Загрузка…

ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Түркі тілінде, оның ішінде қазақ тілінде тіл байлығын әрі сан жағынан байытып, әрі сапа жағынан қолдану иемділігін арттыратын ерекше сөз жасау құбылысы да қос сөздер болып табылады. Қос сөздер басқа тілдерде де бар, бірақ соншалықты кең ауқымды, даму жағынан ешқандай тілге ұқсамайтын ерекше, формалық, мағыналық жағынан айрықша дараланып көзге түсетін құбылыс қос сөздер болып табылады. Сондықтан да түркі тілінде де қос сөздердің табиғаты жөнінде сан алуан еңбектер де жарық көрді. Дегенмен, қазақ тіліндегі зерттеулерді басқа түркі тектес тілдермен салыстырғанда кем түсіп жататын сияқты. Мысалы, Ә. Қайдаровтың ұйғыр тіліндегі қос сөздердізерттеп, диссертация қорғауы. Т. Гариповтың: Башкирское именное словообразование. – Уфа,1959; С. Муратовтың: Устойчивые словосочетания в тюркских языках. – М., 1961; 354 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 Б. Оразбаевтың: Словообразование в киргизском языке. – Фрунзе, 1964; А. Ходжиевтің: Узбек тилда кушма жуфтва такрорий сузлар. – Тошкент, 1963; П. Азимов: Туркмен дили (сөз ясайәли гошуммалар). – Ашхабад,1950; Ф. Ганиевтің татар тіліндегі күрделі сөздерді объекті етіп алып, монография жариялауы бізді осындай пікірде болуымызға себепші болады. Өйткені С. Кеңесбаев, А. Ысқақовтардың еңбектері жоғарыда аталған еңбектердің көлемімен де, қамтыған проблемаларымен де сай келе алмайды. Сондықтан да қазақ тілінде қос сөздер күрделі сөздің жасалу жолының бірі ретінде қолға алынған да, сөз таптары тұрғысынан көп әңгіме болмайды. Көп жағдайда сөз таптарына бөлінуде шатасушылық байқалады. Айталық, ауызба-ауыз, қолма-қол, жолмажол деген қос сөздерді қос сөздердің (күрделі сөздердің бір түрін) бір жасалу жолы деп түсіндіреміз де, оның қай сөз табына қатысты екенін атай бермейміз. Шындығына келгенде, бұл жол тек сын-бейне үстеуін жасаудың бір жолы деп қарау керек. Өйткені, ауызба-ауыз, көзбе-көз деген сияқты қос сөздердің басқа сөз табы болуы мүмкін емес. Ал тау-тау, төбе-төбе, қап-қап сияқты қайталама қос сөздер де оқулықтарымызда күрделі сөздердің бір түрі болып жүр. Егер байыптап, көңіл бөлетін болсақ, бұл қос сөздер түрі күрделі сөз сияқтанып, құрамы жағынан екі сөзден тұрғанымен, жаңа сөз жасалынбайды. Айталық тау-тау деген қос сөз болғанымен, жаңадан жасалған зат есім де сын есім де немесе басқа сөз табы да жоқ. Тек зат есімнің көптік мағынаны аналитикалық жолмен беруінің бір тәсілі ғана болып табылады. Мысалы, қап-қап астық дегненде көп қап астық, қатар-қатар үйлер дегенде көп қатарлы үйлер дегенді аңғартады. Сондықтан да біз қос сөздердің бәрі бірдей жаңа сөз жасамайтынын байқаймыз. Осындай қос сөздердің қыр-сырындағы бізге беймәлім тұстарын жақсы түсіну үшін және қазіргі түсініктерге дұрыс талдау жасау үшін біз қос сөздерді жалпылама алмай, оның қазақ тіліндегі жайын 10 томдық түсіндірме сөздіктегі берілуіне қарай талдауды мақсат еттік. Шындығында, қазақ тілінің түсіндірме сөздігіндегі қос сөздердің берілу жайына арнайы талдау жасағанда, тілге тиек етер бірсыпыра мәелелерге тұмсық тіредік. Сондай-ақ, қос сөздердің семантикасына көңіл аударуда да бірсыпыра морфологиялық белгілер ашылды. Айталық қос сыңарларының құамындағы дауысты дыбыстың жуанжіңішке болып келуі астан-кестен, кемпірсампыр, ұрыс-керіс немесе сыңарларының бірінде дауысты дыбыс ашық, бірінде қысаң болып келуі тарс-тұрс, бұрқ-сарқ стильдік-семантикалық айшықтар туғызады. Компонеттері мағынасыз қосарлама қос сөздерге тоқталайық. Компоненттерінің не біреуі, не екеуі жеке-дара қолданылмайтын мағынасы түсініксіз немесе некен-саяқтан ғана қолданылатын құрамнан жасалатын қосарлама сөздер екі түрлі болады:бірінші түрі бірнеше сыңары ғана түсініксіз сөздер, екіншісі – екі сыңары да түсініксіз сөздер. Бір сыңары түсініксіз қосарлама сөздер: айқай-сүрең, арық-тұрық, азын-аулақ, әуре-сараң, бала-шаға, борыш-қарыш, көл-көсір, киіз-кепшік, киім-кешек, жеңіл-желпі, жүдеужадау, т.б. Олардың бірінші сыңарлары түсініксіз қосарлама сөздер де , опыр-топыр, тай-талас, ұлан-байтақ, шардақ-шашыр,алба-жұлба, алайтүлей, ыбыр-сыбыр, ығын-шығын, екі сыңары да бірдей түсініксіз абыр-сабыр, ағыл-тегіл, алба-жұлба, алай-түлей, әңкі-тәңкі, егіл-тегіл, ығай-сығай сөздер де бар. Бұл топқа түсініксіз сыңарлардың кейбіреулерін де тіпті ешқандай да мағына жоқ болса, кейбіреулерінде әлдеқандай күңгірт я кейде азды-көпті аңғарарлықтай мағына барлығы сезіліп тұрады. Мысалы, анда-санда, кәкір-шүкір, қым-қуып, әңкі-тәңкі сияқтылардың сыңарларының жеке тұрғанда ешқандай мағына аңғарылмайды. Ал, ым-жым, ың-жың, тым-тырақай, ту-талақай, ұйпа-тұйпа дегендердің кейбір сыңарларынан азды-көпті мағынаның нышаны білінеді. Ол нышан я белгі сыңарды қазіргі тілімізде я жеке-дара жұмссалатын сөзбен, я қосарланып, я қайталанып қолданылатын сыңарлармен салыстырғанда айқындала түседі. Мысалы, ым-жым дегендегі бірінші сыңарды ым қақты (ымдасты) деген сөзге, екіншісін жымыр я жымықыр деген сөздерге (сыртқы дыбыстың жағынан да, ішкі мағыналық жағынан да) салыстырып, оның төркінін де, мағынасын да анықтауға болады. Ал, тым-тырақай, ту-талақай дегендерді екінші сыңарын тырақайлап қашты, талақай, талау сияқты формалармен ұштастырып қарауға болады. Алба-жұлба, ұйпа-тұйпа дегендердің жұлба формасын жалба-жұлма сөзімен, тұйпа дегенді ұйпалақ, ұйпалау сөздерімен әбден байланыстыруға болғандай. Екі сыңардың да мағынасы жоқ қосарлама ссөздердің кейбір компоненттері бір ғана сөздің емес, бірнеше сөздің құрамынан кездесіп отырады. Мысалы, анда-санда, оқта-санда, оқтатекте,оқтын-оқтын дегендердегі санда формасы алғашқы екі сөзде оқта (оқтын) формасы соңғы үш сөзде қатысып тұр. Ал, ың-жың дегендегі ың формасын ың-шың, ыңыру, ыңырану Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 355 сөздерімен салыстыруға болатыны сияқты, ымжым дегеннің екінші сыңарын жым-жырт, жым-жылас дегендердің құрамынан, ал тымтырыс дегеннің сыңарын тымырады, тымырайған дегендерден табуға болады. Қос сөздердің қазіргі кезде түсініксіз болып немесе мағынасы жоқ сияқтанып көрінген сыңарлары мынандай екі түрлі жолмен пайда болған. Біріншіден, әуел бастан