Орта ғасыр Батыс Еуропа роман және готика өнері

Роман – ХІХ ғасырда пайда болған термин. Ол Рим деген сөзден шыққан. Роман өнерінде, сәулет өнері грек­рим дәстүрінің жалғасы ретінде қалыптасады. Дегенмен, орта ғасырлық өнерге сол кездеңдегі діни көзқарастың ықпалы күшті болып, орта ғасырлық мәдениет діни дүниетанымның негізінде қалыптасып, дамиды. Бұл кезде грек­рим өнері тұсындағы сұлулықтың идеалы діни бейнелермен алмастырылды. Роман шіркеуінің ең негізгі ерекшелігі тастан қашалған мүсіндік декор – барельеф. Бұл кезең неміс тілінде «салт атты» деген мағынаны білдіретін, рыцарлық кезеңмен тура келеді. Орта ғасырда соғыстың үнемі жиі болуы қамалдар тұрғызуды дамытты. Қамал күнделікті тұрмысқа қажетті болғанымен, ол биліктің және мәдениеттің рәмізіне айналды. Осы кездегі кең тараған құрылыс түрі ­Донжон – тас мұнара, қорғаныс орны. Қалың қабырғалармен тұрғызылған, қарапайым құрылыстың ішкі жағына жарық тіпті де түспейін, түскен жағдайда өте тар терезелерінен түскен жарық өте аз болды. Тіпті барлық – монастырлар мен қалалар қамалдарға ұқсас биік қырдың үстінде орналасты. Солай, ХІІ ғасырда төртбұрышты немесе көпбұрышты жобалы донжон құрылыстары кең тараған сәулет түріне айналды. Қала тұрғызуда кең тараған құрылыстар түрі – ратуштар. Бұл тастан тұрғызылған екі қабатты үй. Роман стиліндегі қаланың орталығы – кафедралды шіркеу. Шіркеу қала тұрғындарын неғұрлым көбірек сыйғызуға арналғандықтан, құрлысшылар үш негізгі мәселені шешуі керек болды: базиликаны; Христостың кресті жолын; неғұрлым кең кеңістікті сақтап қалу. Базилика – латын тілінен аударғанда «патша үйі» деген мағынаны білдіреді. Алғашқы базиликалы құрылыс кемеге ұқсас болып келді. Роман бағытының құрылысының негізгі айқындаушы ерекшелігі жартылай дөңгелекті арка. Жартылай дөңгелек арка роман сәулет өнерінің негізгі мотивіне айналды: ол кіре берісті порталдың жоғарғы жағын аяқтап тұрды, күмбез келбетінде, терезе ойықтарында, нефтің аркаларында қайталанды. Роман бағытының храмында бірінші рет жарық мәселесін ғимараттың ішкі жағын жарық түсіретін түрлі­түсті әйнекті «роза» ­ витраж терезелер арқылы шешті. Витраж (лат. тілін. vitrum ­ әйнек, әйнекті терезе) – әйнекпен қапталған терезе немесе есік. Витраждың көркемөнердегі мағынасы, әйнектің бетінде орындалған сурет 27 . Витраждың екі жасалу әдісі кездеседі: 1) гризайль түтінге ұқсас жасыл фонға қара және сұр түспен, рельефті иллюзиялы жазылады; 2) түрлі­түсті әйнектерді бір­біріне ұқсата келтіре құрастырған сюжетті роспись. Роман бағытында негізгі декор қызметін атқаратын элемент, тастан қашалған мүсін – барьелеф. Баръелефте, яғни қабырғада орындалған тас мүсіндерді композицияларда көбіне құбыжықтардың бейнесі ойылып қашалды, олар адамға қорқынышты әсер етті. Орта ғысырда кең тараған тақырып ­жақсылық пен жамандық. Роман стиліне тән құбыжықтарға ұқсас бейнелер, көрермен халықтың бойында қорқыныш үрейін тудырды. Сондықтан адам жанының қиналысы тақырыптарынан келтірілген бейнелер, адам жанын тазарту деген сияқты түсініктерді білдірді. Роман бағытының көркем шығармашылығында – «Жұмақ пен тозақ» тақырыбына арналған көріністер кең тарады. «Суретшілер мен ақындар шынайы өмірді айналып кететін, олар пейзажды бейнелемеді, жеке адамдардың ерекшелігін елемеді, әртүрлі мемлекеттің және әртүрлі кезең мен ғасырларда адамдардың әртүрлі киінетініне, әртүрлі тұрғын үйде тұратыны мен басқаша қару­жарақ ұстайтынына да көңіл бөлмеді. Олар индивидуализациялау дегенді типке біріктіру деп түсінді….» 