Негізқалаушы өлтірудің евангелиялық көрінісі

фарисейлерге қарғыс» атауымен бір топ мәтіндер бар. Бұл атаудан бас тарту әлгі үзінділерді оқуда кездесетін қиыншылықтарға байланысты. Әрине, тура мағынасында бұл жалған ату емес, бірақ ол Иисустың өзінің сұхбаттастарына айыптың түсіну мүмкіндігін шектейді. Әрине, мәселе осы айыптауларда, бірақ егер зейінділеу зерделесек фарисейлер арқылы әлдеқайда кең және әмбебап бір нәрсе енгізілгені мәлім болады. Алайда, бұл евангелиялардағы әдетті нәрсе және мәтіндерді бөлетін кез келген оқу тіпті ол ақыр аяғында тарихи тұрғыда болса да, олардың ішкі сырын аңғара білген. Ең сұмдық және ең маңызды қарғыс Матфейде де, Лукада да мәтіннің аяғында болуы. Алдымен, мен Матфей мәтінін келтірейін (23, 34­36): Міне, мен сіздерге пайғамбарларды, данышпандарды, хатқа түсірушілерді жіберемін; сіздер оларды синагогаларыңызда сабайсыздар және қаладан қалаға қуасыздар, сөйтіп жерде Абыл қанынан бастап, сіз оны шіркеу мен құрбандық мінбары арасында өлтірген Барахия улы, Захария қанына шейін барлық әулиелердің төгілген қаны сіздерге жүктеледі. Мен сіздерге рас айтамын, мұның бәрі сіздердің буыныңызға жүктеледі. Мәтін бізге өлтірулердің көп болғанына мегзейді. Ол тек екеуін ғана келтіреді: Библияда алғашқы аталған Абыл өлімін және одан гөрі көмескілеу, екінші «Хроникалар кітабында» аталған Захария деген біреудің, яғни, бұл Иисус оқыған барлық Библия. Бұл бірінші және соңғы өлімді атау тізімнің одан гөрі толық түрінің орнын толтырғандай. Бұл екеуі арасындағы барлық құрбандар бар болған деп мегзеледі. Мәтін нәтижелеуші сипатта және ол тек еврейлердің дінімен шектеле алмайды, өйткені Абылдың өлімінде адамзаттың шығу тегіне, мәдени тәртіптің бірінші негізі қалауына жетеді. Қабыл мәдениеті ол еврей мәдениеті емес, мәтін және «жерде төгілген барлық әулиелердің қаны» деп айқын айтады. Демек, шамасы, Абыл прототип болған өлімнің түрі әлемнің тек бір аймағымен және тарихтың тек жалғыз кезеңімен шектелмеген; мәселе нәтижелері тек қана фарисейлерге емес, бүкіл осы буынға, яғни олар жариялаған хабарға қатысты саңырау және соқыр барлық евангелистер мен олардың ізбасарларына ықпал ететін тұтас құбылыс жөнінде. Луканың мәтіні ұқсас, бірақ ол Абылды атаудан бұрын кейін ең маңызды көрінетін қосымша дәйек қосады. Мұндағы әңгіме «дүниенің жаратылуынан бергі Абыл қанынан Захария қанына дейін барлық пайғамбарлардың төгілген қаны жөнінде» болды (Лук. 11, 50­51). Грек мәтіні айтады: «аро kataboles kosmou». Дәл осы тіркес Матфейдің өзінде де бар, Иисус 78­ші псалмды келтіргенде, оны өзіне арнайды: Менің аузым аңыздар айтар, Олар дүние жаратылуынан бергі Жасырын заттар жөнінде айғай салады (Матф. 13, 35). Вульгата әр кез: a constitutione mundi деп аударады. Katabole’ негізді зорлық дағдарысынан туындаушы ретінде, тәртіпті тәртіпсіздіктен туындаушы ретінде жақсы анықтаушы болып көрінеді. Бұл аурудың басын және оның болашақта жазылуын белгілейтін медициналық термин. Әрине, Библияның еврейлік мәдениетте жалғыз сенімді және тіпті жалғыз ойға сыйымды этнологиялық энциклопедия екенін ұмытпау керек. Иисус Библияға жүгінгенде тек қана фарисейлер емес, бүкіл адамзат туралы ойлайды. Иисус айтқан фарисейлер бұл жағдайға алғашқы түскендер, бірақ мүлде де соңғылары емес, евангелиялық мәтіннен олардың сансыз ізбасарлары өздерінің бұл ұйымға жатпаймыз деген сылтауымен осы қарғысқа ұшырамайды деген шешімге келуге болмайды. Иисус христиандардың Иисусты өлтірмегеніндей фарисейлердің пайғамбарларды өлтірмегенін тамаша біледі. Онда фарисейлер өлтіргендердің ұлдары деп айтылған (Матф. 23, 31). Мұнда әңгіме ұрпақтық мұра таратуда емес, христиандар мен иуадаисттердің айырылғандарына ұқсас айырылысумен аяқталатын рухани және зердеуи ынтымақтастық жөнінде. Ұлдары әкелерімізден қол үздік деп оларды айыптайды, яғни, өлімді өзінен алысқа лақтырады. Және сол арқылы олар, оны еш сезбей, өздерінің әкелерін қайталайды. Олар пайғамбарлардың өлімінде өлімді өзінен алысқа лақтыру жөнінде әңгіме болғанын түсінбейді. Демек, ұлдары негіз қалаушы адам өлтіруді туындатқан менталды құрылыммен басқарылады. Егер біз езіміздің әкелеріміздің уақытыңда өмір сүрсек, біз пайғамбарлардың қанын төгу үшін оларға қосылмас едік (Матф. 23, 30). Дәл осы айырылысу ниетінде парадоксалды түрде әр кезде әкелер мен балалардың үзіліссіз байланысы жүзеге асады. Біз қазір синоптикалық евангелияларда оқитын мәтіндердің шешуші сипатын түсіну үшін, оларды оның тура эквивалентін негіздейтін Иоанн евангелиясының мәтінімен жақындастыру керек: Сіз неге менің тілімді түсінбейсіздер? Өйткені сіздер менің сөзімді тыңдай алмайсыздар. Сіздің әкеңіз — шайтан және сіз өзіңіздің әкеңіздің қалауын жүзеге асырғыңыз келеді. О бастан бұл адам өлтіру еді; ол оның ақиқатыңда орнатылмаған еді, өйткені онда ақиқат жоқ; ол өтірік айтқанда, ол оны ез тереңінен алады, өйткені ол өтірікші және өтіріктің әкесі (Иоанн 8, 43­44, 59). Мұнда Сайтан, адам өлтіру және өтірік арасында орнатылған үш дәрежелі сәйкестік маңызды. Сайтанның ұлы болу өтіріктің мұрагері болумен тең. Қай өтіріктің? Адам өлтірудің өз өтірігінің. Өтірік екі есе адам өлтіруге тең, өйткені адамды өлтіргенін жасыру үшін, ол тағы да адам өлтіреді. Сайтанның баласы болу дүние жаратылуынан бері өзінің пайғамбарларын өлтіргендердің баласы болумен бірдей.

Читайте также:  Мәдениет тарихи кеңістік-уақыт болмысының мазмұны ретінде

Оставить комментарий