Орта ғасырлардың эсхатологиялық мифологиясы

Орта тасырлардан біз мифологиялық ой ­ машықтың өрістеуін байқай аламыз. Барлық әлеуметтік таптар өздерінің мифологиялық дәстүрлерін жария етті. Сүлей ­ серілік (царство), қолөнершілер, діндар қауым, шаруалар — барлығы да өз әлеуметтік жіктерінің «шыту тегі жөніндегі мифін» немесе өздерінің пешенесін (предназначение) қабылдады және кейбір үлгілерге қарап еліктеуге тырысты. Олар мифологиялардың генезистері сан алуан. Артур падишах туралы циклде және Граль тақырыбында, христиандық реңкке ие бола отырып, көптеген кілттік, әсіресе, басқа дүниеге және о дүниелік ғұмырға деген сенімге байланысты сенім­нанымдар тұтастанды. Сүлейлер (рыцары) Ланселот нем Персифальмен теңескісі келеді. Трубадурлар элементтерін пайдалана отырып, бірақ шіркеу іліміне қарсы жүре отырып, Әйел туралы және махаббат туралы тұтас мифологияны өрбітті. Орта ғасырлардың кейбір тарихи қозғалыстары мифологиялық ой ­ машықтың ең негізгі көрінімдерін керемет көрнекі түрде бейнелейді. Біз бұл жерде, Норман Конның Мыңжылдықтың табалдырығында» деген кітабында тамаша көрсетілген, крест жорықтары, Танхельм мен Эда де Туальдің қозғалыстары, Екінші Фредерикті миссия дәрежесіне көтеру және көптеген басқа миссиялық, утопиялық және революциялар қарсаңындағы қозғалыстар кезінде көріне бастаған милленаристік экзальтациялар мен эсхатологиялық мифтер жөнінде айтып отырмыз. Бір сәтке Екінші Фредериктің мифологиялық жолына тоқталар болсақ: императордың канцлері Пиетро де Витья өзінің әміршісін ғаламдық Құтқарушы түрінде таныстырады: осыған ұқсас Жаһан басының (Космократор) келуін бүкіл дүние күтіп отырған еді, енді міне, зұлымдық аулауы өшеді, семсерлер тоқа ретінде қайта сатылады, жаппай бейбітшілік, әділет көне қауіпсіздік орнайды. «Оның үстіне, Фредерикте қаһанның барлық бөліктерін біріктіріп, тұтастандыратын, ыстық пен суықты, қатты мен сұйықты, бір сөзбен айтқанда, барлық қарама­қарсылықтарды бітістіретін теңдесі жоқ қабілет бар. Ол, жер, теңіз, ауа қабылдайтын және і. үрметтейтін ғаламдық миссия.

Оның келуі құдайы болымды жазмыштың қолының ісі, өйткені, дүние өзінің ақырына жақындап қалды және соңғы сот міне қазір болады, Құдай қайырымдылығына сай, соңғы күндерге үйлесім өркен жаюы үшін ерді және жер бетіне жүрегі иелеушіні жіберді. Бұл көрсетілімдер оның Анкона маңындағы туған ауылы Джекиге жазған хатынан аңғарылатынындай өзіне жақын. Ол, өзінің дүниеге келуін адамзат үшін Христің туғаны сияқты, ал Джеки ауылының Вифлеем сияқты атақты екендігін жазады. Фредерик, сірә, өзін, тек міндет ­ парызы тұрғысынан ғана емес, өзінің табиғаты тұрғысынан да тәңір ие деп есептеген, өзін, аз да, көп те емес, құдай бойлағышы (воплощение бога) немесе бойлағыш құдай (лощенный бог) деп есептеген орта ғасырлық Европаның жалғыз монархы». Екінші Фредерик туралы миф оның өлімімен бірге кетпейді, өйткені, халық жады оның шынында да өлгеніне келіскісі, болдырғысы келмеген: Император бар болғаны қандай да бір қияндағы елге кетіп қалған немесе, ең жиі таралған халықтық аңыз бойынша, Этна тауының астында ұйқыда жатыр. Күндердің күнінде ол оянады және өзінің тағын талап етеді. Оның өлімінен кейін отыз торт жыл өткенде бір өтірікші Нейс қаласында өзін қайта тірілген Екінші Фредерик деп жариялады. Жалған есім иемденушіні Ведаларда жазаға тартты, бірақ, бұдан кейін де миф өзінің танымалдығын жоғалтқан жоқ. XV ғасырдың өзінде де Фредерик тірі, ол Заман ақырына дейін өмір сүретін болады, ол жалғыз заңды император деген сенім сақталған болатын. Екінші Фредерик туралы миф анағүрлым коп таралған және орнықты құбылыстың тамаша мысалы ғана болып табылады. Европадағы патшалардың діни беделі мен эсхатологиялық функциясы XVII ғасырға дейін сақталып қалды. Эсхатологиялық монарх идеясының секулярлану көңілінде терең тамыр жайып кеткен, жаңа формалардың біріндегі (ол реформатор, революционер, азапталушы (халықтар бостандығы үшін), партия жетекшісі) жаңа қаһарманның жүзеге асыратын жалпыға ортақ, универсал жаңаруға деген үмітін жоя алмады. Көптеген мифологиялық және сотериологиялық мезеттер қазіргі заманғы тоталитарлық қозғалыстардың негізін қалаушылары басшыларының рөлі мен миссиясының елеулі құрамдас бөлігі болып шықты.

Читайте также:  Мифтер және бұқаралық ақпарат құралдары

Мифологиялық ой ­ машық өздерінің бұрынғы ескіріп қалған формаларын лақтырып тастай, жаңа әлеуметтік жағдайларға, жаңа мәдени лептерге (поветрия) емделе алады. Бірақ, ол біржолата жоқ болып кете алмайды. Альфонсо Дюпрон крестшілер жорығы сияқты құбылыстың мифологиялық құрылымдары мен эсхатологиялық тапталуын ашып көрсете білді. «Крестшілердің жетекшісіне Иерусалимді азат ету парызы болды. Крестшілер жорығы феноменінде екіленген, уақыттың өне бойындағы адамдық кеңістіктегі арманның тұтасуы күшті көрінді. Өрістіктің мән ­ мағынасында уақыттың орындалуының белгісі халықтардың киелі қала ананың, дүние кіндігінің Иерусалимнің төңірегінде бірігуі болып шықты. Әңгіме бұл жерде рухани, иррационалдық, ұжымдық құбылыс жөнінде болып отыр: кенеттен, 1212 жылы Солтүстік Франция мен Германияда басталған балалардың крест жорықтары осының дәлелі бола алады. Осы оқиғалардың сыртқы күштердің ықпалынсыз, ішкі шептерден, өзінен ­ өзі болғандығы күмән туғызбайды: осындай іске итермелеген ел ішінде де, шекараның сыртынан да ешкім болған жоқ», — замандас куәгер осылай болады. «Балаларды бір мезгілде олардың тым жастығы шегіне жеткен кедейлігі, араларында бақташылардың міні болуы ерекшелейді»224.

Олар жорыққа әндетулі шерумен олардың саны, сірә, шамамен 30 000 төңірегінде болған. Қайда бара жатырсыңдар деген сауалға олар құдайға деп жауап берген. Замандастың сөзіне қарағанда, олар теңізді жүзіп өтіп, билеушілер мен патшалар істей алмағанды істемекті, — Құдайдың табытын азат етуді ниет қылды». Діни қауым бұл жорыққа қарсы болды. Франциядан аттанған балалар жорығы апатпен аяқталды: Марсельге жетіп, жеті үлкен кемеге мінген; оның екеуі алдында, дауыл кезінде қирап кетті. Қалған бес кемені сатқындар арды сатып жіберді. .алалардың крест жорықтары да осыған алып шықты. Сол уақыттың жылнамасында, 1212 Иколас есімді баланың өз жанына көп бала мен : жинастырғандығы хабарланады. Ол періштенің әмірімен бірге Құдай табытын азат ету үшін Иерусалимге аттануды бұйырғанын, бір кездері Израиль халқында болғаны сияқты, теңіздің екіге айырылып, олардың жаяу жүріп өтуіне мүмкіндік беретіндігін айтқан еді. Қару­жарақ болған жоқ. Кельннен шыққан олар ­бойлай жүре, Альпыны асып өте отырып Солтүстік Италияға жетті. Кейбіреулері Генуя мен Пизаға дейін жете шашырап кетті. Ал, Римге жете алғандарының өкімет өкілдерінің оларды қолдамайтындығына көзі жетті. Папа олардың жоспарларын қолдаған жоқ, жас кресшілерге тарап кетіңдер деп әмір етті. Сол жылдардың Annates Carbacenses жылнамасының авторының сөзіне қарағанда, «олар аш, алба ­ жұлба, үнсіз және жалғыз болып қайтып оралды». Ешкім оларға көмектеспеген. Басқа куәгер былайша хабарлайды: «Көптеген бала жол бойында өлді, олардың денелері алаңдарда жатты, ешкім оларды жерлеген жоқ» . П.Альфандари мен А.Дюпрон осы құбылыстан балалардың халықтық діндарлықтың иерархиясындағы өзінше бір самғауын көруін жөнді деуге болады. Бүл, бір мезгілде күнәсіздер (пәктер) туралы миф те, Иисустың балаларға арналған шақыруы да, барондардың крест жорықтарына қарсы халықтық реакция да, бірінші крест жорықтары тұсында, «Гафурлар» төңірегінде пайда болған аңыздардың реакциясы ды . «Киелі орындарды қайтарып алу енді тек нәтижесінде ғана мүмүн бола алатын, кереметтер болса тек ең таза (пәк) және күнәдан ада жандарға, яғни, балалар мен кедейлерге келетін» .

Читайте также:  «СҰЛУ СӨЗ, КӨРКЕМ ОЙДЫҢ КЕМЕҢГЕРІ» АТТЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Оставить комментарий