28 Типке біріктіру немесе бөлу барлығын екі полюсте қарастырды: жақсылық пен зұлымдық. Қайғы­қасірет, азап шегу рәсімі жай қарапайым адамды өмірдің барлық азабы мен қыйындығына мойын сұнуға шақырды және болашақтағы жұмақ өмірдің бар екеніне үміт арттырды. Сондай­ақ иконографиялық бағдарламада апокалиптикалық тақырыптар да үлкен рөл ойнады. Витражда орындалған бейнелер екі дүниемен шектелді – күнәһар және қасиетті өмір. Кейінірек бейнелеу мен сәулет өнерінде жұмақ пен тозақ қатаң шарттылыққа ие болды: оң жақ құтты орынға айналды, сондықтан ол жақта жұмақ орналасты, ал сол жақ – қарғыс атқан, бұл жақта тозақ орналасты. Орта ғасырлық суретшілердің қолынан шыққан өнер туындыларын қазіргі көзқараспен қарайтын болсақ, олар өзінше ерекше. Суретшілер дүниенің тереңдігінің бар екенін, яғни дүниенің үш өлшемді екенін білмейтіндей: ол кездің картиналарындағы кеңістік жазық бетпен алмастырылған. Орта ғасырлық кескіндемешінің картиналарында бірізділік әрекет симультантты 29 бейнеленген: картинадағы оқиғалар аралығы уақытпен бөлінген, бір жазық бетте бірнеше сценалар орналасады. Кескіндемедегі орта ғасырлық өнерге тән бұл тип ұзақ ғасырлар бойы сақталып келді. Орта ғасырлық франциялық шіркеулердің келбетінің қалыптасуына қажылықтың әсері мол болды. Адамдардың шіркеуге ғибадат етуге көптеп келуі, келушілер құдайға құлшылық етушілерді мазаламастан, бүйір жағындағы нефтен айналып шығып, барлық капеллалар мен қасиеттілерді қарап шыға алды. Тулуздағы Сен­Северен, Отендегі Сен –Лазер шіркеулері мысал бола алады. Орта ғасырлық неміс сәулет өнері каралинг өнерімен тікелей байланысты (Рим императоры саксондық династия каролі). Негізгі құрылыс түрлері ­ үш нефті базилика. Мысалы, Мария Лаах аббадтығындағы шіркеуін келтіруге болар. Италиялық романдық бағыттағы сәулет өнері басқаларға қарағанда өзгешерек. Мысалы, қасында адамға қажетті құрылыстардың бәрі бар, Пизадағы соборь (ХІІ), үшкен кешенді құрылыстың бір бөлігі ғана. Ақ мәрмәрлі мұнараны түрлі­тісті мәрмәрмен әшекейлеген. Орта ғасырлық роман бағытын монастырлық бағыт деп те атайды. Олардың негізгі құрылыстарының орталығы шіркеулер мен клуатрлар 30құрады. ГОТИКАЛЫҚ БАҒЫТ Готика мен роман бағыттарының арасында қатаң бөлінбеген шекара жоқ. Готика орта ғасырлық өнердің жоғарғы баспалдағы және ең алғашқы жалпы еуропалық көркем бағыт. Еуропада дамыған готикалық бағыт ХІІ–ХІІІ–ХІV ғасырлар аралығын алып жатты. ХІV ғасырда неғұрлым сәнді бағытта дамыған готикалық кезеңде май шамдарды көп пайдаланғаны соншама, ол кезді «лапылдаған готика» деп те атады. Францияны Готика бағытының отаны деп атайды. Шіркеулерге ғибадат етушілерді неғұрлым көп сыйғызу үшін, готикалық сәулет құрылыстарының ішкі кеңістігін үлкейту қажеттілігі туғанды. Үлкен ғимараттар салу бұрынғы құрылыс типтерін өзгерпестен, қосымша құрылыс конструкциялар ойластырды. Құрылысшылар күмбезді жеңілдету мен қабырғаға түсетін салмақты азайту үшін, каркасты қабырға – нервюраларды (фр. тілінде nervur ­ қабырға) тұрғызды. Ал оның контрфорсы – салмақты ұстап