ҚОЛДАНЫСТАН ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МӘШИНЕ БӨЛШЕКТЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

Мәшине – қазіргі таңда бүкіл әлемде кең қолданысқа ие қозғалыс және тасымал құралы болып отыр. Оның құрамында мыңдаған ірілі-ұсақты бөлшектер бар. Бүгінгі күні сол мәшине бөлшектерінің қолданыстан шығып қалғандарын қайта қалпына келтіру үшін тәжрибелік жөндеуде бірнеше әдістер қолданады: — Жөндеу өлшемдері әдісі – бір қолданыстан шыққан бөлшекті, көбіне күрделі, әрі қымбат бағаланатынын алып, белгіленген өлшемге дейін механикалық өңдейді, ал басқа бір бөлшекті қайта қалпына келтірілген немесе жөндеу өлшеміне сай жасалаған жаңа бөлшекпен алмастырады; — Қосымша жөндеу бөлшектері әдісі – алдын ала дайындалған бөлшектер үшін қолданылады, арнайы жасалған тесіктер мен беттерге бөлшекті (поршендік сақиналар, поршендер, шатундар) орналастырады, осылай бөлшекті жаңа бөлшекпен алмастырады; — Ақауларды қысыммен қалпына келтіру әдісі – бөлшек материалының пластикалық құрамындағы ақауларды қалпына келтіруге негізделген. Көбіне деформацияланатын бөлшектер үшін қолданысқа ие. — Металды гальваникалық және химиялық өсіру әдісі – (хромдау, мыстау, цинктеу) бұл әдіс кезінде металлды қыздырмайды және металлдың структуралық өзгерісі болмайды; — Электрұшқындық және плазмалық әдіс – дайындалуы күрделі және өте бағалы мәшине бөлшектері үшін арналған әдіс. — Пайкілеу – шытынаулар мен жырақтарды бітеуге қолданылады. — Дәнекерлеу және балқыту әдісі – ең кең тараған әдістердің бірі болып табылады. Бұл әдістермен әр түрлі материалдардағы әр түрлі типтегі ақауларды қалпына келтіру мүмкіндігі бар. — Желіммен қалпына келтіру әдісі – жеңіл түрде істен шыққан немесе уақытша ғана бөлшектерді қалпына келтіру үшін қолданылады. 211 — Эпоксидтік композициялар көмегімен қалпына келтіру әдісі – бұл әдіспен келесі бөлшектерді қалпына келтіруге болады: қозғалтқыш картері мен оның қақпағын, цилиндр басы мен оның қақпағын, карбюратор корпусын, картер астын және арба кузовындағы шытынаулар мен жырақтарды қалпына келтіреді. Міне, қолданыстағы бөлшектерді қалпына келтірудегі негізгі әдістер болып жоғарыдағы айтылғандар табылады [1]. Ендігі назарды мәшиненің бір бөлшегін алып қарастыруға бұрсақ, мысалы, қолданыстан шығып қалған валлды қалпына келтіру үшін, алдымен, валлды өңдеп алады, одан кейін оның диаметрлік өлшемін арттырады. Егер кедергілер болмаса, өңдеуден кейін валл диаметрі тар, терең ойықтар пішінінде диаметрін арттырады. Төменде көрсетілген 1- суретте айқын көрінеді: 1-сурет. Валлдың өлшемдерін қалпына келтіру әдісінің нұсқалары: 1 –Қысыммен қалпына келтіру; 2 – Электрұшқынды легірлеу; 3 – Жөндеу құрамдарымен қабырғааралық тесіктерді толтыру; 4 — Қабырғааралық тесіктерді сым тәріздес материалдармен толтыру [2]. Техника және технология бір орында тұрмайды, күннен күнге жаңа әдістер мен тәсілдер шығуда. Қазіргі таңда қолданыстан шығып қалған мәшине бөлшектерін қалпына келтірудің мыңдаған амалдары ұсынылып отыр. Осы айтылғанға көз сала отырып, менің алып қосарым осы: 1. Мәшине бөлшектерін қалпына келтірмеу үшін, әркім өз көлігін мұқият пайдалануы керек; 2. Бөлшектерді істен шыққанша қолданбай, бұзылған немесе шытынаған жағдайда, уақытында жөндеп отыру қажет.

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ

Оставить комментарий