ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖЕТІСУ ӨҢІРЛЕРІНІҢ СӘУЛЕТКЕРЛІК ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін, халқымыздың өткен тарихы мен мәдени мұрасы жаңаша көзқараспен, ұлттық тұрғыдан зерттеле бастады. Қолда бар жазба деректер негізінде түзілген тарихымыз енді Қытай, Парсы, Түрік, Орыстың архивындағы түркі тарихына қатысты деректерімен толығып, тарихымыздың тамыры тереңдей түсті. Деректерімен түскен жазба негіздері, археологиялық қазба деректер мен ізденістер нәтижесінде Қазақ елінің жаңаша тарихын суреттеуге толық мүмкіндіктер ашты. Қазіргі Қазақстанның кең байтақ аймағына сонау ертедегі тарихи оқиғалар өзінің әсерін тигізген болатын. Өзімізге белгілі Жібек жолы Қазақ елінің даму тарихында ерекше орны бар екенің білеміз. Осы жол арқылы Қазақстанның бірқатар аймақтарында қалалардың гүлдену үрдісі жүзеге асты. Отырар, Тараз, Құлан, Меркі, Сауран, Талғар және т.б қалалар сол дәуірдегі басқа қалалардан дамуы жағынан еш кем түспеды. Мәдени мұраларды зерттеу, сақтау және оны қолдануға бетбұрыс Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бүгінгі Қазақстанның алдында тұрған маңызды міндеттерімен қатар мәдени мұрамызды дамыту мәселесі жайлы айтқан Үндеуімен тығыз байланысты. Осыған байланысты 2004 жылдан бастап Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асуда. Сол себепті де Қазақстандағы қолдағы бар сәулет пен қала құрылысының тарихи мұрасын зерттемейінше, қазақ халқының тарихи мәдени мұрасын зерттеудің біртұтас жүйесі толық болмайтынын аңғаруымыз керек. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өңірлері тарихи ескерткіштерге бай өлке. Тарихи әдебиетте Жетісу ұғымына Шу алабы мен Нарын өзендерінң жоғарғы ағысын қамтитын аймақ кірген. Архологтар, тарихшылар Жетісуды Солтүстік-шығыс Жетісу (Солтүстікте Балқаштан және Оңтүстікте Іле Алатауына жоталарына дейін) және Оңтүстік- Батыс Жетісу (Шу мен Талас алқабы) деп бөліп қарастырады[1,678] Бұл өлкенің ежелгі сәулеткерлік ескерткіштерін зерттеу (негізінен, орта ғасырларда) кем дегенде 150 жылдан бұрын басталған болатын. Ең алғашқы іргетасы 1854 жылы Ш. Уәлихановтың Орталық Тянь-Шань арқылы Омбыдан Ыстық-Көлге сапар шегуінен бастау алады. Ғалым өз күнделігінде қазақ және қырғыздардың тұрмыс-тіршілігі, тарихы, өлкенің табиғаты жайында бақылаған көптеген жазбаларымен қатар, сәулеткерлік ескерткіштер Қозы- Көрпеш пен Баян-Сұлу кесенелері, қырғыз мазарларының қалдықтары мен қалалары туралы сипаттап жазып қалдырған. 1859 жылы Қашқария сапарынан келе жатып, Ш. Уәлиханов Орта Азиядағы Таш-рабатта орта ғасырлық сәулеткерлік ескерткішін зерттеп және түсініктеме бере отырып, сызбалық жоспарын жасаған. Бұл осы күнге дейін көп қырлары жұмбақ күйінде қалып отырған Таш-рабат ескерткіші жөніндегі ең алғашқы мәлімет болып табылатын. [2.231] Одан кейін 1867 жылы Оңтүстік Қазақстанға ғылыми мақсатпен шығыстанушы П.И. Лерх жіберілді, [3.371-374], ал Жетісуға (1862 ж., 1869 және 1870 ж.ж.) түріктанушы В.В. Радлов саяхатпен келді. Бұл зерттеушілердің есептерінде сәулеткерлік бірлестіктер – Сауран мұнаралары, түркістандық Ахмет Яссауи кесенесі, жұмбақ тасты Ақыртас құрылыстары жайында ғылыми түсіндірмелер келтірілген [4.9-13]. 327 Зерттеу жұмыстарының нәтижесі көпшіліктің назарын аударып, көптеген ежелгі, соның ішінде Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы сәулеткерлік ескерткіштерді зерттеуге деген қызығушылықты арттыра түсті. Археологиялық және сәулеткерлік ескерткіштерді зерттеуде белгілі ғалым В.В. Бартольд үлкен үлес қосты. Оның Жетісу және Оңтүстік Қазақстанға (1893-1894) сапарлары жайында суретші В. Дудинмен бірігіп жазған есебі көп уақытқа дейін негізгі материал көздері және археологиялық материалдардың сараптамасына негізделген тарихи-археологиялық зерттеулердің жанрын бекітті. В.В. Бартольд орта ғасыр қалаларына өлкенің саяси тарихын қолдана отырып мінездеме берді. Белгілі шығыстанушының осы және көптеген басқа да шығармаларындағы негізгі көзқарасы қала құрылысы мен сәулеткерлік мұраларға негізделген: ол Айша-Бибі және Бабажы-қатын кесенелері, Ақыртас қалдықтары және Бұран мұнарасы жайында жазып, ең алғашқы болып Іле қырларындағы қалалардың топографияларын, Шу қалаларының ұзын қабырғаларын ерекше атап өтті. В.В. Бартольд күйдірілген кірпіштерден салынған ежелгі құрылыс қалдықтарын көрген Верныйға (қазір бұл Алматы территориясы) жақын ежелгі қалалар жөнінде алғашғы деректерді ұсынады.[5.26-91] 1895 жылы Ташкенттегі өзінің қатысуымен құрылған археология әуесқойларының Түркістан үйірмесы қызмет атқара бастайды. Бұл ұйырме үй В.В. Бартольдтің бастамашылығымен байланысты [6] Түркістан үйірмесінің бастамашылығымен Қазақстанда бірінші рет орта ғасыр қалаларына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді, ал ізінше археологиялық сәулеткерлік ескерткіштер оқып зерттеле бастады. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамның барлық салаларында, соның ішінде ғылымда да атаулы өзгерістер болды. 1921 жылы құрылған мұражай істері, өнер мен табиғат, ежелгі ескерткіштерді қорғаумен айналысатын Туркомстарис – Түркістандық комитет (1924 жылдан бастап – Средазкомстарис) құрылды. Бұл өз алдына көпшілікке белгілі археология әуесқойларының қатысуымен Түркістандық үйірменің міндеттерін мемлекеттік деңгейде қойды. Мұражай істері, өнер мен табиғат, ежелгі ескерткіштерді қорғаумен айналысатын Түркістан комитетінің қызметінің негізгі бағыттарының бірі сәулеткерлік ескерткіштерін зерттеу, есепке алу, күзет және қайта өңдеу болды. Жетісу және Оңтүстік Қазақстанға экспедициялар ұйымдастырылды. Талас және Шу қырларының ескерткіштері зерттеуге алынды. [7] В.Д. Городецкий Талғар қалашығына келіп, бірқатар зерттеулер жүргізіді. [8] ХХ ғасырыдың 20 жылдардың аяғында – 30 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыда өлкетану және ғылыми қызмет толығымен өзгерді. 1928 жылдан бастап Қазақстандағы Орталық мұражай археологиялық байлықтарды жинаумен айналысты, соның ішінде сәулеткерлік декор, Алматының ортағасырлық қалашықтарына біршама қазулар жүргізді. М. Танышпаев, К. Ходжиковтің ескерпелері пайда болды.[9] В.Д. Городецкий Жетісу ескерткіштерінің тізбесін құрастырды. Дегенмен бұл аймақ туралы алғашқы археологиялық сәулеткерлік жайындағы мәлімет 1936, 1938-1941 жылдары А.Н. Бернштамның басқаруымен өткізілген Жетісу археологиялық экспедициясының (ЖАЭ) жұмыстарының нәтижесінде алынды. Бұл жұмысты ҚазСРО ҒА Қазақ филиалы, КазСРО СНК (Алма-Ата) қорықтар мен көне ескерткіштерді қорғауды жүзеге асыратын Басқарма және ҚырғСРО СНК (Фрунзе) жанындағы Комитеттермен біріге отырып, КСРО ҒА материалдық мәдениет тарихының Институты ұйымдастырды. 1936-1938 жылдарда Талас қырларында, сондай-ақ көне Тараз қалашықтарында қазу жұмыстары жүргізілді. 1938- 1940 жылдарда Шу қырларындағы Ақ-Бешім және Қызыл Өзен қалашықтарындағы қазулар жүргізіліп, ескерткіштерге оқып-тану жүргізілді[10] 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының және оның құрамындағы тарих, археология мен этнография Институтының (ТАЭИ) құрылуы қазақстандық жаңа кезеңдегі археология және оның жеке бағыттарының қалыптасуының бастамасы болды. 1947-1951 жылдары А.Н. Бернштам басқарған және 328 құрамында ТАЭИ археология бөлімінің қызметкерлері Е.И. Агеев, Г.И. Пацевич және А.Г. Максимова қызмет атқарған Оңтүстік-Қазақстан археологиялық экспедициясы құрылды. Экспедицияның зерттеу орталығы Отырар оазисі, Орта Сырдария қырларының мекендері мен қалалары, Қаратау баурайларын зерттеумен байланысты болды. Жаңа ескеткіштерді іздеу жұмыстары, сондай-ақ белгілі, анықтауға бағытталаған қазу жұмыстары жүргізілді. Археологиялық әдістерді қолдана отырып, зерттеушілер өздерінің алдына осы аймақтағы этносаяси жағдайындағы қалақұрылыстары мен архитектураны оқып-тану мақсаттарын қойды. ОҚАЭ зерттеу материалдары толығымен монографияларда жарық көрді. Археологиялық архитектура көзқарасы тұрғысынан, Отырар оазисіндегі Құйрықтөбе қалашығын қазудан қызықты мәліметтер алынған. Осында, қамалда бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан архитектуралық жиынтықтың қалдықтары ашылған. Жеке қазылған мекендер әр түрлі уақыттағы құрылыс көкжиектеріне жатады. Архитектура зерттеушілерінің назарын қабырғалары қиыстырылған қалаудың техникасымен қосылған, ал қорапты қабаты ұзын ылғалды кірпіштерден жасалған тазаланған дәліздің үзінділері аударды. Орта Азияның ертеортағасырлық монументті құрылыстары – Соғда мен Шаша құрылыстарына жақын екендігі аталып өтілді.(Е.И. агеева, Г.И. Пацевич, 1958. 50 б. 19 сурет). Алтынтөбе, Мардан- Құйқа қазулары құрылыс жабдықтары мен техникалары жөнінде мәліметтер ұсынды [11] 1946 жылдан бастап зертеулерді толығымен 1976 жылға дейін А.Х. Марғұлан басқарған ҚазКСР ҒА Орталық Қазақстанның археологиялық экспедициясы архитектуралық зерттеулерде төңкеріс жасады. Қазақстанда зерттелген және қазылған ескеткіштердің диапазоны өте кең – тас дәуірінен бастап ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ. қазақ қыстап қалулары мен жер суландыруына дейінгі кезеңдерді құрайды[12] Зерттеудің негізгі бағыттарының бірі археологиялық архитектура болды. 1953-1955 жылдары Жетісуда қазу жұмыстарын жүргізген Қырғыз археолого- этнографиялық экспедицияның құрамында Л.Р. Қызласов жетекшілік еткен Шу отряды жұмыс жасады. Ақ-Бешім қалашығында VІІ-VІІІ ғ.ғ. қамалдың қалдықтары, VІІІ-ІХ ғ.ғ. христиан шіркеуі мен VІІ-VІІІ ғ.ғ. құрылыс техникасы, өнер жайында мәліметтер алынды. Отряд жұмысына қатысқан архитекторлармен жасалған архитектуралық өлшемдер мен бақылаулар қазылған объектілерді архитектуралық бірлестіктер ретінде тануға мүмкіндік берді. Мысалы, будда шіркеуінің құрылысы қай архитектуралық мектепке жататындығын анықтау мүмкіндігі жайындағы мәселелер көтеру мүмкіндігі туды[13] Тағы бір ертеортағасырлық мәдени сәулет өнерінің монументті ескерткішін танытатын будда шіркеуі 1955-1958 жылдар аралығында Л. Зяблинмен Ақ-Бешім қалашығында қазылды. Оның қабырғалары 3 м ұзындықты және жартыциркульді өткелді сақтап қалған. Қорапты көптеген сазды мүсіндер табылды. Шіркеу VІ-VІІ ғ. бас кезімен даталанған және археологиялық архитектурада жарқын көрініс тапқан[14] 1970 жылдардың басынан басталған осы күнге дейін жалғасын тапқан археологиялық зерттеудің жаңа бағыты басталды. Қазақстанда К.А. Акишевпен басқарылатын Оңтүстік- Қазақстандық археологиялық экспедиция; К.М. Байпақов жетекшілік ететін археолог ғалымдар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қазба жұмыстарын жалғастырып келеды. Зерттеу барысында Отырар, Құйрықтөбе, Көк-Мардан, Сырдария қырларындағы Алтынтөбе; Жетісудағы – Қостөбе, Луговое, Өрнек, Қызылөзен, Бұран және Талғар қалашықтарының төңіректерінде өте кең көлемді тың көлемді деректер алынып жатыр. Әр түрлі кезеңдердегі тұрғын үйлер, қамалдардағы монументті сарайлар мен будда шіркеулері зерттелуде.

Читайте также:  Тарихи тақырыптағы ұлттық драматургия

Оставить комментарий