iRef.kz

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

«Ой ойласаң тең ойла, тең ойласаң , кең ойла» Халық даналығы. Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда жедел дамып жатқан жаһандану үрдісі бәсекелестікті қажет етеді. Ұлттың болашағын тәрбиелеп жүрген ұстаздар қауымының негізгі алдына қойған айқын мақсаты — қоғам сұранысына жауап бере алатын, ойы ұшқыр қабілетті, жақсы адам тәрбиелеп шығару. Ал жақсы адам болу үшін ойы түзу болу қажет. Ойы түзудің ісі де дұрыс. Ойы кең адам, өзін еркін ұстап, белсенді іс әрекет атқара алады. Сондықтанда ойдың ұшқырлығы, тереңдігі пәнді меңгеру барысында аса зор рөл атқарады. Ғылыми жұмыстың мақсаты: колледж оқушыларының логикалық шығармашылық потенциалын арттыру, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайына қарай бейімдеп, дұрыс өмір сүруіне дайындау. Ғылыми жұмыстың міндеті: — психологиялық процестің бірі ретінде ойлау деген ұғымды қарастыру; — колледж оқушыларының логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру; — ойлау қабілетін анықтауға байланысты әдістемелерді іздестіру; Зерттеу нысаны: Колледж оқушылары. Зерттеу әдістері: салыстыру, жинақтау, талдау. Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Оқу тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа формалары мен әдістерін ,жаңа технологияларды тиімді пайдаланған жағдайда оқушылардың логикалық ойлау қабілеті артып, әлеуетті тұлғасы қалыптасады. Ғылыми жұмыстың теориялық негізі: Ойлау психологиялық процестердің ішіндегі ең күрделісі. Ойлау дегеніміз — сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының байланыс қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.Төменде ойлау процесінің құрылымы көрсетілген. Ойлау Заттар мен құбылыстардың байланыс- қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі Ойлау тәсілдері Талдау Біріктіру- Абстракция Нақтылау жеке Жалпылау- құбылыстардың құбылыстың елеулі ұғымдарды құбылыстардың мәнді барлық қасиеттерін бөліп түсіндір у ортақ жақтарын жеке элементтерін алу (квадрат, (жылқы: тай, қасиеттерін ойша бөліктерге бөлу жинақтау трапеция) құнан, дөнен ) біріктіру: (алма, өрік: жеміс) Ойлау формалары Дара ұғым — «Орал Жалпы ұғым — «жиналыс» (студенттер Пікір- бір зат туралы қаласы». жиналыстары), «кітапхана» мақұлдау не оны бекерге (балалар кітапханасы) шығару 176 Бірнеше пікірден Индукция — жекеден Дедукция – жалпыдан Аналогиялық жаңа бір пікір шығару жалпыға қарай ой жекеге қарай ой ұқсастық бойынша қорытындысы қорытындысы. ой қорытындылау. Ойлау сезім мүшелерінің көмегімен алынған мәліметтерді өңдеп, ой елегінен өткізеді. Ойлаудың физиологиялық негіздері үлкен ми сыңарлары қыртысында құралатын уақытша жүйке байланыстары (шартты рефлекстер). Бұл шартты рефлекстің екінші сигналдың (сөздер мен ойлаудың) әсерінен пайда болады, екінші сигналдар реалдық шындықты бейнелейді, бірақ сөзсіз бірінші сигналдар (түйсіктер, қабылдау, ұғымдар) негізінде пайда болады.Ойлау процесінде сигнал жүйелерінің екеуі де бір-бірімен тығыз байланысты. Екінші сигнал жүйесі қоршаған дүниеге шексіз хабарлар алуға мүмкіндік береді. Ойлау тек екі сигнал жүйесінің екеуінің де қатысуымен, бір қалыпты жүреді, бірақ, жетекші рөл екінші сигнал жүйесінде болады. Бұдан шығатын қорытынды ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты және бір-бірін толықтырып отырады. Ойдың тілсіз күні жоқ. Өйткені,ойлау адамды саналы әрекетке итермелейді. Ойлау мен сөйлеудің құрылымы әртүрлі болғанымен, даму бағыты бір арнадан тоғысады. Әдетте, психология ғылымы ойлаудың үш түрін қарастырады. 1) практикалық қимылдық 2) көрнекі көркем 3) сөйлеу логикалық. Жалпы зерттеулер бойынша оқушылардың іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруда білімін жетілдіруде, әлеуметтік құндылығын анықтауда логикалық тапсырмалардың орны ерекше. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеп, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландырады. Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру негізі үш бағытта іске асырылады: — пәнге деген қызығушылығын арттыру; — психикалық процестердің дамуы, — шығармашылық ізденісін қалыптастыру; «Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады .Көптеген адамдар логикалық ойлайды ,бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» — деп ғалым В.Кириллова орынды айтқан. Мен өз тәжірбиемде кез- келген сабақтың ұйымдастыру бөлімінде сабақа қызығушылықты арттыру мақсатында «Миға шабуыл» стратегиясын қолдана отырып логикалық сұрақтар беремін. Нәтижесінде оқушылар мұқият ойлана жауап берсе, ал енді бірі асығыстық танытып қате жіберді. Төменде логикалық сұрақтардың бірнешеуі берілген? 1. Егер бір түйенің бағасы 10 теңге, бір қойдың бағасы 3 теңге, ал бір тауықтың бағасы 50 тиын тұрса, онда сіз 100 теңгеге түйе, қой және тауықты араластырып, 100 басын ала аласыз ба? Қалай? Қанша бас түйе, қанша бас қой және қанша бас тауық ала аласыз? Шешуі: 5 түйе, 1 қой, 94 тауық. 2. Аңшы орманға келіп, бұтақта қонып отырған сауысқанды атқан екен. Бірақ қарға қүлапты. Бұл қалай болғаны? 3. Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі екіншісінің әкесі де, алайда екіншісі біріншісінің баласы емес. Сонда кімі болғаны? 4. Бір студент күніне 800 теңге жұмсаған кезде оның ақшасы 30 күн бойына жетеді. Ал егер күніне 600 теңгеден жұмсаса студент бір айлық ақшасын қанша күнге жеткізе алады? Шешуі: 40 күнге. Бір ескерте кететін жәйт, ұстаз әр сабақта жаңа тақырыпты хабарламай тұрып, логикалық тапсырмаларды деңгейлеп беріп отырса, оқушылардың белсенділігі артып, қызығушылығы өсе түседі.Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. 177 Психолог ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Оқушылардың логикалық ойлау нәтижесін жаңа өнім тудыруға бағыттауға болады. Мысалы, «Бес жол өлең стратегиясына» сүйене отырып «Жалғастыр» жаттығуын оқушылардың ой белсенділігін арттыра отырып шығармашылыққа жетелеуді мақсат еттім. Төмендегі кестеден ұлы ғұлама ақындардың өлеңдерінен үзінді берілген. Тапсырма: Өлеңдерді мұқият оқып, салыстырып, талдап, жинақтап, ғылым, білім тақырыбына өлең шығару қажет.Төменде кестелердің үлгісі берілген. №1 кесте. Ыбырай Алтынсарин Абай Құнанбаев Сен Кел, балалар, оқылық . Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық! Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдынан Іздемей- ақ табылар. Жасымда ғылым бар деп ескермедім. Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, Қолымды дөп сермесем өстер ме едім. №2 кесте Сұлтанмахмұт Торайғыров Қадыр Мырзалиев Сен Сүйемін туған тілін анам тілін. Ана тілің арың бұл . бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Ұятың тұр боп бетте. Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Өге тілдің бәрін біл, Құлағыма сіңірген таныс үнім . Өз тіліңді құрметте. Жалпы, тәжірибе көрсеткеніндей, жасөспірімдерде ой тұтастығының сақталмауы байқалады. Мұндай қателерді болдырмау үшін оқушының ой жүйелігінің қажеттігін сезінуіне көз жеткізудің амал – тәсілдерін тауып, орнықты ой түйіндеуге жетелеу қажет. Ол үшін оқушылардың біліктілік деңгейіне диагностикалық жұмыс жүргізу мақсатында төмендегі берілген субтестіні қолдануға болады.Ол үшін алдымен оқушыларға субтестінің үлгісін мысалға келтіріп түсініктеме бергеннен кейін ,бланкі парақты таратасыз . Шарты: «Сізге бес сөз беріледі. Оның ішінде төртеуі жалпы белгілермен ұқсас, ал бесінші сөз оларға келмейді. Сол сөзді тауып нөмірін белгілеу қажет. Мұнда тек бір ғана сөз артық болуы мүмкін» Мысалы: а) кірпіш ә) тас б) балшық в) әк г) үй. Алғашқы төрт сөз құрылыс материалдары деген ұғымды білдіреді. Ал соңғы сөз «үй» артық. Жауап жазу қағазына жалпы ұқсас қасиеттері жоқ сөзді тауып нөмірін белгілеңіз. 1. а) тәрелке ә) кесе б) стол в) қазан г) шәугім 2. а) жүру ә) секіру б) билеу в) отыру г) жүгіру. 3. а) биік ә) аласа б) сымбатты в) өсімтал г) ергежейлі. 4. а)бояужаққыш ә)қаламсап б)қарындаш в)фломастер г)сурет 5. а)алма ә)алмұртб)алхор в)қарақат г) шабдалы 6. а)квадрат ә)шеңбер б)эллипс в)доға г)қисық. 7. а)мұғалім ә)оқушы б)жаттықтырушы в)профессор г)доцент. 8. а)көру ә)есту б) жазу в)сезу г)иіскеу 178 9. а)шекара ә)көпір б) достық в)ерлі-зайыптылық г)бекіткіш 10. а)батыр ә)қорқақ б)ержүрек в)талантты г) жасқаншақ 11. а)ұқыптылық. ә)жігер б)тырысушылық в)тазалық г)адалдық 12. а)Арман ә)Үсен б)Сәкен в)Асанбаев г)Жұман. 13. а)ақ қайың ә)қарағай б)емен в)шырша г)сирень 14. а)қара-қоңыр ә)ашық б)көк в)жарық г)күңгірт 15. а)жақын арада ә)үнемі б)шапшаң в)асығыс г)жылдам. Жоғарыда келтірілген әдістемелер арқылы оқушының ойлау деңгейін анықтап, бағдарлағаннан кейін түрлі жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Әр сабағына асқан жауапкершілікпен дайындалатын ұстаздың бойында шығармашылық ізденіс, өз мамандығына деген сүйіспеншілік қалыптасады. Оқушылардың ой өрісін дамыту арқылы олардың болашақ өміріне жарқын жол ашамыз. Себебі, бүгінгі ұстаз тәрбиелеген оқушы, ертеңгі егемен елдің болашағы.Болашақты бүгіннен бастап ойлаған абзал.

Пікір қалдыру