Орта Азиядағы мәдени мұраны игеру және философиялық ойды зерттеу

Орта Азия ­ адамзат мәдениетінің ең ежелгі орталықтарының бірі болып табылады. Орта Азия халықтары бірнеше мыңжылдықтар ішінде ғылым, сәулет өнері, әдебиет пен өнердің, ғылым мен мәдениеттің дүниежүзілік қатынасына мәңгі енген аса құнды шығармаларын жасады. Дүниежүзілік ғылыми ойдың дамуын орта азиялық ойшылдар ­ Хорезми, Ферғана, Фараби, Ибн­Сина, Беруин, Ұлықбек, Науаидың және басқаларының аса көрнекті еңбегісіз көз алдымызға елестете алмаймыз. Соңғы жылдары Өзбекстан ғалымдары рухани өмірдің әр түрлі салаларындағы аса бай мұраны зерделеу бойынша үлкен жұмыс атқарды, 70­тен астам дастан ­ халық шығармашылығының этикалық шығармалары, аса мол мақалдар, мәтелдер, аңыздар, әндер және т.б. жиналып, жарияланды, ортағасырлық Орта Азияның аса көрнекті ғалымдарының шығармалары өзбек және орыс тілдерінде басылып шықты. Өзбекстан халықтарының көркемдік мұрасын ­ тарихын, әдебиеті мен өнерін зерделеу бойынша елеулі жұмыс тындырылды. Шығармаларында алдыңғы қатарлы идеялар мен жоғары мұраттар, халықтың гуманистік және отаншылдық ұмтылыстары өз бейнесін тапқан, XII ғасыр XX ғасырдың бас кезіне дейінгі аралықта өмір сүрген, өткен заманның түгелге дерлік ірі ақындары ­ Юсуф Хос Ходжибтің, Лутфидің, Науаидің, Бабырдың, Тұрдының, Машрабтың, Увайсидің, Надираның, Гулханидің, Махмурдың, Фуркаттың, Мүқимидің, Отахидің, Аваз Отардың, Заукидің, Хамзаның және басқаларының поэзиялық шығармалары өздерінің миллиондаған шынайы құрметтеушілерін тапты. Ташкент, Бұхара, Қоқан, Үргеніш, Самарқандтың кітапханаларында көптеген қолжазбалар сақтаулы. Әр түрлі шығыс тілдерінде жазылған қолжазбалар республика халқында да сақталды. Мемлекет олардың сақталуы мен қалпына келтірілуіне үлкен қамқорлық көрсетіп отыр, бұл қолжазбалар Өзбекстан үкіметінің шешімімен біртіндеп республика Ғылым Академиясына жинақталып жатыр. Өзбекстан Ғылым Академиясының Х.Сүлейменов атындағы қолжазбалар институтында өзбек ақындары мен әдебиетшілері шығармаларының қолжазбалары жиналған. Бұған қатысты орасан зор байлық шығыс тілдеріндегі қолжазбалардың аса құнды және аса бай жиынтығының ең ірі қоймасы ­Өзбекстан Ғылым Академиясының Әбу Райхан Беруни атындағы Шығыстану институтының қорында жинақталған. Институт қорында сақтаулы тұрған шығыс қолжазбаларының жалпы саны ­ 40 000­нан аса шығарма енетін 18 000­нан көп томды құрайды, бұған қоса қорда Орта Азия аумағындағы феодалдық мемлекеттердің кезіндегі айбындылығы мен құлауын дәлелдейтін толып жатқан акт ­ грамоталар, кеңселік және шаруашылық құжаттар бар. Әр түрлі дәуірлер мен замандардың көркем жазу мәдениетін бейнелейтін қолжазбалық ортағасырлық трактаттарынан бөлек ­ XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіне жататын толып жатқан ­ 50 000­ нан асатын литография басылымдар сақталуда. Бұл қолжазбалар мыңжылдық дерлік кезеңді ­ X ғасырдың ортасынан бастап XX ғасырдың бас кезіне дейінгі кезеңді қамтиды, олардың географиясы да аса кең. Қорда Таяу және Орта Шығыс, Солтүстік Үндістан, Иран, Магриб елдерінің қалаларында жазылған және көшіріп жазылған қолжазбалар бар, олар өз кезінде Орта Азияға әкелінген. Олар негізінен ортағасырлық мұсылман Шығысында кең тараған: араб, парсы, түрік тілдерінде жазылған. Урду тіліндегі қолжазбалар да кездеседі. Бұл қолжазбалар тақырыптары жағынан ортағасырлық жазбаша мәдениеттің бүкіл дерлік салаларын ­ жаратылыстану және дәл ғылымдарды, гуманитарлық білімді: тарихты, поэзияны, филологияны және т.