Негізгі заңдар. Ортақ кодекс

Қазіргі кезде кәсіп ретіндегі ғылыми өндіріске қатынас ең алдымен ғылымның бұрын белгісіз мамандану сатысына аяқ басқандығымен және осы жағдайдың алдағы уақытта да сақталатындығымен байланысты.Сырттай қарағанда ғана емес, іштей де гәп мынада: қазір жекелеген индивид аяқталған әлдебір нәрсені ғылым саласында тек аса қатаң мамандану жағдайында ғана бітіре алады. Бізде кейде болып жататындай зерттеу ісі көрші салаға сұғынып кеткен әрбір жолы ­ әлеуметтанушыларда мұндай сұғыну ұдайы, және де қажеттіліктен болып турады, ­ зерттеуші санасында, менің жұмысым маманның арнайы көзқарасының тұсында оның басына оп­оңай келе қоймайтын мәселенің пайдалы қойылуын ұсынуға ғана жарар, ал өзімнің төл зерттеуім міндетті түрде өріп жүрген кемшіліктерге толы күйінде қала берер деген бейкүнә ой пайда болады. Тек қатаң мамандандыру арқасында ғана, ғылымда жұмыс істейтін адамға, бәлкім, өмірінде жалғыз рет артында ұзақ ғұмырлы бірдеңе қалдыра алғанын толық сезіну бақыты берілер. Шынында да, аяқталған әрі тәуір жұмыс ­ бүгіндері әрдайым арнайы атқарылған жұмыс. Сондықтан да күндердің күнінде ноқтаға басын бір тығып, менің бүкіл тағдырым қолжазбамның осы бір тұсында осы бір топшылауды дұрыс жасадым ба деп ойлануыма байланысты екен­ау деген пікірге бой алдыра алмайтын адам, ғылым маңына жоламай­ақ қойсын.

Ол ғылымға қызығу дегенді ешқашан бастан өткермейді. Кез­келген көлденең көк аттыға езу тартқызар оғаш масайрау, құштарлық және «сен дүниеге келгенше мың­мыңдаған жылдар өтуге тиіс болғанына, басқа бір мыңжылдықтар өз кезегін үн­түнсіз күтіп тұрғанына», ­ кәміл сенім болмайынша, сенің бір түйсінгенің анықтала ма ­ міне осыларсыз адамның ғылымға бейімі жоқ, сондықтан ол басқа бір нәрсемен айналыссын. Өйткені адам құштарлықпен істей алмайтын істің адам үшін ешқандай құны жоқ. Алайда тіпті құштарлық болғанның өзінде, ол соншалықты терең де шынайы болғанның өзінде ұзақ уақыт бойы нәтижеге жете алмау мүмкін. Рас, құштарлық ең басты нәрсе «шабыттың» алғышарты болып табылады. Бүгінде жастар арасында, тылым арифметикалық есеп тәрізді бірдеңе болып кетті, ол зертханаларда немесе статистикалық картотекалардың көмегімен, «жан­тәнімен» емес, тек «фабрикадағы» тәрізді суық санамен ғана жасалады деген түсінік өте кең таралған. Бұл орайда, ең алдымен мынаны айта кету керек: бұлайша ойлайтындардың көбісі фабрикада не болатындығын да, зертханада не істелетіндігін де білмейді. Онда да, мұнда да адамға идея, және дұрыс идея қажет, және тек осы шарттың арқасында ғана ол толық құнды бірдеңе жасай алады. Бірақ сен қалады екен деп басыңа ештеңе сақ ете қалмайды ғой. Жалғыз жалаң есеппен ештеңеге жете алмайсың. Әрине, есеп те қажетті алғышартты құрайды. Осылай, мысалы, әрбір әлеуметтанушы, оған, қартайған шағында да айлар бойы он мыңдаған мүлде қарапайым арифметикалық есептерді шығаруға тура келуі мүмкін екендігіне дайын болуы керек. Есеп шығаруды толығымен қосымша механикалық күшке жүктеу әрекеті жазасыз қалмайды: ақтық нәтиже көбіне мардымсыз болып шығады. Бірақ егер зерттеушіде оз есептерінің бағыты жөнінде, ал есептеу кезінде ­ жекелеген нәтижелердің маңызы жөнінде белгілі бір идеялар пайда болмаса, осы мардымсыз нәтиженің өзі де болмайды.

