ОҚУ ПРОЦЕСІН БАСҚАРУДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ

Қазіргі таңда компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыруда маңызды роль атқаратындығы бәрімізге белгілі. Қоғамымыздың жаңа қарқынмен жылдам алға басу динамикасы білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаттары мен мәселелеріне сәйкес білім берудің бұрын болмаған басқаша парадигмасын қалыптастыруды талап ете бастады. Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты – заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шаттарына сәйкес студенттерді тұрмыстық қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру болып табылады. Ақпараттандыру ісінде білім жүйесінің адамзат тіршілігінің барлық әлеуметтік аймақтарымен әрекеттесуі және олардың бір-біріне әсер етуі толық бейнеледі. Мұнда білім беру ісінің өзі де күрделі жүйенің бір-бірімен және қоғамдық өмірдің басқа аймақтарымен де тығыз байланысқан бес бөліктен тұратыны анықталды, олар: теориялық – методологиялық, педагогикалық, экономикалық ұйымдастырушылық және технологиялық жүйелер. Сол себепті қазіргі кезде білім саласындағы ең өзекті мәселеге ақпараттық технологияларды 143 пайдаланудың техникалық жағы емес, керісінше оның ұйымдастырушылық, әлеуметтік және педагогикалық жақтары айналып отыр. Оқу процесін басқаруды автоматтандыруда мәліметтер қоры өте үлкен ақпараттар жиынтығын өңдеудің тиімді құралы болып табылады. Оқу процесін басқаруда мәліметтер қорын қолдану мамандардың жұмысын жеңілдетіп, сол мамандармен қоса оларға кәсіби қатынасатын басқа да тұлғалардың уақытын үнемдеуге үлкен көмегін тигізеді. Сондықтан жоғары оқу орындарында мәліметтер қоры пәнін оқытуға баса назар аударылады. Қазіргі дербес компьютерлерде мәліметтер қорын басқару жүйесінің түрлері өте көп. Соның бірі – .NET Frаmеwork платформасындағы ADO.NET технологиясы. Студенттер туралы ақпараттарды автоматтандыру және топ кураторының жұмысын жеңілдету мақсатында «Куратордың электронды журналы» мәліметтер қоры құрылды. Бұл жобаның мақсаты мәліметтер енгізетін, өңдейтін, сұрыптайтын, баспаға жібере алатын, берілген мәліметтер негізінде анализ жасай алатын, интерфейсі қолданушыға ыңғайлы болатын қосымша құру. Мәліметтер қоры құрылымы бірнеше кестелерден тұрады. Бұл кестелер студенттің аты-жөні, сынақ кітапшасының нөмері, ата — анасының және өзінің тұрып жатқан мекен — жайы, ұялы телефонының нөмері, жеке суреттері, сабақ кестесі, студенттің медициналық кітапшасы және сессиядан алған бағалары мен сабаққа қатысымы туралы мәліметтерді қамтиды. Электронды журнал топ кураторының іс-құжаттарын автоматтандыруға бағытталған. Топ кураторының электронды журналы келесі әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді: — Мәліметтерді енгізу және жою; — Мәліметтерді іздеу; — Мәліметтерді електен өткізу; — Мәліметтерді сұрыптау; — Есеп беруді құру; — Экспорттау; 1 — суретте электрондық журналдың алғашқы беті көрсетілген. Бұл жерден студенттер туралы мәліметтерді өңдеуге арналған негізгі терезеге көшуге болады. Сонымен қатар программаны қолданушыға арналған нұсқаудан тұратын анықтама, автор туралы мәліметтер, мәліметтерді экспорттау және есеп беру мүмкіндіктері қарастырылған. 1-сурет. Негізгі терезе Студенттер туралы мәліметтерді өңдеу терезесі 2 және 3-суреттерде көрсетілген. Бұл жерде мәліметтерді сұрыптау, іздеу, қандай да бір критерийлері бойынша фильтрлеу әрекеттерін орындауға болады. 144 2-сурет. Өзгерту терезесі 3-сурет. Сұрыптау терезесі 4 – суретте көрсетілгендей куратор мәліметтер қорынан өзіне қажет мәліметті тез тауып, керек өріс бойынша саралай алады. Егер жүйе мүмкіндік берсе, онда мәліметтер қорына өзгертулер енгізіп немесе керек емес ақпаратты өшіре алады. 4-сурет. Анықтама терезесі Жасалған электронды журнал ашық түрдегі программалық өнім болып табылады, яғни программаға пайда болған сұрақтарға байланысты өзгертулер енгізуге мүмкіндік береді. Құрылған электронды журнал кураторлардың жұмысын жеңілдетуге септігін тигізетініне сенімдіміз. Әдебиеттер 1. Шумаков — ADO.NET и создание приложений баз данных в среде Microsoft Visual Studio.NET, Москва-2003г. 2. Visual Studio .NET. Разработка приложений баз данных, Питер-2003г.

Читайте также:  МАҢҒЫШЛАҚ ОБЛЫСЫ

Оставить комментарий