Ой жүгірту және ғылыми білім туралы

Адам ой жүгірткен кезде, бөліктерді қосу арқылы ол ойда тек дайын қосынды санды ғана құрады немесе бір қосынды санды екінші қосынды саннан кеміту арқылы қалдықты құрастырады, немесе қандай да бір нәрсені жасайды, егер ол сөз арқылы жасайтын болса, барлық бөліктер атауын жасайды немесе бүтіннің және бір бөліктің атауынан басқа бөліктің атауын жасайды немесе бүтіннің және бір бөліктің басқа атауынан басқа бөліктің атауын жасайды. Адамдар қосу және шегеруден бөлек қалай да кейбір заттар (мысалы, сандар) (2) арқылы басқа да көбейту және бөлу сияқты әрекеттерді атап көрсетеді, бірақ соңғысы мен алдыңғысының мәні бірдей, себебі көбейту дегеніміз — бір­біріне тең заттарды қосу, ал бөлу дегеніміз — ол тек қандай да бір затты екіншісінен мүмкін болғанша қайталап шегеру. Бұл операциялар тек сандарға ғана емес, сонымен бірге бірін екіншісіне қосуға немесе бірінен екіншісін шегеруге болатын кез келген заттарға да тән қасиет. Өйткені егер арифметика бізді сандарды бір­біріне қосуға және бір­бірінен шегеруге үйрететін болса, онда геометрия сызыққа, фигураларға (көлемдік және жалпақтық), бұрыштарға, пропорцияларға, уақытқа, жылдамдық, күш, қуаттылық және т.б. дәрежесіне қатысты жағдайда бізді дәл сол операцияларға үйретеді. Логиктер пайымды жасау үшін екі атауды бір­біріне қоса отырып және силлогизм құру үшін екі пайымды қоса отырып, әрі дәлелдемені құрастыру үшін көптеген силлогизмдерді қоса отырып, сөздердің реттілігіне байланысты бізді дәл соған үйретеді. Қосынды саннан немесе силлогизм қорытындысынан логиктер басқаны табу үшін бір сөйлемді шегереді. саясаткерлер адамдардың міндетін табу үшін келісімшарттарды бір­ біріне қосады, ал заңгерлер жекелеген адамдардың әрекетінен дұрыс пен бұрысты табу үшін заңдар мен фактілерді қосады. Бір сөзбен айтқанда, қосу мен шегеру орын алатын кез келген затқа қатысты, сондай­ақ ой жүгірту де болуы мүмкін, ал жоғарыдағыдай, бірінші орын алмаған жерде ой жүгіртуге де істейтін іс жоқ. Ой жүгіртудің анықтамасы Осылардың бәрінің негізінде біз соңғыны адам ақылының қабілеті қатарына енгізген жағдайдағы ой жүгірту сөзінен не түсінетінімізді анықтауға болады, өйткені осы мон тұрғысынан алғанда, ой жүгірту атап өту мақсатымен жалпы атаулар байланысын (яғни қосу жөне шегеру) санау және біздің ойларымызды белгілеу болып табылады. Біз ішімізден санап жатқан кезде мен оларды атап өту керек және біз өзіміздің есептеуімізді басқаларға дәлелдеген немесе мәлімдеген кезде мен оларды белгілеу керек деп айтамын. Ой жүгірту қай кезде дұрыс болады? Арифметикадағы сияқты тәжірибесіз адамдар қателесуі тиіс, ал профессорлардың өзі қателесуі мүмкін, дәл сол сияқты басқа түрлі ой жүгіртулерде де ең қабілетті, ең ұқыпты және тәжірибелі адамдар қателесуі және дұрыс емес ой қорытындыларын жасауы мүмкін. Бұл ой жүгірту өзінен өзі әр кезде дұрыс болады дегенді, арифметика сияқты дәл және қателеспейтін өнер болып табылады дегенді білдірмейді және бір адамның немесе сансыз адамдардың ой жүгіртулері оның дұрыстығына кепіл бола алмайды, қандай да бір есептің коп адамдармен бірауыздан қабылдануы дәл сол сияқты оның дұрыстығына кепілдік бере алмайды. Міне, сондықтан қандай