жеңілдетілген несиені факторлар пайдалану, жаңа техниканы игерудің ынталандыру қорын құру және тағы басқалар жатады. Өндірісті мамандандыруды дамыту және тереңдету, негізгі өндірістің алғашқы өнімдер партиясының немесе тәжірибелік Ұйымдастыру үлгісінің сапасы бойынша стандартты емес құрал- жабдықтардың, 3. технологиялық жабдықтардың сапасын аттестациялау, көмекші факторлары өндірісті ұйымдастыруды жақсарту, негізгі және көмекші өндіріс арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру, зауытаралық, зауытішілік, салааралық кооперациялауды кеңейту кіреді. Орындаушылар мамандығын көтеру, еңбек жағдайын жақсарту Әлеуметтік мақсатында өндірістік және көмекші операцияларды 4. механикаландыру және автоматтандыру, әлеуметтік өрісті факторлар дамыту, ұжымда психологиялық атмосфераны жақсарту саналады. Ескерту – автормен құрастырылған. 13 Назарбаев Н.А. Стратегия становления постиндустриального общества и партнерство цивилизаций. – М.: Экономика, 2008 163 Жоғарыда аталғандар өндірісті ғылыми-техниканың жаңа түрлерімен жабдықтаудың негізі болып саналады. Өндірісті технологиялық дайындау жеке өндірістік бөлімдерді техникалық жарақтандыру, өндірісті кеңейту, сонымен қатар құрал- жабдықтарды модернизациялауды алдын ала қарастырады. Әдетте, өндірісті дайындауға байланысты шараларға жұмсалатын шығындар неғұрлым аз болып, оның сапаға залалы тимеген жағдайда кәсіпорынның экономикалық көрсеткіші жоғары болады. Сонымен қатар жаңадан жасалатын өнімнің техникалық деңгейі өндірістік үрдісте және оны пайдалану кезінде де отандық және шетелдік үлгілерден басым болса, патенттік-техникалық тұрғыда жоғары нәтиже береді. Әдебиеттер: 1. «Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің ай сайынғы ақпараттық-талдамалы журналы. Қаңтар-ақпан, 2011 жыл. 3. Назарбаев Н.А. Стратегия становления постиндустриального общества и партнерство цивилизаций. – М.: Экономика, 2008. 4. Кэмпбелл Д. Стратегический менеджмент. М: Проспект, 2003. 5. Томпсон А. Стратегический менеджмент: концепции и ситуации для анализа. М: Вильмас, 2008. 6. Қазақстанның ғылымы және инновациялық қызметі. Статистикалық жинақ: Астана – 2010.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar