ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕР КЛИЕНТ-СЕРВЕРЛІ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚҰРУ

Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологиялар қоғамның әр түрлі салаларында кеңінен қолданылуда. Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және ақпаратты- іздестіру жүйесі мәселелері алға қойылып отыр. Автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылады. Атап айсақ, бухгалтерлік есептеулер жүйесі, электронды деканат, оқу жүктемесін есептеу, оқу- әдістемелік кешендер, қызметкерлер, студенттер туралы электронды мәліметтер қоры және тағы да басқалар бар. Осының барлығы мәліметтер қорын құруға деген сұраныстың өсуі нәтижесінде туындап тұр. Ал мәліметтер қорын өзге қолданушылар пайдалануы үшін клиент-сервер технологиясы маңызды роль атқарады. Cервер деп отырғанымыз – әртүрлі процестерді орындайтын программалар жиынтығы. Бұл жинақ бір компьютерде орналасады. Әдетте сервер орналасқан компьютердің өзін сервер деп атайды. Сервер компьютерінің негізгі функциясы – қосымшаның орындалуы және қосымша оны қажет еткенде сервермен байланысты орнату. Сервер мен клиенттің өзара байланысы клиенттің ықпалымен жұмыс жасайды. Клиент керек қызметтің түріне сұраныс жібереді, сеансты орнатады, оған керекті нәтижені алады және жұмыстың аяқталғанын хабарлайды (1 сурет). 1 сурет. Клиент-серверлік технология Әдетте компьютер-серверде бірнеше сервер программалары жұмыс жасайды. Олардың біреуі поштамен, екіншісі файлдарды реттеумен, үшіншісі Web-парақтарды көрсетумен жұмыс жасайды. Жергілікті желілердегі компьютерлердің бір-бірімен қарым-қатынас жасау сипатын олардың функциональдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан. Жергілікті желі аймағында да компьютерлерді тікелей байланыстыру кезіндегі сияқты клиент және сервер ұғымдары қолданылады. Клиент-сервер технологиясы – жергілікті желідегі компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, мұнда бір компьютер өз құрылғыларын басқаларға – клиенттерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті желілер екіге бөлінеді: o Бір деңгейдегі желілер; o Серверлік желілер. Бір деңгейдегі желілерде айырықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. Мұның ерекшелігі — әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігін барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдалануы үшін бөліп береді. Бір деңгейдегі желілердің тағы бір кемшілігі – олардың жұмыс өнімділігінің төмендігі. Ол ресурстардың әр жұмыс станцияларына бөлініп, жұмыс кезінде олардың әрқайсысының әрі клиент, әрі сервер қызметін атқаруына байланысты болып отыр. Серверлік желілерде компьютерлердің функциялары алдын ала айқындалған – оның кейбіреуі сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады. Компьютерлік желілердің атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар: 259 — Желілік сервер — Файлдық сервер т.б. Желілік сервер желіні жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарының негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютер болып табылады. Бұл серверде желіні толық басқаратын операциялық жүйенің негізгі ядросы сақталады. Желілік сервердің жады көлемі үлкен және оның жұмыс жылдамдығы да жоғары деңгейде болуы тиіс. Мына желідегі жұмыс станцияларының функциясына мәліметтерді енгізу мен шығару және сервермен ақпарат алмасу жатады. Файлдық сервер термині негізгі функциясы мәліметтер файлын сақтау, басқару және тасымалдау істерінен тұратын арнайы компьютерге байланысты шыққан. Ол өзінде сақталатын және тасымалданатын файлдарды өңдемейді және өзгертпейді. Сервер ол файлдардың мәтінінен, немесе графикалық бейнелерден, немесе электрондық кестеден тұратын білуге тиісті емес. Жалпы файлдық серверде монитор мен пернелік тақта болмаса да болады. Файлдық мәліметтердегі барлық өзгертулер клиенттік жұмыс станцияларында жүргізіледі. Сондықтан клиенттер серверден файлдарды көшіріп алады да, керекті өзгерістерді жасап, нәтижесін қайтадан серверге қайтарады. Мұндай желі жұмысы – көптеген тұтынушылардың бір үлкен ортақ базаны біріге отырып пайдалануы кезінде өте тиімді болып табылады. Үлкен желілерде бір мезетте бірнеше файлдық серверлер пайдаланылуы мүмкін. Оқу-әдістемелік кешендер клиент-серверлі бағдарламысын орындау барысында клиент-серверлі технологияның мүмкіндіктері кеңінен қарастырылды. Оқу-әдістемелік кешендер бағдарламасы РНР және MySQL мәліметтер қорын басқару жүйесінің мүмкіндіктерін кеңінен қарастырып, жасалынды. Яғни бұл жұмыс оқытушылардың жұмысын жеңілдету мақсатында жасалынған болатын. Мұнда кез-келген басқа ЖОО- ның оқытушылары оқу-әдістемелік кешендерді интернет желісі арқылы оқу-әдістемелік кешеннің авторынан рұқсат алу арқылы, ал пән бойынша силлабустарды көру мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады. Сонымен қатар бұл жұмыстағы оқу-әдістемелік кешендер факультеттері, мамандықтары, оқыту формасы, курстары бойынша бөліп қарастырылған. Бұл жұмыс клиент-серверлік технология арқылы жасалынғандықтан оны интернетке қосылған кез-келген қолданушы пайдалана алады. Әдебиеттер 1. Томсон Л., Веллинг Л. Разработка Web-приложений на PHP и MySQL. М., DiaSoft, 2003. 2. Скляр Д., Трахтенберг А. РНР рецепты программирования. – М., Русская редакция, 2007.

Читайте также:  Кене ханның серігі Бұқарбай батыр

Оставить комментарий