Өндірістік нысанның санитарлы-техникалық кұжаты

Санитарлы-техникалық құжат — өндірістік нысанның санитарлы-техникалық жағдайын сипаттайтын және еңбек жағдайын жақсарту бойынша сауықтыру шараларын жоспарлауға бағытталған еңбекті қорғау жөніндегі құжат.

Әрбір өндірістік нысан үшін санитарлы-техникалық құжат рәсімделуі керек, онда өндірістік процестің сипаттамасы; еңбек құралдарының жағдайы мен саны; жұмыс аймағындағы барлык қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың қарқыны; тұрмыстық жайлар мен ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарының жай-күйі; қолайсыз енбек жағдайында жұмыс жасаушылардың (оның ішінде әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмағандар) саны; ауаның ылғалдылығы мен температурасы, жарық, желдету жүйесі туралы мәлімет, кәсіптік ауру мен жаракат түрлері туралы мағлұмат беріледі.

Бұл көрсеткіштер белгілі-бір нысанның еңбек жағдайын аныктайды, себебі колданылатын еңбек құралдары жұмыстың ауырлығын; қорғаныс құралдарының жай-күйі мен зиянды өндірістік факторлардың қаркыны — еңбек қауіпсіздігін; тұрмыстық үй-жайлар — жұмыстың жайлылығын сипаттайды.

Жұмыстың ауырлығын — физикалық еңбек шығынын физиологиялык нормаға сәйкестендіріп, еңбек кауіпсіздігін — кауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың деңгейі мен көрсеткіштерін стандарттар мен баска да нормативті құжаттардың талабына сәйкестендірін анықтайды.

Еңбек кауіпсіздігін аныктағанда кауіпті және зиянды өндірістік факторларды ұжымдык және жеке қорғаныс құралдарымен оқшаулауға, сапасы меп мөлшерінің белгілі-бір нысанды жарақтандыру мен ондағы жұмысшылар үшін нормативтерге сай келуін ескеру керек.

Еңбектің жайлылығын — белгілі-бір нысандағы тұрмыстық үй-жайлардың саны мен сапасын, жай-күйін санитарлы-гигиеналық талаптарға сәйкестігі бойынша анықтайды. Жұмыс орындарын аттестаттаудың қорытындысы бойынша жыл сайын нысанның санитарлы-техникалық құжатындағы мәліметтерді өзгертіп отырады. Аттестаттау барысында әрбір жұмыс орнының, техника мен технологиялардың, еңбек жағдайын ұйымдастырудың, сондай-ак оны механикаландыру деңгейінің қауіпсіздіктің жаңа заманғы талаптарға сәйкестігін талдайды.

Сондықтан, жұмыс орындарын аттестаттау мен санитарлы-техникалық құжат өндірістік нысаннын санитарлы талаптарға сәйкестігін аныктауға, еңбек жағдайын дұрыс бағалауға, жұмысшылардың қолайлы еңбек жағдайын жасау үшін жоспарлы және ғылыми негізде шаралар кетпенін жасауға және жүргізілген шаралардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.

Читайте также:  Этапы развития Казахстанского экологического законодательства

Оставить комментарий