б. қамтиды. Қолжазбалардың көпшілік бөлігі көркем әдебиетке, сәулет өнеріне арналған, философиялық ғылымдар баяндалғаны мол. Көптеген қолжазбалар әртүрлі колөнерге, ауыл шаруашылығына, саудаға, құрылысқа және т.б. арналған, көптеген сөздіктер, энциклопедиялар, терминологиялық анықтамалықтар т.б. кездеседі. Бұл қолжазбалардың ішінде бірегей, бірден­бір танадағы қолжазбалар да аз емес. Өзбекстан ҒА ­ ның Беруин атындағы Шығыстану институтының қоймасында әрі ғасырлық аса көрнекті ғалым Әбу Бакр ар­Разидің (IX ғ.) химия жөніндегі «Китаб сирр әл­ асрар» («Құпиялар құпиясының кітабы») атты шығармасының жалғыз данасы сақтаулы. Қолжазба 1501 жылы көшіріп жазылған, оны мамандар тапқанға дейін ар ­ Разидің бұл шығармасы ғылыми қауымға белгісіз болып келді. Институт қорында ортағасырлық медицинаның аса көрнекті ескерткіш ­ Әбу Әли ибн Синаның (Х­ХІ ғ.ғ.) «Дәрігерлік ғылым каньонының» бірнеше тізімі бар. Оның ең ескі тізімі XIII ғасырға жатады. Шығыстың ұлы ғалымы Әбу Райхан Берунидің институтта сақтаулы еңбектерінің ішіндегі аса құндысы ­ «Китаб ат­тафхим ли аваили синаат ат­танджим» («Жұлдыз есептеу өнерінің бастамаларына түсіну кітабы») энциклопедиялық шығармасының қолжазбасы. Ол XIII ғасырда көшіріліп жазылған және дүние жүзіндегі ең көнелердің бірі болып есептеледі. Көптеген ұрпақтардың күш­жігер жұмсауының арқасында ортағасырлық Шығыстың аса ірі медиктері, астрономдары мен математиктері, әр түрлі дәуірлердің өкілдері: Ұлықбек, Әли Қушчи, Журджани, Ширази, Ибн Ирак және басқалары шығармаларының қолжазбалары бізге дейін келіп жетті. Сондай­ақ ортағасырлық Шығыстың философиялық даналығы да қолжазбалық шығармалардың бай жиынтығымен берілген. Оның құрамында ежелгі грек авторлары шығармаларының арабша аудармалары, сондай­ақ шығыс ойшылдарының логика, метафизика, этика, шешендік жөніндегі бірегей трактаттары да бар. Әсіресе, Орта Азия халықтарының философиялық және қоғамдық­ саяси ойына кең орын берілген. Дүние жүзіндегі бірден­бір ­ XVII ғасырдағы «Мажмуал ар Расоил әл­Хукамо» («Ғалымдар трактаттарының жинағы») қолжазбалар жинағы бірегей және өте құнды болып табылады. Онда ежелгі заман мен орта ғасырлардағы көптеген ірі ойшылдар мен ғалымдар: Аристотельдің, Платонның, Галеннің, Афродизиялық Александрдың, Әл ­Киндидің, Фарабидің,Тусидің, Ибн Синаның, Бахманярдың, Ибн Рушдтың, Ибн Бадждың және басқалардың 107 трактаты бар. Қолжазба Дамаскіде құрастырылған, оны философиялық трактаттарды жинау бойынша үлкен жұмыс атқарған ­ философияның әуесқойы құрастырған тәрізді. Әдебиет, бірінші кезекте поэзия орта ғасырларда руханилықты неғұрлым кең тараған және танымал формасы болды, ол автордың бай эмоцияларын, рухани күйзелістерін, оның қоршаған дүниеге деген көзқарасын білдірудің ғана емес, сондай­ақ аса көрнекті сөз шеберлерінің қолдарындағы халық даналығын, тарих тәжірибесін, өмірдің терең философиясын берудің маңызды құралы қызметін атқарды. Қордағы ортағасырлық Шығыс поэзиясы Орта Азияның, Үндістанның, Иранның, Ауғанстанның, Әзірбайжанның, араб елдерінің: Рудаки, Фирдоуси, Әлішер Науаи, Жами, Бабыр, Низами, Ганджауи, Мутанабби, Хафиз, Саади, Омар Хайям, Мирза Бедиль және басқалары тәрізді аса көрнекті сөз шеберлерінің шығармаларымен берілген. Қорда Орта Азияның XI ғасырдағы аса ірі ғалымы және әдебиетшісі Жүсіп Хос Ходжиб Баласағұнидің «Құтадғу білік» («Бақыт әкелуші білім») шығармасының ең көне қолжазбалық данасы сақтаулы. Бұл қолжазба дүние жүзіндегі ең көнелердің бірінен саналады. Қорда XIV ғасырдағы ұлы үнді ақыны және ойшылы Амир Хосров Дехлевидің «Хамса» («Бестік») шығармасының бірегей данасы бар; бұл дана «Хамсаға» енетін бес поэманың үшеуін әйгілі лирик ­ ақын Хафиз Ширазидің көшіріп жазғандығымен ерекше құнды. Аса көрнекті өзбек ақыны және мемлекет кайраткері Әлішер Науаиге арнап құрастырылған, XV ғасырдағы ғалымдардың, ақындар мен әдебиетшілердің өз қолдарымен жазған хаттарының альбомы аса бірегей дерек болып табылады, онда Әлішер Науаидің замандасы, ұлы гуманист ақын Абдуррахман Жами жазған хаттар да бар. ХV ғасырдағы Хорасан мен Орта Азияның әлеуметтік­экономикалық және мәдени өмірінің әр түрлі тақырыптарына жазылған бұл жолдау ­ хаттар Темір әулеті мемлекеттерінің тарихын зерделеу үшін бағалы материал қызметін атқарады. Институт қорында ортағасырлық тарихшылардың еңбектері де баршылық, олардың ішінен Ибн Джарир ат ­ Табаридің (X ғасыр) «Тарих ат ­ Табари» шығармасы, XI ғасырдағы ортағасырлық белгілі тарихшы Ибн Мискавейхтің (XII ғасырдағы қолжазба) «Таджариб әл­ умам», Ибн әл ­ Асиридің (XIII г.) жалпы тарих бойынша жиырма томдық «Тарихи комил» еңбегі, Махаммед әл ­ Жувейнидің (XII ғ.) ежелгі және ортағасырлық Хорезм тарихы туралы «Тарихи Жаханкуш» шығармасы өте құнды. Қордың мақтанышы ­тізімі ең көнелердің бірі (XIV ғ.) болып табылатын, Рашидаддин ибн Имададолдың Шығыста кең танымал болған ­ «Жами ат ­ тауарихы». Қорда сондай­ақ бұл еңбектердің өткен ғасырларда Орта Азия қалаларында жасалған өзбекше аудармалары да сақтаулы. Мұнда ортағасырлық авторлардың Ташкент тарихы бойынша қолжазбалары, Бабыр империясы мен оның ұрпақтары кезеңінің тарихы туралы көптеген аса бағалы қолжазбалар бар: бұл Ахмад ибн Мухаммед ибн Херауидің (XVI ғ.) «Табикат Акбар ­ шахы», үнді ғалымы Сунджани Рай Муншидің «Хулосат ат­тауарих» еңбегі, Мирза Салим Гуруддин Мухаммед Жахангирдің «Жахангирнамесі», Мұхаммед Қасым Хиндушахидің (XVI­XVIII ғ.ғ.) «Тарихи Фариштесі» және басқалары. Біздің күндерге дейін сақталған Иран, Ауғанстан, Түркия, араб елдерінің тарихы туралы әңгімелейтін бірегей қолжазбалар Орта Азия халықтарының Шығыстағы басқа елдермен кең ғылыми байланыстарының, басқа елдердің мәдениетін зерделеуге деген тұрақты қызығушылықтың айқын дәлелі болып табылады. Көптеген қолжазбалар Орта Азия тарихын зерделеу үшін баға жеткісіз деректердің қызметін атқарады, мысалы, X ғасырдың тарихшысы Жафир Наршахидің «Бухара тарихы» бізге XII ғасырдың тізімімен жетті. Бұл ­ осы еңбектің ең ескі данасы. Сопылықтың тарихы, оның ірі өкілдері туралы, Бухарада, Самаркандта, Термез бен Орта Азияның басқа да қалаларында жеткілікті дәрежеде терең және жан­жақты жасалған мұсылмандық құқықтану ­ фикх туралы қолжазбалар сирек кездеседі. Көптеген қолжазбалар көркемделуі жағынан өнердің шынайы шығармалары болып табылады. Олардың беттері алуан түсті шығыс өрнектерімен безендірілген, сұйық алтынмен, өте нәзік көркем жазумен жазылған. Ұлы ақындар ­ Фирдоуси, Низами, Садди, Науаи, Амир Хосров Дехлеви, Хафиз, Жамидің көркем шығармаларының көптеген беттері шығыс миниатюраларымен безендірілген, олардың көпшілігі де бірегей дүние болып табылады. Бұл қолжазбалық шығармалардың бәрі таптырмайтын және Таяу және Орта Шығыс, Орта Азия мен Үндістан, Ауғанстан, Пәкстан және Шығыс Қытайдың көптеген елдері халықтарының әлеуметтік­ экономикалық және рухани өмірінің тарихы бойынша аса құнды деректер болып табылады, бұл халықтардың терең тарихи байланыстары, мәдениеттерінің өзара ықпал ету мен өзара баюы процесінде дамуы туралы аса бай материал береді, өздерінде көптеген ұрпақтардың даналығын сақтайды. Қолжазбаларды бұдан кейін де анықтау, сақтау, зерделеу мен жариялау олардың мазмұнын халық игілігіне айналдырады. Адамдарды дүниежүзілік ғылыми ойдың үздік жетістіктеріне ортақтастыру, тарих тәжірибесімен қаруландыру — міне, ғалымдардың басты қамқорлығы осындай. Кейіннен Шығыстану институтының негізінде қолжазбалық қоры пайда болған Ташкент көпшілік кітапханасының Шығыс қолжазбалары бөлімінде Қазан төңкерісіне дейін бар­жоғы бірнеше жүздей қолжазба болды, ал қазіргі қолжазбалар қоймасы Кеңес өкіметі жылдары пайда болды. Ол жыл сайын толықтырылады, дүние жүзінің басқа қолжазбалық қорларымен микрофильмдер алмасу қарқынды жүргізіледі (қазіргі кезде 3000­нан астам микрофильм жиналды), жыл сайын АҚШ, ГФР, Ауғанстаннан, араб елдерінен, Үндістаннан, Чехословакиядан, Англиядан және басқаларынан сирек кездесетін қолжазбалардан фотокөшірмелер түсіруге жүздеген тапсырыстар келеді. Мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ету, рухани байлықтарды терең зерделеу мен насихаттау біздің елдегі мемлекеттік, мәдени­ ағартушылық, оқу және ғылыми­зерттеу мекемелері қызметіндегі аса маңызды бағытқа айналды. Атап айтқанда, мәдени мұраны зерделеу Орта Азия өткен ғасырларда тығыз сауда­экономикалық және мәдени байланыстар жасаған, олармен ортақ мәдени құндылықтары болған шетелдік Таяу және Орта Шығыс ­ «мұсылмандық» Шығыс елдерімен өзара түсіністікті жақсарту мен мәдени байланыстарды нығайтудың маңызды құралына айналды. Орта азиялық ойшылдар Фарабидің, Берунидің, Ибн­Синаның, Хорезмидің мүшелтойлары, оларға толып жатқан шетелдік ғалымдардың қатысуы мәдени мұраны ғалымдар арасындағы байланыстарды нығайту, ортақ мүдделерді айқындау мен әр түрлі халықтар өкілдерінің бірігуі мен идеялық позицияларының жақындасуы үшін пайдаланудың маңыздылығы мен тиімділігіне дәлел бола алады. Мәдени мұра ­ бұл мазмұны жағынан өте бай, алуан түрлі және құрылымы жағынан көп қырлы тарихи құбылыс. Өйткені адамның рухани мәдениет құндылықтарын жасау жөніндегі шығармашылық қызметінің өзі алуан түрлі, оның көптеген бағыттары болады. Қазіргі кезде рухани мәдениетті көркемдік, өнегелілік, саяси, ғылыми, құқықтық, философиялық және т.б. мәдениетке бөледі. Сондай­ақ мәдени мұра да рухани құндылықтардың бір­бірінен өз ерекшеліктерімен бөлектенетін әр түрлі ­ көркемдік, эстетикалық, сәулеттік, ғылыми, философиялық және т.б. формаларды қамтиды. Орта Азия халықтарының мәдени мұрасы рухани құндылықтардың мұндай формаларының бәріне де өте бай, және оларды бүтіндеп және тереңдете зерделеу, еңбекшілерді тәрбиелеу міндеттерін шешуде кең пайдалану үшін барлық жағдайлар жасалған.

Читайте также:  ӨСІМДІКТІҢ ВИРУСТЫҚ АУРУЛАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ МОЛЕКУЛАЛЫҚ НЕГІЗІ

Оставить комментарий