Оқыту және оны перформаттылықпен заңдастыру

Білімнің өзге жатына, оны тарату, яғни оқыту мәселесіне келсек, оны әрекетке келтіретін перформаттылық критерийі бар тәсілді суреттеу қиын емес. Егер орнатылған білімнің идеясы қабылданса, оларды тарату жөніндегі мәселе: кім таратады? Нені? Кімге? Не арқылы? Қандай формада? Қандай тиімділікпен? Деген сауалдар тізбегіне бөлінеді. Университет саясаты осы сауалдарға байсалды жауап ансамблінен құралады. Жөнділік критерийі ретінде болжамдалған әлеуметтік жүйенің перформаттылығы көрінсе, яғни жүйелер теориясы перспективасын қабылдағанда, жоғары білімнен әлеуметтік жүйенің жүйешігін жасайды және осы проблемалардың әрбіреуін шешуге әлгі перформаттылық критерийін қолданады. Көзделген тиімділік жоғары білімнің әлеуметтік жүйенің ең үздік перформаттылығына қосқан үлесі. Демек, осыған қажетті компетенцияларды қалыптастыру керек. Олар екі нұсқадан тұрады. Біреулері әлемдік конкуренцияға қарсы тұруға арнайы бағытталған. Олар мемлекет­ұлт, немесе үлкен формациялық институттар әлемдік нарықта сата алатын «мамандықтарға» сай түрленеді. Егер біздің жалпы болжамымыз дұрыс болса, онда сарапшыларға, алдыңғы қатарлы аймақтардағы жоғарғы және орта кадрларға, бұл зерттеудің басында ең жақын жылдардың мақсаты деп белгіленген, мұқтаждық өсе береді: телематикалық білім алуға бағытталған барлық түзілімдер (информатикер, кибернетиктер, линтвисттер, математиктер, логиктер…) білім беру мәселесінде өзінің беделінің өскенін көруге тиіс. Одан зоры бұл медицина мен биологияда айқындалғандай бұл сарапшылар санының көбеюі танымның өзге аймақтарындағы зерттеулер прогрессін жеделдетуге тиіс. Өзге жағынан, жоғары білім, әлгі жалпы болжам шеңберінде әлеуметтік жүйеге оның өз талаптарына сай (жүйенің ішкі үйлесімділігін қолдайтын) компетенцияларды жеткізуге тиіс. Бұрын бұл мәселе өзіне бәрінен де жиі азаттық әңгімеленуі заңдастыратын білім беру мен өмірдің жалпы нұсқасының таратылуын енгізетін.

Енді заңдастыру контексінде университеттер мен жоғары білім институциялары идеалдарды емес, компетенцияларды қалыптастыруды мақсат тұтады: доғдырларды, оқытушыларды, инженерлерді, администраторларды және т.т. Білімді тарату ұлтты оның азаттану жолында басқара алатын элитаны қалыптастыру мәселесіне қатысты емес. Ол жүйеге өздерінің институцияларға керек прагматикалық орындардағы рөлдерін тиісті мөлшерде растай алатын ойыншыларды береді. Егер жоғары білімнің мақсаты функционалды болса, адресатқа не болмақ? Студент өзгеріп үлгірді және ол әлде де өзгеруге тиіс. Ол енді азаттық ретінде түсінілген әлеуметтік прогресстің ұлы мақсатына тура немесе жанама болса да бойлаған «либералды элитаның» жас түлегі емес. Бұл тұрғыда азаттық гуманизмі бағытындағы университет бүгін перформативты емес ретінде қабылданады. Жоғары білім іс жүзінде бір уақытта административты шаралар және әлеуметтік мұқтаждықтан туындаған, аз бақыланатын және өзінің қызметін екі үлкен сервиске бөлуге талпынған жаңа сұраныстан шығатын маңызды өзгеріспен қамтылған. Өзінің сапалы мамандану функциясында жоғары білім әлде де либералды элитадан шыққан жастарға арналады, олар профессия қажетті деп санайтын компетенцияны сақтаған: отан әр түрде, бірақ әдеттегі дидактикалық модел бойынша, жаңа техника мен технологияларға қатысты және тең түрде әлі белсене қоймаған жастарға да арналған жаңа білімдер қосылады. «профессионалды интеллигенция» мен «техникалық интеллигенция» санатына жататын әлгі екі категориялардан тыс студенттер, немесе өзге университетте оқитын жастар, көбінесе еңбектену статистикасында жоқ жұмыссыздар. Іс жүзінде олардың саны өздері бітірген дисциплиналарына сай (жазушылар мен гуманитарийлар) еңбекке тұру мүмкіндігінен асады. Сөйтіп, олар жасына қарамай, білімді тарату адресаттарының жаңа категориясына жатады. Өйткені осы профессионализация қызметімен қатар Университет жүйенің перформациясын жақсарту шеңберінде жаңа рол ойнай бастауға тиіс — техникалық квалификацияны жоғарылату немесе үздіксіз білім беру ролін. Енді білім университеттерден, факультеттерден, немесе тар маманданған институттардан тыс жастарға олардың белсенді өмірге араласуынан бұрын берілмейді және осыдан ақырына дейін ешқашан берілмейді. Енді ол белсенденіп үлгірген немесе белсенденудің алдындағы ересек адамдарға олардың компетенциясы мен карьерасын жоғарылату үшін беріледі және сонымен қатар, ақпараттар. тілдер және тіл ойындары арқылы олардың профессионалды өмірінің көкжиегін кеңейту үшін һәм техникалық және этикалық тәжірибесін біріктіру үшін беріледі. Білімді таратуда қабылданған жаңа бағыт шиеленіссіз өтпейді. Өйткені, профессионалдық даму жүйе, немесе оның билеушісі үшін қаншама құнды болса, себебі ол тек ансамблдің перформацияларын ғана жақсарта алады, күнбе­күнгі өмірде өзімен бірге тәртіпсіздікті ерте жүретін дискурстармен, институциялармен және құндылықтармен эксперименттеу әрекетке көне қоймайды, сондықтан байыпты жүйе тарапынан сенім тудырмайды. Бірақ, онда кескінделген нәрсе, ол функционализмнен шыту жолы, оның сенім тудырмауы беймүмкін, өйткені, оның нобайын жасаған функционализм. Мүмкін, мұның жауапкершілігі университеттен тыс жүйелерге жүктеледі.

Читайте также:  ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Қалай болғанда да, перформаттылық принципі, тіпті егер ол өткізілген саясаттың барлық жағдайына бір әнді шешім таба алмаса да, жоғары білім институцияларын билікке бағындырады. Білімнің идеяның жүзеге асуы немесе адамдарды азаттау ретіндегі мақсаты енді өзінде болмайтын сәттен бастап, оның таратылуы ғалымдар мен оқушылардан тыс болады. «Университеттік артықшылықтар» идеясы бүгін өзге дәуірдікі. 60­шы жылдардың аятындағы университеттерге берілген «автономиялар» білім беру кеңестері олардың институциясына бюджеттің қай бөлігі бөлінетінін шеше алмағасын қазір аса салмақты емес. Сонда жоғары білім жүйесінде нені таратады? Әңгіме профессионализация туралы болғанда және оны тек функционалистік тұрғыдан пайымдаса таратылатын нәрсенің мәні ұйымдастырылған білімдер қорымен негізделген. Бұл қорға жаңа техникаларды қолдану коммуникациялық механизмге қатты салдарын тигізеді. Ол енді оқытушы тірі дауыспен үнсіз студенттер арасында оқыған лекция боп мүлде елестемейді. Егер білім ақпарат тіліне аударылуға көнсе және егер дәстүрлі оқытушыны еске сақтайтындай қылу мүмкін болса, онда дидактика классикалық есте сақтау тәсілдерін (кітапханалар және т.т.) дәйектер қорымен қатар оқушының қолданысына берілген ақылда терминалдармен байланыстырады. Педагогика мұнан ұтыла қоймайды, өйткені оқушыларды бәрібір бірнәрсеге үйретеді: мазмұнға емес, терминалды пайдалануға, яғни бір жағынан жаңа тілді, екінші жағынан — сауалдау деген тіл ойынына икемді иелік етуді: сауалды кімге арнау керек, яғни білгісі келгенге қандай дәйек қоры дұрыс? Қателеспеу үшін оны қалай тұжырымдау керек? Бұл перспективада информатикадағы және, әсіресе, телематикадағы көрініс табатын бастауыш білім жоғарғы проподевтиканың бөлігі болуға тиіс. Бұл мысалы шет тілдерін үйренудің дәстүрлі тәжірибесіне ұқсас. Бұл оқытушыларды белгілі мөлшерде машиналармен ауыстыру мәселесі тек легитимацияның үлкен әңгімелерінде, рух өмірі және\немесе адамзатты азаттау перспективасында кемшін, немесе көнуге төзбес болып көрінуі мүмкін. Бірақ олардың өздері қазір білімге қызығатын басты себеп емес. Егер бұл себеп күш­құдіретке жету болса, онда классикалық дидактиканың көрсетілген аспекті дұрыс болудан қалады. Оқушының, мемлекеттің, немесе жоғары білім институтының анық немесе анық емес түрде қойған сауалы «бұл ақиқат па?» емес, «бұл неге қызмет етеді?». Білімнің пайдакүнемденуі контекстінде оның мәні: «мұны сатуға бола ма?». Ал, күш­құдыреттің күшеюі мәселесінде: «бұл тиімді ме?». Сөйтіп, перформантты компетенцияның қабілеті ол бұрын суреттелген шарттарға сай сатылуға тиіс және анықтамасы бойынша тиімді болуға тиіс.

Читайте также:  Мәдени өзгерістің ғылыми ұстанымдары мен әдістемелері

Енді бұған жатпайтын нәрсе тек өзге критерийдегі қабілеттілік: ақиқат/жалған, әділдік/әділетсіздік және тұтас түрде дамымаған перформаттылық.. Операционалды қабілеттіліктердің зор нарығы ашық.. Білімнің бұл түрін ұстаушылар ұсыныстарға көміледі және тіпті азғыру саясатының нысанасына айналады. Бұл тұрғыдан мәселе білімнің ақырында емес, мүлде керісінше. Ертеңгі Энциклопедия, ол — дәйектер қоры. Олар әрбір тұтынушының қабілетінен асады. Олар постқазіргі адамның «табиғаты». Алайда кейбіреулердің дидактика тек ақпарат таратумен шектелмейді және қабілет тек дәйектер қорын есте ұстаумен шектелмейді деп ескертуі мүмкін. Мәселе, осы есте сақтау қабілетінің тез іске қосылуында. Ойын толықсыз ақпаратпен жүргенде үстемдікке қосымша ақпарат ала алатын адам ие. Анықтамасы бойынша оқу жағдайындағы оқушы осындай. Бірақ толық ақпаратты ойындарда қабілеттілік қосымшаны көбейтуде емес. Ол іс жүзінде атылысты құрайтын дәйектердің жаңа орналасуынан туындайды. Бұл жаңа орналасуға бұрын тәуелсіз деп саналатын дәйектер сериясын байланыстыру арқылы жетеді. Бөлек нәрсені байланыстыра алатын қабілетті қиял деп атауға болады. Оның басты қасиеті жылдамдық. Сонымен, постқазіргі әлемнің білімі толық ақпаратпен ойынды басқаратын нәрсе, ондағы дәйекке барлық сарапшылар бірдей қол жеткізе алады: енді ғылыми құпия жоқ. Қабілеттіліктер тең болғанда білім алу емес, білім өндірудің тиімділігі ақыр аяғында иә, жаңа тәсіл қолдануға, немесе ойын ережесін ауыстыруға мүмкіндік беретін осы қиялға тәуелді. Егер дәріс беру қабілеттіліктердің тек қана өндірісін емес, прогрессін де қамтамсыз етуге тиіс болса, онда білімнің таратылуы ақпаратпен шектелмей, білімнің дәстүрлі құрылысы бір­бірінен бөлектеген шекараларды біріктіруге үйретуге тиіс. 68­ші жылдың дағдарысынан кейін тараған ғылымаралық түйісу ұраны осы бағытқа сай сияқты. Ол университеттік федерализмге тап болды дейді, бірақ ол көптеген өзге нәрсеге де тап болды. Университеттің гумбольдттік моделінде мамандануды шыңында тұрған жүйеде өз орнына ие. Егер бір ғылым өзгесінің алаңына шықса, ол жүйеде «айғай», қарсылық тудырады. Қызметтесу тек спецификация деңгейінде, философтардың басында өтеді. Ғылымаралық түйісу идеясы, керісінше, делигитимация дәуіріне және оның амалсыз эмпиризміне тән. Білімге қатынас ол рух өмірінің жүзеге асуы немесе адамзатты азаттау емес; одан гөрі ол концептуалды аппарат және күрделі материал тұтынушыларының нәтиже алушыларға қатынасы. Білімнің ақырғы мақсатын және дұрыс пайдалануды тұжырымдау үшін оларда метатіл де, метаәңгіме де жоқ. Бірақ, оның нәтижелілігін ұлғайту үшін онда brain storming бар.

Читайте также:  ПРОГРАММАЛАРДЫ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ТЕСТІЛЕУ ӘДІСТЕРІ

Егер қазір топта жұмыс істеу аса құнды саналса, білімде нәтижелілік критерийінің астамшылық құрғаны. Себебі, ол туралы «ақиқат» немесе «әділ» деп айтуға болатын нәрсе үшін сан мөлшерінің еш мәні жоқ, ол егер ақиқат пен әділет одан гөрі мүмкін жетістік атауында пайымдалғанда ғана белгілі бір мәнге ие болар еді. Расында да, әлеуметтік ғылымда баяғыда анықтаған шарттарды орындаған жағдайда жалпы нәтиже топтық жұмыста ғана жақсарады. Бірақ, анығын айтқанда, олар өздерінің жетістігін тек белгілі бір модел шекарасында ғана нақтылаған, яғни тек бір мәселені шешу үшін. Әңгіме жаңа моделдерді ойлап табуға тірелгенде, нәтижелердің жақсаруы ондай анық емес. Мұның мысалдары бар, әйтсе де, бөлінгенді, яғни, топ құрылымынан шыққан және тек қана топтастардың қабілеттеріне міндетті нәрсені біріктіру қиын.

Оставить комментарий