Неміс өнері ( Қайта Өркендеу дәуірі)

XV ғасырдың бірінші жарты жылдығының соңы мен XVI ғасырда Қайта өкендеу Германияда дамиды. Итальяндық суретшілердің мол тәжірибесі неміс суретшілерінің алға жылжуына көмектеседі. Итальяндықтарға қарағанда, олар адам өміріндегі руханилыққа, іштей күзеліске, психологиялық кереғарлыққа көңіл бөледі. XV ғасырда Италияда материалды дүнині ғылыми дәлелдермен түсіндіруге ұмтылған болса, Нидерландыда – дүниенің көрінетін сұлулығын беруге тырысты, ал, Германияда – көрінгенді дәл ұстап қалу және оны үйрету. Итильяндықтардың ғылыми жаңалықтары адам санасының шексіздігіне көз жеткізді. Неміс өнерінде жеке адам тағдыры маңызды рөл атқарды. Күрделі тарихи кезеңде, терең идеялық жетістігі көркемөнерде көрініс тапқан суретші ­ Альбрехт Дюрер (1471­1528). Ұлы неміс ойшылы және суретшісі Дюрер неміс бейнелеу өнеріне жаңа бағат әкелді. Дүниенің иделды гармониялы сұлулығы мен табиғаттан рационалды сұлулықтың заңдылықтарын іздеген суретші адамдарды терең ұлттық типтік образда бейнеледі. Дюрердің ең бірінші ұстазы табиғат болды. Ол математика, перспектива, анатомия және гуманитарлық салаларды да зерттеді. Ол екі рет Италияға сапар шекті. Суретшінің бейнелеу өнеріне қосқан жаңалығы Оңтүстік Германияға, Швейцарияға, Венецияға сапары кезінде жазған жұмыстарында байқалады. Ол қайтып оралғаннан кейін өз шеберханасын ашады. Дюрер портреттер жазады, неміс пейзаж жанрының негізін қалады, дәстүрлі евангельдік және библиялық сюжеттерді қайта қалыптастырады. Суретшіні әсіресе гравюра саласы ең алдымен оны ксилография, содан кейін мыста орындалған гравюра көбірек қызықтырады. Кітап баспаларының пайда болуы, көптеген антикалық кітаптардың кең таралуына әсер етті. Дюрер, Себастиан Брандттың «Ақымақтар кемесі» кітабын безендіреді. Итальяндықтардың ықпалының әсерінен адам анатомиясын терең зерттеген, Германияның нағыз итальяндық суретшісі тіпті Дюрердің өзі де, тәжірибеде адам фигураларын деформациялады. Дюрердің тақырыптары да, басқа неміс суретшілері сияқты терең діни сенімдерден қозғады. Осы тақырыптағы жұмысы ­ «Апокалипсис». «Меланхолия» жұмысы терең ойға берілген, қолына циркуль ұстаған әйелді бейнеленген. Бұл жасырын сыры бар гравюра деп саналады. Кез­келген шығармашыл адамға тән екі жақтылық: ол үлкен мүмкіндіктерін жасырғанымен, бар талантымен мәңгілік сұлулық құпиясының сырын аша алмайды. Бұл генидің өзінің «меланхолиялық күйі», оны суретші жұмбақ Меланхолия образында бейнелеген. Оны Дюрердің «рухани автопотретті» деп босқа айтпаса керек. Ағашта және мыста орындалған гравюрадан басқа Дюрер портреттер де, алтарлы копозициялар да жасады, бірақ барлығында оның шығармаларына тән ерекшелік – рационализм байқалды. Дюрердің портретті образдарына әдемі емес, асиммертиялылық, ойға шомған бет бейнелер тән. Оларға мысал, «Автопортреті», «Жас әйел портреті», «жас жігіт портреті» т.б. Дюрередің өзінің адам туралы көзқарасы орныққан, портретті жанрда жазылған ең терең картинасы, диптихі ­ «Төрт апостол». Нағыз колорист, фигуралардан жарқырап шыққан жарық сәулесін керемет бере білген суретші Матиас Грюневальд (1480­1528) еді. Готикалық бағытты жалғастырушы Грюневальд шығармаларында ренессантық жетістіктің тәжірибелерін кең қолданған. Шығармашылығы алдымен Швейцорияда, кейіннен Англияда өткен, неміс Қайта Өркендеу дәуірінің атақты келесі суретшісі Кіші Ганс Гольбейн (1497/98­1543). Гольбейн ойдан туған сәулеттік элементтері бар, көп планды, антикалық және жанрлы сюжетті, күрделі перспективалық ракурста орындалған фрескаларды модаға енгізді. Гормониялы композиция және түстерді сезіну оны итальяндықтармен жақындата түскенімен, кейінірек шынайылылықты шегелеп көрсету оның нағыз неміс суретшісі екенін айқындады. Өте шынайы орындалған оның Христос бейнесі осының куәсі. Өлім, оның шығамашылығында белсенді көрініс табады. Оның неміс щедеврлеріне айналған «Өлім биі» (Пляски смерти) – ағашта орындалған гравюрасында, ол өзінің саяси­ қоғамдық көзқарасын бейнелеген. Гольбейн шығармашылығында портрет жанры да айтарлықтай негізгі рөл ойнады. Гольбейн ренессанстық дәуірдің кесек тұлғасын айнытпай жазды. Дегенмен оның кескіндемесі керемет дәлдікте орындалды: ауыр барқыт, үлпілдеген тері жүні, мөлдір шыны, жалтылдаған алтын, нәзік қалампыр жапрақтары – бұлардың барлығы жаңа заман суретшісінің беделін арттыра түсті. Қайта өркендеу дәуірі өмірді, қиялды, шынайлықты, мәдениет пен өркениетті де емес, ең біріншіден ақылды қайта құру заманы.

Читайте также:  I - III ғасырлардағы Шығыс Хань мемлекеті

Оставить комментарий