Ошақ бәйге туралы

Атына қарағанда салттық салмағы көбірек сияқты, бұл бәйге астың алғашқы сегізінші қыркүйек күні түс қайта өтті. Қашықтығы 23 шақырымдық бәйгеге 93 ат қосылды. Аламанның алдындағы үлкен репетиция сынды болған бұ жарыстың бас бәйгесін белгілі сейісші таушықтық Ержігіт Табылғановтың жирен қасқасы жырып әкетті. Жүлдесі — «Жигули» автокөлігі. Түрікменстаннан келіп ат қосқан ағайын Мұңалбай Боқаевтың жүйрігі көмбеге екінші келіп, «Иж» мотоциклін жетекке алып қайтты. Ақшымыраулық белгілі атбегі Қалыңбаев Абдулланың аты мәреге үшінші жетіп, теледидарды өңгерді. Бекет Ата асында Әбекенңің қос жүйрігі торысы — ошақ бәйгеде сүлік қарасы аламан бәйгеде озып, жүлде алып иесінің де, ауылының да мерейін өсірді.

Читайте также:  Атағозы батыр туралы

Оставить комментарий