Орыс халқы және социализм

Мархабатты тақсыр, Менің ең терең сенімдеріме қатысты шаруада менің үндемей қалуыма, сөйтіп сіз Костюшко туралы өзіңіздің аңызыңызда орыс халқына берген сипатыңызды жауапсыз қалдыруыма Сіз барлық ойлы адамдардың пікірінде тым биік орын аласыз, сіздің ізгі қаламыңыздан туындайтын әрбір сөзді еуропалық демократия тым толық та лайықты сеніммен қабылдайды. Бұл жауап басқа бір себеппен де қажет. Ресей туралы айтқанда, қарасы көрінбейтін, үн шығармайтын, әрі мылқау, әрі саңырау туралы айтылмайтынын Еуропаға көрсететін уақыт жетті. (1812­1870). Орыс революционері жазушы, философ. Орыс помещигі мен неміс қызынан некесіз туғандықтан Герцен («жүрек») деген фамилия берілген. Бала кезінде оған қатты әсер етіп, содан кейінгі бүкіл ғұмырын айқындаған оқиға ­ 1825 жылғы декабристер көтерілісі. Мәскеу университетінің студенттері Герцен мен Огарев маңына озық жастар жиналып, саясатпен және әлеуметтанумен байыпты айналысты. 1834 жылы жазда Герцен тұтқындалып әуелі Пермьге, кейін Вяткаға СИСӘН6 Владимирге жер аударылды. 1847 жылы шетелге кетіп, содан қайтып Ресейге оралған жоқ. Әуелі Италияда, 1852 жылдан Лондонда турды. Сонда келесі жылы Еркін орыс баспаханасын, 1855 жылы «Полярная звезда » алманахын ұйымдастырды, 1857 жылы жазда Огаревпен бірге «Колокол» газетін шығара бастады, ол Ресейде жасырын түрде кеңінен таратылды. 1867 жылы газет Ресейдегі азаттық қозғалысындағы өз рөлін атқарды деп біліп, оны шығаруды тоқтатты. Ол ендігі басты міндетін революциялық, теорияны талдан әзірлеу деп ұйғарды. 1869 жылы Парижге қоныс аударып, сонда тұруды ұйғарды. 1870 жылы 21­қаңтарда сонда қайтыс болды. Біз, Ресейден тек еркін орыс сөзі, ақыр соңында, Еуропада да естілуі үшін ғана кеткен адамдар, ­ осында бармыз және орасан зор да лайықты бедел! бар адам «Ресей жоқ, орыстар адам емес, олар инсанияттық мағынадан айрылған» деп соққанда өз даусымызды көтеру өзіміздің парызымыз деп білеміз. Егер сіз ресми Ресейді, патшалық­фасадты, византиялық ­ немістік үкіметті айтып отырсаңыз, дауымыз жоқ. Бұл тұрғыдан сіз не айтсаңыз да біз күні бұрын келісеміз. Бұл арада қорғаушы рөлін атқаратын біз емес. Орыс үкіметінің баспасөздегі агенттері жыртылып­ айрылады, демек оның қарекеттері ділмар мақтау­мадақтау ешқашан жетіспестік болмайды. Бірақ сіздің еңбегіңізде әңгіме жалғыз ресми қоғам туралы емес; сіз неғұрлым терең мәселені қозғап отырсыз; сіз халықтың өзі туралы тіл безейсіз. Бейшара орыс халқы! Оны қорғап дауыс көтеретін жан жоқ! Өзіңіз ­ ақ бәсін беріңіз, ар­ ұятқа салсақ, үндемей отыра аламын ба? Орыс халқы, мейірімді тақсыр, тірі, дені сау және тіпті кәрі де емес, ­ керісінше, өте жас. Адамдар жас кезінде де өледі, бұл болып тұрады, бірақ бұл қалыпты нәрсе емес. Орыс халқының өткені түнек; оның қазіргісі сұмдық, бірақ оның болашаққа хақысы бар. Ол өзінің қазіргі жағдайына сенбейді, уақыт өткенде қаншалық аз берсе, ол содан неғұрлым көп күтуден тайсалмайды.