да бір пікір бойынша пікірталас пайда болған жағдайда, пікір таластырушы жақтар өз еріктерімен өзара келісімге келуі керек, егер пікірталас оларды тығырыққа тіресін демесе немесе табиғи жолмен болатын дұрыс ой­пікірдің болмаған жағдайында, ол мәселе шешілімсіз қалсын демесе, онда олар шешіміне өздері бағынатын әлдебір төрешінің (арбитр) немесе соттың пікірін дұрыс деп есептеуі тиіс. Кез келген пікірталаста дәл солай істеу керек. Ал өздерін басқалардан ақылдырақ санайтын адамдар төрешінің ой­пікірінің дұрыс болуын айқай­шумен талап етеді, бірақ бұл орайда, дегенмен, олар қайдағы бір басқаның ой­пікірінің дұрыс болғандығын емес, ал тек олардың өз жеке ой­пікірлерінің дұрыс болуына күш салады, ол да, егер карта ойынында адамдар өз қолындағы басым карталарды, ойын шартына қарамастан, көзір етіп қолдана отырып, көзірді анықтағысы келетіні сияқты, адамзат қоғамында төзімсіз нәрсе. Өйткені бұл адамдар, оларды сол сәтте билеген қызығушылықтардың әрқайсысы дұрыс ой­пікір ретінде қабылдануы үшін аз талпынбайды және ол олардың өз жеке қиналыстарын талап етеді.

Соған талаптана отырып, сонымен бірге олар өздерінде дұрыс ой­пікірдің болмағандығын байқайды. Ой жүгіртудің пайдасы және мақсаты Ой жүгіртудің пайдасы мен мақсаты бірінші дефинициядан және атаудың анықталған мағынасынан алыс жататын бір немесе бірнеше байланыстардың сан жиынтығын немесе ақиқатын табуда емес, керісінше, сол соңғысынан бастап көне бір байланыстан екінші байланысқа қарай алға жылжуда болып табылады. Өйткені олар негізделген немесе солардың өзінен өрбіп шыққан барлық сол ой­тұжырымдар мен терістеулердің дұрыстығына сенімді болмайынша, соңғы қорытындының дұрыстығына сенімнің болуы мүмкін емес. Қате және абсурд туралы Жекелеген заттарға қатысты адам сөздің көмегінсіз­ақ ойлай алуы мүмкін, мысалы, ол қандай да бір заттың көрінісі болған кезде оған не нәрсенің мүмкін бастау болғанын және одан кейін ненің мүмкін болатынын болжай алады. Ол болмаған кезде, яғни оның болжамы бойынша жалғасатын нәрсе жалғаспаған кезде немесе оның болжамы бойынша алға бастау көз болатыны болмаған жағдайда, біз адам қателесті деп айтамыз. Ондай қателесуге ең ақылды адамдар да ұрынуы мүмкін. Бірақ біз жалпы мағынаға ие болған сөздермен ой жүгірткен жағдайда, жалған жалпы қорытындыға келеміз, онда бұл жағдайда, әдетте, қате туралы айтқанымен, шын мәнісінде мұнда абсурд немесе мағынасыз тіл орын алады. Өйткені қате дегеніміз — ол тек алдамшы болжам, яғни әлдебір нәрсені болды немесе болады деп, алдын ала болжағанмен, ол шын мәнісінде өткен уақытта орын алмады немесе келешекте де болмайды деген сияқты, алайда біріншісінің де, екіншісінің де мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Біз жалпы сипаттағы мақұлдау жасайтын болсақ, онда оның дұрыс болмаған жағдайында ол мүмкіндік ретінде ұсынылуы мүмкін емес. Ал айтылғанмен, құрғақ дыбыстан басқа ештеңе қабылдай алмайтын сөзді біз абсурд, сандырақ немесе қисынсыздық (нонсенс) деп атаймыз.. Міне, сондықтанда, егер әлдебіреу маған дөңгелек төртбұрыш жөніндегі немесе ірімшіктегі нан аксиденциясы туралы, немесе дерексіз субстанция туралы, немесе еркін субъект туралы, еркін ерік туралы, немесе сыртқы кедергілерден еркін болудан басқа қандай да болмасын бір еркіндік туралы айтатын болса, мен ол қателесіп тұр деп айта алмас едім, керісінше, оның сезінің мәні жоқ, яғни оның айтып отырғаны абсурд дер едім. Жоғарыда (II тарауда) мен адамның барлық басқа жануарлардан артықшылығы оның өз қабылдауы арқылы қандай да бір затты, оның қандай салдары болатынын және оның көмегімен ол қандай тиімділікке қол жеткізе алатынын зерттеу қабілетінде екендігін айтқанмын. Енді мен сол бір артықшылықтың басқа дәрежесін, яғни адамның сөздің көмегімен өзі тапқан байланысты теоремалар немесе афоризмдер деп аталатын жалпы ережелерге тоғыстыра алатын мүмкіндіктерін қоса аламын, яғни ол ой­пікір туғыза алады немесе тек сандарды санап қана қоймай, сондай­ақ бірі басқасымен қосыла алатын немесе бірі екіншісінен бөліне алатын барлық басқа заттарды да санай алады. Алайда бұл адами басымдылық қарама­қарсы артықшылықтармен байланысты, дәлірек айтқанда, адамнан басқа бір де бір тірі жаратылыста болмайтын абсурдтар артықшылығымен байланысты. Ал адамдардың ішінде көбінесе оған бейім болатыны философиямен айналысатындар болып табылады. Цицерон бір жерде философтардың кітаптарынан табуға болатын абсурдтардан басқа абсурд жоқ деп өте дұрыс айтқан. Мұның себебі айдан анық: олардың ешқайсысы өз ой­олғауларын дефинициядан немесе өздері қолданатын атаулардан бастамайды; бұл тәсіл тек геометрияда қолданылды, соның арқасында оның қорытындылары даусыз болды. Абсурд себептері 1. Абсурдтық қорытындылардың алғашқы себебін мен тәсілдің болмауына тіреймін, яғни философтар өз ой толғауларын дефинициядан, демек, өз сөздерінің мағынасын орнатудан бастамайды, олар бір, екі жөне үш сан есімдерінің дәл мағынасын білмей­ақ есеп түзе алатындай болады. Өйткені барлық денелер әртүрлі ұғынулар тұрғысы бойынша есепке алынады (мен бұл жөнінде алдыңғы тарауда айтып өттім) және де бұл ұғынулар әртүрлі атаулармен аталған, сондықтан әрқилы абсурдтар араластырудың немесе олардың атауларын мүмкін емес біртұтас бекітулерге біріктірудің нәтижесінде пайда болады. Міне, осылай. 2. Абсурдтық тоқтамның екінші себебін мен зат атауының оның акциденцияларына немесе акциденциялар атауының заттарға берілуіне телимін. Әдетте, мұны жасайтындар сенім құйылған немесе үрленген дейтіндер. Алайда басқа­басқа, заттың бір нәрсеге құйылуы немесе үрленуі мүмкін емес; ұзындық — ол зат, елес — ол рух және тағы басқалар деген тоқтамдар да сол сияқты. Үшінші себепті мен бізден тыс орналасқан денелер аксиденциясы атауының біздің өз денеміздің акциденцияларына берілуіне жатқызамын. Мұны жасайтындар былай дейді: түс денеде болады, дыбыс ауада болады және т.б. Төртінші себепті мен дене атаулары атауларға немесе тілдерге берілу жағдайына жатқызамын, оны жасайтындар жалпыға бірдей зат өмір сүреді, тірі жаратылыс, ол тек немесе жалпыға бірдей зат болып табылады және т.б. деп айтады. 5. Бесінші себепті мен акциденциялар атауы атаулар мен тілдерге берілетін жағдайға жатқызамын, оны жасайтындар былай дейді: заттың табиғаты оның дефинициясы болады, адам өмірі оның еркі болып табылады және т.б. Алтыншы себепті мен нақты сөздердің орнына теңеулерді, троптарды және басқа риторикалық фигураларды қолданудан көремін.

Читайте также:  Мәдени өзгерістің ғылыми ұстанымдары мен әдістемелері

Ауызекі тілде (мысалы): жол кетеді немесе осы жаққа әкеледі немесе осы жақтан апарды, мақал ананы, мынаны айтады (әйтсе де, жол жүре алмайды, ал мақал сөйлей алмайды) деуге болғанымен, бірақ біз ой толғаған кезде және ақиқатты жазған кезде ондай тілдік оралымға жол берілмейді. 7. Жетінші себепті мен еш нәрсені білдірмейтін, бірақ схоластикадан алынған және ипостатикалық, абстракциялық, мәңгі — қазір дегендей және сол сияқты схоластардың сандырақтарынан жаттап алынған атаулардан көремін. Кім мұндай нәрсені айналып өте алатын болса, сол оңайлықпен абсурдқа түспейді, егер ол қандай да бір ойтолғаудың ұзақтығынан болмайтын болса, ондай жағдайда алдыңғы айтылғандарды ұмытып қалуға да болады. Өйткені олардың ұстанымы (принципі) жақсы болатын болса, барлық адамдар табиғатынан бірдей әрі жақсы ой толғайды. Шын мәнісінде геометрияда қателік жасайтындай және оны дәлелдей түсетіндей өрі оны басқа біреу тауып жататын болса, онда соншама ақымақтыққа кім барады? Ғылыми білім Осыдан ойтолғауға деген қабілет сезім мен ес сияқты туа пайда болатын құбылыс еместігі, сондай­ақ ес кіру сияқты тек бір ғана тәжірибемен келе қалатын нәрсе болмайтындығы айдан анық, керісінше, ол ыждағаттықпен келеді: ең алдымен, атауларды өз орнымен қолдану арқылы, екіншіден, атауларды құрайтын элементтерден атауларды өзара қосу арқылы жасалған пайымдауларға қарай және осыдан бір пайымдаудың екіншісімен байланысының мәні болып табылатын силлогизмге қарай әрі бізді қызықтырып отырған тақырыпқа қатысты атаулардың барлық байланысы туралы білімге жетпейінше, алға қарай қозғалыстан тұратын жақсы және дұрыс тәсілді игеру арқылы келеді, міне, осыны адамдар ғылыми білім деп атайды. Сол кезде сезім сияқты ес те бізге өткен шақтық және мызғымас зат болып табылатын тек факті туралы білім береді, ғылыми байланыстар мен фактілердің тәуелділігі туралы білім болып табылады. Осындай білімнің арқасында осы сәтте біз жасай алатынымызға негізделе отырып, бұдан өзгеше бір нәрсені қалай жасау керектігін немесе, егер біздің қалауымыз солай болатын болса, басқа уақытта осыған ұқсайтынды қалай жасау керектігін білеміз. Себебі әлдебір нәрсе қандай да бір себептермен жөне қандай түрде болғанын біз көретін болсақ, егер осындай себептер біздің ықпал ету аумағымызға түсіп қалатын болса, онда осындай салдарды іске асыруға оларды қалай мәжбүрлеуге болатынын біліп тұрамыз. Сондықтан жас балалардың тілге деген қабілеті қашан болмайынша, олардың ойтолғауға деген қабілеті тіптен болмайды; дейтұрғанмен, келешекте ойтолғау қабілетін игеруге деген мүмкіндігінің айқын болуының арқасында олар ақылды жаратылыс деп аталады. Ал адамдардың басым көпшілігіне қатысты айтатын болсақ, онда әсте олардың ойтолғауға деген біршама қабілеті болады, мысалы, олардың есептеу кезінде белгілі бір дәрежеде қабілеті болады, алайда олардың оны игеру деңгейінің төмендігі соншалықты, ол оларға күнделікті өмірде өз іс­әрекеттерін біреулер жақсы, басқалары жаман игеріп жатса, онда ол олардың тәжірибелерінің әр­түрлілігіне, еске сақтаудың жылдамдығына, олардың икемділігінің бағытының әртүрлі болуына байланысты, әсіресе, сәттілікке және сәтсіздікке әрі біреудің екінші адамға қатысты қателіктеріне байланысты болады. Әңгіме ғылым туралы немесе іс­ әрекеттің белгілі бір ережесі туралы болған кезде, олардың одан алыс болатыны соншалық, тіпті оның не екенін де білмейді. Геометрияны ол адамдар сиқырлық деп қабылдайды. Басқа ғылымдарға қатысты айтатын болсақ, онда оның негіздеріне оқытылмаған адамдар және бұл ғылымдар қалай жасалынды әрі олар қалай пайда болды деген сияқтыларға көзі жете алатындай дәрежені итермелегендер, бұл тұрғыда адамның туылуы туралы түсінігі болмағандықтан, олардың інілері мен қарындастары туылмаған, оларды бақшадан тауып алған деген сияқты әжелерінің әңгімесіне сенетін жас балалар секілді болады. Дейтұрғанмен, ешқандай ғылыми білімді игермеген адам өзінің жеке жаңсақ ой жүгіртулерінің немесе дұрыс ой жүгіртпейтін адамдарға сенуінің арқасында, дұрыс емес және абсурдтық жалпы ережелерге келетін адамдарға қарағанда, өзінің табиғи ақыл тоқтатуының негізінде жақсы және біршама орнықты жағдайда болады. Өйткені себептер мен ережелерді білмегендік жалған ережелерге және өздері ұмтылған нәрсені өздері себеп ретінде, ол мұның себебі болудан гөрі, қарама­қарсы жақтың себебі болуы да мүмкін, қабылдануы адамдарды мақсатқа қол жеткізуден онша бөлектендірілмейді. Түйіндейміз. Адамзат ақылының жарық сәулесі — ол көкейге қонымды сөз, алайда ол нақты дефинициялармен орнықтырылған кез келген екіұштылықтан алдын ала тазаланған сөздер. Ойтолғау — ол қадам, білімнің өсуі — код, ал адамзат баласының берекесі — ол мақсат. Метафоралар болса жөне мағынасыз әрі екі мағыналы сөздер, керісінше, адасушы аттарға ұқсайтындардың мәні болып табылады және олардың көмегімен ойтолғау деген сөз — яғни сансыз қисынсыздықтың арасында кезіп жүру деген сөз. Олар әкелетін нәтиже — бұл алауыздық және наразылық немесе жек көрушілік болып табылады.

