Объект және оның тағдыры

Біз әрқашанда субъекттің жарқылымен және объекттің кедейлігімен ғұмыр кештік. Тарихты жасайтын тек субъект қана, тек сол ғана әлемді жаппайландырады. Жеке, немесе ұжымдық субъект болсын, саналы, немесе санадан тыс субъект болсын, кез келген метафизиканың идеалы ол әлем­субъекттің идеалы, объект субъекттің патшалық жолында жәй ғана бір оқиға болды. Объекттің тағдырын, менің білуімше, ешкім талап етпеген. Ол тіпті өз табиғатында еш түсінілмеген: ол тек субъекттің жаттанған бөлігі, қарғыс атқан бөлшегі. Объект — ұятты, абыройсыз, қуатсыз, кім көрінгеннің олжасы, ол Қастандықтың, таза жастанудың бейнесі. Құлдың жалғыз қимылы: ие мен құлдың диалектикасына ену. Бұл арада, әрине, жаңа евангелие туады, объекттің субъектке айналу уәдесі. Қайсы біреулер объекттің өз құдіретін, ерікті құдіретін сезді ме екен? Біздің құмарту ой машығымызда субъекттің орны талассыз, өйткені ол — құмарту иесі. Бірақ егер азғыру ой машығына көшсек, бәрі де өзгереді. Мұнда субъект құмартпайды, объект азғырады. Бәрі де объекттен шығып, отан қайтып оралады, барлық нәрсенің құмартудан емес, азғырудан шыққанындай. Субъекттің көне астамшылығы төңкеріледі. Өйткені ол тек құмартуға қабілетті болған соң, әлжуаз, ал объект болса құмартуға жоқ екенін ғажап ойнайды. Ол осы құмары жоқтығымен азғырады, ол өзгедегі құмарту салдарымен ойнайды, оны арандатады, немесе жояды, қоздырады, немесе алдайды — дәл осы құдыретті ұмытқысы келетін, немесе ұмытқанды жөн санайтын. Субъект астамшылығын неге қолдау керек, субъекттің ерігінің, санасының, санадан тысының фикциясын неге көтермелеу керек? Өйткені онда экономия мен тарих бар, бұл үміттендіреді, ол ерік пен әлемнің, импульс пен объекттің тепе­теңдігіндей, ол әлем тепе­ теңдігінің қағидасы, және бұл тағы да үміттендіреді, өйткені онда ол көп нұсқалы әлемге, құбыжық және тартымды, қатыгез және кездейсоқтыққа толы, шыққан тегі белгісіз азғыру әлеміне берілмеген, ол айналадағы тірі және өлі формалардың олжасы, объект емес, және шексіз азғырудан шұрық тесік емес. Оны, бұл субъектті жақсы қорғаған, ежелден ол өзінің ниеттенулерімен, өзінің құмарымен, бес қаруы сай сонда өзінің жерінде болады, ешнәрсенің де объектісі болмау үшін.

Читайте также:  Шәкәрімтану тарихынан

Субъектке шүбалану оның астамшылығының метафизикалық постулатында ешнәрсе өзгерткен жоқ: өзінің әлсіздігінде, өзінің әлжуаздылығында, өзінің қыз тектілігінде ол субъект ретінде талап етілсе де, немесе өз табиғаты жойылған ретінде талап етілсе де, яғни, тек психологиялық субъект ретінде ғана емес, сонымен қатар, билік субъекті және білім субъекті ретінде, субъект тек өзінің жоқ болу мелодрамасына қалдырылған боп шықты: ол енді өзін өзі қолынан жібере алмайды, өзінің негізінде бұрмалана алмайды, оны басқаруды өзінің астамшылығына айналдырған өзінің объектымен, әлемімен дегдарлық мәмлеге келе алмайды. Одан бүгінде оның босатылуының барлық бүге­шігесін әйгілейтін шатасу шығады. Сол сияқты субъект, субъекттің метафизикасы, тек өзінің менменшілдігінде, өзінің қалай болса, солайлығында, өзінің түгесілмес құдыретті ерігінде, өзінің билік субъекті, тарих субъектті болған трансенденциясында, немесе өзінің жаттануының драматургиясында әдемі еді. Одан шыққасын, ол тек өзінің өз құмарымен, немесе өз бейнесімен күрескен, әлемнің жүйелі әйгіленуіне билік ете алмайтын және өзін тарихты тірілту үшін оның мәйітінде зиялы түрде құрбандыққа шалған, өзінің бейшара сыртқы көрінісіне айналды. Субъект өзінің әлжуаздығымен де, немесе өзінің ажалымен де ойнай алмайды, себебі, ол олардан және азғырулардан, мысалы, өлімге жетелейтін тағдыр азғыруынан қорғану үшін ойлап шығарылған еді. Бұл оның өз экономиясының көкжиегінде шешілмейтін қайшылық. Және, демек, субъекттің орны, ашығын айтсақ, қабілетсіз нәрсеге айналды. Бүтін енді өзін билік субъекті ретінде, тарих субъекті ретінде, білім субъекті ретінде қабылдауға ешкімнің мүмкіндігі жоқ. Және ешкім оған талпынбайды да. Психология ғаламымен буржуазиялық субъектіліктің шығуынан бастап, ерсі бола бастаған, ал бүгінде мөлдірлік пен айырмашылықсыздыққа дейін құлдыраған бұл өлшемсіз ролді енді ешкім өзіне алмайды. Біз осы субъектіліктің конвульсиясын көрудеміз және оның жаңа нұсқалары тудырылуда — бірақ, енді мұнда, тіпті, драмада жоқ: жаттану проблематикасы күйреді. Және құмарту көпекөрнеулігі аңызға айналды. Сөйтіп, біз мынадай парадоксқа кезіктік, субъекттің орны қабілетсіз боп қалған бұл жағдайда жалғыз мүмкін позиция ретінде объект позициясы шықты. Жалғыз мүмкін стратегия — ол объекттің стратегиясы. Объектті мұнда жаттанған және босатылуға жаралған, бағындырылған және субъектен автономия сұраушы емес, керісінше, соңғыны субъекттің мүмкін емес позициясына жөнелтіп, субъектке доқ көрсететін объект ретінде , ұғынуға тиіспіз. Бұл субъекттің құпиясы мынада: объект өзінің өзіндік қалауына сенбейді, объект өзінің өзіндік қалауының илюзиясымен өмір сүрмейді, объектте құмарту болмайды. Ол тек өзінің иелігіндегі нәрсеге сенеді, және ол реапроприяция, немесе автономия фантазмын қолдайды.

Читайте также:  Қазақ хандығында патриотизм рухын қалыптастыру

Ол өзін ол тіпті құмарту табиғаты болсын өз табиғатымен іздеуге талпынбайды, бірақ, бір уақытта ол жаттылықты да білмейді және ол сырттануға жоқ. Ол өз ішінде бөлінбейді (ол субъекттіліктің тағдыры), және ол өзін өз қиялы ретінде қабылдайтын айна деңгейін білмейді. Ол — айнаның өзі. Ол субъектті оның ажалды мөлдірлігіне жетелейтін нәрсе. Және егер ол оны сүйсіндіріп, азғыра алса, оның себебі оның өз субстанциясы, немесе өз мәні болмағандығында. Таза объект ерікті, себебі, оған соғылу арқылы өзгенің ерігі қирайды, және өзінің қақпанына түседі. Крисстал өзі үшін кек алады. Объект субъекттің көкжиегінде жоқ болған нәрсе және іс жүзінде де ол субъектті өзінің фаталды стратегиясына тартады. Соның нәтижесінде субъект объекттің көкжиегінде жоқ болады. Бұл өзінің құмарының жоқтығымен мықты сексуалды объектке қатысты дұрыс, бұл өзінің үнсіздігімен мықты көпшілікке қатысты да дұрыс. Құмарту дегеніміз жоқ, құмартудың жалғыз түрі ол өзгенің тағдырына айналу, ол үшін субъектіліктің барлық түрінен асатын оқиғаға айналу және сол арқылы субъектті оның мақсатынан, оның бар болуынан және өз­өзі мен әлем алдындағы жауапкершілігінен ақыры тап болған нақты құмарлықта өзінің фаталды принципімен мүмкін емес қылу. Субъекттің өз­өзін әлемнің трансценденталды жүрегіне орналастыру мүмкіндігі және ерігі және өзін өзіне бағынышты заң аясында әмбебап себептілік ретінде пайымдау, осы ерік субъектке объекті фетиш ретінде, талисман ретінде, себептілікке қарсы нұсқа ретінде, субъектіліктің молынан қансырау орны ретінде шақыруына кедергі бола алмайды. «Шарттылықтардың субъектілігінің сыртында әрқашанда сиқырлы объектілік бар». Субъекттің барлық тағдыры объектке тірлік етеді. Әмбебап себептілікті ирония жалқы объекттің фаталды қуатымен ауыстырады. Фетиш біз кәдуілгі себептілікке мән беретін, әрбір оқиғаны себепке және әрбір себепті оқиғаға телитін күлкілі ниеттің терең кереғарлығын суреттейді. Кез келген нәтиже асқақ, егер ол өзінің себебіне телінбесе. Әйтсе де, тек салдар ғана қажетті. Фетиш осы әлемнің қосалқылығын өшіретін және оны абсолютты қажеттілікпен ауыстыратын кереметпен тірлік етеді. Біз себептерді қабылдауымызда тек қана қосалқы қажеттілікті сезінеміз, демек, тек кемшін қуанышқа иеміз. Тек қана абсолютты, экстатикалық қажеттілік бізді шаттандыра алады. Ал, бұл тек қана таза және жалқы объекттің қолынан келеді.

Читайте также:  Құрылымдық және сериялық ойлау

Ол арқылы біз бір мезетте әлемнің бүкіл қорғау күшіне ие боламыз. Біз әмбебаптылықта өмір сүріп, объективті мақсаттарға талпынып, өз өмірімізді өзгешеліктің анық нұсқаларында таразылап, заттарға артық немесе кем мөлшерде зердеуи өлшем беруімізге болады. Әйтсе де, бір күні бақыт пен бақытсыздықтың, немесе өмірдің өз дәйегінің енді ешбір әмбебап детерминацияға жауап бермейтін абсоютты жалқы жанда, немесе затта бейнеленгені қажет. Осы объектті, осындай объектті, объектіліктің барлық қара күшімен қоршау тәжірибесінен ешкім қаша алмайды. Бұл мағынасыз бәстесулердің бөлігі, оларға Паскальдың құдайдың бар екені туралы бәстесуі де жатады. Бұл бәстесудің негізі бар деп сенуге тиіспіз, себебі, егер негіз әлемнің бастауында жеке объект бола алмайды деп айтса, керісінше, ол өзін әлемнің барлық дәйегімен негіздеп, өз­өзін объективті түрде түсіндіруге тиіс десе, егер бұл негіз сенім тудырмайтын болса, егер осы зердеуи көпекөрнеулікке қарамастан, әлемге оның бөліктерінің жалқы сезімнен асқан квинтэссенциясына табына берсек, онда бұл негіздің өзі ғаламат бәстесуге шақырады. Заттарды түсіндірмей, оларды объективті детерминацияларға және шексіз референциялар жүйесіне орналастырмай, керісінше, барлық әлемді оның жалқы деталіне, барлық оқиғаны оның жалқы сипатына, табиғаттың барлық қуатын оның жалқы объектісіне, мейлі, өлі, немесе тірі болсын, тарту, эзотерикалық эллипса, немесе таза объектке ең қысқа жол табу. Ол (таза объект) мағынаның таратылуына қатысы жоқ болуға тиіс және ол өз құпиясы мен өз құдіретін ешкіммен бөлісуге тиіс емес.

Оставить комментарий