Мемлекеттердің пайда болуы, шаруашылықтың өркендеуі орта ғасырларда қазақ жерінде құрылыстың көп салынуына негіз болды. Біртіндеп құрылыс салудың үлгілері, сәулет ескерткіштері көбейіп, үнемі жаңарып отырды. Осылай сәулет өнері де дамыды. Құрылыс, тұрғын үй салуды сәулет өнері дейді. Қазақ жеріндегі сәулет өнерінің тарихы қола дәуірінде тұрғызылған Беғазы-Дәндібай, Түгіскен қоныстары мен қорымдарынан басталады. Сәулет өнерінің мәңгілік туындылары ғұн заманында дүниеге келді. Олардың ішіндегі ең айшықтылары «дың» аталатын құрылыстар деп жазады Ә.Х. Марғұлан. Мысалы, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Домбауыл» т.б. Қазақтар бұндай ескерткіштерді кейде «үйтас» деп те атайды.
Орта ғасырда Қазақстан жерінде мешіт, кесене, керуен сарайлары, монша сияқты құрылыстар көп салынған. Бұлардың біразы тарихи-мәдени ескерткіш ретінде қазіргі күнге дейін сақталған. Сол ескерткіштерге қарап біз орта ғасырларда қазақ жерінде сәулет өнерінің жақсы дамығанын көреміз. Орта ғасырлардағы кейбір ескерткіш құрылыстар атақты адамдарға арнап ерекше үлгіде тұрғызылды. Құрылыстарды салуға сапалы материалдар: тас, күйдірілген қыш, кірпіш т.б. қолданылған. Құрылыстарды салуға сол заманның атақты шеберлері қатысқан.
Бүгінде Қазақстан жерінде Арыстан баб, Қожа Ахмет Йасауи, Айша бибі, Қарахан кесенелері, Жошы хан күмбезі сияқты орта ғасырдың атақты сәулет өнерінің туындылары сақталған. Аталған құрылыстар орта ғасырда казақ жерінде сәулет өнерінің дамығанының айкын куәсі.
Тарихи аса құнды мұра — Арыстан баб кесенесі ескі Отырар жұртының маңында, Сырдария өзеніне жақын орналасқан. Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың замандасы, Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы саналады. Арыстан баб кесенесі Отырар қаласының гүлденіп тұрған кезінде ІХ-Х ғасырларда тұрғызылған. Кесене екі бөлмеден тұрады. Ортасында ұзынша дәлізі бар. Негізгі бөлмелердің төбесі күмбезбен өрілген.
Қазақ жеріндегі тамаша сәулет өнері ескерткіштерінің бірі Түркістан қаласындағы ислам дінінің ғұламасы, сопы Қожа Ахмет Йасауиге тұрғызылған кесене. «Әзірет сұлтан» аталатьш Қожа Ахмет Йасауидің кешенді кесенесі орта ғасырдың сирек кездесетін сөулет өнерінің ескерткіші. Бұл кесене 1396-1404 жылдары салынған. Кесене сол кездегі Мауараннахр билеушісі Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған. Аталған ғимарат өзінің ерекше әдемілігімен, сөулет өнерінің ғажайып үлгісімен қызықтырады. Құрылыстың биіктігі 40 метр. Оның ішінде бір-бірімен жапсарлас 35 бөлме бар. Ғимараттың ортасында зәулім биік күмбез орналаскан. Кесененің ішінде үлкен тайқазан, кітапхана бар. Кесенені салуға сапалы құрылыс материалдары қолданылған. Қазіргі кезде кесенені көруге Түркістан қаласына көптеген адамдар келеді. Бұл жер мұсылмандар үшін қасиетті орын болып саналады. «Мединеде Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет» деген сөз содан қалған. Сонымен бірге Йасауи кесенесін қазақ халқы касиетті пантеон есебінде құрметтейді. Ол жерде қазактың хандары, басқа да мемлекет қайраткерлері жерленген. «Пантеон» сөзі грек тілінен аударғанда құдайлар мекені деген мағынаны білдіреді.
Ерте кезден сақталған ғимараттардьщ бірі Айша бибі кесенесі. Бұл кесене ХІ-ХII ғасырларда салынған. Ғимарат қазіргі Тараз қаласынан 18 шақырым жерде орналаскан. Кесененің сырты түгелдей оюөрнекпен әшекейленген. Кесене бір кездері қатты бүлінгендіктен көптеген бөлігі сақталмаған. Бүгінде кесене кайта калпына келтірілді.
Сәулет өнерінің тағы бір ерекше туындысы Қарахан кесенесі. Бұл ескерткіш те Тараз қаласының маңында орналаскан. Кесене шаршы пішіндес болып келеді, порталды-күмбезді құрылысқа жатады. Ғимарат орталық зал мен бұрыштағы шағын үш бөлмеден тұрады. Төртінші бұрышында кесененің төбесіне шығатын баспалдары бар. Кесененің сырты кірпіштен қаланып әшекейленген. XX ғасырдың басында кайта жаңғыртылған.
Орта ғасырдағы казақ жеріндегі белгілі ескерткіштердің бірі Жошы хан күмбезі. Бұл ескерткіш Жезқазған қаласынан 40 шакырымдай жерде Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан. XIII ғасырда салынған күмбез күйдірілген кірпіштен каланған.
Бұлардан баска қазақ жерінде орта ғасырдан сакталған Сырлытам кесенесі, Бабаджа катьш кесенесі, Алаша хан күмбезі сияқты сәулет ескерткіштері бар. Түркістан, Отырар, Тараз қалаларындағы моншалар да өзіндік ерекше үлгімен салынған. Айша бибі, Аяққамыр, Болған ана, Қарахан, Бабаджа қатын кесенелері Қарахан мемлекетітінің билік құрған дәуірінде салынғандықтан Қарахан дәуіріндегі ескерткіштер саналады. Өкінішке қарай ол дәуірдегі бірталай ескерткіштің қазіргі кезде құлаған орны ғана жатыр. Алтын Орда заманынан қазақ жерінде Жошы хан, Сарайшык сияқты әсем ескерткіштер қалған. Олардың ішіндегілерден бірлі-жарымы ғана казіргі уақытқа дейін жетті. Қазақ хандығының тұсында көтерілген зәулім ескерткіштердің бірі Алаша хан күмбезі. Осынау теңдесі жоқ сәулет өнерінің туындысы қазақтың аңызға айналған түп атасы, алғашқы ханы Алашаға арналған. Күмбездің сырты қазақтың десте оюына толы, ішінде жоғарыға көтерілетін саты бар. Аңыз бойынша бұл құрылысты Қасым хан салғызған. Алаша хан күмбезі қазақ халқының ынтымағы мен бірлігін, мемлекеттілігі мен тарихын әлемге әйгілейтін ескерткіш. Бүгінгі күні Қазақстанның әр жерінен ежелгі және ортағасырлык сәулет ескерткіштері табылып жатыр. Уақыт өте келе Қазақстан жерінде құрылыс салудың жаңа үлгілері жетіліп, сәулет өнерінде өзгерістер басталды. Бұған ең негізгі себеп шаруашылыктың дамуы, саяси өзгерістер еді. Сәулет ескерткіштері мыңжылдықтар өтсе де сәнін бермей ұлы даланың әр жерінде мен мұндалап тұр. Біздің ендігі міндетіміз оларды қорғап, болашақ ұрпакка сақтап калу.