Орталық нерв жүйесі туралы реферат

Орталык нерв жүйесі, systema nervosum centrale, (немесе нерв жүйесінің орталык бөлімі) омыртқа бағанасының өзегінде орналасатын филогенетикалық көне жұлыннан және бассүйек қуысында жататын жастау мидан, encephalon, тұрады.

Олар екеуі генетикалық, морфологиялық және функциялық өзара байланысқан және ешбір кенет шекарасыз бір-біріне өтеді. Жұлын, medulla spinalis (myelos), (9, 10-суреттер) омыртқа бағанасының өзегінде жатады, оның жоғарғы шекарасы — бірінші омыртқаның жоғарғы жиегі, төменгісі — екінші бел омыртқаның жоғарғы жиегі немесе бірінші бел омыртқасы. Үш айлық ұрықта ол бесінші бел омыртқа, нәрестеде үшінші бел омыртқа тұсында аяқталады. Жұлын өзінің жоғарғы бөлімінде ешқандай кенет шекарасыз сопақша миға, medulla oblongata, өтеді. Бұл шекара 1 мойын жұлын нервісінің шығу жеріне сәйкес; скелетопиясы үлкен шүйде тесігінің төменгі жиегі мен бірінші мойын омыртқасының * жоғарғы жиегіне сәйкес келеді.

Жұлын төменгі бөлігінде ми конусына, conus medullaris, (немесе соңғы конус, conus terminalis), өтеді, ол ені 1 мм-дей және жұлынның төменгі редуцирленген бөлігінің қалдығы саналатын соңғы жіпке, filum terminate, жалғасады. Соңғы жіптің жоғарғы учаскесінен басқа жерлерінде нерв тіні жоқ, жұлынның қатты кабығымен, dura mater spinalis, бірге сегізкөз өзегіне кіретін дәнекер тінді құрылым.

Бұл жерде олар бітеледі және өзектің шетіне бекиді. Соңғы жіптің катты ми кабығының қуысында орналасатын, бітелмейтін бөлімі ішкі соңғы жіп, filum terminate internum, ал қабықпен бітелген бөлігі, сыртқы соңғы жіп, filum terminate externum, атауын алады.

Соңғы жіппен алдыңғы жұлын артериялары және веналары, сонымен қатар құйымшақ нервтерінің бір немесе екі түбіршігі қосарлана жүреді. Жұлын омыртқа бағанасы өзегінің қуысын түгел толтырмайды, өзек қабырғасы мен жұлынның арасында майлы тінмен, қантамыр өрімдерімен, ми қабықтарымен және жүлын сүйықтығымен толтырылған кеңістік қалады. Кеңістіктің мөлшері әр деңгейде әртүрлі. Жұлынның ұзындығы ересектерде 40- 45 см, ені 1-1,5 см, салмағы 30 г-дай тұрақсызданады.

Жұлынның төрт бетін: кішкене жалпайған алдыңғы, кішкене шығыңқы артқы және дөңгелек екі бүйір бетін ажыратады. Жұлын нервтерінің таралу жерлері бойынша жұлынды төрт бөлікке: мойын бөлігі, pars cervicalis, кеуде бөлігі, pars thoracica, бел бөлігі, pars lumbalis, жэне сегізкөз бөлігі, pars sacralis, деп бөледі. Бұл бөліктердің әрбіреуіне белгілі бір сегменттер саны кіреді, яғни жұлын нервтерінің бір жұбы басталатын жұлынның учаскесі. Жұлынның диаметрі барлық деңгейде бірдей емес. Төменнен жоғары оның қалыңдығы аздап ұлғаяды.

Ең үлкен көлденеңі ұршықтәрізді буылтық түзіп, екі жерде орналасады; жоғарғысы — мойын буылтығы, intumescentia cervicalis, қолға баратын жұлын нервтерінің шығу жеріне сәйкес және төменгі — бел буылтығы, intumescentia lumbalis, аяққа баратын нервтердің шығу жеріне сәйкес келеді.

Мойын буылтығы аймағында жұлынның көлденең көлемі — 1,3-1,5 см, кеуде бөлігінің ортасында — 1 см, бел буылтығы аймағында — 1, 2 см; алдыңғы-артқы көлемі буылтықтар аймағында 0,9 см-ге, кеуде бөлігінде 0,8 см-ге жетеді. Мойын буылтығы үшінші-төртінші мойын омыртқаларының жоғарғы жағында басталып, екінші кеуде омыртқасына дейін жетеді, буылтықтың ең үлкен ені бесінші-алтыншы мойын омыртқалары түсында жетеді.

Бел буылтығы тоғызыншы, оныншы кеуде омыртқасынан бірінші бел омыртқасына дейін жатады және ен үлкен ені он екінші кеуде омыртқа тұсында жетеді. Жұлынның алдыңғы бетінде оның барлық ұзындығында терең алдыңғы орталық саңылау, fissura mediana anterior, (11, 12-суреттер) бар, оған мидың жұмсақ қабығының қатпары, алдыңғы орталық қалқа, septum medianum anterius, жегіледі; бұл саңылау жұлынның жоғарғы және төменгі шеттерінде терең емес. Жұлынның артқы бетінде өте жіңішке артқы орталық жүлге, sulcus medianus posterior, бар, оған артқы орталық қалка, septum medianum posterius, кіреді.

Читайте также:  Нәруыздар. Олардың қасиеті мен қызметі

Жұлынды саңылау мен жүлге оң және сол жартыға бөледі, олар өзара ми тінінің жіңішке көпірімен байланысады, ортасында жұлынның орталық өзегі, canalis centralis, орналасады. Жұлынның әрбір жартысының бүйір бетінде екі терең емес жүлгелер: алдыңғы орталық саңылаудан сыртқа орналасатын алдыңғы бүйір жүлге, sulcus lateralis anterior, және артқы орталық жүлгеден латералді орналасатын артқы бүйір жүлге, sulcus lateralis posterior, жатады. Бұл екі жүлге жұлынның барлық ұзынында орналасып, жұлын нервтерінің алдыңғы (алдыңғы бүйір жүлге) және артқы (артқы бүйір жүлге) түбіршіктерінің шығатын жерлері болып саналады.

Жұлынның мойын және жоғарғы кеуде бөлімдерінде артқы орталық жүлге, sulcus medianus posterior, мен артқы бүйір жүлге, sulcus lateralis posterior, арасында аса айқындалмаған артқы аралық жүлге, sulcus intermedius posterior, өтеді. Ұрық пен нәрестеде кейде тағы бір жүлге — алдыңғы аралық жүлге, sulcus intermedius anterior, кездеседі, ол жұлынның мойын бөлігінің жоғарғы бөлімінің алдыңғы бетімен жүріп, алдыңғы орталық саңылау мен алдыңғы бүйір жүлге арасында орналасады; ол меншікті алдыңғы буданы, fasciculus anterior proprius, алдыңғы мижұлын будасынан, fasciculus cerebrospinalis anterior (pyramidalis anterior), бөліп тұрады.

Жұлынның ақ және сұр заты. Жұлынның көлденең кесіндісінде ақ және сұр заттың орналасу қатынасы көрінеді. Жұлынның сұр заты көбелек немесе пішіндес, орталық бөлікте орналасқан. Ақ заты сөр заттың айналасында, жұлынның перифериясында орналасады.

Жұлынның ақ заты. Жұлынның ақ заты, substantia alba теdullae spinalis, (12-сурет) өзінің негізгі салмағымен әртүрлі ұзындықтағы және нерв талшықтарының миелинді және миелинсіз қалыңдықтағы, тірегіш нерв тіні — нейроглия, сонымен қатар дәнекер тінмен қоршалған қантамырлар күрделі жүйесі ретінде-қарастырылады. Жұлынның бір жартысының ақ заты басқа жартысының ақ затымен өте жіңішке, орталық өзектің алдында көлденеңінен жүретін, алдыңғы ақ дәнекермен, commissura anterior alba, байланысқан. Ақ затта нерв талшықтары будаларға жиналған.

Жұлынның әрбір жартысында көрсетілген бойлық жүретін саңылау және үш жулге, тек sulcus intermedius posterior емес, әрбір жартының ақ затының ұзындығын үш жіпшеге, funiculi medullae spinalis, немесе будаға, fasciculi, шектейді. 1. алдыңғы жіпше, funiculus anterior, алдыңғы орталық саңылаумен және алдыңғы бүйір жүлгемен шектелетін ак заттың бөлігі немесе жұлын нервісінің алдыңғы түбіршігінің шығу сызығы; 2. бүйірлік жіпше, funiculus lateralis, алдыңғы бүйір және артқы бүйір жүлгелер арасында; 3. артқы жіпше, funiculus posterior, артқы бүйір және артқы орталық жүлгелер арасында. Жұлынның барлық мойын бөлігінде және кеуденің жоғарғы бөлігінде, артқы бүйір және орталық жүлгелерінің арасында артқы аралық жүлге өтеді; ол артқы жіпшені екі будаға немесе жіпшеге бөледі. Біреуі өте жіңішке, ішкері жатады, медиад жіңішке, fasciculus gracilis, немесе жіңішке жіпше, funiculus gracilis, ал екіншісі ірі, латералді, сынатәрізді жіпше, funiculus cuneatus, немесе сынатәрізді буда, fasciculus cuneatus. Аталған жіпшелер мидың бастапқы бөлімі сопақша миға жалғасады (11, 12, 63, 64-суреттер). Жұлынның төменгі бөлімінде көрсетілген жіпшелер жұлынның сыртқы беті жағында өзара қосылып, көрінбей кетеді.

Жұлынның сұр заты. Жұлынның сұр заты кұрамының негізгі бөлігі — нерв жасушалары және олардың өсінділері. Сонымен қатар, сұр затта жұлын мен мидың басқа учаскелерінде жататын нерв жасушаларының өсінділері, нейроглия және қан тамырлар, олармен қосарлана жүретін дәнекер тін бар. Нерв жасушалары жұлын орталықтарын немесе ядроларын түзеді. Сұр затта екі бүйір бөлік бар, олар жұлынның әрбір жартысында алдан артқа орналаскан және оларды бір-бірімен қосатын жіңішке көпірше түрінде көлденең бөлігі — орталық сұр зат, substantia grisea centralis, (12-сурет) ажыратылады. Орталық сұр затта орталық аралық затты, substantia intermedia centralis, және латералді аралық затты, substantia intermedia lateralis, ажыратады.

Читайте также:  Жасушаның органикалық заттары: полимерлер мен мономерлер

Орталық сұр заттың ортаңғы бөлімінде жіңішке қуыс-жұлынның орталық өзегі, сая alis centralis medullae spinalis, орналасады, оның көлемі мен пішіні жұлынның әр деңгейінде әртүрлі; мойын және бел буылтықтары аймағында сопақша пішіндес, кеуде бөлімінде — дөңгелек, диаметрі 0,1 ммдей. Ересектерде өзек қуысының кейбір учаскелер бітелуі мүмкін. Орталық өзек жұлынның бар ұзындығында орналасып, жоғарыда IV карынша қуысына өтеді.

Ол төменде ми конусы аймағында кеңірек және ені орташа 1 мм-ге жетеді; орталық өзектің осы учаскесі соңғы карынша, ventriculus terminalis, атауын алады. Орталық озекті қоршайтын орталық сұр зат екі дәнекерге бөлінеді; біреуі өзектің алдында жатады — алдыңғы сұр дәнекер, commissura anterior grisea, ол жұлынның екі жартысының алдыңғы жіпшелерін байланыстырады; екіншісі өзектің артында жатады — арткы дәнекер, commissura posterior, артқы орталық жүлгеге немесе артқы орталык калқаға жакын жатады.

Сұр заттың әрбір бүйір боліктері үш шығыңкы: алдыңғы, қалыңдаған, арткы, жіңішкеленген және олардың арасындағы кішкене латералді, шығыңкы түзеді, бірак латералді шығыңкы жұлынның барлык деңгейінде бірдей емес, ол әсіресе мойынның төменгі және кеуденің жоғарғы бөлімінде жаксы аныкталған. Жұлынның барлық ұзындығында көрсетілген сұр бағаналар, columnae griseae, түзеді. Олар жұлынның көлденең кесіндісінде мүйіз,сог/7м,(11,12,13-суреттер) атауын алады. Сонымен, алдыңғы бағана, columna anterior (көлденең кесіндіде, cornu anterius, алдыңғы мүйіз), артқы бағана, columna posterior (артқы мүйіз, cornu posterius) және бүйір немесе латералді бағана, columna lateralis (бүйір немесе латералді мүйіз, cornu laterale), ажыратылады.

Жұлынның мойын бөлігінін төменгі және кеуде бөлігінің жоғарғы бөлімдері аймағында, бүйір мүйіз бен артқы мүйіздің латералді жиегі бұрышы арасында, сұр зат өсінділер түрінде ақ затқа еніп, жұлынның торлы кұрылымын, formatio reticularis (немесе торлы өсінді, processus reticularis), түзеді. Жүлынның алдыңғы мүйізі артқыға сарағанда жуан, бірақ кысқа, жүлынның іерифериясына жетпейді, ал артқысы өте кіңішке және алдыңғыдан үзын, мидың :ыртқы бетіне жетеді. Артқы мүйізде дорсалді бөлімнің өте кіңішке бөлігі — ұшын, apex cornu posteriois; өте кеңейген бөлігі — басын, caput; артқы мүйізді бүйір мүйізбен байланыстыратын иойнын, cervix, және артқы мүйіз негізін іжыратады. Артқы мүйіздің ұшын нейроглияға бай «әне көп мөлшерде нерв жасушаларынан тұратын учаске көмкереді, оны сілікпе зат, substantia gelatinosa, деп атайды.

Сілікпе зат кеуекті зонамен, zona spongiosa, шектелген, ал жұлынның сыртқы бетіне жететін жиектік зонаға, zona marginalis (s.terminalis), өтеді. Артқы мүйіз негізінің медиалді жиегінде, ^шінші мойыннан үшінші бел сегментіне цейін нерв жасушаларының кішкене тобы орналасқан. Одан артқы мүйіз басы мен :ұр дәнекер арасындағы кеңістікке сәйкес цорсалді-ядро, nucleus dorsalis, түзіледі. Сұр дәнекер деңгейінде, алдыңғы және артқы мүйіздер арасында, аралық жасушалармен толтырылған, көлденең жатқан аралык бөлік, pars intermedia, орналаскан. Сонымен қатар, артқы мүйіз аймағында нерв жасушаларының кішкене тобы бар. Аталған мүйіздердің орналасуы жұлыннын алдыңғы, артқы және бүйір жүлгелеріне сәйкес. Мүйіздер мен жүлгелер арасындағы сәйкестік көлденең кесіндіде ак зат топографиясын: ақ заттың алдыңғы, артқы және бүйір будаларын анықтайды.

Читайте также:  Раушан гүлі (роза) туралы мәлімет

Жұлынның көлденең кесіндісінде оның пішіні әртүрлі деңгейде бірдей емес: жұлын төменгі мойын сегменті тұсында сопақша пішіндес, ортаңғы кеуде сегменті аймағында — дөңгелек, бел сегментінің биіктігінде алдыңғы беті кішкене басылған шаршыға жақындайды, сегізкөз бөлімінде де шаршыға жақындайды, бірақ артқы беті кішкене жалпайған/ Жұлынның әртүрлі аймағында ак зат пен сұр заттың қарым-катынасы бірдей емес. Мойын аймағында, әсіресе мойын буылтығы биіктігінде сұр заттың мөлшері кеуде бөлімінің ортаңғы бөлігінен едәуір көп, бірақ кеуде бөлімінде ақ заттың мөлшері сұр зат мөлшерінен 10-12 рет асып кетеді. Мойын бөлігінде алдыңғы және артқы мүйіздер кеуде бөлігімен салыстырғанда едәуір көп. Жұлынның бел аймағында, әсіресе бел буылтығы деңгейінде сұр зат мөлшері ак заттан көп.

Осы аймақтың мүйіздері, көбінесе алдыңғы, кенет шығыңқы; артқы мүйіздің сұр заты да ұлғаяды. Сегізкөз бөлімінің бағытына карай сұр зат мөлшері азаяды, бірақ сұр дәнекер жұлынның артқы бетіне жақындап қалыңдайды және кеңейедк] ^Ми конусы аймағында дерлік барлық көлденең кесінді беті сұр затпен толтырылған және ақ заттың жіңішке қабаты периферияда орналаскан.

Әрбір сегментінің алдыңғы бүйір жүлгесінен алдыңғы түбіршік тік жіпшелер, fila radicularia anteriora, шығады, олар алдыңғы мүйіздің сұр затында орналаскан қимыл нерв жасушаларының өсінділері және бүйір мүйіздің сұр затында жататын нерв жасушалары (соңғылары жұлынның кеуде және бел бөліктерінде). Алдыңғы түбіршіктік жіпшелерден вентралді, қимыл түбіршігі түзіледі.

Вентралді түбіршіктің кұрамында көлденең-жолақ және тегіс бұлшықеттерге, бездерге қимыл және вегетативтік импульс — тарды өткізетін орталықтан тепкіш немесе әфферентті талшықтар бар. Артқы түбіршіктік жіпшелер, fila radicularia posteriora, артқы бүйір жүлгеге кіреді, олар жұлын түйінінде (немесе омыртқааралық), ganglion spinale (s. intervertebrale), орналаскан жасушалар өсінділері. Артқы түбіршік жіпшелерден дорсалді, сезімтал түбіршігі түзіледі.

Дорсалді түбіршіктердің құрамында перифериядан, яғни барлық тіндер мен ағзалардан сезімтал импульстарды орталык нерв жүйесіне өткізетін орталыкка тарткыш немесе аффекторлы талшыктар бар. Жұлындық түйін, ganglion spinaІе, ұршықтәрізді буылтык, ол псевдоуннполярлы нерв жасушасының жиынтығымен көрсетіледі, жасушаның өсіндісі Т пішінді екі өсіндіге бөлінеді; біреуі ұзын, перифериялық, жұлындык нервтің, п. spinalis, кұрамында периферияға бағытталып, сезімтал нерв талшыктарымен аяқталады, екіншісі қысқа, орталык, жұлынға дорсалді түбіршігі аркылы барады. Құйымшак түбіршігінін түйінінен баска барлық жұлындық түйіндер қатты ми кабығымен тығыз қоршалған; мойын, кеуде және бел бөлімдерінің түйіндері омыртқааралық тесіктерде, сегізкөз бөлімінің түйіндері сегізкөз өзегінің ішінде жатады.

Түбіршіктердің бағыты бірдей емес; мойын бөлімінде горизонталді, кеуде бөлімінде киғаш төмен, бел-сегізкөз бөлімінде тік төмен бағытталады. Жұлындык түйіндерден тысқары әрбір вентралді және дорсалді түбіршіктер бірбірімен байланысып, жұлын нервін, п. spinalis, түзеді, ол аралас нерв болып саналады. Әрбір жұп жұлын нерві жұлынның белгілі бір сегментіне сәйкес. Сондықтан қанша жұп жұлын нерві бар, соншама жұлын сегменті болады. Жұлында симметриялы орналаскан отыз бір жұп жұлын нерві: сегіз мойын, он екі кеуде, бес бел, бес сегізкөз және бір кұйымшақ бар (караңыз: «Жұлын нервтері»),

Оставить комментарий