Менің жобалауымша, адамдар, олардың жаратылыстық ахуалда қала беруіне кедергі жасайтын күштер өзінің қарсы қимылында сол ахуалда қала беру үшін әрбір индивидуум іске қоса алатын күштерден асып түсетін шекке жеткен. Сонда әу бастағы ахуал одан әрі жалғаса бере алмайды да, ол адамзат баласы өзінің өмір салтын өзгертпесе, құрып кетер еді. Алайда, адамдар жаңа күш жасай алмайтындықтан, тек қолда бар күштерді біріктіре, бағдарлай алатындықтан, олардың өздерін өздері сақтап қалудың бірденбір амалы басқа адамдармен бірлесе отырып, қарсы қимылды еңсере алатын , үлкен күш жинау, сосын оны бір басшыға бағындырып, бірлесе қарекет жасауға мәжбүр ету. ()сынау күш жиыны көптеген адамдардың тек біріге қимылдауының арқасында пайда болады; бірақ әрбір адамның қайраткүші мен бостандығы оның өзінөзі сақтап қалуының құралы болғандықтан, ол өзіне зиян тигізбестен, оның өзі жөніндегі парызы болып табылатын шаруаны елеместен, оларды қалай бере алмақ? Егер зерттеуіміздің тақырыбына қайта оралсақ, ол қиындықтар мынадай қағидалармен білдіріле алады: «Ассоциацияның бүкіл ортақ күшпен оның әрбір мүшесінің. өзін және мүлкін қорғай алатын пошымын табу керек,соның арқасында әрбір адам баршамен біріге отырып, алайда тек өзіне ғана бағынатын және бұрынғысынша бостан күйінде қала беретін болсын». Қоғамдық келісім шешетін негізгі міндет осындай.
Бұл Шарттың баптары актының табиғатының өзімен сол баптарды боларболмас өзгертудің өзі оның пәрменділігі мен пайдалылығын жойып жіберетіндей етіп айқындалған; сондықтан, олар, тегінде, ешқашан дәл тұжырымдалмаса да, барлық жерде бірдей, барлық жерде үнтүнсіз қабылданып, мойындалады, бүл жағдай қоғамдық келісімнің бұзылуы салдарынан әркім жаратылыстық бостандығынан бас тартып, келісім бойынша алған бостандығынан айрылып, өзінің бастапқы құқықтары мен өзінің жаратылыстық бостандығын қайтарып алғанға дейін жалғаса береді. Бүл баптар, егер оларды дұрыс түсінсек, бірақ нәрсеге, атап айтқанда мынаған саяды: ассоциацияның әрбір мүшесін барлық құқықтарымен қоса бүкіл қауым пайдасына толық беру; біріншіден, егер әркім өзін түгелімен берсе, баршасына бірдей шарт жасалады; ал барша үшін шарт бірдей екен, оларды басқалар үшін ауыр етуді қаламай, ешкім де мүдделі болмайды. Одан әрі, құқықтар түптүгелімен берілетіндіктен бірлесуде қаншалық мүмкін болса, соншалық толық болып, ассоциацияның бірдебір мүшесі басқа ештеңе талап ете алмайды. Өйткені, егер жеке адамдарда әлдеқандай құқық қалып қойса, олардың және бүкіл халықтың арасындағы даудамайды шешуге хақылы үлкен біреу енді болмайтындықтан, кей мәселелерде әркім өзінеөзі би бола алатындықтан, көп ұзамай барлық мәселеде би болғысы келер еді; жаратылыстық ахуал жалғаса берер еді де, ассоциация, сөз жоқ, тирандық немесе түкке керегі жоқ бірлестікке айналар еді. Ақыр соңында, әркім өзін баршаға бағындыра отырып, жеке алғанда ешкімге бағындырмайды. Сонымен, өзіңнен жырып берген құқығыңды одан жырып алу мүмкін емес бірдебір ассоциация мүшесі болмайтындықтан, әркім өзі жоғалтқанының баламасын алады және қолында барын сақтай алу үшін көбірек күшке ие болады.
Сонымен, қоғамдық келісімнен біз оның мәнін құрамайтын нәрселерді алып тастасақ, ол мына қағидаға саяды: Біздің әрқайсымыз ортақ игілікке өзімізді және өзіміздің барлық күшқуатымызды береміз және ортақ ырықтың жоғары басшылығына бағындырамыз, нәтижесінде біздің бәріміз үшін әрбір мүше бүтіннің бөлінбес бөлшегіне айналады. Ассоциацияның осынау актысы шарттық қатынасқа түсетін жеке адамның орнына бірден шартты түрдегі ұжымдық Бүтінді құрады, ол жалпы жиналыста қанша дауыс болса, сонша мүшеден құралады. Бұл Бүтін сондай актының нәтижесінде өзінің бірлігіне, өзінің ортақ Меніне, өзінің тіршілік ету мен ырқына ие болады. Баршаны біріктіру нәтижесінде құрылатын бұл заңдық тұлға бір кездері Азаматтық қауым 3 деп аталды, қазір ол Республика, немесе Саяси организм деп аталады: оның мүшелері бұл Саяси организмді, ол енжар кезде Мемлекет деп, ол белсенді кезде Егемен деп оны соған ұқсастармен салыстырғанда Держава деп атайды. Ал ассоциация мүшелеріне келсек, олардың жиынтығы халық ал жекелеп алғанда жоғарғы билікке қатысатындар ретінде, азаматтар, және Мемлекет заңдарына бағынатындар ретінде бодандар атына ие болады. Бірақ бұл терминдер көбінекөп бытыстырылып, бірімен бірі шатастырыла береді; олар бүкіл дәл мағынасында қолданылғанда айыра білу жеткілікті.
Оставить комментарий