Бүгінгі таңдағы Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың өмірінде түбегейлі өзгерістер болды, ол б.з.б. II мың жылдықтың басында тас құралдардан металл құрал-жабдықтарына ауысу және алғашқы қауым аңшылығынан шаруашылық ісінің ,жаңа түрлеріне ауысу. Мұндай табыстарға жету жануарларды қолға үйретумен және мал өсірумен, металлургия мысын игерумен, кептенді жер шаруашылығының дамуымен байланысты болды. Өндірістің жаңа түрлеріне ауысу жаңа шаруашылық және мәдени дағдыларды жинақтауға себеп болды, адамның дүниетанымын кеңейтті, құрылыс ісінің туындауына және үйжай өнерінің пайда болуына түрткі болды. Осының барлығы б.з.б. II мың жылдықта Қазақстанда кең өpic алған мыс пен қалайы металлургиясының пайда болуының арқасында мүмкін болды. Металл аспаптардың пайда болуы адамға ағаш пен тасты анағұрлым тиімді өндеуге мүмкіндік берді. «Из достижений в области производственной деятельности па этой ступени», деп жазды Энгельс, особенно важное значение имеют два: первоеткацкий станок, второеплавка металлических руд и обработка металов. Медь и олово и вы I шавляемое из них бронза были важнейшими металлами; бронза давала пригодные орудия и оружие». Қазақстан аумағында және оған іргелес Оңтүстік Орал, Сібір, Алтай, Поволжья аудандарында жүргізілген археологиялық қазба нәтижелері қола дәуіріндегі құрылыс ісі тарихында маңызды сәттерді егжейтегжейлі жариялауға, қоныстар мен үйжай тұрпаттарын, олардың құрылымдарының өзгешелігін анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстан аумағындағы қола мәдениеті Сібірдегі,Алтайдағы, Орал өңірінің оңтүстік және оңтүстікшығыс аудандарындағы қола мәдениетімен бір мезгілде дамыды, сондықтан осы аудандардағы құрылыс мәдениеті ескерткіштерінің жергілікті ерекшеліктермен ұқсастықтары көп. Атап өткен аудандардың үйжайлары, қоныстары, мемориалдық ғимараттар типтері, тұрмыстық заттары, әсіресе керамикалық және қола бұйымдары өте ұқсас. Үйжай тұрпаттарының ұқсастығы ең алдымен өмір сүру мен шаруашылық түрлерінің табиғи шарттарының жақындығына байланысты. Өзінің геологиялық шарттары бойынша Орталық Қазақстан өзенсулары көп ұланбайтақ қатпарлы ел болып табылады. Жүз жылдар ішінде бұл ұшықиыры жоқ кеңістік мал шаруашылық тайпалар үшін ыңғайлы жайылым болған. Сарысу, Есіл, Нұра өзендері Орталық Қазақстанның басты су артериялары бола отырып, көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын тайпалардың өмірінде үнемі маңызды роль атқарған. Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалар, қола дәуірінде отырықшы өмір сүрген, көбінесе өзен аңғарларында және және тау баурайларында орналасқан, мұнда бақташылық мал шаруашылығы мен кетпенді егіншілікті дамыту үшін қолайлы жағдай болған, мықты үйжайлары — жартылай жертөлелері болған. Кетпенді егіншілікті дамыту үшін ылғал жақсы сіңген топырақ тары мен бидай егуге мүмкіндік берді. Қола дәуірінде, сондайақ суармалы егіншілік болған, оған көне суару құрылыстарының ізі дәлел болады. Орталық Қазақстанды мекендеген халықтың маңызды шаруашылық ісәрекетінің бірі кен шығару және одан металл балқытып шығару болған. Қола дәуірінде үйжай құрылысы шаруашылықтың ұжымдық түріне және рулық ұйым қағидасына тәуелді екендігін қазба материалдарынан байқауға болады. Ұлғайған патриархалды отбасылар ошағы ортақ бір шатырдың астында орналасты. Қосарлана салынған шаруашылық жайлар қоймалар, мал ұстайтын қаша (Атасу, Бұғылы I) ортақ болды. Үйжай мен қосарлана салынған жайлар әдетте шеңбер бойынша бірбіріне жақын орналасты. Ашық алаңда шеңбердің ішінде табын (ашық қаша) орналасты. Ашық қашаны тек жазғы уақытта пайдаланған.
Қыста малды үйжайдың жанында орналасқан арнайы орындарда ұстаған. Осы тектес жабық қашалар Атасу, Бұғұлы I, II, Шортандыбұлақ, Алексеевка ежелгі қоныстарынан байқалады. Қоныстарда 15тен (ЖамбайҚарасу) 80ге дейінгі (Бұғұлы I, II, Шортандыбұлақ, Ақкезең, Атасу, Суықбұлақ) қоныстар болған. Атасу қонысынан қидың қалың қабаты (0,7 м) табылды, ол мұнда ірі қара және ұсақ малдың ұзақ тұрғандығын дәлелдейді 10 . Үйжайлардың маңында арнайы салынған тамбурларда, кейде үйжай құрылыстарының ішінде металл балқытатын және өңдейтін шеберханалар болған. Осында, шамасы қыш құмыра жасайтын шеберханалар болған. Қоныстан тыс, төбешіктерде рулық қауымның қабірі және діни тамдары болған. Орталық Қазақстанның ескерткіштері қоғамның дамуын сипаттайтын бірнеше хронологиялық сатыларды байқауға мүмкіндік береді. Осы ескерткіштердің арасындағы анағұрлым ескілері энеолит дәуіріне немесе әуелгі қола дәуіріне, яғни ежелгі адамдардың металл өндеуді білген, бірақ тас құралдарды әлі де көп пайдаланған тарихи кезеңге тиісті. Кремний құралдарының көптеген қалдықтары Орталық Қазақстанда металл (қола) пай¬да болса да, ескі неолиттік тұрмыстың көпке дейін сақталғанын дәлелдейді, оның аяқталуы қола дәуірінің анағұрлым дамыған кезеңіне және темір дәуіріне дәл келеді. Ерте қола дәуірінде Орталық Қазақстанда жануарлар қолға үйретілді және мал өсіру үрдісі бастау алды. Дәл осы кезеңнен бастап Орталық Қазақстанда халықтың салыстырмалы түрде тығыз орналасуы байқалады. Жайылымдық мал шаруашылығының, кетпенді егіншіліктің және металлургияның үйлесіміне негізделген шаруашылық отырықшылыққа әкелді. Бұл уақыт қоғамның патриархалдырулық қауым құрылымының тұрақтануымен, тайпалар орналасуының нақты қағидаларымен және қоныстардың тұрақты түрлерінің пайда болуымен сипатталады. Осы уақытта бөренелі қаңқа қабырғалары бар жартылай жертөлелер үйжайлар пайда болады. Ерте қола дәуіріндегі үйжайлардың құрылысы ұжымдық шаруашылығы болған патриархалдырулық отбасының қауымдық құрылуына тәуелді болды. Металлдық құралдар адамдарға ағаш пен тасты тез әрі жақсы өңдеуге, өткен дәуірлермен салыстырғанда анағұрлым ыңғайлы үйжайлар салуға мүмкіндік берді. Бұл заманда Орталық Қазақстанда ежелгі металлургтер мен малшылардың қоныстарының көп пайда болуы байқалады. XX ғасырдың 30шы жылдары Қостанай облысы аумағының Тобол өзенінің жоғарғы бойындағы Алексеевка және Садчиковское қоныстары зерттелді». ОҚАЭмен 1950жылдан 1970 жыл маусымдарында Орталық Қазақстаннан қола дәуіріне тиісті алпыстан аса қоныстар табылды. Осы қоныстарды зерттеу құрылыс ісінің дамуындағы негізгі сәттерді белгілеп қоюға, б.з.б. ІІші мың жылдықтың екінші жартысында пайда болған құрылыстардың құрылымдық өзгешелігін анықтауға, яғни ол қола мәдениетінің тарихын анықтауға мүмкіндік берді. Қоныстар Тоқырауын, Нұра, Сарысу, Атасу, Есіл, Сілеті, Шідерті, Түндік, Жарлы өзендерінің аңғарларында және олардың Жабай, Терісаққан, Батпақсу, Шерубайнұра, Талды нұра, Ақбастау, Қазанғап, Құсақ, Беғазы, Жіңішке тармақтарында, Қарқаралы және Баянауыл далаларында орналасты. Қоныстардың елеулі бөлігі Ақмола, Көкшетау (Бестөбе, Степняк, Бозшакөл), Ертістің жоғарғы бойындағы аудандардан (Қанай, Кіші Красноярка) табылды және зерттелді. ОҚАЭмен Атасу (Жаңаарқа ауданы), Бұғұлы I, II, III, Ақбауыр, Шортанды бұлақ, Сенкебай (Шет ауданы), Тағыбайбұлақ (Баянауыл ауданы) және т.б. қоныстарындағы үйжайлар жоспары және құрылысы мұқият зерттелді 12 .
Қола дәуірінің соңында мал басының көбеюі және халықтың өсуі жайылымдық мал шаруашылығының пайда болуына әкеледі. Оған Орталық Қазақстанның тарихи топографиясы дәлел болады. Осы өзен аңғарларынан оқшау Солтүстік Бетпакдала оазистерінде (ЖетіҚоңыр, ТалдыҚоңыр, Мыйқайнар), Жезқазған маңында (Милықұдық, Сорқұдық, Айнакөл), Солтүстік Балқаш өңірінде (Ақжал, Саяқ, Қараүңгір, Тесіктас) пайда болған қоныстар бақташылық тайпалардың кең таралып қоныстануын, олардың жайылымдық ретінде Бетпақдала шөлейтіне дейін кеңбайтақ жайлау жазирасын пайдаланғанын дәлелдейді 13 . Шөл мен шөлейт аудандарында қоныстардың пайда болуына жер асты су көздері себеп болды. Сумен қамтамасыз ету мәселесі көптеген құдықтар мен су жинайтын жайылымдар салу жолымен шешілді, оның іздері Жезқазған және Ұлытау қоныстарында анағұрлым жақсы сақталған. Милықұдық, Сорқұдық, Златоуст, Айнакөл, Бестөбе, Жолымбет, Степняк, Ескіжұрт, Тағыбайбұлақ, Суықбұлақ, Қарқаралы I, II, Мырзашоқы, Бұғұлы, Шортандыбұлак, Есіл ө. жайылымындағы Сарғар қоныстарын зерттеу деректері бұл жерде ежелгі металлургия орталығының болғандығын растайды. 14 Қоныстарда еңбектің бірінші ірі қоғамдық бөлінісі негізінде пайда болған және дамыған жаңа палеометалл эрасының негізін салған ежелгі бақташымалшылар, кеншілер мен металлургтер тұрды. Қоныс мекендеушілері бір этникалықмәдени қоғамдыққа тиісті болды.Қоныстардың жалпы бітімдері бірбіріне ұқсас болған, аздаған айырмашылықтары ол ландшафт ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Үлкен патриархалды отбасылар қауымдық үйлерде, ошағы ортақ бір шатырдың астында тұрды. Өндіріс құралдарына деген ұжымдық иеленушілік жалпы шаруашылық құрылыстардың, қоймалардың және малды ұстауға арналған ортақ орындардың салынуына әкелді. Қола дәуіріндегі кішкентай қоныстар тұрғылықты жартылай жертөлелерқола дәуіріндегі Қазақстанның дала аймақтарындағы негізгі үйжай типтерінің тобын құраған, ор қайсысындағы үйжай саны 10нан 40қа дейін жеткен. Ірі қоныстар 23,5 га аумақты алып жатты, ондағы (Бұғұлы І Шортандыбұлақ) тұрғылықты үйжайлар саны бірнеше ондаған болды. Мұндай қоныстарды жоспарлау қоғамдық малды қорғау міндеттеріне бағынды. Тұрғылықты және шаруашылық құрылыстар кешені әдетте табын орналасқан ашық орталық алаңы бар шеңбер бойынша орналасты. Қоныстарды салу кезінде ежелгі тұрғындар тау шатқалдарын, орманды жерлерді, өзен аңғарларын таңдай отырып, сол жердің климаттық жағдайын және бедерін ескерген. Үй жайлар өздерінің көлденең өзегімен батыстан және солтүстікбатыстан шығысқа және оңтүстікшығысқа бағдарланған, яғни Солтүстік және Орталық Қазақстанға тән басым жерлердің бағыты бойынша орналасқан. Осылайша орналастырылған тұрғын жайлар өздерінің бүйір жақтарымен (яғни қабырғаның аз ғана бөлігі) суық желдерге қарсы орналасқан. Қола дәуірінің қоныстары етегінде су қайнары мол және отынға бай болған таулы төбешіктер қатарымен жақсы қорғалды. Ашық жазықтықтарда жасанды қоршау ағаш шарбақ қойылды, ол қыс қатты болған кездері суық желдер мен қар ұшқындарына бөгет болған. Осындай қоршаулардың іздері Атасу, Ақбауыр, Алексеевка, Садчиковское қоныстарында сақталған. Орталық Қазақстанда кейінгі қола дәуірі үйжайларының анық кескінделген жоспары тәжірибелі құрылыс идеяларының пайда болғандығын дәлелдейді. Қола дәуірінің соңында Орталық Қазақстандағы мал шаруашылық тайпаларының өмірінде құрылыс ісінің кемелденуіне байланысты туындаған түбегейлі өзгерістер болады. Бұл дәуірде адам өз үйжайын жер астынан шығарып, жер үстінде мықты тас үйжайлар (Атасу, Бұғұлы I, II, Тағыбайбұлақ қоныстары) сала бастайды. Көп лақыты ошақтары бар, жеке құрылыстар пайда болады (Ақкезең, Бұғұлы I, II, Ортау, Бесоба, Қаратомар, Тағыбай бұлақ, Атасу, Суықбұлақ және т.б.). Көп лақытты үйжайлар құрылысы ішкі қаңқалы бағаналардың және күрделі тас қабырғалардың көмегімен жүзеге асқан (Атасу, Ақкезең, Бұғұлы I, II, Қаратомар, Тағыбай бұлақ және т.б.). Қабырғаларды ірі гранит тақталармен қаптау және үйжайларды өзара байланыстыратын жер асты өтпелердің болуы (Атасу, Шортандыбұлақ) үйжайлардың ерекше сипаттамасы болып табылады. Кейінгі қола дәуірде үйжайлар мен қабірлерді салу кезінде жер жұмыстары металл құралдарының көмегімен жүзеге асқан, олардың көмегімен тік сызықтар мен тік бұрыштар (Садчиковское қонысы, Беғазы) жасау мүмкін болды. Соңғы 30 жылда ашылған Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің қоныстары толықтай зерттелмеген. Атасу, Бұғұлы I, II, Ақкезең (Бада), Шортандыбұлақ, Тағыбайбұлақ, Меиізек, Саяқ қоныстарындағы археологиялық зерттеулерді жалғастыру Орталық Қазақстанның қола мәдениеті жөнінде беретін көптеген жаңа қызықты мәліметтері көп. Атасу I №1 Атасу қонысы 1955 жылы Атасу өзенінде (Сарысу өзенінің сол ағысы) оған кішірек Мыңбайсай өзенінің құйылысында ашылды. Шамамен 5 га ауданда 40 тамның ізі сақталған, оның ішінде 22сі үйжай, қалғандары шаруашылық құрылыстар және шеберханалар. 22 үй жайдың ішінен бізбен алтауы зерттелді: 1955 жылы үйжай 4, 1975 жылы 20, 21, 1976 жылы 5, 6, 7 қазылды. Үйжайлар қоныстың ортасында орналасқан. Зерттелген алты үйжайдың ішінде бесеуінің жоспары тік бұрыш, олар ұзын өзегімен солтүстікбатыстан оңтүстікшығысқа бағдарланған. Үйжайлардың бірінің пішіні домалақ, көлемі 12×11 м. Атасу үйжайларының қабырғалары жерге 30 40 см тереңдікте тігінен қазылып көмілген, ұзындығы 1,50 мден 1,80 мге дейін жететін ірі гранит тақталармен қапталған. Үйжай 4 қоныстың ортасында орналасқан, жоспары тік бұрыш. Үйжайдың қабырғалары ішкі кеңістігін топырақ араласқан, қиыршық таспен және малта таспен толтырып, қырымен қойылған екі қатар ірі гранит тақталарынан құралған. Қабырғалардың қалыңдығы 1,52 м,үйжай ауданы 156м2(13х12 м). Жайдың солтүстікшығыс бұрышынан үлкен тас ошақтың қалдықтары табылды. Жайдың едені екі қабаттан тұрады: төменгі қабатында саз балшық қосылған ірі құм, жоғарғы бетінде саз балшық қабаты. Мәдени қабаттан кен шығару мен кен өңдеуге арналған көптеген тас құралдар табылды. Ошақ қасынан және қабырға бойынан мыс қож, мыс кесегі, отбақыр, льячок сынығы және қалыпқа құюға арналған пішіндер сақталған. Шамасы, үлкен тас ошақ үйжайды жылыту үшін ғана емес, сондайақ мыс кенін балқыту үшін қолданылған. Қоныс тұрғындары жылқышылар мен қойшылар болған. Оған жылқы мен қой сүйектерінің көптеп жиналуы дәлел болады. Атасу қонысынан салт аттылар үшін пайдалы және ыңғайлы әдетғұрыптардың және тәсілдердің болғандығын дәлелдейтін деректер табылды. Қоныстың оңтүстікбатыс бөлігін қазу кезінде ойығы бар шұңқырдың ортасынан өлшемі 15×11 м болатын үйжай 21—жартылай жертөле табылды, оның түбі 40 см тереңдікте орналасқан және кей жері саз балшықпен сыланған ізі қалған тығыз тапталып нығыздалған грунт болып келеді. Солтүстік қабырғадан алып күлдікке қарай дәліз өткен.
Өндірістік қалдықтар мен еңбек құралдарынан түзілген мәдени қалдықтардың сипатына қарағанда бүл жерде мыс кенін балқытатын және қыш бұйымдарын күйдіретін шеберхана болды деп пайымдауға болады. Жартылай жертөленің ортасында биіктігі шамамен 0,40 м, диаметрі 1,45 м, түбіне екі жайпақ гранит тақталары төселген тас қосылған саз балшықтан жасалған күмбез тәрізді там орналасқан. Шұңқырдың ішінде және оның маңайында үлкен қыздыру ізі қалған. Оның қабырғалары көлемі орташа саз балшық ерітіндісіндегі кесек тастардан жасалған. Оңтүстікке қарай, бір метр қашықтықта тереңдігі 0,7 м екінші шұңқыр табылды, оның шығыс жағында тас қаламасы сақтаған. Қождар, ағаш көмірінің алып қабаты және кен құралдарының барлығы бұның мыс балқытатын пештің қалдығы екендігін дәлелдейді. Үйжай 20 жоспарының пішіні домалақ, өлшемі 12×11 м. Оның стратиграфиясы үйжай 21стратиграфиясына балама. Үйжайдың түбі нығыздалып тапталған. Еденде, солтүстік батыс бөлігінде, орталықтан алыс емес жерде пішіні домалақ, тереңдігі 1,2 м құдық сақталған. Құдық сагасының маңы және жоғарғы бөлігі тас тақталардан тұрғызылған. 20шы және 21ші жартылай жертөлелерден төбе жабындысын тіреуге арналған бағаналардың ізі табылмады. Шамасы, олардың қабырғаларын іздері сақталмаған тоқып істеген боқшаның немесе қыш пахсаның қабаты жапқан. Үйжай 5, 6, 7 Атасу 1 қонысының ортасында орналасқан және солтүстікшығыс жағынан үйжай 4 жалғасады. Қазба жұмыстары кезінде үш жартылай жертөленің қара дақтары 40 см тереңдіктен анық көрінді. Екеуі домалақ деуге болады, біреуі сопақша келген. Дақтар батыстан шығысқа қарай созылған. Үйжай 5 өлшемі 9,7×8 м, үйжай 6 9,5×9 м, үйжай 7 7х6м. Үйжайдың төменгі бөлігі жерге 4050 см көмілген. Әр жартылай жертөленің шеттері бойынша 6070 см олардың жиектерінен үйжайдың төбесін тіреп тұрған тіреу бағаналарынан қалған бес домалақ шұңқыр табылды. Шұңқырлардың диаметрі шамамен 1620 см, ал тереңдігі 6дан 20 смге дейін жетеді. «Үлкен үйдің» (үйжай 4) солтүстікшығыс бұрышынан 5ші жартылай жертөленің солтүстікбатыс ұшына қарай ұзындығы 2 м және ені 1 м дәліз өтті. 5ші жартылай жертөленің солтүстік жиегінде диаметрі 1,5 м және тереңдігі 1,3 м домалақ шұңқыр болған. Шұңқырдың қабырғалары саз балшық қабатымен сыланған, ал оның солтүстік бөлігі жайпақ тас тақталармен қапталған. Саз балшықта да, таста да оттың ізі бар. Екі ұқсас шұңқыр жартылай жертөленің солтүстік және шығыс қабырғаларына қосарлана салынған тамбурлардан табылды. Оларда да саз балшықпен сылау және оңтүстік қабырғаны таспен қаптау ізі сақталған. Шұңқырлардың бірінің солтүстікбатыс бөлігінде диамерті 50 см, пішіні домалақ қысқа түтіктүтіндік анық көрінеді. Түтіндіктің бір ұшы шұңқырдың жоғарғы жағында болды, ал екіншісі қазындының солтүстікбатыс бұрышынан шықты. Қосарлана салынған шығыс жақтағы тамбурда орналасқан үшінші шұңқырдың қазбасы бұл жерде мыс балқыту пешінің болғандығына еш күмән қалдырған жоқ. Оның жоғарғы жиегі бойынша өлшемі 1,6×2 м, ал тереңдігі 0,8 м. Шұңқырдың айналасында тас тақталар шашылып жатыр. Шұңқырда саз балшық сыламасының ізі бар. Сондай сылама оның түбінен де байқалды. Шұңқырдың солтүстік жиегінде пештің батыс бөлігін оңынан солға қарай шиыршықтап орайтын ауа айдайтын каналдың (фурма) жоғарғы ұшы болып табылатын шұңғыма сақталған. Ауа айдайтын канал қимасының пішіні жарты сопақша және қабырғаға 810 см тереңделген, пешке қараған оның кең бөлігі 1820 см жеткен. Пештің барлық қабырғалары секілді ол да саз балшықпен сыланған. Осы үш пештен керамиканың сынықтары, мыс қожының, кеннің және мыстың тамшы тәрізді кесегі табылды.
Оставить комментарий