дербес мағынасы бар белгілі бір сөз екі рет қайталанып, бірте-бірте оның я бірінші, я екінші компоненті өз мағынасын біржолата жоғалтумен (делексикаланумен) бірге, дыбыстық жағынан да тиісті өзгеріске ұшыраудың нәтижесінде өзіне тән дербестігінен айырылып, тек өзгермейтін қосарланып жұмсалатын қосалқы я қосақтама мүше ретінде ғана қалыптасқан. Екіншіден, әуел баста дербес мағыналары бар басқа-басқа екі түрлі сөз ұдайы қосарланып жұмсала-жұмсала жүріп, бірте-бірте бір сыңары, бірде екеуі де бірдей өз мағынасын я біржолата, я жартылай жоғалтып (делексикаланып), бастапқы өз дербестігінен айырылып, не тек мағыналы компонентке, не бір-біріне қосарланатын қосалқы сыңар ретінде ғана жұмсалатын болып қалыптасқан. Идиомалану, лексикалану, грамматикалану процесі – қос сөздерге тән қасиет. Мысалы, жүген-құрық, ер-тоқым, бет-жүз, ауыз-мұрын, қас қабақ тәрізді қос сөдер идиомаланып. Жүгенқұрық тигізбеу, ер-тоқымын бауырына алу, бетжүзге қарамау, аузы-мұрны қисаймау, қас-қабаққа қарау, ес-түсін білмеу сияқты аса күрделі сөздерге арналған. Тарихи шығу төркінін қалыптастыру заңдарын топшылағанда, қос сөздер мынандай екі түрлі жолмен дами-дами келіп, үлкен бір арнаға сайған: 1. Қосарлама қос сөздердің бір алуаны белгілі бір төл сөзге өзге бір рудың я тайпаның тіліндегі пара-пар я мәндес сөзді немесе көршілес, айлас-күйлес отырған я бұрынды-соңды белгілі қарым-қатынаста басқа халықтардың тілдеріндегі балама сөзді жарыстыра, қосарлап қолдану машығынан туып қалыптасқан. Бірақ бұлардың ішінен кейбіреулерінің жеке, я екі компоненті әуелгі өз мағынасын солғындатып, не бір жола оны жоғалтып (диалексикаланып), тек қосарлама сөздің құрамында ғана қолданылатын көне формаға айналған. Бұл үрдісте, әрине, тиісті фонетикалық құбылыстардың да өзінше маңызды болғаны күмәнсіз. Үрдістерді бағдарлау үшін мысалы, бала-шаға, жора-жолдас,некен-саяқ, жүдеу-жадау, тоқты-торым, дау-шар, қыз-қырқын, асауқат деген сөздерді салыстырып-ақ көз жеткізуге болады. 2. Қосарлама қос сөздердің бір алуаны сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің, айқындауыш мүшелердің логикалық, формалық, интонациялық райға қарай бірте-бірте орын жағынан да өзара орайласып, бір-бірімен үнемі жұпталып айтылып, жұпталып қолдануына сәйкес, бірде күрделі, бір бүтін тұрақты сөз ретінде,бірде бірбірінен ажырасатын бірыңғай мүшелер ретінде жұмсалу машығынан қалыптасқан. Практикада әрі байлаулы, әрі еркін қолданылатын осындай қасиет екі жағы да мағыналы қосарлама сөздерге тән. Сондықтан ондай қосарлама сөздердің компоненттері тым ауыспалы болады, бірде олар (қажет болған жағдайда) қос сөз құрамында қолданылса, сау-саламат, аман-есен, әкешеше, апа-қарындас, іс-әрекет бірде олар бірбірінен ажырап дербес, жеке-дара сөз ретінде бірыңғай мүше тізбегінде өз алдына мүше ретінде қолданыла береді (саумысың, саламатпысың? Әкеңе, шешеңе сәлем айт. Еңбек дегеніміз іс істеу, әрекет жасау деген сөз т.б.). қос сөздердің екі сыңары да бірден бірыңғай, демек, бір ғана сөз табына тән сөздерден құрылатын себебінің бір негізі олардың бірыңғай мүшелерімен ұштастығында да болуға тиіс. Ал қайталама қос сөздердің симантикалық сипатына тоқталатын болсақ, қайталама қос сөздердің түр-түрлерінің өзара мағыналық айырмашылықтары сол сөздердің қайталау түрлеріне, олардың сыртқы дыбыстық және сыртқы морфологиялық формаларына байланысты. Олай дейтін себебіміз – қайталаудың әрбір түрі я үлгісі тиісті семантикалық мағына тудыратын грамматикалық форма ретінде ретінде қалыптасқан тәсілдер деуге болады. Өйткені, қайталама қос сөздердің формаларында басқа-басқа қаншалықты түр болса олардың соншалықты мағыналық реңктері болады. Демек, өзіне тән ерекшелігі бар әрбір мағыналық реңктің өзіне лайық формасы да болады. Егер зат есімге ешқандай да қосымша қосылмай екі рет қайталанса тау-тау, сай-сай, қора-қора ол сөзден жаңа лексикалық мағына тумайды. Тек сол сияқты заттарды топ-тобымен жинақтау я бөлу мағынасы түсініледі. Мысалы, Күндіз көрген жазық жерін қазір тау шатқалындай өркеш-өркеш көрінеді (Ғ. Мүсірепов). Көп кешікпей шабындық жерлерде мая-мая шөп тұрды (С. Көбеев). Сын есімнің ешбір қосымшасыз қайталатын формасы да ол сөздің лексикалық мағынасын өзгертпейді, тек семантикасымен қолданылу 356 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 райына азды-көпті ерекшелік енгізеді. Мысалы, Банан жапырағының әр сласында үлкен-үлкен банан жемістері өседі (М. Әуезов). Ұзын-ұзын сарайлар, кең-кең қоралар көрінеді (С. Мұқанов). Бұл сөйлемдердегі үлкен-үлкен банан, ұзынұзын сарайлар, кең-кең қоралар деген тіркестердегі қайталанған сын есімдер бір жағынан өздері анықтайтын заттардың көптігін білдірсе, екіншіден сол заттардың бәрі де (я ол заттардың әрқайсысы да) бір сипатты, бір реңкті,бір сапалы екенін білдіреді. Сонымен қатар, қайталанған сын есім анықтауыш болғанда, анықталатын зат есімге көптік жалғауы жалғанбаса да оның көп екені білінеді. Бірақ әдетте, көптік жалғауының жалғанып тұрғаны дұрыс. Ал, анықтауыш қосарланған сын есім емес жалаң сын есім болғанда көптік мағынада қолданылуға тиісті зат есімге көптік жалғауы қайтсе де жалғануы шарт. Мысалы, үлкен үй және үлкен үйлер: үлкен-үлкен үй және үлкенүлкен үйлер. Жалпы алғанда бір сөздің қайталануы арқылы жасалатын күрделі есімдер күнделікті өмірде кездесетін заттарда я басқа құбылыстарда және олардың әр түрлі қарым-қатынастарында болатын көбею, топталу, есептеу, жіктелу, саралану, бөліну, жекелену сияқты жай күйлерді көбейтіп топ-тобымен я бөліп жікжігімен я саралап сала-саласымен атап анықтап білдіретін форма ретінде қызмет етеді. Қос сөздердің бұл ерекшеліктері олардың қосарланған формаларында әрқилы жалғау және басқа қосымшалар жалғанып қолданғанда сөйлемде өте жақсы айқындала түседі. Мысалы, Олар көше-көшені бойлатып,өзді-өзі сеңдей соғылысып қалып жатыр (Ғ. Мүсірепов). Ботакөз үйүйдің арасымен келе жатты (С. Мұқанов). Осындағы көше-көшені сөзі бір ғана көшені емес бірнеше көшені және оның әрқайсын деген семантикалық-грамматикалық мағынаны білдірсе, үй-үйдің сөзі әр үйдің я барлық үйдің деген сара ұғымды білдіреді.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar