Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өндіріс пен сапаны басқарудағы ұйымдастырушылық өзгерістер

Опубликовано Август 18, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Қазіргі кездегі әлемнің қарқынды түрде дамуы ұйымдардың сыртқы ортаның өзгерістеріне тез бейімделуін қажет етеді. Ал бәсекекелестікке қабілеттілікті сақтай отырып мекемелер ары қарай дамиды немесе оны жоғалта отырып, тірлігін тоқтатады. Көп жағдайда сыртқы орта ұйымдардың дамуының негізі болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің әр жылғы Жолдауында еліміздің даму мүмкіндіктері қадамдалып көрсетілген. Еліміз әлемдік экономика кеңістігіне интеграциялану үдерісімен шарттасатын, тұрақты өзгеріп тұратын экономикалық жағдайларға дер кезінде бейімделуі тиіс делінген [1]. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №6 (106). 2014 170 Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өндіріс пен сапаны басқарудағы ұйымдастырушылық өзгерістер Әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына қосылуды міндет етіп жүктейтін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мемлекеттік бағдарламалық құжаттар арасында ерекше орынға ие. Осынау жалпыұлттық міндетке қол жеткізу «еліміздің экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында инвестициялық қолайлы ахуал қалыптастыру және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін экономикалық өсудің жаңа нүктелерін құру, ұзақ мерзімді мүдделер мен экономикалық мақсаттылық тұрғысында экономикалық және басқарушлық шешімдер қабылдау» арқылы ғана мүмкін болмақ [2]. Сондай өркендеудің бастапқы нүктелері өндіріс пен сапаны басқарудағы ұйымдастырушылық өзгерістер болып табылады. Отандық сүтті өңдеу кәсіпорындарында да осы өзгерістерді енгізіп, сапасын сақтау мен өндірісін ұлғайту өзекті мәселе болып табылады. Біз сүтті қайта өңдеуден өткізетін отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қайта өңдеу үлесін көбейту мақсатында зарарсыздандырылған, асептикалық сүт пен тағы басқа да қышқыл сүтті өнімдердің өндірісі бойынша озық технологиялар (мәселен, өнімдерге биологиялық белсенді құрамдастар қосу арқылы ұзақ мерзімге сақталатын өнімдер өндірісінде барынша жаңа технологияларды пайдалану және тағысын тағыларды) енгізуді ұсынып отырмыз. Осыған орай мыналар ұсынылады: – сүт және сүт өнімдері өндірісіне барынша жетілдірілген ресурс және энергоүнемдеуші технологияларды енгізу; – қызмет көрсету тәсілдері мен өнімдер жеткізудің «just-in-time» технологиясы және тағы да басқа да алдыңғы қатарлы әдістерін енгізу. Бұл технологияларды сүтті тәулік ішінде жеткізу немесе қорда сақтау ырғақтарын ескере отырып, қолдануға болады; – тұтынушылардың ұсыныстары мен талаптарын ескере отырып, тауарлар ассортиментін қайта қарау, жаңарту және кеңейту (мәселен, сақталу мерзімі ұзартылған және тағамдық құндылығы жоғары әрі жаңа тұрпатты сүт және қышқыл сүтті өнімдерінің өндірісін жолға қою және тағысын тағылар); – майсу және майсыздандырылған сүт, сарысу сынды сүттің құрамдастарын қайта өңдеу жолын қолдана отырып, шикізатты үнемсіздікпен пайдалану проблемасын шешу; – орауыштар шығаратын тиімді желілер құру арқылы шетелдік орауыш шығаратын қымбат тұратын желілерді сатып алу проблемасын шешу; – түрлі жастағы және топтағы тұрғындарға арналған емдеу-сауықтыру мақсатындағы сүт және қышқыл сүтті өнімдерді шығаруды игеру (мәселен, сүтті қайта өңдейтін бірқатар зауыттар балаларға арналған сүт тағамдарын шығаруды немесе қария жасындағы тұрғындарға арналған өнімдер өндірісін иегруге бет бұра алады); – адамның ағзасы мен ас қорту жолдарына арналған арнайы дәрумендік қоспалар мен пайдалы құрамдастар (альбуминдік ақуыз, бактериялар бифдумы, лактобактериялар және тағысын тағыларды) қосу арқылы шығарылатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Отандық кәсіпорындар өз өнімдерін ИСО стандарттарына сәйкес сертификациялайтындығына қарамастан, кәсіпорындарда шикізат пен дайын өнімдерге қатысты санитарлық-гигиеналық нормалар мен тәртіптерді ұстануға қатысты жүйесіздік қалыптасқаны байқалады. Бұл өз кезегінде қауіпсіздікке кері әсер етеді, сонымен бірге сүт және қышқыл сүтті өнімдер сапасының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Сондықтан, өнімдердің тағамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындардағы оның сапасын сақтау саласы бойынша тамақ өнімдері өндірісінде халықаралық стандартты (International Food