ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Орталық Азия аймағы барған сайын әлемнің жетекші елдерінің қызығушылығын тудыруда. Мұның себебі аймақтың геосаяси және геоэко- номикалық маңыздылығында жатыр. Орталық Азияда болып жатқан үдерістер аясында бір- қатар маңызды мәселелерге басымдық беріледі. Оларға Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аумақтың интегра- циялық және конфронтациялық әлеуеті, аймақ- тың өз келешегін өзі таңдауының мүмкіндігі, шетелдік серіктестердің ұстанымы жатады. Қырғыздың ойшылы Шыңғыс Айтматов айтқандай, Орталық Азиялық немесе еуразия- лық интеграция идеясы аймаққа тиімді ынты- мақтастықты қамтамасыз ету үшін жаңа мүм- кіншіліктер ашады. Алайда оқшаулылық, тым тұйықтық, шекарадағы қатаң кедергілер, алыс жатқан елдермен сауда жасау мен шикізат сала- сында асқан өзімшіл көзқарас сияқты құбылыс- тар әділетті қарым-қатынас құруға кедергі болды. Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы 1994 жылы бұрынғы Орталық Азиялық экономи- калық қауымдастықтың орнына қайта құрылды. Оның құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбек- стан мен Тәжікстан кірді. ОАЫҰ-на мүше мем- лекеттер біртұтас экономикалық кеңістікті сатылы түрде құру жөнінде келісілген шараларды жүзеге асыру үшін белгілі міндеттерді өз мойындарына алды. Бұған қоса, ұйым ортақ көліктік және байланыстық құрылым құру сала- сында ықпалдасуға, шекаралық және кедендік бақылау саласында келісілген саясат жүргізуге ерекше көңіл бөледі. Қырғызстанда 2005 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықта болған саяси астары бар қақ- тығыстар күллі аймақтағы жағдайға тікелей әсер етті. Оның үстіне Өзбекстанның «екі стандарт саясаты» да «отқа май құйғандай» болды. Кей- бір мамандардың айтуынша, Өзбекстанның өзі «керітартпа саясат» ұстанып отыр: аймақтағы шиеленістердің көбісі өзбек жағының «қырсық мінезінен» туындап отыр. Десек те, соңғы бес жылда Өзбекстанның өзінде халықтың ішкі қар- сылығының өскендігі байқалады. Өзбек халқының демографиялық жарылы- сының салдарынан жергілікті экономика ауыл- дық аймақтардағы халықты тұрақты жұмыс пен Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №4 (57). 2011 25 жеткілікті жалақымен қамтамасыз ете алмайды. Орталық Азия мемлекеттері қазіргі жағдайда аймақтағы жағдай үшін өзінің тарихи және гео- саяси жауапкершілігін ұғынуға тиісті. Аймақ- тағы кез келген шиеленіс әдетте алыста жатқан сыртқы геосаяси күштердің, мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ықпалымен байланысты болады. Интеграцияның арқасында Орталық Азияның елдері орын алатын әртүрлі ішкі және мемлекетаралық қақтығыстарды ше- шу механизмдерін қалыптасыруға міндетті. Тәуелсіздік алған осы күнге дейінгі аса маңызды мәселелердің бірегейі аймақтық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып та- былады. Мұның себебі терроризм, экстремизм, заңсыз есірткі айналымы сияқты жағымсыз құ- былыстардың көбеюі еді. Осы орайда, аймақтың қауіпсіздігін нығайту бағытында күш біріктіру мен мемлекеттер тарапынан ортақ шараларды қабылдау ерекше маңызды болып отыр. Ол үшін Орталық Азияның ынтымақтасуы қажет. Өйткені аймақта қандай да бір стратегиялық серіктестіктің күшеюі геосаяси негіздегі жаңа қайшылықтарды тудыруы мүмкін. Аймақтағы негізгі проблемаларға экстре- мизм, заңсыз жұмыс миграциясы, есірткі тра- фигі, су-энергетикалық проблемалар – бұларға қарсы тұру үшін аймақтың елдері бірігуге мәж- бүр. Бүгінгі таңда есірткі бизнесі экстремизм мен терроризмнің де дамуына әсер етуде. Ауғанстанмен көршілес болғандықтан Өзбек- стан әлемдік есірткі трафигінің эпицентрінде тұр. Аймақтағы тағы бір үлкен проблемалардың бірі миграция – көші-қон мәселесі. Халықара- лық көші-қон ұйымының есебі бойынша (ХКҰ) Орталық Азияда соңғы 15 жылда миграциялық көріністер түбегейлі өзгерген. Мұның бірнеше себептері бар. Оларға кедейлік, жұмыссыздық пен халықтың көп бөлігінің әлеуметтік-тұрмыс- тық жағдайының төмендігі, билік органдары- ның азаматтардың құқықтары мен бостандығы- на қол сұғуы, сана-сезімнің маргинализациясы жатады. Қазіргі Орталық Азия әлемнің ең бір келе- шегі бар геосаяси аймағына айналды. Себебі мұнда саяси ықпал етудің мүмкіндігі, маңызды ресурстық потенциалдың болуы, әртүрлі аспек- тілерімен қауіпсіздік мәселесі әртүрлі мүдделер шоғырланған. Орталық Азияда интеграциялық үдерістер- дің дамуына күрделі кедергілер бар: сауда, көлік салаларындағы бақталастық, газға қатысты дау- дамай сияқты мәселелер аймақтағы елдердің өзара ынтымақтасуын тежейтін қайшылықтар- дың болғанын айғақтайды. Бұл қақтығығыстар мен келіспеушіліктер Орталық Азияның әзірше біртұтас организм еместігін көрсетеді. Фридрих Эберт атындағы Орталық Азия мен Кавказ жөніндегі қордың үйлестірушісі Винфрид Шнайдер-Детерс Орталық Азия елдері екі сала бойынша ынтымақтастық жасауы қажет деген. Оларға экономика мен қауіпсіздік жата- ды. Сарапшының пікірінше, аймақтағы мемле- кеттер ортақ Еуропалық Одақтың экономикадан туындағанын ескеруге тиісті. Өзбекстандағы ЮНЕСКО өкілі Майкл Барри Лейннің айтуынша, аймақты ортақ түсінік, ор- тақ тіл, ортақ тарихи-мәдени өмір, ортақ сауда жолдары біріктіреді. Тәуелсіздік бұл елдерге экономикалық қалпына келу мен тарихи байла- ныстарды қайта орнату арқылы аймақтық интег- рация мен ынтымақтасу үшін үлкен мүмкіндік беріп отыр. Халықаралық интеграция еркін сауда аума- ғы – кедендік одақ – экономикалық және валю- талық одақ сияқты негізгі кезеңдерден өтеді. Аймақ интеграциялық үдерістерді жеделдетіп, ортақ нарықтың тезірек құрылуына мүдделі. Ор- талық Азияда ортақ нарық пен ортақ валютаның болғаны дұрыс. Мемлекеттердің аймақтық келі- сімдер арқылы бірігуі олардың тиімді дамуына және қазіргі қауіп-қатерлерге бірге төтеп беруі- не жағдай жасайды. Аймақта шешімін таппаған көптеген өзекті проблемалардың болуы Орта Азия мемлекеттерін бірлікке және ынтымаққа итермелеуі тиіс. Қауіпсіздік мәселесіндегі кейбір қайшылық- тарды санамағанда, аймақтық елдердің қауіп- қатерлерге қатысты ұстанымдары бір-біріне сәйкес келеді. Ресей мамандарының айтуынша, аймақтық экономикалардың әртүрлі одақтарға қатысуы ерекше мәнге ие мәселе. Ресей Орталық Азияны Қытайға бермеуге тырысуда. Себебі, Орталық Азия екі жақ үшін де нарық және мүдде аймағы. Ғаламданудың әсерімен Орталық Азия елдері алпауыт елдердің қаржылық және технологиялық мүмкіндіктерін пайдаланып, дүниежүзілік шаруашылыққа қол жеткізуде. Орталық Азия қауымдастығы 1994 жылы Ортақ экономикалық кеңістікті құру жөніндегі келісім арқылы құрылып, онда бірқатар маңыз- ды үкіметаралық құжаттар қабылданды. Бұл құжаттарға жеке тұлғалардың шекарадан өтуі мен жұмыс күшінің әкелінуінің шарттары же- ңілдетілді, көші-қон, денсаулық сақтау, ғылы- ми-техникалық ақпарат, сеймология, төтенше жағдайлармен күрес мәселелері енді. Сырдария өзенінің су-энергетикалық ресурстарының тиім- ді пайдаланылуы, энергожүйелер мен су-энерге- тикалық консорциум туралы келісілді. Алайда Орталық Азияда ортақ экономика- лық кеңістік құру идеясы екінші жоспарға ысы- рылды. Оның орнына ЕурАзЭО-тың рөлі артты. 26 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №4 (57). 2011 Өзбекстанның бұл ұйымға деген көзғарасы тұрақты емес. Қазақстандық ғалымдардың пікірінше, ОА мемлекеттерінің аймақтық интеграциялық ын- тымақтастығы келесі үш түрде дамуы мүмкін: 1) жай қарқынмен дамуы; 2) қауымдастықтың бірте-бірте бәсеңдеп, ыдырауы; 3) интеграция- ның келесі жоғарғы деңгейге көтерілуі. 2010 жылы Қызғызстанның Ош және Джала- лабад қалаларында болған қанды қақтығыс өзбек-қырғыз қатынастарын біраз уақытқа артқа шегеріп тастағаны белгілі. Орта мерзімді келе- шекте аталмыш елдердің билеушілерінің ауы- суымен екі жақ ортақ келісімге келуі мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, осы аймақтағы ел- дер экономикалық реформалар, кедендік-тариф- тік және салықтық заңнамалар, сауда-экономи- калық қатынастарға қатысты келісілген жүйелі саясат жүргізуі қажет. Әзірше көбісі қағаз күйінде тұрған бұл жобалардың бірсыпырасы мыналар: әртүрлі деңгейдегі инвестициялық бағдарламалар, ай- мақтық транзиттік-көліктік әлеуетін пайдалану, магистралды мұнай-газ құбырларын салу. АҚШ пен Ресей Орталық Азияны жауапкер- шілік аймақтарға бөліп, прагматикалық ынты- мақтастыққа көшті. Бұл жағдайда Қытайдың ай- мақтағы ықпалы күшейіп келеді. АҚШ Ресейдің аймақтағы ықпалын шектей келіп, орыстардың Орталық Азияға келуіне кедергі болмайды. Ва- шингтон Москваны аймақтық геосаясаттағы кө- мекшісі ретінде қарастырады. Яғни, АҚШ Ре- сеймен бірігіп, аймақтағы Қытайдың ықпалына қарсы тұруды көздейді. Себебі, Қытай Орталық Азияда өктем саясат жүргізіп, өзінің қауіпсізді- гін қамтамасыз ету үшін экономикалық тетік- терді пайдаланады. Көз алдымызда Қытай Орта- лық Азияның экономикалары үшін ең ірі ин- весторлардың біріне айналды. Бұл себептердің барлығы аймақтың ішкі интеграциялық әлеуетінің төмендігін көрсетеді. Аймақтағы экономикалық кеңістік жай қалып- тасуда. Бұған қоса, өткен жылдарда кедендік, салықтық саясатты біріздендіру бағытында мар- дымды ештеме жасалынбады. Энергетикалық және шикізаттық ресурстарды экспорттауда ор- тақ мүдделерді қорғау концепциясы мен жоспа- рының жоқтығы, өнідірістік бәсекелестік тура- лы шаралардың жоқтығы, су, энергетика, газ, көлік кешендерін пайдалануға қатысты мәселе- лердің шешілмеуі, мәдени-ғылыми байланыс- тардың әлсіреуі, экономикаларды реформалау мен қайта құрылымдаудың қажетті стратегия- сының жоқтығы аймақтық деңгейдегі ынтымақ- тастыққа айтарлықтай кедергі болды. Экспорт саясатында келіпеушіліктердің бо- луы, экономикалардың реформалануының әр- түрлі қарқынмен дамуы, біржақты шешімдердің қабылдануы да интеграцияға кедергі болды. Мысалы, Қазақстан 90-шы жылдардың аяғында аймақтық сауданы тарифтік және тарифтік емес реттеуді қолға алды. Қырғызстан су-энергетика- лық ресурстарды пайдалануға шектеу және тыйым салу шараларына кірісті. Өзбекстан оқ- шаулану саясатын жүргізіп, ТМД-дан тыс ел- дерге бағыт алды. Түркіменстан ортақ жобалар- ға қатысудан мүлдем бас тартты. Енді, Орталық Азияның келешеке қай жаққа қарай жылжуы немесе қалай дамуы мүмкін де- ген сұраққа жауап берейік. 1-ші мүмкіндік: Орталық Азия мемлекеттерінің біріге алмай, күрделі дау-жанжалдарға душар болуы. Аймақ- тағы қазіргі жағдайдың осы жағымсыз сипатта- маға сәйкес келетінін мойындаған жөн. 2-ші мүмкіндік: Орталық Азия халықаралық қаты- настардың дербес субъектісі ретінде аймақта өркениеттердің тоғысуы жағдайында тұрақтан- дыруші рөлді ойнайтын болады. Осы орайда үш басты сценарий қарастырыл- ған. Мәселен, Қазақстанның бейбітшілік, дін- аралық диалог, толеранттылық салаларындағы талпыныстарын атауға болады. Алғашқы сцена- рий бойынша, алпауыт мемлекеттердің аймақты сырттан басқаруы, ықпал етуі Орталық Азия- ның дербес дамуына кедергі болуы мүмкін. Келесі сценарий бойынша, аймақтағы елдер тарихи дәстүрлер мен қазіргі жағдаятты ескере келе дүниежүзілік байланыстар жүйесінде үлкен маңыздылыққа ие болуы да мүмкін. Бұл жағ- дайда негізгі мақсат аймақтың өз-өзімен қауы- шуы, өз-өзін тануы болмақ. Үшінші стратегия бойынша, бірінші және екінші модельдің кейбір жақтарын есепке ала отыра даму. Оның мәні Орталық Азияны дағдарысқа қарсы басқаруға келіп саяды. Бұлардың арасында аймақ үшін ең тиімдісі екінші старегия болып табылады. Ол бойынша, жергілікті элита саналы түрде Орта- лық Азияны халықаралық қатынастардың жоға- ры деңгейде интеграцияланған субъектісіне ай- налдыруы тиіс. Тым күрделілігіне қарамастан, бұл міндетті шешуге болады. Бұл бетбұрыстың бірінші қадамы Орталық Азияның ұзақ мерзімге бағытталған тұжырым- дамасын жасап шығару болып табылады. Бұл бағдарлама дұрыс анықталған ұлттық мүдде- лерді, дамудың жергілікті дәстүрлерін, ұйымда- судың қазіргі танылған принциптерін ескеруге негізделуі тиіс. Бұл көзқарас Орталық Азия мемлекеттерінің дамуының стратегиялық келе- шегін айқындауға көмектеседі. Бұған қоса бірі- гудің халықаралық үлгілерін ескеру қажет [3, 7]. Біріншіден, аймақтық элиталар ортақ саяси, экономикалық және мәдени кеңістік құруға біріге ұмтылуы қажет. Модернизация немесе Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №4 (57). 2011 27 жаңару дәстүрлі бастауларға сүйенуі керек. Қазіргі таңда Орталық Азияның ішкі конфрон- тациялық әлеуеті аймақтың байланыстық, ақпа- раттық және технологиялық оқшаулылығын ең- серуге күш салу керек. Интеграцияны сәтті іске асыру үшін бірқа- тар мәселені ескеру қажет. Мысалы, білікті аймақтық басқару, құзырлылық, ішкі ұлттық және аймақтық саясаттың әлеуметке бағытта- луы, парақорлықты тежейтін әділ басқару жүйесі. Орталық Азия басшылары мемлекеттерінің дүниежүзілік сахнада өзіне лайықты орнын та- буы үшін мемлекеттік институттарды заманауи деңгейге көтеруге мүдделі. Орталық Азияда басты демократиялық принциптерге арқа сүйей- тін мемлекеттік жүйе құру, білікті басқару әкім- шілігінің болуы, күллі халықтың мүдделерін ескеретін мемлекеттік саясаттың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету қажет. Орталық Азияда суды пайдалану мәселесі аса күрделі. Соңғы жылдары осы мәселеге бай- ланысты туындаған жанжалдар аймаққа қауіп төндіріп тұр. Қырғызстан мен Тәжікстан мұнай мен газға ие емес. Десек те, аймақтағы өзендер осы елдерден бастау алады. Аталмыш екі ел бұл мүмкіндікті электр қуатын дамыту үшін пайда- ланады. Осы мақсатта ауқымды гидротехника- лық құрылыстар іске асуда. Өзбекстан, Түркі- менстан мен Өзбекстан осы жобалардың эколо- гиялық салдарларынан қауіптенеді. Көршілес елдердегі су ресурстарының көлемінің күрт тү- сіп кетуі жағдайында Өзбекстанның ауыл шар- уашылығына, әсіресе мақта шаруашылығына үлкен қауіп төніп тұр. Сондықтан суды пайда- лану мәселесі Өзбекстанның Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы бітпейтін жанжалдың себебі. Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, тиісті сараптама өткізбей тұрып плотиналарды салмау керек. Қырғызстан мен Тәжікстан соңғы жылдары Қазақстанның экономикалық және саяси салма- ғын мойындап, аймақтық интеграция аясындағы бастамаларын мақұлдай бастады. Бұларға қарсы салмақ ретінде, Өзбекстан соңғы кезде Түркі- менстанмен жақындаса бастады. Екі мемлекет Қырғызстан мен Тәжікстанға қарсы ұстанымда. Алайда Өзбекстан газ, газ өндірісі мен тасы- малы салаларында Түркіменстанның өзіне бәсе- келес болып тұр. Іс жүзінде Өзбекстан мен Түркіменстан бейресми блок құрып отыр және суды пайда- лану мәселесінде ұстанымдарын бір-бірімен сәйкестендіріп отыр. И.Каримовтың өзінің айтуынша, су мәселесі шешу үшін Қырғызстан мен Тәжікстанның қатысуы міндетті емес. Ислам Каримов ешқандай мемлекеттің, тіпті Ресейдің де Орталық Азияның ішкі су-энергети- калық мәселесіне араласа алмайтынын ашық айтты [4, 2]. Екінші жағынан, Ресей Қырғызстанның энергетикасына ықпал ете алады. Осы арқылы Ресей, Өзбекстан мен Қазақстанның оңтүстігіне түсетін суды қадағалай алатын болады. Себебі, мәселе саяси мүддеде жатыр. Ресей И.Каримов- тың мәлімдемесіне қарамастан, аймақтың су мә- селесіне де араласа алатынын білдірді. Өзбекстан мен Қырғызстан арасында су ре- сурстарына қатысты туындаған күрделі проб- лема Ош пен Джалалабад қақтығысының сал- дарынан тіпті «ушығып» кетті. Бұл қақтығыс- тың тууына су дауының салқыны да тиюі мүм- кін. Ресей Қырғызстанмен жақындасу арқылы Өзбекстанға сес көрсетуде, оны әдейі елемеуде. Ташкенттің шекаралық мәселелерді шешу- дегі қаттылығы Қырғызстан мен Тәжікстанды «қорқытып жіберді». Бұл жағдай Өзбекстанның аймақтық көшбасшылыққа жету жобасын жүзе- ге асыруын қиындатып жіберді. Қырғызстанға мәдени және этникалық тұрғыдан жақын Қазақ- станмен ынтымақтасу тиімдірек. Тәжіктер де Өзбекстанның өктем саясатына наразы. Интеграция идеясы Тәжікстанның үл- кен қызығушылығын тудыра қойған жоқ. Қазақ- станмен немесе Иранмен бірігу Душанбе үшін анағұрлым қызықтырақ. Тәжікстан мен Қырғыз- станның Қазақстанды серіктес ретінде таңдауы оның мәдени ұстанымы мен экономикалық же- тістіктеріне тікелей байланысты еді. Осыған байланысты, Өзбекстан Қазақстанға айып таға береді. Сарапшылардың көбісі Орталық Азияда тиімді интеграциялық құрылымдардың қалып- тасу мүмкіндігін жоққа шығарады. Интеграция- ның алдында тұрған ең басты кедергі ретінде аймақтағы елдердің геосаяси тәуелділігін атала- ды. Тәжік сарапшысы Саймуддин Дустовтың пікірінше, Орталық Азиядағы кез келген интег- рациялық үдерістер толық қолдау таппайды. Оның ойынша, алдағы 15-20 жылда Орталық Азияда ешқандай құрылымдық өзгерістер орын алмайды. Әзірше, аймақтағы мемлекетаралық қатынастарда туындайтын проблемалар көбіне- се Өзбекстанмен байланысты болып тұр. 2008 жылы И.Каримовтың ҰҚКҰ мен ЕурАзЭО ұйымдарын біріктіру туралы ұсынысы қолдау таппаған соң, Өзбекстан соңғысының құрамынан шығады. 2009 жылдың күзінде Өзбекстан біржақты түрде Орталық Азия энер- гетикалық жүйесінен шығатындығын жарияла- ды. Орталық Азияның интеграциясына күмән- мен қарайтын саясаттанушылар Қазақстанда да жетерлік. Қазір Қазақстан өзіне тілдік және 28 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №4 (57). 2011 мәдени жақын Қырғызстанға ықпал жүргізумен шектеліп отыр. Десек те Өзбекстан Қырғызстан мен Тәжік- станмен арадағы күрделі қатынастарды жалғас- тыра береді. Ташкент Қазақстанның артында Ресейдің тұрғанын біледі. Сондықтан Ташкент көбінесе Батысқа және Азия-Тынық мұхиті ай- мағына бет бұрады. Өзбекстан ғаламдық экономикалық жүйеге толық еніп, өзінің әлеуметтік-экономикалық да- муын қамтамасыз ету үшін дүниежүзілік саясат пен экономиканың басты өзгерістері мен бағыт- тарын анықтап, оларға бейімделуі тиіс. Өзбек- стан үшін бұл мәселені ең аз шығынмен шешу- дің бірден бір жолы аймақтық интеграция бо- лып отыр. Ғаламдық бәсекелестіктің осындай қиын- дықтарына төтеп беру үшін Өзбекстан экономи- калық мақсатта аймақтағы көршілес елдермен бірігуге мәжбүр. Орталық Азияның экономика- лық ынтымақтасуы — «жаһандануға аймақтық ынтымақтасу арқылы енуді» білдіреді. Өзбекстан Республикасы – бұл халықаралық қатынастарда өз-өзіне сенімді, белсенді мемле- кеттік құрылым. Бірақ, елдің экономикалық тұралауының созылыңқы сипаты, көршілес жат- қан елдердің өзбек басшылығының ұстанымда- рының өзгермелілігінен қажуы, аймақтан тыс ірі халықаралық державалардың, мүдделі және бел- сенді құрылымдардың бақталастығы (Ресей, АҚШ, Қытай, Еуропа Одағы), ішкі және сыртқы саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдай- дың қарама-қайшылықта дамуы елдің сыртқы саяси бағытына айтарлықтай өз салқынын тигіз- ді. Өзбекстанның И. Каримов бастаған саяси басшылығы Ресейдің қамқорлығындағы ҰҚКУ, ЕурАзЭО, ШЫҰ сияқты аймақтық және халы- қаралық ұйымдарға біресе мүше болады, біресе олардан шығып, Ресейге қарсы батыстық бағыт- ты ұстанып келді. Ташкенттің қазіргі сыртқы саясаттағы басты ерекшелігі оның өзгермелілігінде жатыр. Алай- да оның саяси мүдделері тұрақты. Өзбекстан ОА аймағында лидер болуды көздейді. Экономикалық интеграцияның іске асуына алып келетін сауда-экономикалық байланыстар- ды жеделдетпей, аймақтың экономикасын да- мыту жөнінде нақты іс жүзіндегі жобаларды қолға алмай, Орталық Азия елдері әсіресе сырт- қы тұрақсыздық факторларынан және қауіп- қатерлерден құтыла алмайды. Орталық Азияда шынайы саяси-экономикалық ықпалдасуды қам- тамасыз ету үшін алдымен аймақтық лидер- лердің жеке келісімі мен татуластығын қамта- масыз ету қажет.

Читайте также:  Лингвистиканың материалы және міндеті

Оставить комментарий