ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ

Қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі – білім беру жүйесіндегі оқыту үрдісін автоматтандыру. Осыған орай оқыту үрдісіне бейімделген әртүрлі технологиялар жасалып, білім беру жүйесінің құрылымдарына кеңінен енгізіліп жатыр. Қазақстан Республикасындағы оқу мен тәрбие жүйесін техникаландыру мен автоматтандыру тенденциясының болашақ қарқыны мен қадамдары осы бағыттағы зерттеулермен және компьютерлік жүйені оқу-тәрбие үрдісіне енгізумен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында қазіргі замандағы білім беру жүйесінің жаңа технологияларымен қамтамасыз етілу бағыттары белгіленген [1]. Әртүрлі бағыт бойынша білім беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру өте күрделі үрдіс болып табылады. Осы тұрғыдан алып қарағанда жекелеген салалар бойынша білім беретін оқу орталықтарының жұмысын жеңілдетудің бір жолы бұл оқу орталығындағы оқу үрдісін ұйымдастыруды автоматтандыру болып табылады. Оқу бағдарламасын құру мен оқу — әдістемелік, анықтамалық материалдарды даярлау – бұл оқу орталығы жұмысының көрінбейтін жағы болса, көрінетін жұмыс ретінде — тыңдаушыларды оқыту, оқытушылардың жұмысын үйлестіру, комиссия мүшелерінің білім беруді тексеруі және тағы басқа сияқты ұйымдастыру жұмыстарың айтуға болады. Білім беру және білімді тексеру жұмыстарымен тікелей байланысты ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыстардың бір бөлігін автоматтандыруға болатыны белгілі. Оқу үрдісінің жұмысын автоматтандырудың қазіргі қолданылып жүрген өнімдері оқу үрдісінің тек кейбір бөліктерін автоматтандыруға мүмкіндік береді, мысалы: студенттердің жеке карточкаларын сақтау, дипломға көшірмелерін енгізу, кадрлік есеп, сабақ кестесін енгізу және т.б., бірақ бұл жұмыстар бір-бірімен өзара тығыз байланысты сондықтан, үрдістерді бір- бірінен ажыратуға болмайды, оларды бір — бірінен бөлек автоматтандыру қолайсыздықты туғызады [2]. Оқу орнының ішіндегі үрдістер кешенді түрде автоматтандырылуы қажет, ал олармен бірге жүретін мәлімет бірегей ақпарат қорында сақталуы тиіс. Оқу орталығының оқу үрдісін автоматтандыруды бір-бірімен байланысты келесі ішкі жүйелердің жиынтығы түрінде қарастыруға болады: — «Оқу орталығы басшысының» автоматтандырылған жұмыс орнын; — «Оқу орталығы бухгалтерінің» автоматтандырылған жұмыс орны; — «Оқу орталығы тыңдаушыларының кураторының» автоматтандырылған жұмыс орны; — «Оқу орталығы оқу жұмыстарының кураторының» автоматтандырылған жұмыс орны; — «Оқу орталығы оқытушыларының» автоматтандырылған жұмыс орны; — «Оқу орталығы тыңдаушыларының» автоматтандырылған жұмыс орны (1-сурет). Бухгалтерия Оқу орталығы басшысы Оқу орталығы тыңдаушыларының кураторы Оқу орталығы оқу жұмыстарының кураторы Оқу орталығы Оқу орталығы оқытушылары тыңдаушылары 1-сурет. «Оқу орталығының» автоматтандырылған жүйесінің жалпы диаграммасы 139 Диаграммадағы кейбір ішкі жүйелердің қызметтерін келесі түрде қарастыруға болады: «Оқу орталығы» басшысының атқаратын функциялары: — кураторлардың тiзiмiн редакциялау, iздестiру; — Курсты өткiзу жоспарын құрастыру: — кураторды тағайындау; — Есеп берудi құрастыру: — тыңдаушылардың орташа жас шамасын анықтау; — тыңдаушылардың жас ерекшелігіне байланысты топтр санын анықтау; — ағымдық жылдағы оқытушылардың жұмысын анықтау; — ағымдық жылдағы кураторлардың жұмысын анықтау; — ағымдық айдағы тыңдаушылардың саның анықтау; — курсты өткізу сапасын анықтау; — статистика. «Оқу орталығы» тыңдаушыларының кураторының атқаратын функциялары: — Тыңдаушылардың тiзiмiнiң анықтау: тыңдаушылардың тiзiмiн редакциялау және iздестiру; — Оқытушылардың тiзiмiн анықтау: оқытушылардың тiзiмiнiң редакциялау және iздестiру; — Курсқа тыңдаушыларды алдын ала тiркеп, оқу тобын құрастыру; — Құжаттарды дайындау; — Тыңдаушының сауалнамасын жасау; — Рұқсатнаманы жасау; — Тыңдаушылар туралы ақпарат жинау. «Оқу орталығы» оқу жұмыстарының кураторының атқаратын функциялары: — Сабақ кестесін құрастыру, енгізу және өзгерту; — Курсқа тiркелген тыңдаушылардың тiзiмiн көру және редакциялау; — Курсқа оқытушыларды таңдап алу: — курсқа оқытушыларды алдын ала тiркеу; — оқытушының курсты өткізу сапасын анкеталық мағлұматтар арқылы анықтау; — Құжаттардың құрылуын автоматтандыру: — оқытушының сауалнамалары; — курсқа тыңдаушыларды алуы туралы бұйрығы; — курстың оқытушыларының тiзiмi; — курсқа жазылған тыңдаушылардың тiзiмi; — мердiгерлiк шарты; — курстың сабақ кестелерi; — сертификаттар. Оқу орталығының автоматтандырылған жүйесінің негізгі мәліметтер қоры келесі түрде жобаланады: — «Оқытушылар» кестесі; — «Тыңдаушылар» кестесі; — «Тыңдаушылар тобы» кестесі; — «Тыңдаушылардың қатысымы» кестесі; — «Топтар» кестесі; — «Курстар» кестесі; — «Сабақ кестесі» кестесі; — «Тыңдаушылар деңгейі» кестесі; — «Топтар» кестесі (2 — cурет). 140 Тыңдаушылардың Тыңдаушы деңгейі Оқытушылар Тыңдаушы ID Деңгей ID ОқытушыID Оқытушы аты — Аты-жөні Күні жөні Мекен жайы Тыңдаушының тобы Курс Сабақ кестесі Тыңдаушы ID Курс ID Сабақ кестесі ID Тыңдаушының тобы ID Деңгей ID Курс ID Топ ID ОқытушыID Емтихан Емтихан уақыты Қатысымы Топ Тыңдаушының тобы ID Топ ID Уақыты Топтың аты Курс ID 2 — cурет Оқу орталығының автоматтандырылған жүйесінің мәліметтер қорын жобалау Оқу орталығының автоматтандырылған жүйесін жүзеге асыру жобасы оқу орталығының басшылығына оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде нәтижелі шешім қабылдауға, ақпарат алуға, оқу орталығының іс-әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау кезінде уақытты үнемдеуге және білім алушылар мен олардың ата — аналарын қосымша ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқу орталығының қызметкерлеріне оқу үрдісін қадағалайтын құжаттарға шұғыл рұқсат алуға, яғни оқу жоспарлары, сабақ кестесі, бақылау шараларының тізімін алуға, білім алушылардың үлгерімі, сабаққа қатысуы туралы шұғыл мәлімет алуға және білім алушылар контингенті туралы автоматтандырылған статистикалық мәлімет жинақтауды ұйымдастыруға, оқу орталығының жұмысы мен жеке уақытын ұйымдастыруға, оқу орнының ішінде электронды құжат айналымын ұйымдастыруға, әртүрлі құжаттарды бекіту үшін жұмсалатын уақытты азайтуға және білім беру сапасын тестілу арқылы орталықтанған тексеру жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді [3]. Әдебиеттер 1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы;

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar