Орнатуға негізделген мемлекеттің түрлері

Орнатуға негізделген мемлекеттің түрлері және жоғарғы өкіметтің сабақтастығы туралы. Мемлекеттің әрқилы пошымдары тек үшеу ғана бола алады. Тирания және олигархия монархия мен аристократияның әртүрлі атаулары ғана. Мемлекеттердің айырмашылығы егеменнің яки баршаның және адамдар бұкарасының әрқайсысының өкілі болып табылатын тұлғаның айырмашылығынан көрінеді. Ал жоғарғы өкімет не бір адамға, не көптеген адамдар жиналысына тиесілі болады, ал бүл жиналысқа қатысу құқығына не әркім, не басқалар арасында көзге түсетін белгілі бір адамдар ғана ие болады, осыдан мемлекеттің тек үш түрі ғана бола алатыны анық. Өйткені өкіл не бір адам, не адамдардың көбірек саны болуға тиіс, ал бұл – не баршаның, не тек олардың бір бөлігінің жиналысы.

Егер өкіл бір ғана адам болса, онда мемлекет ­ монархия; егер қатысқысы келетін баршаның жиналысы болса, онда бұл – демократия немесе халық билігі; ал егер жоғарғы өкімет азаматтардың тек бір бөлігінің жиналысына тиесілі болса, онда бүл ­ аристократия. Мемлекеттің басқа түрлерінің болуы мүмкін емес, өйткені не бір, не коп, не барша жоғарғы өкіметке (оның бөлінбейтіндігін мен көрсеттім) тұтасымен ие болады. Тарих пен саясат жайындағы кітаптардан біз басқару пошымдарының тирания және олигархия секілді басқа да атауларды кездестіреміз. Алайда бүл басқа басқару пошымдарының.атауы емес, санап көрсетілген пошымдарды жазғыру. Шынында да, монархия кезінде жәбірленгендер оған тирания деп, ал аристократияға наразылар оны олигархия деп атайды. Дәл сол секілді демократия кезінде ренжітілгендер оны анархия (үкіметтің жоқтығын білдіретін) деп атайды, соған қарамастан, менің ойымша, ешкім өкіметсіздікті басқарудың қандай да бір пошымы деп есептемейтін болар.

Сол негіздер бойынша басқару, ол бізге ұнайтын кезде бір пошымда және ол бізге ұнамайтын немесе біз билеушілер тарихынан қысымға ұшыраған кезде басқа пошымда болады деп ойламау керек. […] Монархияны жоғарғы ассамблеямен салыстыру. Мемлекеттің осынау үш түрі арасындағы айырмашылық өкіметтің өзгешелігінде емес, олардың әрқайсысының өздеріне жүктелген мақсатты жүзеге асыруға ,атап айтқанда.Бейбітшілік орнатып,халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жарамдылығының немесе қабілеттілігінің өзгешелігінде. Және басқарудың басқа екі түрімен монархияны салыстыра отырып, біз төмендегіні байқай аламыз.

Біріншіден, халық тұлғасын кез­келген иеленуші немесе осындай иеленуші болып табылатын жиналыс мүшесі бір мезетте өзінің төл тұлғасының да иесі. Сондықтан осындай адам саяси тұлға ретінде ортақ игілікті қамтамасыз ету жайында қаншама тырысып қам жесе де, ол, алайда, өзінің жеке игілігін, өз отбасының, туыстары мен достарының игілігін де қамтамасыз ету жайында азды­көпті ықыласпен қам жейді және, егер ортақ мүдделер, оның жеке мүдделерімен қақтығысып қалса, ол көп жағдайда өз мүддесін жоғары қояды, өйткені адамдардың нәпсісі әдетте олардың парасатынан , күштірек болады. Сондықтан ортақ мүдделер жеке мүдделерімен тығыз сәйкес келетін жерде олар көбірек ұтады. Нақ И мидай сәйкестік монархияда бар. Монархтың байлығы, құдіреті мен даңқы оның бодандарының байлығына, күшіне және: беделіне байланысты. Өйткені ешқандай король, егер оның бодандары кедей, көзге ілінбейтін немесе, кедейшілік нем өзара қырқыс салдарынан өздерінің жауларына қарсы соғыста төтеп беруге тым дәрменсіз болса, бай да, даңқты да, қауіпсіз де бола алмайды.

Читайте также:  Заң шығарушы өкіметтің ауқымы туралы

Ал демократия немесе аристократия кезінде сатқын немесе атаққұмар адамдардың жеке молшылығы қоғамдық гүлденумен ғана емес, көбінесе опасыз кеңеспен, сатқындықпен немесе азаматтық соғыспен қамтамасыз етіледі. Екіншіден, монарх қалаған адамынан, қалаған уақытында және қалаған жерінде кеңес ала алады, демек, ол өзі талқылауға тиіс мәселеден хабардар адамдардың, олардың лауазымы мен атағы қандай болса да, және қарекет сәті жөнінде қалағанынша күні бұрын және ол қажет деп тапса, қалағанынша құпия түрде пікірін тыңдай алады. Ал жоғарғы жиналыс кеңесті қажет еткенде, ол жерге оған әу бастан құқығы барлар ғана жіберіледі, ал бұлар, көп жағдайда, білім алу мәселесінен гөрі, байлық табу мәселесінен көбірек хабардар адамдар. Мұның үстіне, олар өздерінің кеңестерін адамдарды қарекетке итермелей алатын және шынында да итермелейтін, бірақ сол адамдардың қарекеттерін басқара алмайтын ұшы­қиыры жоқ сөздермен береді. Өйткені нәпсі жалыны ешқашан парасатқа дәт бермейді, керісінше, оны алжастырады, мұның үстіне жиналыста қабылданған кеңес, оның құрамының көптігінің салдарынан, ешқашан да, еш жерде де, құпия болып қалмайды.

Үшіншіден, монарх қабылдаған шешімдер адам табиғатына тән шамада ғана тұрақсыздыққа ұшырайды, ал жиналыстың шешімдері, жиналыс құрамының көптігіне де орай, өзгерістерге ұшырай береді. Өйткені қабылданған шешімнен айнымау қажет деп санайтын аз ғана мүшелер жиналысқа келмей қалса (бұл өз қауіпсіздігін күйттеу пәрменімен, енжарлық немесе кездейсоқ кедергі салдарынан болуы мүмкін) немесе қарама­қарсы көзқарасты ұстанатын кейбіреулер дер кезінде келсе, кешегі шешімнің бәрі бүгін күшін жояды. Төртіншіден, монарх көре алмаушылық немесе пайдакүнемдік себептермен оз пікіріне өзі қарсы шыға алмайды, ал жиналыс қарсы шыға алады, және де күрт қарсы шығатыны соншалық, іс азаматтық соғысқа дейін жетуі мүмкін.

Бесіншіден, монархия кезінде мынадай ыңғайсыздық бар, атап айтқанда қандай да бір бодан, қайсыбір фаворитті немесе жағымпазды байыту мақсатында, бір адамның пәрменімен бүкіл мал­мүлкінен айрылуы мүмкін. Және мен мұның , және амал жоқ ыңғайсыздық екенін мойындаймын. алайда дәл осыныңыз жоғарғы өкімет жиналысқа тиесілі болуы мүмкін, өйткені мұндай жиналыстың өкіметі монархтар өкіметімен бірдей; мұндай жиналыстың мүшелеpi жөнсіз кеңестерге елігіп кетуі немесе монархтың жағымпаздарға бой алдыратыны секілді, шешендерге бой алдыруы мүмкін және өзара жарамсақтықпен бір­бірінің бойында пайдакүнемдік пен атаққұмарлықты қоздата түсуі мүмкін. Монархтарда фавориттер көп болмайды және ол тек өз туыстарына ғана сая бола алады, ал жиналыс фавориттері толып жатыр, жиналыс мүшелерінде туыс кез­келген монархтікінен анағүрлым көп. Мұның үстіне, монархтың қабілеті өз арына көмектесуге де, өз жауларына зиян келтіруге де бірдей шамада жетпейтін фавориті болмайды, ал шешендер жоғарғы жиналыстың фавориттерінің зиян тигізуге жетіп­артылатын билігі болғанымен, құтқару билігі өте аз болады, өйткені (адамның табиғаты солай) кінәлау үшін ақтаудан гөрі аз ділмарлық жеткілікті және жазалау бізге ақтаудан гөрі әділ сот принципіне көбірек сәйкес келетін секілді көрінеді.

Читайте также:  Қытайға көшпелілердің шабуылының басталуы

Алтыншыдан, монархияның ыңғайсыздығының бірі онда жоғарғы билік мұрагерлік жолымен кәмелетке жетпеген немесе жақсылық пен жамандықты айыра алмайтын бозымның қолына тию мүмкіндігі, мұндағы ыңғайсыздық мынада: оның билігі кураторлар немесе регенттер ретінде оның құқығы бойынша және оның атынан басқаруға тиіс басқа адамның қолына немесе адамдар жиналысына берілуге тиіс болады. Алайда, жоғарғы өкіметті жүзеге асыру құқығын бір адамға немесе адамдар жиналысына беру қолайсыздық деу ­ әрбір , өкімет былық пен азаматтық соғыстан үлкенірек ыңғайсыздық деген сөз. Сондықтан осы жағдайда катер төндіретін і .жалғыз қауіп – осындай құрметті де пайдалы мансаптан Дәмелі бақталастардың күресі. Бірақ бұл ыңғайсыздық біз монархия деп атайтын басқару пошымынан туындамайтынына көз жеткізу үшін, алдыңғы монарх өзінің кәмелетке жетпеген мирасқорының қамқорын не өсиеттің айқын сөздерімен, не осындай жағдайда қолданылатын ғұрыптың үнсіз рұқсатымен белгілеуге тиіс болғанын қаперге алу қажет. і ондықтан осы ыңғайсыздық (егер туындай қалса) монархияға емес, бодандардың атаққұмарлығы мен әділетсіздігіне телінуге тиіс, бұлар халық өзінің міндеттері мен жоғарғы өкіметтің құқықтарын жеткілікті білмейтін жердегі басқарудың барлық түрлеріне тән.