Standard- IFS) қолдану ұсынылады [3]. IFS ұйымдарға мыналарға мүмкіндік береді: өндірісті басқару мен менеджментте нормативтік регламенттер мен заңнаманы ескере отырып, өнімдер қауіпсіздігі мен сапасы бойынша талаптар жасауға және енгізуге. Сонымен бірге бұл стандарт тамақ өндірісін тиімді мониторингтеу жөнінде шаралар ұсынады және өнімдер сапасы саласындағы жағымды өзгерістер үшін тәсілдер мен әдістерді қамтамасыз етуге қолданылады. IFS сертификацияларына қол жеткізу келесі қадамдар арқылы көрініс береді: сапа менеджменті жүйелерін жасау мен енгізу; заңдық тұрғыдағы талаптарды анықтау; бақылау шаралары мен тамақ қауіпсіздігінің айрықша тәуекелдіктерін анықтау және құжаттандыру (НАССР); жақсы өндірістік және гигиеналық тәжірибелер қағидаттарын анықтау (GMP и GHP). Отандық көптеген кәсіпорында қазірдің өзінде сапа менеджменті жүйелері қолданылады және оны жаппай енгізу жалғасып жатыр. Соған сай техникалық және тағы да басқа нормалар мен регламенттердің заң талаптарына сәйкестілігі анықталуда. Тамақ өнімдері өндірісі бойынша шетелдік табысты кәсіпорындарда кеңінен қолданылатын GMP және GHP тәсілдері осының алдын­ ISSN 1563-0358 kaznu Bulletin. Economics series. №6(106). 2014 Д.Ә. Құнанбаева, М.Қ. Кенжеғаранова 171 дағы тарауда (шетелдік тәжірибе) талданғанына байланысты, отандық кәсіпорпындардағы сүт және қышқыл сүтті өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мақсатында біздер бұдан ары GMP (Good Manufacturing Practice) – «жақсы өндірістік тәжірибе» және GHP (Good Hygiene Practice) – «жақсы гигиеналық тәжірибе» сынды тәсілдерді енгізуді ұсынамыз. GMP (Good Manufacturing Practice) – «жақсы өндірістік тәжірибе» тәсілі сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындарға келесідей мүмкіндіктер береді: – өндірістік үдерістердің дәлме-дәл бағдаржолын жасап шығаруға (нақты бір өндірістік әрекеттің барлық қадамдары түгелге жуық көрініс табатын блок-схема, карта жасау арқылы жүзеге асуы мүмкін); – сүт және қышқыл сүтті өнімдердің жоғары сапасын қамтамасыз етуге қажетті лауазымдық нұсқамада қызметкерлердің басты міндеттерін көрсетуге; – жұмыстың, сондай-ақ өндірістік жабдықтарды пайдаланудың технологиялық нормалары мен тәртіптерін сақтауға; – әр қызметкердің жауапкершілігін күшейтуге және өндірістік тәртіпті жақсартуға; – өнімдер сапасына әсер ететін себептерді талдау мақсатында әр әрекет пен әрбір қызметкердің қызметіне кері есептеу жүргізуге; – дайын өнімнің сапасын жақсарту бойынша «түзетуші» шаралар қолдануға. GHP (Good Hygiene Practice) – «жақсы гигиеналық тәжірибе» тәсілі сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындарға келесідей мүмкіндіктер береді: – гигиеналық тәжірибелерді дұрыс ұйымдастыру (өнімдерге қоқыстар мен қоспалар түсіп кетпеуі және ластануына жол бермеу, имараттарды желдету және зарарсыздандыру талаптарын және тағысын тағыларды сақтау) арқылы сүт және қышқыл сүтті өнімдер өндірісінде жоғары санитарлық және гигиеналық мәдениетке қол жеткізуге; – техника мен жабдықтар, шикізат пен өнімдер тұратын кеңістік пен бөлмелерді, өндірістік, қоймалық имараттардың жағдайын барынша жақсартуға; – қызметкерлердің жеке бас гигниенасы мәдениетін арттыруға; – кәсіпорындағы өндірістік әрекет пен еңбек жағдайларын тиімділікпен ұйымдастыру және бақылау жолымен сапасы жоғары әрі бәсекелестікке қабілетті сүт және қышқыл сүтті өнімдер алуға. Жоғарыда айтылған стандарттар мен тәжірибелерді енгізу мақсатты әрі экономикалық тұғыда өзін өзі ақтайтын болуға тиісті. Нарықтардың жаһандануы және халықаралық аренадағы тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының арасындағы бәсекелестіктің барынша күшеюіне байланысты сүтті қайта өңдеумен айналысатын отандық кәсіпорындар уақыт көшінен қалып қоймауға тиісті және талаптар мен өзгерістерге дер кезінде дайын болуы керек. Мұндай талаптар қатарына GMP және GHP тәжірибелерін енгізу де жатады. Соған сәйкес, біз өзіне GMP және GHP-ді қосып алатын IFS стандарты сертификатын алуға байланысты шаралардың болжалды есептеуін жүргіздік. Осылайша, GMP және GHP енгізуге қажетті шығыстар орташа алғанда 2 300 000 тенгені құрайды. Бұл сапа бөлімдері мен өндірістік және зертханалық бөлімдер қызметінің экономикалық тиімділігін жақсарту, бастапқы шикізат пен дайын өнімнің сапасын арттыру есебінен өзін ақтайды. 3-кестеде өнеркәсіптік кәсіпорындарда GMP және GHP тәжірибесін қолдану кезіндегі тиімділіктер түрлері көрсетілген.

Оставить комментарий