НЕМІС ТІЛІ ГРАММАТИКАСЫН ОҚЫТУДА ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ӘСЕРІ

Тіл – адамдардың бір – бірімен қатынас жасайтын, пікір алысатын, өзара түсінісетін құралы , сонымен бірге оның заңдылықтары ерекшеліктерін құрылысын оқытатын, зерттейтін ғылым. [1] Неміс және қазақ тілдері – туыстық және типологиялық жағынан бөлек топтарға жататын тілдер. Неміс тілі үнді – европа тілдеріне, оның ішінде герман тілдері тобына жатады. Қазақ тілі түркі тілдері тобының қыпшақ тілдері тармағына жатады. Сонымен, туыстық тұрғыдан неміс тілі мен қазақ тілі арасында ешқандай қатынас жоқ. Бірақ осыған қарамастан грамматика жағынан екі тілдің де тиімді әсерін қарастыруға болады. Типологиялық тұрғыдан неміс тілі аналитикалық – флективті, ал қазақ тілі агглютинативтік тілдер тобына жатады. Демек, типологиялық тұрғыдан да бұл екі тіл арасында жақындық жоқ екен. Оның үстіне неміс тілі мен қазақ тілі даму тарихында өзара байланысты болмағанын ескерсек, екеуінің арасында ұқсастықтан гөрі өзгешеліктер көп болуы – заңды құбылыс. Дегенмен екі тілдің арасында ешқандай ұқсастық жоқ деуге де болмайды. Неміс және қазақ тілдері грамматикасы саласындағы ең басты ұқсастық – екі тілде де сөз таптары толық мағыналы : зат есім, сан есім, сын есім, есімдік, үстеу, етістік және шылау сөздерден тұратындығы. Сөз таптары саласында екі тіл арасындағы мынадай ерекшелікті ескеру қажет: неміс тілінде шылау сөздер құрамында септеулік деп аталатын сөз табы бар, қазақ тілінде мұндай сөз табы жоқ. Ол әдетте зат есімнің алдында қолданылып,оның белгілі септік тұлғасында тұруын талап ететін шылау сөз. Қазақ тілінде септеулік ұғымының болмауы қазақ оқушыларына үлкен қиындық келтіреді. Оқушыларға оны түсінудің өзі ауыр тиеді. Бұл қиыншылықтар жеңуге орыс тілі көмектесе алады. Жекелеген сөз таптарын салыстыру арқылы да екі тілде белгілі ұқсастықтар мен өзгешеліктер барын анықтауға болады. Мысалы, неміс тілінде де, қазақ тілінде де зат есімнің септік категориясы мен сан категориясы бар. Демек, қазақ оқушылары үшін неміс тіліндегі зат есімдердің септелетінін, оның жекеше және көпше түрі барын түсіну қиындық келтірмейді. Бұл категорияны меңгеру қазақ оқушылары үшін жеңіл, өйткені бұл жерде ана тілі тиімді ықпалын тигізіп тұр. Алайда неміс тілі мен қазақ тілі арасындағы ерекшелікті неміс тілінде род категориясы бар, ондағы зат есімдердің әрқайсы үш родтың біріне жатады: мужской род – der Tisch, der Lehrer, der Schüler; женский род – die Schule, die Tafel, die Lehrerin; средний род – das Buch, das Kind, das Mädchen т.б. [2] Қазақ тілінде мұндай род категориясы жоқ. Екі тілде де зат есім септеледі, бірақ олардың септелуі бірдей емес. Қазақ тілінде жеті септік болса, неміс тілінде төрт септік бар. Қазақ тіліндегі септіктердің мағынасы неміс тілінде зат есімнің белгілі бір предлогпен тіркесуі арқылы білдіреді. Қазақ тілінде барлық зат есімдер біртектес септеледі. Неміс тілінде зат есім септелуінің үш түрі бар: Неміс тілі мен қазақ тілінде сын есімдер арасында да ұқсастықтар мен өзгешіліктер бар. Екі тіл де сын есім екі синтаксистік қызмет атқарады: анықтауыш қызметі және күрделі есім баяндауыштың есім бөлігі Dastan ist ein fleißiger Schüler – Дастан — ұқыпты оқушы (анықтауыш). Der Schüler ist fleißig – Оқушы ұқыпты (есім баяндауыш). Екі тілде де сын есімнің 3 шырайы бар: 1. Жай шырай – lang — 2. Салыстырмалы шырай 3. Асырмалы шырай – ұзын – länger — ұзынырақ der (die, das) – längste – ең ұзын 137 Екі тілдегі бұл ұқсастықтар қазақ тілі неміс тіліндегі сын есімнің синтаксистік қызметтерін, шырайларын меңгеруде тиімді ықпалы тигізеді. Етістік саласында да неміс тілі мен қазақ тілінің арасында осы сияқты ұқсастықтар көптеп кездеседі. Екі тілде де етістіктің жіктік, жақ, шақ категориялары бар. Екі тілде де үш шақ бар, бірақ оларды білдіру үшін әртүрлі шақ формалары қолданылады. Мысалы: неміс тілінде осы шақты білдіру үшін бір шақ формасы (Präsens) , келер шақты білдіру үшін екі шақ формасы (Futurum I und Futurum II) қолданылса, өткен шақты білдіру үшін 3 шақ формасы қолданылады (Imperfekt, Perfekt, Plusquamperfekt). [3] Ал қазақ тілінде мұндай шақ формаларының саны одан да көп. Осы шақтың екі формасы: нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ; келер шақтың 3 формасы бар: ауыспалы келер шақ, болжалды келер шақ және мақсатты келер шақ. Ал өткен шақтың қазақ тілінде 4 шақ формасы бар: жедел өткен шақ, анық өткен шақ, ежелгі өткен шақ және ауыспалы өткен шақ. [4] Екі тіл шақ формаларының әртүрлігіне қарамастан мағыналары арқылы ұқсастықты айқындауға болады. Қазақ тілінің нақ және ауыспалы осы шақтағы сөйлемі неміс тілінде тек бір осы шақпен беріледі. Мысалы: қазақ тілінде нақ осы шақ – ол кітап оқып отыр, неміс тілінде — er liest ein Buch; Қазақ тілінде ауыспалы осы шақ – ол күнде келеді, неміс тілінде – er kommt jeden Tag. Liest және kommt неміс тілінде бір шақта, яғни Präsens – те қолданылып тұр. Қорыта келгенде, неміс және қазақ тілдері – туыстық және типологиялық жағынан бөлек топтарға жататындығына қарамастан екі тілдің грамматикасындағы ұқсас құбылыстар бар екені анық және ол неміс тілін үйренуде тиімді ықпалын тигізеді.

Читайте также:  Қазақстанның құқық жүйесінің ерекшеліктері жайлы

Оставить комментарий