Осы заманғы рухани дағдарыс және психоанализдің рөлі

Тақырыпты талқыламас бұрын біз шешуші тарихи дәуірде Батыс адамының басына түскен рухани дағдарысты, сонымен қатар, осы дағдарыстағы психоанализдің атқаратын қызметін (функциясын) қарастыруға тиіспіз. Батыста өмір сүріп жатқан адамдардың үлкен бөлігі батыс мәдениетінің дағдарысын сезінбей отырса да (солардың көпшілігі, сірә, ұшқары қатерлі жағдайда да дағдарысқа мән бермейтін болса керек), сыни тұрғыдан ойлай білетін аз ғана бақылаулар арасында осы дағдарыс пен оның табиғаты туралы пікірге келісетіндер баршылық. Бұл дағдарысты олар malaise, ennui, mal du siecle, өмірдің солуы, адамның автоматтандырылуы, оның өзінен алшақтауы, өзге адамдардан, табиғаттан өгейсуі деп түсіндіреді. Әрине, шіркеу келімдері (приход) мүшелерінің саны қай кездегіден де көп, діни кітаптар бестселлерге айналды, Құдай туралы айтатын адамдар күн санап көбейіп келеді. Алайда, дінді осылайша уағыздау терең материалистік және діннен тыс позицияның бетпердесі ғана, мұны XIX ғасырдағы Ницше өзінің әйгілі «Құдай өлді» деген лебізімен бейнелеген тенденцияға қарсы, қауіп­қатер мен конформизмді сезінуден туған нәрсе деп есептеу керек. Мұнда шынайы діни ештеңе жоқ. Белгілі бір көзқараспен қарасақ, XIX ғасырдағы діни идеялардан алшақтау осал жетістік болған жоқ. Адам объективтілікке бой ұрды, Жер Ғарыштың кіндігі болудан қалды, адам жаратылыстағы орталық ролінен — Құдайдың өзі өзге жан­жануарларға билік жүргізуші еткен ерекшелігінен айырылды. Осы бір жаңа объективтілікті жасырын мотивтерге қатысты қарастырған Фрейд құдіреті шексіз, бәрін білетін Құдайға сенудің түп­тамырын адам тіршілігінің қорғансыздығынан тапты. Адам сол қорғансыздықтан өзіне көмектесуші, көктегі Құдайдың өзі берген әке мен шешеге деген сенім арқылы құтылуға тырысады.

Фрейд адамды адамның өзі ғана құтқара алатынын көрді; ұлы данагөйлердің ілімдері, ата­ананың, достардың, сүйікті адамдардың махаббаты мен көмегі оған тек өзі болмыстың тауқыметін тайсалмай қарсы алып, оған бар күшімен, күллі жүрегімен қарсылық көрсеткенде ғана көмектеседі. Адам әке ­ көмекші кейпіндегі иллюзорлық (елестік) Құдай бейнесін тастап кетті, сонымен бірге, ол барлық ұлы гуманистік діндердің шынайы мақсатын: өзімшіл «Меннің» шектеулі құрсауынан шығуды, махаббатқа, объективтілікке, тақуалық пен өмірді қастерлеуге жетуді ұмытты, өмірдің мақсаты өмірдің өзі екенін, адамның әу бастан белгіленген орны — оз орны екенін жадынан шығарып алды. Батыстың ұлы діндерінің мақсаты осы еді — ол мақсаттар Шығыстың ұлы діндерінің мақсатындай болатын. Алайда, Шығыс монотеистік діндердің ұмтылысын бейнелейтін трансценденттік әке ­құтқарушы ұғымымен шырмаулы емес­ті. Даосизм мен буддизм Батыс діндерінен өзінің рационалдығы мен реализмі жағынан басым түр: олар адамға объективті және шынайы тұрғыдан қарайды. Тек «оянып» үлгергендер бүл діндерде жетелеуші (басшы) болады да, op адам оянуға және нұрға бөленуге қабілетті болғандықтан, олардың соңына ереді. Шығыстың діни ақыл ­ ойы, даосизм мен буддизм (дзен ­ буддизмге келіп тоғысқан ағымдар) Батыс үшін бүгіндері маңызды болып отыруының себебі осында. Дзен­буддизм адамның экзистенциалды сауалдардың жауабын табуына көмектеседі — ең бастысы, берері де — осы тек бұл рационалдылыққа, реализмге, тәуелсіздікке, яғни, қазіргі адамның бағалы жетістіктеріне қайшы келмейді. Шығыстың діни ақыл ­ ойы, парадоксты түрде Батыстың рационды ойына қатыстық діни ақыл­ойдан да артық сәйкес келеді.

Читайте также:  Азаматтардың демократиялық қоғамдардағы басқару туралы түсініктері

Оставить комментарий