Ньютон философиясының негіздері

Материалистердің дәлелдемелері Ньютон Құдайдың бар екеніне өте сенімді болған және бұл сөзді тек шексіз, құдіреті күшті, мәңгілік және жасампаз болмыс деп қана емес, сонымен бірге өзі мен өзінің жаратқандары арасында белгілі бір қатынас орнатқан жаратқан ие (господин) деп те ұғынды: бұл қатынассыз Құдайды тану небәрі бедеу идея ғана болып қалар еді ғой, ал мұндайлық идея кесір туған кез келген ойлы адамды жазасыздыққа үміттенгендіктен қылмысқа итеруі тиіс сияқтанады. Сонымен, бұл ұлы философ өзінің «Негіздерінің» соңында ерек ескертпе жасады; оның байқауынша, ешкім де менің мәңгім, менің шексізім деп айтпайды, өйткені бұл атрибуттардың біздің табиғатымызға ешқандай да қатынасы жоқ, бірақ менің Құдайым дейді, ал бұл айтқанды иеленушіміз әрі біздің өміріміздің сақтаушысы және біздің ой ­пікірлеріміздің объектісі деп ұғынған жөн. 1726 жылы доктор Кларкпен менің әлденеше реткі әңгімелерім кезінде бұл философтың Құдай есімін бір де бір рет ұқыпсыз түрде және белгілі дәрежедегі қадыр ­қасиет сезімінсіз атамағаны ойыма түсті. Бұның маған белгілі әсер еткенін мен оған мойындадым, ал ол маған бұл әдетті Ньютоннан қалай қабыл алғанын байқамай да қалғанын, мұның барлық адамдарға шынымен әдет болуы тиіс екенін айтып жауап қатты. Ньютонның бүкіл философиясы бәрін де жасаған және оз қалауынша тәртіпке келтірген жоғарғы болмысты танып ­білуге қажетті түрде жетелейді. Өйткені егер, Ньютон бойынша (және зердеге сәйкес), дүние шекті болса, егер бос кеңістік бар болса, демек, материяның өмір сүруі қажетті емес және өз өмір сүруін ол әлдебір кездейсоқ себептен (от произвольный причины) алған. Егер материя, оның дәлелдегеніндей тартылысқа төзссе, онда бұл оның табиғатына орай болып жатқан жоқ, мысалы, оның өз табиғатынан созылмалы болатынындай, бірақ оның тартылыс күшін Құдайдан алғандығынан болуда. Егер өсімдіктер бос кеңістікте не ол, не бұл бағытта дамитын болса, демек, оларды жасаушының қолы олардың дамуын абсолютті еркіндікпен берілген жаққа бағыттағаны. Бұл Декарттың физикалық принциптері деп аталатындар да дәл солай ақылды өз жасаушысын танып­білуге жетелейді дегенді білдірмейді. Бұл ұлы адамға нақақтан жала жауып, жоғарғы зердеге деген жексұрындығында айыптасам, онда бұл құдайға жаға қоймас; ал бұл зердеге ол әбден борышты еді және бұл зерде оны ол өмір сүрген ғасырдың барлық адамдарынан дерлік жоғары қойған болатын! Тек өз зердесін теріс пайдаланушылықтың оған тән кейбір жағдаяттары оның шәкірттерін олардың тәлімгерінің өзі өте алыс болатын түпсіз орға жыққанын атап өтейін; мен Декарттың жүйесі Спинозаның жүйесін тудырды деп ұйғарамын; картезианшылдық шексіз­шетсіз заттардан басқа Құдайды мойындамауға мәжбүр еткен көптеген адамдарды білгенмін және, керісінше, бұл сөздің ең қатаң мағынасындағы теист болмаған бір де бір ньютоншылды көрген емеспін деймін мен. Декартпен бірге шекті дүниенің өмір сүруінің мүмкін еместігіне және қозғалыс өз мөлшерін тұрақты сақтайтынына сенімге келген кезден бастап, маған материя мен қозғалысты беріңдер, сонда мен дүниені жасап беремін деп батыл мәлімдеуге жеткен кезден бастап,— осыдан бастап, мойындауға тура келетініндей, мұндай идеялар, тегі, өте дәл салдары ретінде, жалғыз шексіз болмыс, қозғалыстың жалғыз жасаушысы, субстанциялар құрылғысының жалғыз тудырушысы идеясын былай ығыстырып тастайды. Мүмкін, Құдайдың бар екенін дәлелдеулердің ішінен Ньютон үшін болмашы себептерге негізделген дәлел ең маңызды болғанан таң қалатындар да табылар. Ой­ниет, немесе, дәлірегінде, Әлемнің ең байтақ та, ең жоқтың қасындай бөлшектерінде де жалт­жұлт ететін ой­ниеттердің шексіз әр алуан саны, өзінің түйсікке ұрып тұрғандығынан кейбір философтар үшін жексұрын дерлік болып табылатын көрнекті дәлел береді; бір сөзбен айтқанда, басқаларға қарағанда өзі тереңірек сезінетін бұл сансыз өзара байланыстарды Ньютон шексіз өнерпаз шебердің туындысы болып табылады деп санады.

Читайте также:  Мифтер және бұқаралық ақпарат құралдары

Ол тіршілік иелеріндегі сабақтастық фактісінен туындайтын ұлы дәлелге үлкен мән бере қоймады. Әдетте, егер адамдар, жануарлар және өсімдіктер — дүниені құрайтынның бәрі де,— мәңгіден бар болатын болса, онда бірсыпыра себепсіз ұрпақтар болған деп жорамалдауға мәжбүр болар едік деп айтылады. Онда бұл жарандар делінеді осы арада, өз өмір сүруінің алғы себебіне иеленбес еді: оның сыртқы себебі болмас еді, өйткені, топшылау бойынша, олардың ұрпақтан ұрпаққа ұдайы өнуінің ешқандай да бастамасы болмас еді; оның ішкі де себебі болмас еді, өйткені бұл жарандардың ешбірі де өзді өзінен өмір сүре алмайды. Сонымен, бәрі де салдар болар еді де, ештеңе де себеп болмас еді. Ньютон бұл дәлелдемені деректі ұрпақ және бірі бірімен жаратылған жарандар ұғымдарының қос мағыналылығына негізделген деп тапты, өйткені толтырылған кеңістікті бар деп есептейтін атеистер, турасын айтқанда, ешқандай да ұрпақтар, ешқандай да жасалған жарандар және ешқандай да түрлі­түсті субстанциялар өмір сүрмейді деп жауап қатады. Әлем — қажетті өмір сүретін және толассыз дамитын бірегей тұтастық; бұл — табиғаты оның субстанциясының өзгермейтіндігін және оның акциденцияларының шексіз құбылмалылығын шарттастыратын бірегей болмыс; сонымен, жарандардың тек қана бірінен бірі туындайтын сабақтастығына негізделген дәлелдеме жарандардың көптілігін терістейтін атеист үшін сенімді болмауы мүмкін. Атеист ештеңе де ештеңеден тумайды, бір субстанция екіншісін тудыра алмайды, барлық бар нәрсе мәңгі және қажетті деп жариялайтын көне аксиомаларды өзіне көмекке шақырады. Сондықтан онымен басқа қарумен шайқасу керек; оған өзді өзінен материя ешқандай да қозғалысқа ие бола алмайтынын, егер де ол өзді өзінен аз да болсын қозғалысқа ие болса, онда бұл қозғалыс оған іштей тән болған болатынын, ал бұл жағдаятта онда тыныштықтың бар болуы қайшылық болып табылатынын ұғындыру керек. Бірақ егер атеист бұған бірде бір зат тыныштықта болмайды деп, тыныштық дегеніміз фикция, әлемнің табиғатына үйлеспейтін идея деп, шексіз нәзік материя дененің барлық қуыс­қуыстарында мәңгі бақи циркуляциялайды деп жауап беретін болса, егер ол табиғатта қозғалыс күштері тұрақты түрде өзара теңгерілген және күштердің мұндай тұрақты тепе­тендігі, тегі, қозғалыстың қажеттілігін дәлелдейді деп ұйғаратын болса,— мұндай жағдаятта да оған қарсы басқа қаруға жүгіну керек, бұл оны күресті жалғастыруға мәжбүрлейтін болса дағы; бір сөзбен, дүниеде орныққан керемет тәртіптен артқан адамды артығырақ сендіретін метафизикалық дәлел бар ма екенін мен білмеймін; Coeli enarrant gloriam Dei деген өлеңнен де тамашарақ аргументтің қашанда болған­болмағанын мен білмеймін. Сонымен, Ньютонның өзінің «Оптикасы» мен «Принциптерінің» соңында басқа ешқандай да аргумент келтірмегенін сіздер көрдіңіздер. Ол Құдай тағаланың пайдасына, диалогқа қатынасушылардың біреуінің аузына салған мына сөздердегі Платонның пайымдауынан сенімдірек әрі тамашарақ пайымдаудың болуы мүмкін емес деп есептеді: «Менің сөздерім мен әрекеттерімнің тәртіптілігін байқастап, сіздер менің зерделі жаным бар деп шешесіздер; бұл дүниеде орныққан тәртіптің негізінде жоғарғы зерделі жанның өмір сүретіні туралы ұйғарасыздар. Бірақ егер мәңгі, шексіз және құдіреті күшті жаранның бар екені дәлелденсе де, мұндай жаранның шексіз игілікті екендігі, бұл сөзге біз беретін мағынада алғанда, әлі дәлелін тапқан емес». Міне, атеистің байыпты арқа сүйер жері осы арада: «егер мен құдайды бар десем, дейді ол, онда бұл Құдай таза игілік болуы тиіс; маған өмір сүруді жазған ол бұл өмір сүруді бақытты қылуға тиісті; бірақ мен адамзат тегінде тәртіпсіздік пен қайғыдан басқа ештеңені де көре алмаймын; өз туындыларына соншама зұлымдықпен қарайтын Жаратушыға қарағанда, мәңгілік материяның қажеттілігі мені азырақ қорқытады. Менің әділ шағымдарым мен қатал күмәндарымды, — деп жалғастырады ол, — тән мен жаннан тұратын бірінші адам Жаратушыны ашуландырып, адамзат тегі бұл қылмыс үшін жазасын тартуда деген мәлімдемелермен жұбатуға болмайды; өйткені, біріншіден, егер біздің денелеріміз осы бірінші адамнан шығатын болса да, біздің жандарымыз — мүлде одан емес, ал егер де тіпті олар одан болса­дағы, өз балаларының бәрінің үстінен іске асырылатын Әкенің жазасы әділсіздіктер ішіндегі ең қорқыныштысына ұқсайды; екіншіден, американдықтардың және ескі дүниенің негрлер мен лапландиялықтар сияқты халықтарының мүлдем бірінші адамнан шықпағаны айқын сияқты. Негрдің органдарының ішкі құрылысы — бұған айқын дәлел; сонымен, жер шарын қаптаған жауыздықтарға қарсы менің жүрегімде көтерілетін ашу­ызаны ешқандай да дәлелдемелер баса алмайды. Сөйтіп, мен оны шексіз ізгілікті деп тануға тиіс болып, ал ол, керісінше, сансыз жауыздықтардың себебі болып табылатын жоғары болмыс — Жаратушы идеясын лақтырып тастауға мәжбүрмін, сөйтіп, мен өз ықтиярымен бақытсыздарды көбейтетін Құдайға қарағанда, материяның және ұрпақтар мен мәңгілік өзгерістердің қажетті түрде өмір сүретінін жорамалдауды артық санаймын. Бұл атеистке: «игілік», игілікті болушылық сөзі — екі мағыналы деп жауап беріледі. Ол сіздің өзіңізге қатынасында — жаман нәрсе, бірақ жалпы тәртіп көзқарасынан алғанда, игілік болады.

Читайте также:  Актюбинские активисты Альянса студентов Казахстана составляют рейтинг местных студенческих общежитий

Шексіз, құдіретті, абсолютті түрде зерделі және барлық жерде де болатын болмыс идеясы сіздің зердеңізді қобалжытпайды; безгек ұстағандықтан ғана сіз Құдайды жоққа шығарасыз ба? Ол сізге игілікті болушылықты беруге міндетті деп ұйғарасыз сіз; бірақ қандай негіздемеңіз бар бұған? Неге ол мұны жасауға міндетті?Ол сізбен әлдебір келісім­ шартқа отырып па еді? Демек, Құдайды мойындау үшін, сізге мызғымас бақытты өмір ғана жетіспейді екен ғой? Бірақ менің топшылауым бойынша, ұзақ жүзжылдық бақыттың ара­ арасында басыңыздың ауыруынан қашып құтыла алмассыз; сонда не, осы тез арадағы бір ауыру Жаратушыны терістеуге мәжбүр ете ме сізді? Тегі, олай болмас. Алайда, егер ширек сағаттық қайғы­қасірет сізді тоқтата алмаса, неге екі сағат, бір күн, небір жыл азаптану жоғарғы, әрі әмбебап шебер идеясын ысырып тастауға мәжбүр етпек? Бұл дүниеде жауыздыққа қарағанда қайырымдылықтың көбірек екендігі дәлелденген: шындығында өзіне өлім тілейтін адамдар аз ғой. Сіздің шағымдарыңызды бүкіл адамзат тегінің атынан білдіруге құқыңыз жоқ және одан да асқан әділетсіздікпен өз әміршіңізді, оның кейбір бодандары бақытсыз деген сылтаумен, жоққа шығарасыз. Егер сіз тірі жаранның тетігінде орын алатын өзара байланыстарды және бұл тірі жаранның өз өмірін алуы, оны қолдауы мен беруінің тәсілінің баршасында жарқылдаған ой­ниеттерді зерттесеңіз, онда сіз қиналмай­ақ бұл жоғарғы шеберді мойындайсыз; қасқырлардың қойларды жейтінінен, ал өрмекшілердің өз өрмегінде шыбындарды торып алатынынан сіздің пікіріңіз өзгеріп сала бере ме? Әлде сіз, бүгінгінің бәрі жойылып, қайта туындайтын үздіксіз ұрпақтардың әлемнің жалпы жоспарының құрамдас бөліктері екенін көрмейсіз бе? Сіз мен мұнда өнер мен күшті көремін, бірақ уақ та болсын игілікті көрмеймін деп жауап бересіз. Бірақ, мархабат! Жануарларды арнайы орында (питомникте) өсіріп, кейіннен оларды өлтіргенде, сізді жауыз деп атағанды қаламайсыз да, қатыгез деп барлық жарандарды өз кезінде желінуге тиіс етіп жаратқан иеленушімізді айыптайсыз ғой?! Бірақ түптің түбінде, егер де сіз біртұтас мәңгілік бақытты бола алсаңыз, өмір деп аталатын өткінші сәттегі кейбір қайғы қасіреттер тілге тиек етуге тұрар ма екен? Сіз Жаратушыны игілікті деп мойындамайсыз, өйткені жер бетінде зұлымдық бар дейсіз. Бірақ егер жоғарғы болмысты қажеттілік алмастырса, ол жақсырақ әлдене болып табылар ма еді? Құдайды мойындайтын жүйеде тек күдіктерді ғана жеңу талап етіледі, барлық басқадай жүйелерде есуастықтарды жою керек болады. Философия Құдайдың бар екендігін жап­жақсы­ақ көрсетеді, бірақ ол да Құдайдың қандай екенін, оның іс қимылдарының қандайлығын және оның не жасаса да қалай әрі неге жасайтынын түсіндіре алмайды. Менің түсінуімше, оны танып­білу үшін, оның өзі болу керек.

Читайте также:  ӨСІМДІКТЕРДІҢ ФИТОПАТОГЕНДЕРГЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАНЫС РЕАКЦИЯЛАРЫ

Оставить комментарий