Орта Азия мен шетелдік шығыс халықтарының философиялық мұрасын зерделеу

Философиялық және ғылыми мұра мәдени мұраның маңызды бөлігі ретінде оның неғұрлым терең қабаттарын құрай тұрып, мәдениеттің ұлттық өзгешелігін ғана сипаттап қоймайды, сондай­-ақ оның жалпы адамзаттық таным процесімен, дүниежүзілік ғылыми ­ философиялық дамумен тығыз байланысын көрсететін маңызды бөлігі де болып табылады. Орта Азия халықтары философиялық және ғылыми бай дәстүрлер жинақтады. Шығыс халықтарының идеялық мұрасын зерделеу саласындағы ғылыми зерттеулерді өрістетуде аса ірі орыс және кеңес шығыстанушылары ­ В.В.Бартольдтің, Е.Э.Бертельстің, Е.А.Беляевтің, И.Ю.Крачковскийдің, А.А.Семеновтың, И.П.Петрушевскийдің мұсылман елдері атанған елдердің тарихы мен мәдениет тарихы жөніндегі жұмыстары маңызды рөл атқарды. Орта Азия халықтары мен шетелдік Шығыстың онымен шектес елдердің философиялық мұрасын зерделеуде өзбек КСР ҒА ­ ның академигі И.М.Муминовтың ғылыми қызметі маңызды рөл атқарды. Оның Түркістан халықтары коғамдық ойының XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндегі өкілдері Ахмед Доништің, Мұқимидің, Фуркаттың және басқаларының тарихы мен көзқарастарына, ортағасырлық Үндістан мен Орта Азияның аса ірі ойшылы Мырза Әбілқадыр Бедильдің дүниеге көзқарасын зерделеуге арналған және 40­жылдардың өзінде жазылған бірқатар еңбектерінде орта азиялық аймақтың философиялық ойының жекелеген проблемалары айқындалып, оларға талдау жасау іске асырылды. Оның «XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде Өзбекстандағы қоғамдық ­философиялық ойдың даму тарихынан» (1949, 1957 ж. жарияланды) атты монографиясында Түркістанның Ресейге қосылу кезеңіндегі алдыңғы қатарлы философиялық және әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуының қайнар көздері мен ерекшеліктері, әр түрлі идеялық ағымдардың күресі қарастырылды. Жұмыстың әсіресе ағартушылықтың идеялық негіздері, демократиялық идеялар дамуын кезеңдерге бөлу мен дәуірлері, бұл кезеңдегі алдыңғы қатарлы идеология көріністерінің ерекшеліктері және т.б. туралы мәселелер төңірегіндегі қорытындылары үлкен қызығушылық тудырады. Монография Өзбекстандағы XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндегі рухани өмір мен идеялық ағымдардың бірқатар даулы мәселелерін шешуге, сондай­ақ бұл бағыттағы бұдан кейінгі ғылыми­зерттеу жұмысына оңды ықпал етті. Сондай­ақ оның дүниеге деген көзқарасы үнділік және орта азиялық мәдениеттердің өзіндік синтезі болып табылатын, XVII­-XVIII ғасырлардағы аса ірі ойшылдың көзқарастарына сипаттама берілген «Мырза Бедильдің философиялық көзқарастары» (1946, 1958) атты зерттеуі де белгілі бір қызығушылық тудырады. Сонымен бірге Өзбек КСР ҒА ­ ның академигі В.Ю.Захидовтың Беруниге, Ибн­Синаға, қоғамдық және әдеби ойдың тарихына арналған зерттеулері де үлкен маңызға ие болды. В.Ю.Захидовтың XV ғасырдағы аса көрнекті өзбек ойшылы Әлішер Науаидің дүниеге деген көзқарасын зерделеудегі маңызды үлесін атап көрсеткен жөн. В.Захидов «Әлішер Науаидің идеялар мен бейнелер әлемі» (1961) мен «Ұлы ақын шығармашылығының өзегі» (1970) атты кітаптарында Науаидің пантеистік дүниетанымнан бастау алатын философиялық көзқарастарының үлкен прогресшіл маңызға ие болғанын және гуманистік идеялардың дамуы және жан­жақты зерттелуі үшін негіз қызметін атқарғанын көрсетті. Жұмыста сондай­ ақ Науаидің этикалық және эстетикалық идеяларының жекелеген жақтарына талдау жасалды, оның дүниеге көзқарасының өзінің алдындағы озық ойдың дамуымен тығыз байланысы және әсіресе өз шығармашылығында өз дәуірінің алдыңғы қатарлы әлеуметтік мұраттарын бейнелей отырып, ойшылдың халық бақыты, әділеттіліктің салтанат құруы жолында реакцияшыл күштерге қарсы күрескені ерекше атап өтілді. В.Захидов «Үш алып», «Тарих оттары» кітаптарында бірқатар ойшылдар мен ақындар ­Фарабидің, Ибн­Синаның, Берунидің, Хосроу Дехлевидің, Хафиздің және басқаларының мураларына қысқаша сипаттама береді, олардың Шығыс халықтары қоғамдық ойының тарихындағы рөлі мен алатын орнын көрсетеді. Белгілі кеңес ғалымы Т.Н.Кары ­ Ниязовтың Мәскеуде 50­ жылдардың өзінде жарық көріп, КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болған «Ұлықбектің астрономиялық мектебі» атты монографиясы Орта Азияның XIV және XV ғасырлардағы жаратылыстану ғылыми ойын зерттеуге белгілі үлес қосты және орта азиялық халықтардың ғылыми мұрасын зерделі жүйелеудің қажеттігін көрсетті. Бұл кезеңде Орта Азияның басқа республикаларында да философиялық мұраны зерделеуге, аймақтың қоғамдық және философиялық ойының тарихы бойынша жұмыстар жасауға қызығушылықтың өсе түсуі байқалды. Г.Гусейновтың Әзербайжандағы қоғамдық ойдың тарихы туралы, Г.О.Чарыевтің ортағасырлық түрікмен ойшылы Мақтымқұлының дүниеге көзқарасы туралы, A.M. Богоутдиновтың Ибн­Сина, Тәжікстандағы философиялық ойдың тарихы туралы, Қ.Бейсембиевтің Қазақстандағы қоғамдық ойдың даму тарихы туралы, А.Алмышбаевтың Қырғызстанда философиялық теорияны зерделеу туралы зерттеулері пайда болды. 60­жылдары Мәскеуде С.Н.Григорянның «Орта Азия мен Ирандағы X­XV ғасырлардағы философиялық ойдың тарихынан», С.М.Бациеваның ортағасырлық философ Ибн Халдун туралы жұмыстары, Ш.Р.Мамедов, А.В.Сагадеев, М.Т. Степаняннің және басқаларының ортағасырлық шығыс ойшылдары туралы жекелеген материалдары, «мұсылмандық» Шығыс елдеріндегі жаратылыстану ­ ғылыми және философиялық ой дамуының кейбір проблемаларын қозғаған Б.Э.Быховскийдің, О.В.Трахтенбергтің, М.А.Дынниктің, М.Г.Повчуктың, В.В.Соколовтың, І.А.Розенфельдтің, А.П.Юшкевичтің жұмыстары басылып шықты. Осы жұмыстардың арқасында Орта Азия халықтарының философиялық мұрасын жан­жақты және жүйелі зерттеулер сияқты шынайы сипатқа ие бола бастады. Философияның бүкіл дүниежүзілік тарихын жекелеген елдердің философиясы тарихын бүкіл дүниежүзілік тарихи­философиялық процесстен бөліп алып жасауға болмайтыны сияқты әр түрлі халықтар философиясының тарихынан тыс жасауға болмайды. Бұдан келіп шығатыны ­ жекелеген халықтардың философиялық ойы тарихын қандай да бір тұйықталған процесс ретінде түсіндіруге болмайды. «Шынайы ұлттық идеялар, ­ деп жазды Ф.Энгельс, ­ сонымен бірге әрқашанда шынайы интернационалдық идеялар да болып табылады». Философия тарихын сондай­ақ оның шынайы жасампаздары ­ халықтан, ұлттан бөліп алып, ақылға қонымды формулалардың үймесі ретінде көрсетуге де болмайды. Орта Азия халықтары қоғамдық ­ философиялық ойы ортақ тарихи­философиялық процесс арнасында басқа аймақтар мен халықтардың ­ Иранның, Үндістанның, араб елдерінің, Ресейдің және басқаларының философиялық ілімдерімен тығыз өзара байланыста дамыды. Олардың ықпал етуімен үнемі байи және оларға ықпал ете отырып, ол тарихи дамудың белгілі бір кезеңдерінде жалпы тарихи­ философиялық процессте маңызды рөл атқарды. Орта Азияның Хорезми, Ферғана, Фараби, Ибн­Сина, Беруни, Науаи сияқты аса көрнекті ойшылдары ғылым мен білім берудің дамуы, зерде, әділеттілік пен жалпыға ортақ бақыттың салтанат құруы жолында батыл іс­әрекеттер жүргізді. Олар осылайша Шығыс халықтарының жаратылыстану ­ ғылыми, философиялық және қоғамдық­саяси ойының дамуына және дүниежүзілік мәдениет қазынасына маңызды үлес қосты. Сондықтан Орта Азия халықтарының философиялық және қоғамдық ойының тарихын зерделеу мұсылмандық деп аталатын бүкіл Шығыстың рухани дәстүрлерін ғылыми жағынан түсіндіру үшін теориялық маңызға ие болады. 60­70­жылдары Орта Азия мен шетелдік Шығыс елдерінің, әсіресе Таяу және Орта Шығыстың философиялық мұрасын зерделеу республикада философиялық ізденістердің жетекші бағыттарының біріне айналды. Бұл жылдар ішінде ортағасырлық Шығыстың аса көрнекті ойшылдарының шығармалары бірінші рет орыс және өзбек тілдерінде жарияланды. Атап айтқанда 50­ жылдардың өзінде Өзбек КСР-ҒА  ның Шығыстану институтында Ташкент, Мәскеу, Ленинград ғалымдарының ұжымы жаратылыстану ғылымдары өкілдерінің қатысуымен Шығыс пен Еуропада көптеген ғасырлар бойы медицина бойынша басты құрал қызметін атқарған, ортағасырлық Шығыстың медицина ғылымдарының энциклопедиясы ­ Әбу Әли ибн ­ Синаның (980­1037) көп томдық еңбегі ­ «Дәрігерлік білім – Каньонының» толық мәтінін аударуды жүзеге асырды. Бұл еңбекті басып шығару ортағасырлық Шығыстың жаратылыстану ­ ғылыми ойының тарихын одан әрі зерттеуге түрткі болып қана коймай, заманауи медициналық іс­тәжірибеге оңды ықпал жасады. Шығыс халықтарының ғылыми және философиялық мұрасын зерделеуде Өзбек КСР ҒА Шығыстану институтының ортағасырлық Орта Азия мен бүкіл Шығыстың басқа бір аса көрнекті ойшылы мен ғалымы Әбу Райхан Берунидің (943­1048) негізгі еңбектері ­ оның көлемді шығармалары ­ «Өткен ұрпақтардың ескерткіштерін», «Үндістанды», «Масуд Каньонын», «Жұлдыз есептеу өнерінің бастамаларын түсіну кітабын», «Геодезияны», «Медицинада» орыс және өзбек тілдерінде басып шығару да маңызды рөл атқарды. Кеңес үкіметі мен ЮНЕСКО­ның шешімі бойынша кең атап өтілген Әбу Райхан Берунидің туғанына 1000 жыл толуына байланысты бұл аса көрнекті ойшылдың, ортағасырлық ғылымның әр түрлі салалары бойынша 150­ден астам жұмыс авторының көпшілік еңбектері жарияланды . Өзбектің аса ірі ақыны және ойшылы Әлішер Науаидің толып жатқан поэзиялық мұрасын ғана емес, сондай­ақ прозалық және әдебиеттанушы шығармалары да қамтылған көп томдық шығармалары бірінші рет орыс және өзбек тілдерінде жарық көрді. 60­70 жылдары ортағасырлық аса көрнекті ойшылдар ­ әл Фарабидің, ар ­ Разидің, әл – Хорезмидің философиялық және басқада шығармаларының аудармалары жарияланды. 1957 және 1976 жылдары өткен замандардағы Орта Азия ойшылдарының, ғалымдары мен ағартушыларының шығармаларынан үзінділер келтірілген «Өзбекстандағы прогресшіл қоғамдық­саяси ойдың тарихы бойынша материалдар» атты хрестоматиялар басылып шықты. 1983 жылы мұсылмандық деп аталатын ортағасырлық Шығыстың аса көрнекті ғалымы Мұхаммад Ибн Мұса әл ­ Хорезмидің математика, астрономия және география жөніндегі негізгі шығармалары орыс және өзбек тілдерінде жарияланды. Ортағасырлық Шығыстың аса ірі ғалымдары мен ойшылдарының бұл шығармаларына кең көлемді түсініктемелер және алғысөздер бере отырып, сондай­ақ ғылым, философия мен коғамдық ойдың тарихы бойынша басқа да бастапқы деректерді пайдалана отырып араб тілінен аудару және жариялау ортағасырлық Шығыс халықтарының жаратылыстану ­ғылыми және философиялық ойы тарихын неғұрлым терең зерделеу үшін деректану базасын жасауда маңызды рөл атқарды. 60­жылдардың ортасынан бастап ғылым, мәдениет тарихы бойынша жазбаша ескерткіштердің аудармаларын жариялаумен қатар Орта Азия мен ортағасырлық Шығыс мәдениеті тарихының аса ірі өкілдерінің философиялық және әлеуметтік­саяси көзқарастарын зерттеу кең өріс алды. 60­жылдардың соңы мен 70­жылдардың ішінде ортағасырлық Шығыстың аса көрнекті энциклопедияшы ­ философы Әбу Насыр әл ­ Фарабидің (870­950) философиялық және әлеуметтік­саяси көзқарастары қарастырылған зерттеулер жарияланды . Оларда оның онтологиялық проблемалардағы пантеизміне, гносеологиядағы рационализмі және гуманизміне, әлеуметтік­саяси көзқарастары мен мінсіз мемлекет туралы іліміне талдау жасалынады, Фараби дәуіріндегі рухани өмірдің ерекшеліктері, ортағасырлық пантеизмнің сипаты және оның сопылықпен байланысы көрсетіледі. Натурфилософиялық идеялардың, үрдістер пен теорияның өзіндік үйлесімі Шығыс Қайта Өркендеу жағдайларында ерекше философиялық жүйені ­ пантеизмнің «солшыл» формасын туындатты, оның негізін қалаушылардың бірі Фараби болды, одан кейін бұл бағытты Ибн Сина, Ибн Рушд (Аверроэс), Омар Хайям және басқалары жалғастырды. Бұл пантеизм прогресшіл ойды, ерікті ойлау мен атеистік идеяларды білдіру құралы қызметін атқарды, олар Еуропада кең таралып, Қайта Өрлеу мен «XVIII ғасырдың материализмін» идеялық жағынан даярлауда маңызды рөл атқарды. Бұдан кейін әл ­ Фарабидің мұрасын кең көлемді зерделеу Қазақ КСР ҒА Философия және құқық институтында басталды, бұл жерде оның философиядағы әр түрлі мәселелер бойынша шығармалар циклі басылып шықты. Әл­Фарабиге арналған көптеген кітаптар мен мақалалар Кеңес үкіметі мен ЮНЕСКО­ның шешімі бойынша атап өтілген оның мүшелтойына ­ туғанына 1100 жыл толуына байланысты жарыққа шықты. Сондай­ақ Өзбек КСР ҒА Философия және құқық институтында да «Шығыс Аристотель» негізін алушының көзқарастарындағы әр түрлі қырларды зерделеу жалғастырылды, оны Шығыста атағандай ­ «екінші ұстаздың» (бірінші ұстаз Аристотель ­ Аристутлис болып есептелді) – әл ­ Фарабидің этикалық, логикалық, онтологиялық идеялары туралы А.Абдрасулов, Н.Баратов, Л.Казибердов, А.Муталлибов кандидаттық диссертациялар қорғады. 1972 жылы ортағасырлық аса көрнекті ойшыл, Хорезмде туған Әбу Райхан әл Берунидің жаратылыстану ­ ғылыми және философиялық идеялары туралы П.Г.Булгаковтың «Бирунидің өмірі мен еңбектері» және А.Шариповтың «Ұлы ойшыл Беруни» еңбегі дүниеге келді. Оларда орта азиялық энциклопедияшы Берунидің жаратылыстану ­ ғылыми және философиялық ойдың дамуына қосқан үлесі көрсетілген, оның көзқарастарындағы идеялар мен материалистік үдерістер айқындалған. Республика ғалымдары Берунидің одан кіші замандасы ­ Әбу Әли Ибн­Синаның орасан зор жаратылыстану ­ ғылыми және философиялық мұрасын зерделеуге көп көңіл бөлуде. Өткен жылдар ішінде шығыс аристотельшілдігін жалғастырушы және аса көрнекті өкілі – Ибн­Синаның «ІІІайх урраис» ілімі мен көзқарастарының әр түрлі қырлары туралы көптеген зерттеулер басылып шықты. ЮНЕСКО мен Кеңес үкіметінің шешімі бойынша өткізілген Әбу Әли Ибн­Синаның мерейтойы ­ туғанына 1000 жыл толуы, сондай­ақ мерейтойға орайластырылып, жүзеге асырылған толып жатқан жарияланымдар Шығыстың бұл энциклопедияшысының аса бай мұрасын кең зерделеу мен насихаттауда маңызды рөл атқарды. 70­жылдары М.Усмановтың, Х.Джанматованың, X. Алиқұловтың, Р.И.Насыровтың, Л.А.Исламованың, М.Қадыровтың, А.Захидовтың және басқаларының философиялық ой дамуының әр түрлі кезеңдерінде коғамның мәдени дамуы ұсынған теориялық міндеттерді шешуде маңызды рөл атқарған, дүниежүзілік тарихи­философиялық әдебиетте аз зерделенген немесе мүлде зерделенген «мұсылмандық» Шығыстың Закария ар ­ Рази, әл ­Кинди, Дауани, Журжани және басқалары сияқты ойшылдардың көзқарастары туралы қызықты зерттеулері пайда болды. Кейбір диссертациялық зерттеулердің негізгі нәтижелері жас авторлардың «Шығыс халықтарының философиялық мұрасынан» атты жинақта жарияланды. Орта ғасырлардағы ірі ойшылдардың көзқарастары туралы жинақталған материалды белгілі бір дәрежеде қорытқан, Орта Азия халықтары философиялық ойының тарихындағы жекелеген проблемаларды талдауға арналған зерттеулер пайда болды. Мысалы, 1975жылыА.Файзуллаев ерте ортағасырлық философия тарихындағы қайшылықтардың диалектикалық идеялары туралы «Орта Азия ойшылдары еңбектеріндегі қайшылықтар проблемасы» монографиясын жариялады. Ерте ортағасырлық Шығыста грек тілінен аудармалардың, сондай­ ақ шығыс аристотельшілерінің бірегей еңбектерінің арқасында Стагириттің логикалық ілімі кең тарады. Прогресшіл ойшылдардың еңбектерінен жалғасын тапқан бұл ілім мистика мен догмаға қарсы күрестің маңызды құралы қызметін атқарды. Алдыңғы қатарлы ойшылдардың логикалық және гносеологиялық идеялары 1981 жылы жарияланған «Орта Азия ойшылдарының логикалық ­ гносеологиялық идеялары» атты ұжымдық монографиядан орын тапты. Барлық кезеңдерде қоғамдық ойдың даму тарихында өнегелілік мәселелеріне этика салаларын әзірлеуге, мораль қоғам әлеуметтік өміріндегі орны мен рөліне үлкен көңіл бөлінді. Бұл мәселелерге Орта Азия ойшылдарының әртүрлі тарихи кезеңдердегі мораль түсіндіру бойынша озық және кертартпа мистикалық діни бағыттарының арасындағы күрес пен эволюциясы көрсетілген Ю.Джумабаевтың зерттеулері арналды (Джумабаев Ю., Мамедов). Этическая мысль в средней Азии в IX ­ XV в.в. Джумабаев Ю. Очерки истории этики Средней Азии, 1980 ). Ғалымдардың «батыстық» және «шығыстық» ойдың қарама­ қарсылығы туралы тұжырымдарына қарамастан кеңес зерттеушілері философиялық тұғырнамалар дамуының жалпы заңдылықтары шығыс философиясына да тән, онда барлық философиялық ілімдер үшін сипатты шешуші және зерделеуші міндеттер мен проблемалар бар екендігін және де бір­біріне қарама­қарсы «батыс» және «шығыс» өркениетінің жоқ екендігін дәлелдеді. Философиялық ойдың дамуындағы ерекшеліктерге әлеуметтік­экономикалық және мәдени деңгей, ортағасырлық қоғамның діни және бүкіл идеялық өмірінің сипаты жағдай жасаған.

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНСТИТУТЫ

Оставить комментарий