Читайте также:  Стационарлық және кумулятивтік тарих

Ақылмандылық және даналық әрі олардың айырмашылығы Егер бай тәжірибе ақылмандық болатын болса, онда білім байлығы даналық болып табылады. Өйткені, дейтұрғанмен де, біз оны да, мұны да даналық атауымен атаймыз, алайда римдіктер prudentia мен sapientia екеуінің арасынан әр кезде айырмашылықты көре білген, біріншісіне тәжірибе қасиетін, ал екіншісіне білім қасиетін берген. Осы қасиеттердің арасындағы айырмашылықтарды біршама айқындай түсу үшін келесі мысалдарды келтіреміз. Мысалы, бір адам өз қаруын қолдану кезінде табиғи қабілетке және ептілікке ие болса, ал басқа адам сол ептілікпен қоса, кез келген мүмкін жағдайда және қорғану әдісінде ол қарсыласын қалай жаралайды немесе қалай өзіне жарақат алуы мүмкіндігі туралы біліп алады. Ақылмандықтың даналыққа қатыстылығындай, біріншінің қабілеті екіншінің қабілетіне қатысты болады; ол екі қабілеттің екеуі де пайдалы, бірақ екіншісі — бұзылмайтын қабілет. Кім де кім тек кітаптың беделіне сеніп, көзсіздіктің артынан көзсіз еретін болса, сол фехтование мұғалімінің жалған ережесіне сенген адам сияқты болады; ол өзіне өзі сенімділікпен, оны не өлтіретіндей, не болмаса жүзін қара ететіндей күш­қайратпен жауына қарсы шабады. Ғылыми білімнің белгілері Ғылыми білімнің кейбір белгілері анық әрі қатесіз, ал басқалары анық емес. Қандай да бір зат туралы білімге иегер болуға үміткер адам оның өзі оған үйретуге қабілетті болған кезде анық болады, яғни өзінің талаптануының дұрыстығын басқаға түсінікті етіп дәлелдеуге қабілеті болған кезде. Тек кейбір жеке құбылыстар оның таққан кінәсіне сәйкес келетін және көптеген кездейсоқтықтардың салдарынан оның айтуы бойынша олар солай болуға тиісті күйде болған кезде анық болады. Ақылмандық белгілері бәрі анық емес, өйткені оларды тәжірибе арқылы байқау және жетістіктерді өзгертуі мүмкін барлық жағдайларды есте сақтау мүмкін емес. Бірақ қандай да бір істегі жетістігі үшін қажетті қатесіз білімі болмаған адамның өзінің табиғи пікір білдіру қабілетінен бас тартуы және жазушылардың еңбектерінен оқып алған әрі көптеген терістеулерге ұшыраған жалпы сентенцияларды басшылыққа алуы менсінбеушілік пен педантизм деп аталған ақылсыздықтың белгісі болып табылады. Тіптен жиналыстарда мемлекеттік мәселелерді талқылау барысында өзінің саясаттан және тарихтан хабары бар екендігін көрсеткенді сүйетін адамдардың ішінде де азғантайы болмаса, қалғандары өздерінің жекелеген мүдделеріне қатысты мәселелер туралы үйлерінде сөз қозғамайды, өйткені олар өздерінің жекелеген мәселелерінде өте ақылмандық танытады. Ал қоғамдық жұмыстарда олар істің жетістіктерінен гөрі, өзім қалай тапқыр адам ретінде танылсам деп әлек. ІХ­тарау БІЛІМНІҢ САН АЛУАН ПӘНДЕРІ ТУРАЛЫ Екі түрлі білім бар, оның біріншісі — фактіні білу, екіншісі — бір мәлімдеменің екіншісіне жүйелі түрде тәуелді екендігін білу. Білімнің бірінші түрі сезіну, есте сақтау және абсолютті білім болып табылады, мысалы, біз жүзеге асырылып жатқан фактіні бақылап отырған кезде немесе оның жүзеге асқанын еске түсіргеніміз кезде, бұл куәдан талап етілетін білім. Білімнің екінші түрі ғылым деп аталады және шартты болып табылады, мысалы, біз егер бұл фигура шеңбер екендігін білсек, онда оның ортасынан жүргізілген кез келген түзу сызық оны екі бірдей бөлікке бөледі. Бұл философтан, яғни дұрыс ойлауға тиісті адамнан талап етілетін білім.

Читайте также:  Көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдардағы тарих айту дәстүрі

Оставить комментарий