ОРАЛМАНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ

ОРАЛМАНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ Шанбаева Г. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана Ғылыми жетекшісі — с.ғд., ассоц.профессор А.А. Тынышбаева Оралмандарды әлеуметтік қорғау шаралары ішінде еңбекке жарамды отбасы мүшелерін еңбекпен қамтамасыз ету, медициналық қызмет, балаларды оқыту мен тәрбиелеу жатады. 1997-2011ж. қабылданған барлық отбасы өтемақымен қамтамасыз етілген, көбісі жұмыспен қамтамасыз етілген, ауылдық жерде тұратындарға жеке шаруашылық үшін мал берілген. Миграция жолында көп қиыншылықтар кездесіп тұр. Ол қиындықтар жоғарыда айтылған баспана мен жұмыспен қамтамасыз ету. Бұл мәселеде жергілікті басшылардың бюрократтық танытып отырғаны. Шағын несие беру және бизнес инкубаторларға тарту мүмкіндігін пайдалана отырып оралмандардың өз бетінше кәсіп тауып алуын қамтамасыз ету жөнінде мақсатты жұмыс жүргізу жоспарланып отыр Қорыта айтқанда миграция жолында істейтін істер шешетін қиыншылықтар толып жатыр. Оның бастысы — баспана және жұмыспен қамтамасыз ету. Көші-қон жөніндегі агенттік жергілікті, аудандық үкімет орындарымен байланыса отырып, оралмандардың жайын, кәсіби жұмысын шеше алатындығына күмән жоқ. Оралмандарға жеңілдіктер беретін үкімет заңдары қағаз жүзінде қалып қоймау үшін аталмыш агенттіктің шенеуниктері оларға шынайы қызмет көрсетулері керек. Сондықтан Көші-қон агенттіктің штатын ұлғайтып, құқығын кеңейтіп, міндетіне сай күшейтуді казіргі жағдай талап етеді. Мигранттар, әлеуметтік көңіл-күйі маргиналдық қалыпта түрған, ерекше категорияны құрайды. Осы категориядағы адамдармен жұмыста, тұлғаның жаңа әлеуметтік қарым-қатынас аясына біртіндеп енуін қамтамасыз ететін, әлеуметтік бейімдеу керек. Оралмандардың қазіргі жағдайы, проблемалары социологиялық зертеудің нәтижесінің негізінде жасалып отыр. Әлеуметтік зерттеулердің жалпы оралмандардың әлеуметтік мәселелерін анықтады. Оралмандардың әлеуметтік мәселесі мемлекеттің шешіп жатқан және шешуін талап ететін проблемалар жөнінде талданды. Және Қазақстанда олар қалай тұрып жатыр сонымен қатар жергілікті халықтың пікірлері ескерілді. Отаным деп келгенде мемлекеттен бастап жергілікті халық болып оларды қалай ортаға сіңістіре аламыз. Әрине ортаға бейімдеу 3-5жыл аралығында жүрілетін процестер. Жас шамасына байланысты оралмандар ортаға жылдам және кеш бейімделеді. 1991-1997ж арасында көшіп келген қазақтар елге сіңіп кетті. 10-30 жас арасындағы репатриаттарға әлеуметтік сауал қойғанда 95 пайызы жеке куәлік алған кезде туған жерін өзгерту туралы ұсыныс жасаған. Яғни құжатын Қазақстанда туылған деп жасатпақ ойда. Бұл идея өте орнықты себебі ерте көшіп келген қазақтар бейімделу процесінен өтіп кеткен. Бірақ құжаттарында қайдан келгені туралы жазылған. Бұл халықаралық талап болса да қоғамдағы қиыншылықтарға байланысты өзгертулер жасағаны дұрыс болар еді. Мысалы жұмыс т.б орындарға барғанда олардың қайдан келгені туралы білсе, жұмыс бабына алмай қою фактілері бар. Сәби кезінде келгендер тіпті туған жерін сезіне де алмайды. Олардың құжаттарын өзгерітсе көптеген мәселере шешімін табар еді. Жастар арасында стереотипті көзқарастар бар. Яғни кейбір жағдайда «оралман» деген сөзден болып адамдар арасында келіспеушіліктер болып тұрады. Жастарды нақты ортаға бейімдеуді мемлекет мақсат қойса, олардың құжаттарын өзгерту туралы шешім қабылдау керек. Қазіргі таңда оралмандар өздерінің тарихи отанына оралғаннан кейін әлеуметтік- экономикалық және әлеуметтік-мәдени әлеуметтену тұрғыдағы және азаматтық- құқықтық сипаттағы бір топ проблемалармен кезігіп отырғаны баршаға аян. Бұл 426 проблемаларды шешу біріншеі кезекте мемлекеттің міндеті болып табылады. Оралмандардың кез келген салаларда әлеуметтену проблемалары қандайда бір формада болсын мүдделер соқтығысуын тудырып отырады, тиісінше оның нәтижесінде ашық немесе жасырын түрде жанжалдық орта қылаң береді. Сондықтан аталған тенденциялар тұрғысынан келгенде қазақстандықтардың тарихи от андарына оралған этникалық қазақтарға, олардың жай-күйіне, тұрмыс-тіршілігіне қатысты көзқарастары үлкен мәнге ие. Енді оралмандарға қатысты тікелей жүргізілген социологиялық зерттеулердің нәтижелеріне тоқталып өтелік. «Әлеуметтік Технологиялар Орталығы» атты тәуелсіз сараптамалық ұйымның 2010 жылдың 5-12 қыркүйегі аралығында социологиялық сұрау жүргізген. Сұрауға жасы 18-ден асқан, республиканың алты аймағының ірі, орта қалаларында және ауылды жерлерінде тұратын ұлты қазақ, орыс және т.б. ұлт өкілдерінен тұратын 1800 респондент қатысқан. Мысалы, Оралмандарға қатысты кӛзқарасыңыз қандай? деген сұраққа респонденттердің көпшілігі жақсы ойда екенін білдірген (34%) және 25% шыдамды көзқараста екенін айтқан. 1. кесте (жауап беруге қиналғандарды есепке алмағандағы сұралғандардың % алғанда) Жақсы 34 Шыдамды 25 Немқұрайды 22.5 Нашар 10.1 Сұралғандардың айтарлықтай бөлігі (22.5%) оралмандардың тағдырына немқұрайдылық білдірген, тек респонденттердің оннан бір бөлігі ғана оларға жағымсыз көзқараста болған. Халықтың ұлттық белгілері бойынша оралмандарға қатысты көзқарастарының көрсеткіштерін талдау айтарлықтай алшақтығын байқатты. Оралмандарға қатысты оң пікірді көбіне қазақтар және шағын ұлттар өкілдері білдірген. Сонымен қатар халықтың бірқатар бөлігінде оралмандарға деген жағымсыз ойлардың айтарлықтай потенциялы сезіледі. Мысалы ұлты қазақ респонденттердің ішінен оралмандарға кері көзқарасын 7.5% білдірген. Қазақстандағы саны жағынан екінші тұрған орыс ұлтының көзқарастары біршама басқаша болған. Зерттеу нәтижесі бойынша анықталғандай орыстар арасында 15.9%-нің, яғни әрбір алтыншысында көңілі толмаушылық болған, тағы бір айтарлығы орыстар арасында өзге ұлт өкілдерімен салыстырғанда көңіл толмаушылық екі есе артық болып отыр. Аталған зерттеу орталығының жүргізген ендірілген бақылаудың қорытындысында байқалғандай, халықтың кейбір тобында оралмандарға деген кері көзқарас жақтырмаушылық пен қатар, оралмандардың келуімен жұмыс орындары үшін бәсекелес, тұрғын нарығындағы жағдайды одан да бетер күрделендіріп жібереді деген ойдан туындаған қорқынышпен де байланысты екен. Әлеуметтік-экономикалық саладағы мүдделер соқтығысуы проблемасын қазақстандықтардың әртүрлі жағдайдағы репартриантарға деген көзқа-растарының көрсеткіштерінен көруге болады. Кестеде біз тұрмысы жоғары және ортадан жоғары респонденттер оралмандарға айтарлықтай жылы қараса, табысы төмен респонденттер көбіне кері көзқараста болып отырғанын байқаймыз. Егер халықтың жалпы құрамында материалдық жағдайы жоғары адамдар аз бөлігін, ал тұрмыс жағдайы орта және ортадан төмен тұрғындар басым бөлігін құрайтынын еске алар болсақ, оралмандар мен жергілікті халық арасындағы өзара қарым-қатынастың шиеленісу ықтималдылығы айтарлықтай екенін айтуға болады. Тұрғылықты жеріне қарай алатын болсақ. Оралмандарға ауыл және кіші қалалар тұрғындары оң көзбен қараса, облыс орталықтары мен Алматы қаласының тұрғындары 427 біршама сын пікір білдірген. Мұндай жағдайдың себебі оралмандардың көпшілігі ауылды жерлерден көшіп келгендіктен ауыл 2.кесте Оралмандарға материалдық жағдайына қатысты білдірілген көзқарастар көрсеткіштері Әл-ахуалдың Жақсы Шыдамды Немқұрайлы Нашар деңгейі Жоғары 44.4 27.8 11.1 16.7 Жоғарыдан 50 19 19 9 төмен Ортадан 37.7 26.3 21.9 6.5 жоғары Ортадан 32.2 25.7 23.3 11.5 Төменнен 27.9 24.9 23.9 11.7 жоғары Төмен 18.8 23.4 25 25 Жалпы 34 25 22.5 10.1 Республикалық адамдарымен тіл табысуы жылдамырақ, ал облыс орталықтары мен Алматы қаласы тұрғындарының ішінен жақтырмаушылық ойлар көбірек болуының себебі ретінде жұмыс орындары мен тұрғын үй нарығындағы бәсекелестер деп қараудан келіп шығатынын айту керек. Сонымен бірге халықтың белгілі бір бөлігінің көшіп келуші қандастарымызға көзқарастары өзгеше болуының факторы ретінде орыс тілді халықтар өкілдері мен оралмандардың менталитетіндегі айырмашылықтың үлкен болуын айта кету керек. Бұл тұста туындайтын басты қиыншылық ол тілдік кедергі. Оның үстіне оралмандар Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерін айпағанның өзінде жергілікті қазақтардың өзімен тілдесуде қиыншылықтарға тап болып отырады. Оралмандарды жергілікті қазақтардың діннен алшақтығы, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтай бермеуі және ана тілге құрметтің төмендігі ашындырады. 3. кесте Жергілікті халық оралмандарға кӛбіне қандай мінездеме береді? Мінездемелер % Олар, өз отандарының нағыз патриоттары 11.8 Олар, қазақ мәдениеті мен дәстүрін тасушылар 13.7 Олар, өз жағдайын жақсартқысы келгендер 25 Олар, еліміздің толық азаматтары болған адамдар 8.3 Олар, тек мемлекетке ғана сенетін жатып ішерлер 14.8 Олар, Қазақстанда үміттері ақталмаған адамдар 5.7 428 Олар, экономикалық, әлеуметтік-мәдени тұрғыда 4.8 бейімделе алмаған адамдар Сұралғандардың айтарлықтай бөлігі (14.8%) оралмандарды мемлекетке ғана арқа сүйеп отыратындар деп санайды. Шамасы, бұлай пікір білдірудің тамыры өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмен болып отырғандығына, тиісінше мемлекет алдымен өз азаматтарының жағдайын көтеріп алуы тиіс деген ойда жатқан секілді. Жалпы алғанда оралмандарға берген пікірлердің жағымсыздары жағымды мінездемелерден 16% асып отыр. Бұл жерде бір байқалғаны қазақстандыктардың басым бөлігінің қоғамдық санасында қандастарымыздың әлеуметтік-мәдени жэне экономикалық тұрғыда бейімделулері тиісті түрде назарға алынбай тыс қалып отыр. Ал аталған сипаттағы қиыншылықтар оралмандарды Қазақстан жағдайына әлеумет-тенуінің басты проблемалық аймағына жатады. Бұл проблемалар қарапайым тұрғындардың ойынша оралмандардың өз бастарының мәселесі болып шығады. Мысалы сұралғандардың ең аз бөлігі (5.7%) олар, Қазақстанда үміттері ақталмаған адамдар десе, 4.8% олар, экономикалық, әлеуметтік-мәдени тұрғыда бейімделе алмаған адамдар деген позицияны ұстанған. Оралмандарға жанаршылықпен қараған екі аймақты атауға болады: олар Оңтүстік және Батыс аймақтар, аталған аймақта тиісінше сұрауға қатысқандардың 10.4% және 6.5% олар, тек мемлекетке ғана сенетін жатып ішерлер деп жауап берген. Оралмандардың проблемалары: Этникалық қазақтардың тарихи отанына қайтару бағдарламасын жария ете отырып мемлекет бірқатар міндеттерді өз мойнына алды. Ол міндеттер оралмандарға тиісті құқықтық-азаматтық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларды жасауды білдіреді. Мемлекеттің көші-қон саясатында айтылған механизмдер мен құралдарды репатрианттарға қатысты тиімді пайдаланғанда, оралмандардың қазіргі уақытта кезіккен экономикалық және әлеуметтік-мәдени тұрғыда бейімделуі пролемалары мұндай масштабқа ие болмас па еді. Зерттеу нәтижесінде анықталғандай оралмандар Қазақстанға келгеннен кейін жиі кездесетін қоғамдық психология және шеттетушілікке тап болып жатыды. Әрбір аймақтың тұрғындарыныц ұлттық құрамына, тілдік, діни, мәдени орталарының ерекшеліктеріне қарай әлеуметтік бейнесі қалыптасады, тиісінше оралмандарға әрқилы көзқарастардың орын алуы аталған ерекшеліктерге байланысты келетінін байқауға болады. Жеке аймақтар бойынша жіктеу, қазіргі кезде республикамыздың әр түрлі аймақтарында оралмандарды толғандыратын негізгі проблемалық зоналарды анықтауға мемлекет тарапынан оралмандардың проблемаларын шешуге қажетті бірінші кезектегі міндеттерді айқындауға мүмкіндік береді. Қайырып айтар болсақ, «Әлеуметтік технологиялары орталығы» атты зерттеу ұйымы жүргізген зерттеуінің нәтижесі халықтың басым бөлігі тарихи отанына оралған қандастарымызға оң қабақ танытатына көз жеткізуге боладьі. Сонымен қатар халықтың белгілі бір бөлігінің қоғамдық санасында оралмандарға деген жағымсыз ойлар басым болған. Мұндай ойлардың пайда болуы, көбінесе әлеуметтік-экономикалық саладағы мүдделердің соқтығысуынан орын алған деп айтсақ қателеспеген болар едік. Алынған нәтижелер көрсеткендей тұрғындар оралмандарға б айланысты болған біршама мазасыздық таныта бастаған, оның себебі еңбек және тұрғын үй нарығындағы бәсекелестіктің көшеюде. Қазіргі кезде оралмандарды жергілікті жағдайға бейімдеу тұрғысындағы жұмыстар қажетті деңгейде атқарылмай отыр деп айтуға болады, оны сұралғандар да 429 атап өткен, және сұралушылар бұл саладағы үкіметтік іс-шаралар нормативті сипатқа ие, ал міндеттерді орындау формалды түрде жүргізіледі деген пікір білдірген. Қолданған әдебиеттер тізімі 1. Нұрсұлтан Назарбаев. Тарих толқынында.-Алматы. Атамұра, 1999ж. 2. Зардыхан Қинаятұлы. Жылаған жылдар шежіресі.-Алматы. Мерей, 1995ж. 3. Амангелді Айталы. Ұлттану.-Алматы. Арыс, 2003ж. 4. Жинақты құрастырушылары Парламент депудартары. Кеш-керуен.- Алматы. Парламент Үйі, 1997ж 5. Жинақты құрастырушылары: Махмұт Қасымбеков, Қалдарбек Найманбаев. Ел мен Елбасы.-Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы, 2003ж. 6. Tynyshbayeva А.А., Batalowa A. Staatliche Sozialunterstiitzung der Riickkehrer in der Republik Kasachstan: Fragen der Integration und Adaption der Oralmane in der Aufnahmegesellschaft./ Migrations- und Sicherheitsproblcme in Mittelasien wissenschaftliche Forschung/ Eurasischc Nationale Universitat namens L.N.Gumiljow — Одеса, TOB «Елтон» — 2011 — шм. M. — 278 c. ISBN 978-966-2430-19-6.

Читайте также:  Тарих және ақиқат

Оставить комментарий