Егер алдыңғы монарх қамқоршылық жайында ешқандай нұсқау қалдырмаған деп санасақ, онда осы жайындағы анық ережені жаратылыстық заңнан табамыз, атап айтқанда бүл қамқоршылық, әрине, кәмелетке жетпеген жастың өкіметінің сақталуына барынша мүдделі және оның өлімінен немесе оның билігінің шектелуінен өз басы ешқандай пайда таба алмайтын адамға берілуі тиіс. Расында да, біз кез­келген адам өзінің табиғатынан қара басының пайдасы мен жоғарылауын іздейтінін көріп жүргендіктен, кәмелетке жетпеген баланы, оның обалы немесе оның құқықтарының кемітілуі арқасында жоғарылауы мүмкін адамдар билігіне беру қамқоршылық емес, сатқындық. Осылайша, жеткіншек мұрагер таққа отырғанда, мемлекетті кім басқаратыны жайында негізі бар ұрыс­керістердің алдын алу үшін әрқилы шаралар көзделген, ал егер бүл жағдайда да қоғамдық тыныштықты бұзатын таластар туындап жатса, бүл монархиялық басқару пошымына емес, бодандардың атаққұмарлығына және өз міндеттерін білмейтіндігіне телінуге тиіс.

Читайте также:  ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТКЕРІН ЫНТАЛАНДЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Екінші жағынан, жоғарғы билік ауқымды жиналысқа тиесілі кез­ келген үлкен мемлекет соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешу, заңдар жасау жөнінде жоғарғы өкімет жас баланың қолында болғаны секілді жағдайда болады. Өйткені, жас бала өзіне айтылған кеңесті қабылдамау үшін өз бетінше пікір айту қабілеті болмай, сондықтан қамқорлығына тапсырылғандардың кеңесін қабылдауға мәжбүр болатыны сияқты, жиналыс та оның көпшілігі берген кеңесті, кеңес жақсы ма, жаман ба, соған қарамастан, қабылдамау бостандығынан айырылған. Және жас бала қамқорды немесе жарылқаушыны, оның оз басы мен өкіметін сақтаушыны қажетсінетіні секілді, жоғарғы жиналыс та (үлкен мемлекеттерде) зор қауіп­қатерлер мен бұлғақ сәтінде custodes libertatis’Ke, яғни диктаторларды немесе өздерінің өкіметін сақтаушыларды қажет етеді. Соңғылары, шынына келгенде, уақытша монархтар болып табылады, өйткені жоғарғы жиналыс оларға өзінің толық өкіметін уақытша ғана тапсырады, және де осындай диктаторлар тарапынан өкіметті заңсыз иелену жайттары (белгіленген мерзім өткенде) протекторлар, регенттер немесе қандай болсын басқа қамқоршылар тарапынан жас корольдердің билігін заңсыз иеленіп алу жайттарына қарағанда, жиірек болады.

Мен көрсеткендей, жоғарғы өкіметтің тек үш түрі, атап айтқанда: жоғарғы өкіметтің иесі бір адам болатын монархия; немесе жоғарғы өкіметтің иесі барлық азаматтардың жалпы жиналысы болатын демократия; немесе жоғарғы өкімет тағайындалған немесе қалай болғанда да халықтың қал көпшілігінен көзге түсетін белгілі бір адамдардың жиналысына тиесілі аристократия ғана болғанымен, дүниеде бұрын болған және қазір бар жекелеген мемлекеттерді шолып шығатын адамға, мүмкін, тиісті басқару пошымдарын дің үшеуіне қосуы оңайға түспес және осы үшеуінен қойыртпақ болып табылатын басқа да пошымдар, мысалы, жоғарғы өкімет корольдерге тек белгілі бір мерзімге берілген сайланбалы корольдіктер немесе корольдер шектеулі билікке ие корольдіктер бар деп ойлауға бейім болар, бірақ жазушылардың көбісі мұндай басқару пошымдарын сонда да монархия деп атайды.

Дәл сол секілді егер қандай болсын халықтық немесе аристократиялық мемлекет дұшпан елді бағындырып, оны президент, уәли немесе қандай болсын басқа мансап иесі арқылы басқарса, сірә, бір қарағанда, мұндай ел демократиялық немесе аристократиялық түрде басқарылатындай көрінуі мүмкін. Алайда бұл олай емес. Өйткені сайланбалы корольдер егемен емес, егеменнің министрлері; дәл сол секілді билігі шектеулі корольдер де егемен емес, тек жоғарғы өкімет иелерінің министрлері ғана. Ал демократиялық немесе аристократиялық мемлекеттерге бағынышты провинциялар демократиялық немесе аристократиялық емес, монархиялық түрде басқарылады.

Оставить комментарий