Орыс халқы үшін ең қиын кезең аяқталып келеді. Оны ғаламат күрес күтіп түр; оның жаулары соған дайындалуда. Кімді кім деген ұлы сұрақ Ресей үшін көп ұзамай шешіледі. Бірақ күрес алдында жеңістен күдер үзу күнә. Орыс мәселесі орасан зор, сұмдық көлем алып отыр; ол барлық партияларды қатты алаңдатады; бірақ маған императорлық Ресей мен ресми Ресеймен тым көп, ал халықтық Ресеймен, үнсіз Ресеймен тым аз айналысатын сықылды көрінеді. Тіпті Ресейге тек үкіметтік көзқарас тұрғысынан қарап ­ ақ, сіз осынау ыңғайсыз көршімен, өзін бір жерде найзасымен, бір жерде шпиондарымен көрсетіп бүкіл Еуропада сезіндіріп отырған көршімен жақынырақ танысу артық болмас еді деп ойламайсыз ба? Орыс үкіметі Оттомандық Портаға қамқорлығымен Жерорта теңізіне дейін, неміс бажалары мен нағашыларына қамқорлығы Рейнге дейін, Франциядағы тәртіпке қамқорлығымен Атлант мұхитына дейін созылып жатыр. Осынау әлемдік қамқоршыны лайықты бағалау, осынау оғаш мемлекетке Петербург үкіметі қабылдаған жиіркенішті рөлден ­ адамзат жолына ылғи да кесе­көлденең тұратын бөгет рөлінен басқа бір міндет жүктелмеп пе, соны зерттеу артық болмас еді, деймін мен. Еуропа сұмдық катаклизмге жақындап келеді. Ортағасырлық дүние күйреп жатыр. Феодалдық дүние аяқталып келеді. Саяси және діни революциялар өз дәрменсіздігінің салмағынан титықтауда; олар ұлы істерді жасады, бірақ өз міндеттерін атқара алмады. Олар тақ пен михрабқа сенімді күйретті, бірақ бостандықты жүзеге асыра алмады; олар жанжүректе атқаруға өздерінің күштері жетпейтін тілектерді оятты. Парламентаризм, протестантизм ­ осының бәрі тек кейін шегеру, уақытша құтқарылу, ажал мен қайта түлеуге қарсы дәрменсіз тіректер. Олардың уақыты өтті. 1848 жылдан бастап қатып­семген Рим құқығы да, алдамшы казуистика да, арық­тұрық атеистік философия да, тұл діни рационализм де қоғам тағдырының жүзеге асуын шегеріп тастай алмайтыны түсініле бастады. Күн күркірі жақындап келеді, оны теріске шығару мүмкін емес. Мұнымен революция адамдары да, реакция адамдары да келіседі. Жұрттың бәрінің басы айналды, ауыр өмірлік мәселе баршаның жүрегін жаншып, тынысын тарылтуда. Баршаның аузында өсе түскен беймазалықтан туындайтын бір сұрақ: ескі Еуропаның, осынау тірі аруақтың, осынау қаусап бара жатқан организмнің қайта түлеуіне күш жете ме? Жауапты үрейлене күтуде, және осынау күту сұмдық. Шынында, сұрақ қорқынышты! Қарт Еуропа өзінің суып бара жатқан қанын жаңартып, еңсерілмес күш жетелеп бара жатқан, осынау көз жетпес болашаққа қойып кете ала ма, сол болашаққа ол алды­артына қарамай зырлап барады, сол болашаққа барар жол, бәлкім, әке үйінің қираған жұрты арқылы, өткен өркенияттардың қирандылары арқылы, ең жаңа құрылымның табанмен тапталған байлықтары арқылы өтер?

Читайте также:  ҚАЗІРГІ ЖАПОНИЯДАҒЫ ӘКІМШІЛІК-САЯСИ РЕФОРМАЛАР

Қазіргі сәттің бүкіл маңыздылығын екі жақ та түсінді. Шешуші шайқастың алдында Еуропа саңырау, тымырсық түнек құшағында қалды. Бұл өмір емес, ауыр үрейлі сарғая күту. Заңдылық та, шындық та, тіпті бостандықтың ұрығы да жоқ; барлық жерде дүниауи инквизицияның шексіз үстемдігі; заңды тәртіп орнына ­ қоршаудағы жағдай. Бір ғана инсанияттық қозғаушы күш ­ қорқыныш бәрін билеп­төстеуде, және ол жеткілікті. Реакцияның аждаһадай қомағай мүддесінің алдында барлық мәселелер екінші қатарға ығыстырыла береді. Тегінде, ең дұшпан үкіметтер біртұтас, ғаламдық полиция болып қосылып кетуде. Орыс императоры, өзінің француздарға өшпенділігін жасырмай­ақ, Париждің полиция префектісін наградтай береді. Неаполь королі республика президенті орденімен марапаттайды. Берлин королі, орыс мундирін киіп алып, Николайдың жебеуі қатысуымен, өзінің дұшпаны Австрия императорын құшақтау үшін Варшаваға асығады, ал сол мезгілде әлгі Николай, біртүтас құтқарушы шіркеуден безінген адам, Рим папасына өзінің көмегін ұсынады. Осынау сатурналий (өз балаларынан қауіптеніп, оларды жеп қойған Сатурн туралы аңыздан шыққан сөз ­ Ауд.) ортасында, реакцияның осынау жын ойнағының ортасында енді кісіні жүгенсіздіктен ешкім қорғамайды. Тіпті дамымаған қоғамдарда, Қытайда, Персияда бар кепілдіктер де енді сауатты дүние делінетіндердің астаналарында құрметтелмейді. Көзіңе әрең сенесің. Бір кездері біз білетін, жақсы көретін Еуропа осы ма? Рас, егер, Шекспир айтқандай «теңіздің күпісімен әдіптелген осынау алмас» ­ еркін де өркендеуде Англия болмаса, егер Швейцария, Петр секілді кесарьдан қорқып, өзінің бастауынан бас тартса, егер Италияның аман қалған бір бұтағы Пьемонт, Альпінің арғы жағына қуып тығылған, Аиениннен өтпеген бостандықтың осынау соңғы баспанасы, егер осынау үш ел де Париж бен Венадан соғып тұрған өлімтік рухынан ауру жұқтырса консерваторларға ескі дүниені ақтық іріп ­ шіруге жеткізудің сәті түсті, Франция мен Германияда варварлық заманы орнап үлгерді деп ойлауға болар еді. Осынау былық арасында, ажал алдындағы осынау сарығу мен азапты қайта түлеу арасында, бесіктің айналасында быт ­ шыт болып ыдырап бара жатқан дүние арасында жанарыңыз амалсыз шығысқа тігіледі. Онда, тұманнан жоғары бой көтерген қап­қара тау сияқты, дұшпан, қаһарлы патшалық көрінеді; кей­кейде ол, тасқын су сияқты, Еуропаға келе жатқан секілді, ол, шыдамсыз мұрагер сияқты, оның баяу ажалын тездеткісі келетін секілді көрінеді. Осыдан екі жүз жыл бұрын мүлдем белгісіз патшалық ешқандай құқықсыз, ешқандай шақырусыз кенеттен, келіп, Еуропа державаларының кеңесінде дөрекі, күркіреп, сөйлей жөнелді және оның жәрдемінсіз жиналған олжадан өз үлесін талап етті.

Еуропаның барлық істеріне араласуға оның дәмесіне қарсы шығуға ешкімнің батылы бармады. Карл XII тәуекел етіп көрді, бірақ соған дейін жеңілісті білмеген оның семсері омырылып қалды; Фридрих II Петербург сарайының дәмесіне қарсы шығып еді; Кёнисберг пен Берлин солтүстік дұшпанның олжасына айналды. Наполеон жарты миллион әскерімен алапаттың нақ жүрегіне жетті, бірақ алғаш қолы іліккен кең шанамен жалғыз өзі жылыстап берді. Еуропа Наполеонның зытып беруіне, оның артынын қуған қара бұлттай қазақтарға, Парижге беттеген, жолшыбай немістерге садақа ­ олардың ұлттық тәуелсіздігін берген орыс әскерлеріне таң­тамаша қарап тұрды. Сол кезден бері Ресей, қанішер сияқты, Еуропаның тағдырына ауыз салды да, патшалар мен халықтардың қателіктерін қалт жібермей қадағалап түр. Кеше ол Венгрияға қарсы көмектесемін деп Австрияны жаншып тастай жаздады, ертең ол Берлин королін тыншыту үшін Бранденбургты орыс губерниясы деп жариялай салады. Күрес қарсаңында осынау жауынгер туралы ештеңе білмеу ықтимал ма? Ал бүл екі арада ол бар қаһарымен, мұздай қаруланып, реакцияның алғашқы өтінішімен­ақ шекарадан аттап өтіп, жетіп келуге дайын түр. Сөйте тұра оның қаруын, оның бояуының түр­түсін әрең ­ әрең біледі және оның ресми сөздері мен ол туралы әрқилы бұлдыр әңгімелерді қанағат тұтады. Енді біреулер тек патшаның құдіреті бәріне жететіні, үкіметтің жүгенсіздігі, бодандардың құлдық рухы туралы ғана айтады; екінші біреулер, керісінше Петербург империализмі халықтық империализм емес, үкімет пен помещиктердің қосар деспотизмімен жаншылған халық қамытқа жегілген, бірақ онымен бітіспейді, ол жойылған жоқ, тек сормаңдай дейді, және сонымен бір мезгілде, осынау халықтың өзі, өзін жаншып отырған ғаламат патшалыққа бірлік пен күш береді дейді. Өзге біреулер, орыс халқы ­ маскүнемдер мен алаяқтардың жеккөрінішті тобыры деп толықтырады, басқа біреулер Ресей қабілетті де аса дарынды адамдар тұқымына толы деп сендіреді. Маған көне дүние өзінің қарсыласы туралы барлық мәліметтерді бытыстырып жіберетін қарттық ұмытшақтықта қасіретті бірдеңе бар сияқты көрінеді. Кереғар пікірлердің осынау тобырында мағынасыздықтың, сарсылтатын үстірттіктің, қатып­семген соқыр сенімдердің өріп жүргені соншалық, Римнің құлау кезеңімен салыстыруға біз амалсыз жүгінеміз. Сол кезде, онда да төңкеріс қарсаңында, варвар жеңісінің қарсаңында, Римнің мәңгілігі жарияланды, бұл назарейлердің (иудейерден шыққан алғашқы христиандардың атауы ­Ауд.) дәрменсіз есалаңдығы мен варварлар дүниесінде басталған қозғалыстың түкке татымайтындығы еді. Сіздің ұлы еңбегіңіз бар: сіз Францияда бірінші болып орыс халқы туралы сөйлей бастадыңыз, сіз байқамай өмірдің жүрегінің өзіне, бастауының өзіне тиіп кеттіңіз. Егер ашу-ыза үстінде сіз созылған қолыңызды дереу қайта жиып алмасаңыз, егер сіз өзіңізге лай болып көрінген бастаудан теріс айналмасаңыз ақиқат сіздің көз алдыңызға көлденеңдей қалар еді.

Читайте также:  Әлемдік мәдениеттану ой-санасы

Мен сіздің ызаға толы сөздеріңізді терең өкінішпен оқып шықтым. Мұң жайлаған, жүрегімді сағыныш билеген мен, шынымды айтайын, одан біздің бәріміз білетін әрі жақсы көретін тарихшыны, философты және ең алдымен жүрегі сүйіспеншілікке толы адамды бекер іздеппін. Айта кетейін; мен сіздің ашулануыңыздың себебін, тәп­тәуір түсіндім: сіздің бүйрегіңіз бейшара Польшаға бұрыпты. Бізге де өзіміздің бауырларымыз поляктар жөніндегі осы сезім терең сіңген, және бүл сезім бізде ­ тек аяушылық емес, сондай­ақ ұят және ұжданның жегідей жеуі. Польшаға сүйіспеншілік! Біздің бәріміз оны жақсы көреміз, бірақ сол сезімді, дәл сондай сорлы басқа халыққа ­ қолы байлаулы болғандықтан долы үкіметтің зұлымдықтарына көмектесуге мәжбүр етілген халыққа өшпенділікті қосақтауға бола ма? Кең болсақ, кем болмаспыз, күні кешегі революцияның барлық олжаларына ие халық біздің көз алдымызда Римде варшавалық тәртіпті қалпына келтіруге келіскенін ұмытпайық, ал бүгін… айналаңда не болып жатқанына өзіңіз­ақ көз салыңыз… ал біз әлі француздар адам болудан қалды деп жүргеніміз жоқ қой. Бауырлар арасындағы осынау соры қайнаған соғысты ұмытатын уақыт жетті. Біздің арамызда жеңімпаз жоқ. Польша мен Ресейді басып­жаншып отырған ортақ жау. Құрбандықтар, азап шеккендер де ­ солардың өзі солар үшін де, біз үшін де бірдей мұңды өткеннен теріс айналуда. Сіз секілді мен де, сіздің досыңыз, ұлы ақын Мицкевичке сілтеме жасап отырмын. Бұл «садақа, күнәсіз адасу» деген поляк әншісінің пікірін айтпай­ақ қойыңыз. Жоқ. Бұл ұзақ та қаяусыз ойдың, славян дүниесінің тағдырын терең түсінудің жемісі. Жауды кешіру ­ тамаша ерлік; бірақ одан да тамаша, одан да адамшыл ерлік бар: бұл жауларыңды түсіну, өйткені түсіну ­ әрі кешіру, әрі ақтау, әрі татуласу! Славян дүниесі бірлікке ұмтылуға; бұл ұмтылыс Наполеон кезеңінен кейін іле­шала аңғарылды. Славяндар федерациясы туралы ой Пестель мен Муравьевтің өзінің революциялық жоспарларында ­ ақ туа бастады. Сол кездегі орыс астыртын ұйымына көптеген поляктар қатысты. Варшавада 1830 жылғы революция бұрқ ете қалғанда, орыс халқы патша ырқына көнбегендерге қарсы титімдей де дұшпандық көрсеткен жоқ. Жастар бүкіл жан­жүрегімен поляктар жағында болды. Біз Варшавадан жететін хабарларды қаншалық асыға күткенімізді мен ұмытқан жоқпын; Польшаның астанасында біздің петербургтік азапкерлерімізге (автор декабристерді айтып отыр ­Ауд.) ас берілгені туралы хабары естігенде біз өксіп жыладық. Поляктарға жанашырлық бізді аяусыз жазаларға ұшыратты; оны амалсыз жүректе жасырып, үндемеуге тиіс болдық. 1830 жылғы соғыс кезінде Польшада ерекше ұлт және әбден түсінікті дұшпандық сезімі басым болуы әбден мүмкін нәрсе.

Бірақ сол кезден бері Мицкевичтің қызметі, көптеген славяндардың тарихи және филологиялық еңбектері, еуропа халықтарын тереңірек білу (бүл елден аласталудың ауыр бағасымен сатып алынған білім) ойға мүлдем басқа бағыт берді. Поляктар күрес орыс халқы мен өздерінің арасында жүріп жатпағанын сезінді, олар алдағы уақытта өздері мен біздің бостандығымыз үшін күресуден басқа жол жоқ екенін түсінді, бүл олардың революциялық туына жазып қойылды. Николай азаптап, Вильнода атып тастаған Конарский тайпаға бөліп­жармай орыстар мен поляктардың көтерілісіне шақырды. Ресей оған алғысын еміс­еміс белгілі трагедиялардың бірі арқылы білдірді, ал бізде неміс ботфорттарының астында ырықтың қандай да қаһармандық көрінісі трагедиямен аяқталады. Армия офицері Короваев Конарскийді құтқаруға бел байлады. Ол кезекшілік жасайтын күн жақындап келе жатты; оны қашырып жіберу үшін бәрі де даяр болатын, дәл сол кезде поляк азапкерінің жолдастарының бірінің сатқындығы оның бүкіл жоспарының күлін көкке ұшырды. Жас жігіт тұтқындалып, Сібірге жөнелтілді, содан бері ол туралы ешқандай сыбыс естілген емес. Империяның қиыр губернияларында айдауда мен бес жылымды өткіздім; мен онда жер аударылған талай поляктармен кезіктім. Әрбір дерлік уездік қалада не тұтас бір әулет, не тәуелсіздік сорлы жауынгерлерінің бірі тұрады. Мен солардың айғағын қуана­қуана келтіре алар едім; әрине, олар жергілікті тұрғындар тарапынан іш тарту жеткіліксіз деп шағына алмайды. Әлбетте, бұл арада әңгіме полиция және жоғарғы әскери иерархия туралы емес. Ол еш жерде, оның үстіне Ресейде бостандыққа ынтықтығымен ерекшеленбейді. Сондай­ақ мен туған жердің ықпалынан алыстату үшін жыл сайын орыс университеттеріне жөнелтілетін поляк студенттеріне сілтеме жасай алар едім; оларды орыс жолдастары қалай қарсы алғанын солар айтсын. Олар бізбен көз жасын төгіп тұрып қоштасатын. Есіңізде ме, 1847 жылы Парижде, поляк эмигранттар өз революциясының жылдығын мейрамдап жатқанда, достық және өткенді ұмыту үшін мінберге орыстың көтерілгені. Ол біздің сорлы досымыз Бакунин болатын… Айтпақшы, отандастарыма сілтеме жасамау үшін, біздің дұшпандарымыз деп саналатындардың арасынан сіздің өзіңіз Костюшко туралы өзіңіздің аңызыңызда атаған адамды іріктеп алайын. Бүл мәселе туралы поляк демократиясының ақсақалдарының бірі революциялық Польшаның министрлерінің бірі Бернацкиге жүгініңіз; мен соған сілтеме жасауға тайсалмаймын ­ ұзаққа созылған қайғы, әрине, оны орыстікі атаулыға қарсылықта қатайта түсер еді. Бірақ ол мен айтқанның бәрін растайтынына кәміл сенемін. Ресей мен Польшаны өзара және бүкіл славян дүниесімен, біріктіріп тұрған ынтымақ теріске шығарыла алмайды, ол айдан анық. Одан да әрі: славян дүниесі үшін Ресейсіз болашақ жоқ; Ресейсіз ол дамымайды, ол жайылып кетіп, оны герман элементі лсүтып қояды; ол австриялық болып кетеді де, өзінің дербестігін жояды. Бірақ, біздің пікіріміз бойынша, оның тағдыры, оның міндеті бұл емес.

Читайте также:  ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ ТУРАЛЫ

Сіздің ойыңыздың біртіндеп өрбуінің артынан ере отырып, мен мынаны мойындауға тиіспін: мен сіздің бүкіл Еуропа бір тұлға, онда әрбір ұлыс қажетті орган рөлін атқарады деген көзқарасыңызбен келісе алмаймын. Маған барлық герман­роман ұлыстары еуропалық дүниеге қажет секілді көрінеді, өйткені олар сонда отыр, бірақ олар онда әлдене қажеттіліктің салдарынан отырғанын дәлелдеу қиын болар еді. Сонау Аристотель алдыңғы қажеттілікті фактылар салдарынан енгізілетін қажеттіліктен ажыратып көрсеткен болатын. Табиғат жүзеге асқан оқиғалардың қажеттілігімен келіседі, бірақ сан алуан мүмкіндіктер арасындағы тербеліс өте үлкен. Нақ сол негізде славян дүниесі бірлікке өз құқығын көрсете алады, оның үстіне ол бір тайпадан құралған. Орталықтандыру славян рухына жат; федерация оның сипатына әлдеқайда тән. Тек еркін де өзіндік ерекшелігі бар халықтар одағына топтасып қана, славян дүниесі, ақыр аяғында, нағыз тарихи тіршілік етуіне қадам басады. Оның өткеніне тек осу, дайындалу, тазару ретінде ғана қарауға болады. Славяндар өмір сүрген тарихи мемлекеттік пошымдар олардың ішкі ұлттық қажеттіліктеріне, керек десеңіз, дәйексіз, инстинктті қажеттіліктеріне, бірақ сол арқылы ғаламат өміршеңдігін, болашаққа көп үміт артқызатындығын мәлімдейтін қажеттіліктеріне сай келген жоқ. Славяндар осы кезге дейін өз тарихының барлық фазаларында оғаш жартылай назарға ­ тіпті ғажап ұнасымға ие болып отырды. Мәселен, Ресей мәжусиліктен христиандыққа дүрбелеңсіз, наразылықсыз, жалғыз ғана ұлы князь Владимирге мойынсұнудан, Киевке еліктеуден көшті. Ескі пұттар өкінішсіз­ақ Волховқа тасталып, жаңа құдайға жаңа пұт секілді бағынды. Сегіз жүз жылдан кейін Ресейдің бір бөлігі дәл сол секілді шет жерден жаздырып алдырылған өркениятқа бағынды. Славян дүниесі ешқашан сүйіп көрмеген, және сондықтан да, тегінде, өзінің айналасында болып жатқан күйбеңге ешқандай қатыспаған әйелге ұқсайды. Оның еш жерде керегі жоқ, баршаға жат. Бірақ болашақ үшін жауап беруге болмайды; ол әлі жас, және оғаш бір сағыныш оның жүрегін жаулап алып, оны тезірек лүпілдеуге итермелеп тұр. Халық байлығының рухына келсек, бір мезгілде күшті де, бостан да болған бірден­бір славян халқы поляктарды көрсету жетіп жатыр. Славян дүниесі, шындап келгенде, сырт көзге көрінетіндей, соншалық іру­тіру де емес. Рыцарьлық, либералдық және католиктік Польшаның сыртқы қабатының, императорлық, езгіге түскен, византиялық Ресейдің астында, серб воеводасының демократиялық басқаруы астында, Австрия Иллирияны, Далмация мен Банатты тұншықтырып отырған бюрократиялық қамыт астында, Османшылардың патриархалдық билігінің астында және Черногория владыкасының батасының астында физиологиялық әрі этнографиялық жағынан бірдей халық өмір сүруде. Осынау славян тайпаларының басым бөлігі ешқашан дерлік жаулап алу салдарынан езгіге түскен емес. Олар жиі тап болған тәуелділік, көбіне­көп тек өзгенің билігін мойындап, алым төлеп тұруға саятын.

Ресейдегі монгол билігі, мысалы, сондай болды. Осылайша, жүздеген жылдар бойы славяндар өздерінің ұлтын, өздерінің құлқын, өздерінің тілін сақтап қалды. Осы айтылғандардың бәрінің негізінде Ресейді шыңдалудың дәні, бірлікке ұмтылған славян дүниесінің бүйрегі бұратын орталық деп санауға, мұның үстіне әзірше ұлы тайпаның күшті де тәуелсіз мемлекетке айналған бірден­бір бөлігі болып отырғанда солай деп санауға хақымыз жоқ па? Бұл сұраққа жауап, егер Петербург үкіметі өзінің ұлттық міндеті туралы титімдей де бірдеңе түсінетін болса, егер осынау нақұрыс та тажалды деспотизм қандай да бір адами оймен сыйыса алатын болса, мүлдем айқын болар еді. Бірақ қазіргі орнаған жағдайда қандай адал ниетті адам батыс славяндарға ұдайы қоршау жағдайындағы империямен ­скипетр аямай ұрып өлтіретін таяққа айналған империямен бірігуді ұсынуға бел байлай алмақ? Сатып алынған немесе адасқан адамдар ара­тұра мадақтап қоятын императорлық панславизмнің, әлбетте, еркіндік бастауына негізделген одақпен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Осы арада логика бізді бірінші дәрежелі маңызы бар мәселеге алып келеді. Славян дүниесі болашақта неғұрлым толық дамуға үміт арта алады деп топшыласақ, мынадай сұрақ қоймауға болмайды: ұрықтық ахуалында байқалған қандай элемент осындай үмітке құқық береді? Егер славяндар заманымыз туды деп санаса, бүл элемент Еуропадағы революциялық идеяға сәйкес келуге тиіс. Сіз сол элементті көрсеттіңіз, сіз оны қозғап көрдіңіз, бірақ ол сіздің қолыңызға түспей кетті, өйткені Польшаға ізгі жанашырлық сіздің назарыңызды бұрып әкетті. Сіз «орыс халқы өмірінің тұғыры коммунизм» дейсіз, сіз «оның күші аграрлық заңда, жерді ұдайы бөлісіп отыруда» дегенді кесіп айтасыз. Сіздің көмекейіңізден қандай қорқынышты Манефекел ұшып шықты!.. Коммунизм ­ тұғыр! Жер бөлісуге негізделген күш! Және сіз өз сөзіңізден өзіңіз қорқып кеткен жоқсыз ба? Осы арада бөгеліп, ойлану, мәселеге бойлай түсу, бұл арман ба әлде ақиқат па, соған көз жеткізіп алмай тұрып тастамау керек емес пе еді. XIX ғасырда коммунизм туралы мәселеден тыс жатқан, жерді болу туралы мәселеден тыс жатқан қандай да бір елеулі мәселе бар ма еді? Өзіңіздің ашу­ызаңызға бой алдырып, сіз былай сабақтайсыз: «Оларда (орыстарда) адамшылықтың елеулі нышаны ­ инсанияттық алғырлық, жақсылық пен жамандық сезімі жетіспейді. Ақиқат пен шындықтың олар үшін мағынасы жоқ; солар туралы сөз етіңізші ­ олар үндемейді, жымияды және сол сөздердің не екенін түсінбейді». Сіз сөйлескен орыстар кімдер? Ақиқат пен шындық туралы қандай ұғымдарды олар түсінбейтін болып шықты? Бұл басы артық сұрақ емес. Біздің барынша революцияшыл заманда шындық пен ақиқат деген сөздер өзінің абсолютті, баршаға бірдей мәнінен айрылып қалды.

Оставить комментарий