Загрузка…

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУДА СТИЛИСТИКАНЫҢ РӨЛІ

Қазіргі таңдағы мектеп қызметінің басты міндеті – оқушылардың тіл мәдениетін арттыру мен дамыту болып табылады. Осы себептен де мектеп бағдарламасында берілген барлық жаттығу жұмыстары оқушылардың тілін дамытуға негізделе жүргізілуі керек. Ендеше, оқу мен жазу сабақтарында әдеби тіліміздің нормаларын сақтау дағдысы бірдей дәрежеде берілу қажет деп бастауыш сыныптардың өзінен – ақ баса назар аударылады [1; 9]. Сөзді дұрыс қолдануға, тіл мәдениетін арттыруға, әдеби тіл нормасында сөйлей біліп, өз ойын орынды және жүйелі жеткізе білуде көптеген ғалымдар мен әдіскерлер тіл мәдениетінің өзекті мәселелерін стилистикамен байланыстыра қарастырады. Оқушылардың ауызша және жазбаша жұмыстарын арнайы бақылағанымызда сөздік қорлары тапшы, кейбір сөздердің мағынасы мен қолданудағы ерекшеліктерін білмейтіндігі, қате құрылған сөйлемдер,бір – бірімен мүлде байланыспайтын ойлар кездесетіндігі байқалады. М.Балақаев жазу мен сөйлеу тілінің мәдениеті туралы күрделі мәселелерге байланысты стильдік қателерді қарастырған.Ол тіл мәдениетіне нұқсан келтіретін орфографияға,орфоэпияға байланысты санамалай отырып,стильдік қателерді,сөздерді орынсыз қолдану,дұрыс тіркестірмеу,сөйлемдерді дұрыс құрастыра алмау сияқтылармен «сөздегі ала- құлалық жергілікті ерекшеліктерді(диалектизмді)көп қолданудан болады» — деген түрлерін атап өтеді [2; 6]. Міне,осындай олқылықтарды түзету мен болдырмау мақсатында ұйымдастырылатын жұмыс түрлері сол өткізіліп отырған теориялық материалдарды терең де сапалы игеру мақсатымен байланыстыра жүргізілгені жөн. Негізінен қазақ тілі сабағында ауызша және жазбаша сөздік қорларын молайтып,сауаттылығын арттыруда мынадай талаптар қойылады: 1.Берілген мәтіннің мазмұнын,көлемін анықтай алу; 2.Жазба жұмысының тақырыбын нақты белгілеп,керекті материал жинап оны әңгімелей алу; 3.Жазба жұмысының тақырыбына лайықты өз ойын білдіріп,өзіндік пікір қосуға баулу; 4.Берілген мәтінді өңдеп,толықтырып,қайта жетілдіріп жазуға үйрету; 5.Әдебиет тіл заңдылықтарына байланысты стильдік ерекшеліктерді меңгерту; 6.Сауаттылығын арттырып,қатесіз жазуға дағдыландыру[3; 104]; Стилистиканы оқытуда жазба жұмыстарының мына сияқты түрлерін беруге болады:өздері оқыған немесе көркем әдеби кітаптардағы кейіпкелерге мінездеме беру;көрген кино,спектакльдер туралы пікірлер айтқызу;бастан кешкен,көрген оқиғалары немесе саяхат туралы шығарма жаздыру;шығармашылық сипаттағы әңгімелер мен мақалалар жаздыру.Сондай жазған жұмыстарының тілін,стилін талдау сияқты көптеген тәжірбиелік жұмыстар да ұйымдастырылады.Ең бастысы мұғалім мұндай жұмыстардың қай түрін орындатса да, олардың грамматикалық сауаттылығына яғни,тілдік құрамдарына,сөздік қорына,сөздерді байланыстыру тәртібіне,сөйлемдегі сөздердің орнына,белсенділігіне үнемі назар аударып,даму барысын қадағалап отыруы қажет.Қазақ тілінде жүргізілетін стилистикалық жаттығу жұмыстары-оқушыларға әдеби тіліміздегі функциональдық стильдері туралы,олардың әркайсысының ерекшеліктері мен қасиеттері, тілдік құралдарын игеруге көмектеседі.Мұндай жаттығулар орындаттыру арқылы оқушылар тек белгілі бір тіл стильдері туралы білім мен дағды ғана алып қоймайды,сонымен қатар ойды жеткізудегі мақсат пен міндеттеріне байланысты мәтіннің құрылымы туралы заңдылықтарын түсінуге жаттығады. Жаттығу жұмыстары ауызша да жазбашада жүргізіледі. Тіл стильдерін оқытуда жаттығу жұмыстары мынадай мақсаттарда жүргізіледі: -сөз,сөз тіркестері мен сөйлемдерді қолданудағы стильдік ерекшеліктер; -сөз,сөйлем не мәтіндерді басқа варианттармен,синонимдермен ауыстыру арқылы салыстырып,олардың стильдік ерекшеліктерін ажырата білу; -әрбір тіл стильдеріне байланысты сөйлем немесе мәтін құрастыра білуге жаттықтыру және оларды басқа стиль түрлерімен ажырта алу; — оқушылардың жазбаша және ауызша тілдерін сауатты етіп дамыту бағытында алуан түрлі жаттығулар жүргізу; Оқушылардың мәтін арқылы сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда келесі жаттығу жұмыстары жүргізіледі: 1.Оқушыға белгілі бір әңгіме мәтінін талдата отырып,мәтіннің кіріспе,негізгі,қорытынды бөлімдерін таптырып,олардың өзіне тән ерекшеліктерін меңгертетін жаттығулар. 2.Кіріспе,негізгі,қорытынды бөлімдерініңиқателігі бар әңгімелерді талдату.Оқушылар талдай отырып,бір бөлігінің мағынасы бөлек екенін анықтайды. 3.Мәтіннің қорытынды бөлімін ажыратып тануға үйрету; Мектеп тәжірбиесінде жазу жұмыстарының мынадай түрлері жүргізіліп келеді:мазмұндама,шығарма,сұраққа жауап жаздыру және оқулық бойынша жүргізілетін жаттығу жұмыстары. Мектепте қазақ тілінің морфологиясын оқыту барысында стильдік — морфологиялық жаттығулар жүргізуде мына сияқты тапсырмалар мен жұмыстарды орындатуға болады: -морфологияға байланысты грамматикалық матиалдардың(сөз таптары,қосымшалардың)стильдік қолданылуы туралы мәлімет беру,оны анықтай білуге жаттықтыру; -морфологияға байланысты грамматикалық материалдардың тіл стильдеріне қатысы туралы мәлімет беру,тіл стильдеріне байланысты морфологиялық категориялар мен тұлғалардың ерекшелігін тани білуге жаттықтыру; -қазақ әдеби тіл стильдерінің тілдік құрамындағы морфологиялық ерекшеліктерін тауып,ажырата білуге дағдыландыру[3; 110]. Мысалы:1-жаттығу. Бір сөзді әртүрлі жұрнақ жалғау арқылы қалай түрлендіруге болатынын айтып,оған мысал келтіріңіз, және оған әр түрлі стиль түріне байланысты мысалдар келтіріңіз Үлгі: ыза-қор,ыза-лы,ыза-ланғыш 2-жаттығу. Баспасөз беттерінен келіп,кеп,келемін,келем түріндегі қолданыста тұрған сөйлемдерден мысалдар келтіріп, стильдік бояуын түсіндіріңіз. Стильдік-синтаксистік жаттығу жұмыстары – мектеп тәжірбиесінде тіл стильдері туралы,олардың тілдік құралдары және ерекшеліктерін таныту барысындағы ең көп жүргізілетін жаттығудың бір түрі.Бұл жаттығулар жүйесі оқушыларға сөз тіркестері мен сөйлемдердің стильдік қолданылуымен олардың ойды жеткізудегі тіл стильдеріне қатысы туралы білім мен дағды беруді көздейді.Мысалы:1-жаттығу.Берілген сөйлемдерді оқып шығып,ондағы сөздердің орын тәртібін өзгертіп қайта құрап жазыңыз.Ол сөйлемдердің стильдік ерекшелігін түсіндіріңіз. 1.Менің ең жақсы көретін кейіпкерім – Меңтай.2.Айнаш ертең ауылға баратын болды.3.Өнерге деген ел ағасының көзқарасы түзу болса,одан артық бізге не керек!4.2014жылдың қарашасында электр станциясы құрылысы аяқталады.5.Менің сүйікті қалам – Алматы. Ал оқушылардың танымдық, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамытуда мына сияқты тапсырмалар беруге болады: 1.Стильдің қай түрлерінде сөздердің орын тәртібін қолдану ерекшелігі байқалады. 2.Баспасөз беттерінен сөйлем мүшелерінің орын тәртібін бұзып қолдануына мысалдар келтіріп,оларды стильдік талапқа сай түзетіп жазыңыз. Жоғарыдағы жаттығуларды орындаттырудағы негізгі мақсат – грамматикалық тақырыптың ерекшеліктерін жан-жақты ашып,сөздер мен сөз тіркестерді,сөйлемдерді өз тәжірбиесінде дұрыс қолдана білуге оқушылардың сөздік қорының молаюына, дүниетанымының артуына,сөйлеу мен жазба жұмыстарында қате жібермеуге дағдыландыру болып табылады.Қорыта келгенде қазақ тілі сабақтарында стилистика туралы оқушыларға білім берумен қатар мына сияқты мәселелерді жүзеге асырады. 1.Функциональды стильдердің тілдік құралдары туралы білім мен дағды алуымен бірге сөздер мен сөз тіркестері,сөйлемдердің стилистикалық қолданылуынан да мәлімет алады; 2.Синоним сөздердің қолданылуы туралы жаттығып,өздерінің сөздік қорларын байытады; 3.Оқушылардың мәдениетті сөйлеу икемділіктері мен дағдылары жетіле түседі; 4.Қоғамдық ортада сөйлеуді,әр стильдің өзіндік ерекшеліктерін айыра біліп,оларды өз тәжірбиесінде қолдануға дағдыланып,тілі дамиды. Пайдаланылған әдебиет 1.Бағдарламалар. Қазақ тілі жалпы білім беретін орта білім беретін 5-7,8- 9- арналған, — Алматы:РОНД,2003. 2.Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. – Алматы:Ғылым 1984. 3.Жапбаров А.Қазақ тілі стилистикасын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. – Алматы 2009.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar