Ортағасыр мен ренессанстың халықтық мәдениеті

Әлемдік әдебиетте барлық ұлы жазушылардың арасынан бізде әлі де тереңірек танымалмағаны, ең аз зерттелгені, толық түсінілмегені, әрі бағаланбағаны — Рабле. Ал, шындығында, Рабле еуропалық әдебиеттерді жасаушы ұлылардың қатарында ең алдыңғы орындардың бірін алады. Белинский Раблені данышпан, «XVI ғасырдың Вольтері» деп атаған, ал оның романын, өткен уақыттағы романдардың ең жақсыларының біріне жатқызған. Батыс әдебиетшілері мен жазушылары әдетте Раблені — оның шығармашылық­ идеологиялық күшіне және оның тарихи маңызына қарай тікелей Шекспирден кейін, тіпті, онымен қатар қояды. Француз романтиктері, әсіресе Шатобриан мен Гюго Раблені барлық уақыттардағы және барлық халықтардың «адамзат данышпандарының» аз ғана ұлыларының санатына қосқан. Оны дағдылы мағынада тек қана ұлы жазушы ғана емес, дана әрі пайғамбар деп есептеген, әрі есептейді де. Рабле туралы тарихшы Мишленің бұл тұрғыда айтқан келелі ой­пікіріне тоқтала кетейік: «Рабле даналықты түкпірлердегі, шет ­ аймақтық ескілікті көне үстеулерден, мәтелдерден, мақалдардан, мектеп фарстарынан, сайқымазақ ­ қылжақбастар мен алаңғасарлардың ауыздарынан шыққан халықтық стихиялардан жинаған. Ал бірақ, осы сайқымазақтық арқылы түрленіп өткенде ғасыр данасының біртүтас өзіндік ұлылығын және оның сәуегейлік күші жарқырап ашылады. Ал енді ештеңе таппаған барлық жерлерде, ол көріпкелдікпен болжайды, ол уәде етеді, ол бағыттайды. Бұл түстегідей орманның әр жапырағының астында жемістер тығылуда. Оларды болашақ жинайды. Тұтастай бұл кітап «алтын бұтақ» 1 болып табылады. Әрине, мұндай текті барлық пайымдаулар мен бағалардың барлығы да салыстырмалы. Бұл жерде біз Раблені Шекспирмен қатар қоюға бола ма, немесе, ол Сервантестен жоғары ма, әлде төмен бе деген т.б. сұрақтарға жауап табуға тырыспаймыз. Алайда, Рабленің тарихи орны жаңа еуропалық әдебиеттерді қалап, құрушылардың қатарында, яғни Данте, Боккаччо, Шекспир, Сервантестердің қатарында екендігінде (қандай болмасын жағдайларда да), ешқандай күмән жоқ. Рабленің маңызды үлесі тек қана француздық әдебиет пен француздық әдеби тілдің тағдырын анықтауында ғана емес, сонымен қатар әлемдік әдебиеттің де тағдырын анықтауда (мүмкін Сервантестен кем емес дәрежеде). Сонымен қатар, ол осы жаңа әдебиеттерді қалыптастырушылардың ішіндегі ең демократияшыл екендігі де күмәнсіз. Ал, бірақ біз үшін ең бастысы, оның халықтық бастаулармен (қайнар көздерімен), атап айтқанда ерекшеліктерімен (Мишле оларды толық болмаса да, дұрыс көрсетеді), етене тығыз әрі елеулі байланысында. Бұл бастаулар оның бүкіл бейнелерінің жүйесін және оның әдебиеттік көзқарасын айқындап қалыптастырады. Біз келтірген пайымдауларда Мишленің өте дұрыс айтқанындай, атап айтқанда осындай ерекшелік, яғни Рабленің барлық бейнелерінің радикалдық халықтығымен олардың айқын шақты болашақпен толық қаныққаны ашылады. Және де, осымен Рабленің ерекше «әдебиеттілікті еместігі» де айшықтанады, яғни оның бейнелерінің XVI ғасырдың аяғынан бастап (осы күнге дейінгі) біздің уақытымызға дейінгі әдебиеттегі үстем ережелер мен нормаларға, олардың қандай да болмасын мазмұнының өзгеруіне қарамай, сай келмейтіндігі. Біршама тар классикалық ережелерге ғана сәйкес келмеген Шекспир немесе Сервантеске қарағанда, Рабле оларға әлдеқайда жоғары дәрежеде сай емес. Рабленің бейнелеріне ерекше бір принципиалды әрі жойылмайтын «ресми елестік» тән: ешқандай догмалық, ешқандай бас иушілік (тұғыртушылық), ешқандай біржақты байсалдылық раблелік бейнелермен бірге өмір сүре алмайды, өйткені олар сана мен көзқарас аумағындағы қандай болмасын аяқталғандық пен тұрақтылықтың, қандай болмасын шектелген байсалдылықтың, қандай болмасын дайындылық пен шешілгендіктің қас жауы. Кейінгі ғасырлардағы Рабленің ерекше жалғыздығы да осыдан. Оған, бізді одан бөліп тұрған, буржуазиялық Еуропаның төрт ғасыр бойында әдеби творчествосы мен идеологиялық санасының дамып келе жатқан үлкен және сара жолдарының ешқайсысымен жақындаса алмайсың. Егер де, біз осы ғасырлар кезеңінде Раблені сүйіне қастерлеушілердің көптігін кездестірсек те, оны біршама толық түсініп айтушыларды еш жерден таппаймыз. Раблені ашқан романтиктер, Шекспир мен Сервантесті олар қалай ашса, оны сондай аша алмады да, сүйіне таңдаумен тоқтады. Рабле өте көп нәрсені игерген және игеруде. Шындығында, Рабленің бейнелері бүгінге дейін көп жағынан жұмбақ болып қалуда. Бұл жұмбақты тек, Рабленің халықтық бастауларын терең оқып­зерттеу (зерделеу) арқылы ғана шешуге болады. Егер де Рабле осындай саяқ болып көрінсе және тарихтың соңғы төрт ғасырындағы «үлкен әдебиет» өкілдерінің ішінде ешкімге де ұқсамас, онда дұрыс айшықталған халық творчествосының (жанында) жүзінде (фон), керісінше, бұл әдебиеттік дамудың төрт ғасыры өзінше ерекшелікті әрі ешнәрсеге ұқсамайтын болып көрінуі мүмкін, ал Рабленің бейнелері өз елінде халықтық мәдениет дамуының мыңжылдықтарында қамтылған болып шығады. Рабле әлем әдебиетіндегі барлық классиктердің ішіндегі ең қиыны, өйткені ол өзін түсіну үшін барлық әдеби­идеологиялық түйсіктен қабылдауды қайта құруды талап етеді, көптеген терең тамырланған әдебиеттік талғам тілектерінен бас тарта білуді талап етеді, ал бастысы — ол халықтың аз және үстірт зерделенген әзіл­күлкі (әзілкеш) творчествосы айшықтарына терең үңілуді талап етеді. Рабле қиын. Есесіне, оның дұрыс ашылған шығармасы, әдебиет саласындағы өзі ұлы да көрнекті (өкілі) жариялаушысы болған, халықтың әзіл­сықақ мәдениетінің мыңдаған жылдық дамуына қарай артқа сәуле шашады (түсіреді). Рабленің айшықтан жариялаушылық маңызы ересен зор: оның романы аз зерттелген (зерделенген), әрі халық толықтай түсінбеген әзіл­күлкі мәдениетінің орасан зор қазыналарын ашатын кілті болып табылуы қажет. Сондықтан, ең алдымен осы кілтті игеру керек. Осы кіріспенің міндеті — ортағасырлық және қайта өркендеу дәуіріндегі халықтың күлегештік мәдениетінің мәселесін күн тәртібіне қою, әрі оның көлемін анықтап және оның өзіндік ерекшеліктеріне алдын ала баға беру. Халықтық күлкі және оның нысандары, осының алдында айтқанымыздай, халық шығармашылығының ең аз зерделенген саласы. Фольклордың халықтығының да тар концепциясы, романтизмнен бұрын қалыптасып, негізінде Гердер мен романтиктермен аяқталған, ерекшелікті халықтық ­ алаңдық мәдениет пен халықтық күлкінің бар байлығының айшығын өз шеңберіне тіпті де сыйғыза алмады дерлік. Келесідегі фольклортану мен әдебиеттанудың дамуында алаңдағы күлегеш халық аз болса да ыждағатты әрі терең мәдени­ тарихи, фольклортану мен әдебиеттануда аз да болса ыждағатты әрі терең зерделенудің нысанасы (пәні — предмет) бола алмады. Халық творчествосындағы әдет­ғұрыпқа, аңызға, лирика мен эпосқа арналған кең көлемді ғылыми әдебиеттерде күлкіге өте аз көңіл бөлінеді. Сонда да бұл жердегі басты кемшілік, халықтық күлкінің ерекшелікті табиғаты өрескел бұрмаланып ұғынылады, өйткені оған жаңа кезеңде қалыптасқан буржуазиялық мәдениет пен эстетиканың күлкі туралы оған мүлдем жат түсінігін қолданады. Сондықтан, өткен кездегі халықтық күлкі мәдениетінің терең өзіндігі, ешқандай әсірелеусіз (қоспасыз) осы күнге дейін әлі де ашылмай келеді. Ал енді, бұл мәдениеттің көлемі мен маңызы орта ғасырлар мен қайта өркендеу дәуірінде өте зор болды. Күлкілік нысандар мен көріністерінің біртұтас ұшан­теңіз әлемі, ортағасырлық тіркеу мен редалдық ресми жөне қатал (өз сарынына қарай) мәдениетке қарсы тұрды. Осы нысандар мен көріністердің әртүрлілігіне қарамастан, карнавалды типті, жекелеген күлкілі әдет­ғұрыптар мен діни табынулар, сайқымазақтар мен әумесерлер, алыптар, ергежейлілер және кемтарлар, әртүрлі және өр дәрежелі күлдіргіштер, орасан мол әрі көп түрлі пародиялық әдебиет, яғни осылардың барлығы, осы нысандар, біртекті стильге жатады да біртұтас халықтық ­ күлегештік, карнавалды мәдениеттің бөлімдері мен бөлімшелері болып табылады. Халықтың күлегештік мәдениетінің көп түрлі көріністері мен ажарын, олардың сипатына қарай үш негізгі нысандар түріне бөлуге болады. Олар (яғни): 1. Ойын­сауықтық әдет­ғұрыптар (карнавалды типті мейрамдар, алаңдардағы әртүрлі күлегештік әрекеттер және т.с.с.); 2. Әртүрлі күлегештік сөздерден құралған (оның ішінде пародиялық) шығармалар: ауызша және жазбаша, латын және халықтар тілдерінде; 3. Дөрекі ­ алаңдық сөздердің әртүрлі нысандары мен жанрлары (ұрыс­керіс, божбалар), анттар, халықтық блазондар және басқалар. Нысандардың барлық осы үш түрі, олардың барынша әр түрлілігіне қарамастан, әлемнің біртұтас күлегештік қырын қайта көрсетеді, әрі бір­бірімен өзара байланысты. Енді, осы күлегештік нысандардың осы түрлеріне алдын­ала сипаттау береміз. * * * Карнавалдық үлгідегі мерекелер мен олармен байланысты күлкілік әрекеттер немесе әдет­ ғұрыптар орта ғасырлық адамның өмірінде зор орын алды. Тура мағынасында карнавалдардан өзге олардың көп күндік және күрделі алаңдық және көшелік әрекеттермен және шерулермен қоса, ерекше «жындылар мерекесі» («festa stultorum») және «есектер мерекесі» атап өтілді, айрықша дәстүрмен бейнеленетін «пасхалдық күлкі» («risus paschalis») орын алды. Сонымен қатар, әрбір шіркеулік мерекенің де дәстүрлерді қамтитын халықтық ­ алаңдық күлкілік тұсы болды. Мысалы, «храмдық мерекелер» дейтіндер, әдетте, жәрмеңкелерге ұласып, онда алаңдық ойын­күлкінің сан алуан жүйесі көрсетілді (алыптардың, ергежейлілердің, құбыжықтардың, «ғалымдардың», жыртқыштардың қатысуымен). Карнавалдық ахуал мистериялар қойылымдары күні де айқын сезілді. Ол сондай­ақ қалаларда өтетін жүзім жинау (vendange) сияқты ауыл шаруашылығы мерекелерінде де сезілді. Күлкі әдетте азаматтық және тұрмыстық рәсімдер мен ғұрыптарға ұштасты: сайқымазақтар мен жындылар олардың тұрақты қатысушылары болды және байыпты рәсімдердің әртүрлі сәттерін сайқымазақтықпен қайталады (турнирлердегі жеңімпаздарды марапаттау, жалқаулар құқығын беру рәсімі, рыцарларды ардақтау және т.б.). Ал тұрмыстық той­томалақтар күлкі керуеніне соқпай өтпейтін, — мысалы, «күлкіге» арналған корольдер мен ханшалардың думаны кезіндегі сайлау («гоі pour гіге»). Жоғарыда біздер атаған күлкілік негізде ұйымдастырылған және дәстүрлерді қамтыған ғұрыптық ­ сахналық нысандар ортағасырлық Еуропаның барлық елдерінде кеңінен таралды. Әсіресе, айрықша байлығымен және күрделілігімен олар роман елдерінде, оның ішінде Францияда қарыштап қанат жайды. Алдағы уақытта біз Рабленің бейнелік жүйесін талдау барысында ғұрыптық ­ сахналық нысандарға толық және жан­жақты тоқталамыз. Күлкі негізінде ұйымдастырылған барлық осы ғұрыптық ­ сахналық нысандар таза ресми — шіркеулік және феодалдық мемлекеттік — діни нысандар мен рәсімдерден мүлдем ерекше еді. Олар дүниенің ресми емес шіркеуден және мемлекеттен тыс, адам мен адами қатынастарының мүлдем өзгеше астарларын берді; олар барлық ортағасырлық адамдар қандай да бір дәрежеде қатысты болған, белгілі бір мерзімде тұрған бүкіл ресми екінші әлемде және екінші өмірде басқа тұрғыда құрды. Бұл — айрықша түрдегі екі әлем, оларсыз орта ғасырлардың мәдени саласы, Қайта өрлеудің мәдениеті дұрыс түсінілмеген болар еді. Күлкіге толы халықтық орта ғасырларды елемеу немесе бағаламау еуропалық мәдениеттің бүкіл кейінгі дамуының келбетін бүркемелейді.

Читайте также:  ХУСАМ АД-ДИН АС-СЫҒНАҚИДЫҢ «АТ-ТАСДИД ФИ ШАРХ АТ-ТАМХИД» ЕҢБЕГІНІ

Оставить комментарий