тұратын қосымша қондырғы. Готикалық бағыттағы құрылыстың ортаңғы нефі бүйір жанындағы нефтерден асқақтап тұратын, базиликалы формасын сақтап қалғандықтан, арнайы біріктіруші аркалар аркбутанды қолданды Готикалық шіркеулердің фасады вертикальды үш бөлікке бөлінді. Құрылыстың ішкі жағы да үшке бөлінді: астыңғы бөлік аркада, орталық нефтің аркадасы, жоғарғы терезе. Готикалық ғибадатхана құрылыстарының барлық конструкциясы жоғарыға, Құдайға ұмтылып тұрғандай әсер етті. Готикалық құрылыстардың конструктивті ерекшелігінің бірі, олар безендіруге жақындай түсті. Оның айқын көрінісі бірден конструктивті және сәнді қызмет атқаратын, мүсін­колонналардан көрінеді. Әсіресе, порталды безендіруге көп көңіл бөлді. Соборлар сыртқы жағынан да, ішкі жағынан да мүсіндерге толтырылды. Тым жұмсақ пластикалы сызықтар, «готикалық қисық» деп аталып, S – ке ұқсас майыса бұрылған фигуралар, готикалық пластикаға тән ерекшелік болып қалыптасты. Собордың ішкі жағындағы мүсіндерге көп мән берді, боялған рельефтер және ажурлы өрнектер адамға үлкен әсер берді. Мүсіндерге тірі адамға сиынғандай ғибадат ететін болған, ал олар мүсіндердің тіріліп кетуі туралы көптеген аңыздарды шығарды. Осы кезеңде тас мүсіндермен бірге боялған ағаш мүсіндер де дамыды. Шіркеудің интеръерінде алтарлы образға – ништа орындалған, иконаға немесе қасиеттілердің мүсініне аса құрметпен қарады. Шпалер мен фитраждар да готикалық бағыттың негізгі көркем өнер бағытына айналды. Готика храмдарында қабырғаға салынған жазба суреттерге қарағанда витраждар негізгі рөл атқарады. Готикалық соборлардың арасындағы Франция храмдарының ең негізгісі деп білетін, Париж Құдайана соборы ­ Нотр – Дам –де Пари. XIII ғ. соңында тараған готикалық бағыт жергілікті ерекшелікте дамыды. Англияда готикалық бағыттың қалыптасуына франциялық бағыттың әсері мол болса, Испаниядағы готикалық бағыт мұсылман сәулет өнерінің ықпалында дамыды. Сондықтан испандық базиликалардың биіктігі нефтің биіктігімен бірдей болып келді. Собордың көбіне төрт фасады да болғанымен, ешбір фасады готикалық құрылыстардағы фасадқа ұқсас асқақ бола қойған жоқ. Германиядағы готикалық бағытта тұрғызылған бес нефті базиликалы Кёльн соборы, жоғарыға ұмтылған үшкір стрелкалы терезелерімен таң қалдырады. Готиканың барлық жерінде бірдей пайда болған өте талғампаз кітап миниатюра бағыты – барлық еуропалық сарайларда бірдей дамыды. Кітап ақсүйектер мен қолөнері шеберлерінде де қызығушылық таныта бастайды. Күнделікті өмірде оқуға қасиетті кітаптардан басқа, әдебиет пен ғылыми кітаптар да ене бастайды. Алғашқы готикалық кітаптарды безендіруде сәулет өнерінің әсері көрініс тапты. Кітаптар миниатюраларды, витраждарды еске түсіретіндей өрнектермен безендірілді. Қатаң роман бағытындағы шрифтерді үшкір готикалық жазбалар алмастырды. Әсем және түрлі­түсті миниатюралар готикалық мәтінді ажурлы өрнекті ете түсті. Табиғатты терең зерттеу және оған еліктеу жаңа ренессанстық әдістерге жағдай тудырып, біртіндеп заттар мен адамдардың фигуралары көлеңкелерін тастаса, ал кең кеңістік алысқа кетеді, заттар кішірейіп, сызықтар жоғала түседі.

Читайте также:  ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТКЕРІН ЫНТАЛАНДЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Оставить комментарий