Читайте также:  Ортақ үкімет туралы

Идея тек қажырлы еңбектің негізінде ғана әзірленеді. Әлбетте, үнемі емес. Ғылыми тұрғыдан алғанда дилетанттың идеясы, маманның жаңалығына қарағанда дәл сондай немесе тіпті одан да артық мәнге ие болуы мүмкін. Көптеген проблемаларды үздік көтергендігіміз және көптеген танымдарымыз үшін біз нақ дилетанттарға қарыздармыз. Роберт Майер жөнінде Гельмгольц айтқандай, дилетант маманнан тек жұмыс әдісіндегі сенімділіктің жетпейтіндігімен ғана ерекшеленеді, сондықтан да ол аяқ астынан пайда болатын болжамның маңызын тексеріп, оған баға беріп, өмірге енгізе алмайды. Аяқ астынан пайда болатын болжам еңбекті алмастыра алмайды. Және екінші жағынан, еңбек мұндай болжамды алмастыра немесе оны мәжбүрлі түрде өмірге келтіре алмайды, мұны құштарлық та жасай алмайды. Тек осы екеуі ­ нақ екеуі бірге ­ болжамды ерте жүреді. Бірақ болжам бізге қажет кезде емес, тек өзіне қажет кезде ғана пайда болады. Және шынында да, Иеринг көрсеткендей, үздік идеялар диванда сигара тартып отырғанда немесе ­ Гельмгольц жаратылыстану ғылымының дәлдігімен өзі жайында айтқанындай, ­жазу үстелі жанында ойға беріліп, ізденіп отырған кезде емес, тауға қарай біртіндеп көтерілетін көше бойымен сейілдеп жүрген кезде, әйтпесе тағы басқа сондай жағдайларда, әйтеуір, мүлде күтпеген жерде ойға келеді. Бірақ әрине, егер мұның алдында нақ жазу үстелі жанындағы ойлар мен тыным бермейтін сұрақтар болмаса, болжамдар басқа келмес еді. Ғылыми қызметкер сондай­ақ кез­келген ғылыми жұмыста кездесетін тәуекелге де көнуі керек: «шабыт» келе ме, келмей ме? Тамаша қызметкер болуға, сөйте тұра бірде­бір маңызды жаңалық ашпай кетуге болады.

Алайда, тек ғылымда ғана жағдай осындай және зертханаға қарағанда кеңседе бәрі басқаша деп ойлау ағаттық болар еді. Коммерсантқа немесе ірі өнеркәсіпшіге «коммерциялық қиялсыз», яғни бірдеңені ойлап таппай ­ керемет ойлап таппай ­ сатушы немесе техникалық шенеунік болып қала берген жөн; ол ұйымдастыру жағынан ешқандай жаңалық енгізбейді. Шабыт, ғылыми даңғойлық өзіне елестететіндей, ғылымда осы заманғы кәсіпкер қарекет жасайтын практикалық өмірдегіден артық рөл ойнамайды. Және екінші жағынан, ­ мұны да көбіне мойындамайды, ­ бұл арада ол өнердегіден кем рол ойнамайды. Математик жұмыс үстелі жанында отырып алып, сызғыш пен басқа да механикалық құралдардың көмегімен әлдебір ғылыми құнды нәтижеге жетеді деу таза балалық ұғым ғой: математикалық қиялдар, мысалы, Вейерштрасс қиялдары мағынасы мен нәтижесі жағынан, әрине, суретшінің қиялынан мүлдем өзге, яғни одан сапалық жағынан ерекшеленеді, бірақ бұл арадағы психологиялық процесс бірдей. Екеуін де құшырлану (платондық «экстаз» мағынасында) мен «шабыттану» ерекшелейді. Біреуде ғылыми шабыт бар ма, ­ бұл бізге беймәлім тағдырларға, мұның үстіне «дарынға» байланысты. Осынау даусыз ақиқат нақ жастар арасында ­ бұл әбден түсінікті ­ қызмет ету туралы өте кең таралған нұсқаудың пайда болуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті; олардың

Читайте также:  Анархизм және социализм

Оставить комментарий