Ойыншының ойнау өнері мен зердесін шыңдау

Қазақстан Интеллектуал ұлт қалыптастыру мәселесін шешуде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың [1] «Интеллектуалды ұлт­2020» ұлттық жобасын қоғамға ұсыну арқылы жан­ жақты, білімді, мәдениетті, отаншыл, ұлтжанды ұрпақ қалыптастыру секілді іс­әрекеттерге басымдық беру қажеттігін ұлттық мақсат ретінде қойғандығы мәлім. Аталмыш жобада тікелей аталмаса да, екінші аспект түрінде аталған – ғылым саласын дамыту мен еліміздің ғылыми әлеуетін арттыру міндетін қою арқылы жас ұрпақтың логикасын парасатты ойлау дәрежесіне жеткізудегі рөлін аңдауға болады. Интеллектуал ұлт қалыптастыруды жас ұрпақтың ойлау өнерін дамытудағы басымдық екеніне тұжырым жасай отырып, болашақтағы интеллектуал ұлтты құраушы бірден­бір демографиялық негіз – бүгінгі балалар екенін ескереміз. Интеллектуал ұлтты қалыптастыруға басты тірек жас ұрпақтың логикасы мен ойлау өнерін меңгеруге қажетті кәсіби құзыретін ұдайы арттыруына қозғаушы күштің болуын қарастыру мен жүзеге асыру мейлінше маңызды. Логиканы дамытуға қатысты қазақ халқының жекелеген ойшылдарының еңбегі арқылы қосқан үлесі барын атап өту керек. Әбу Насыр әл­Фараби [2], Ж. Баласағұни [3], Қ. Иассауи [4], А. Құнанбайұлы [5], Ы. Алтынсарин [6], А. Байтұрсынов [7], Ж. Аймауытов [8], М. Жұмабаев [9], Мәшһүр­Жүсіп Көпеев [10], Ш. Құдайбердиев [11] т.б. ойшылдардың адам логикасын дамытуға қатысты, ойлау өнерін нығайту тұрғысындағы еңбектері айтарлықтай дәрежеде. Ж. Аймауытов «Психология» оқулығының екінші бөлімінде оқыту, білім мазмұны сияқты нысандарға ғылыми тұрғыда тұжырымдар жасады. Анықтап айтсақ, парасатты іс­ әрекетті «жұлма жад» сыңайында зерделеп: ілтипат, мүдде, перцептив, апперсепсе, феноменін табу, ассоциативті бағамдау, пайымдау, түйіндеу деген ұғымдармен анықтады. Адам логикасының дамуына аса зор назар аударған ғұлама Әбу Насыр Әл­Фараби [2] адамзат үшін бүгінге дейін маңызын жоймаған ақыл­парасат пен тәрбиенің рөлін ашып кетті. Ол адамда ғана болатын ең «ерекше игілік» ­ ақыл, парасат арқылы меңгеріледі деп пайымдады. Адамзаттың екінші ұстазы аталған ойшыл бабамыз ақыл мен парасат қызметінің негізін логика өнері деп қарастырады. Оның пайымынша, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастаған жөн. Осылайша Әл­Фараби адамдардың мақсатына жетуі оның өздеріне ғана байланысты екенін келтіреді. Ойлау өнеріне барлық оқытуға қатысы бар маңызды нысандар жатады. Былайша айтқанда, оқытудың бәрі үдерістік пән болып есептеледі. Зияткерлік ойынның мазмұны (біртұтас жүйесімен), әдістері, құралдары, т.б. әлеуеттері жасөспірімнің ойлау жүйесін жүзеге асыру алгоритмін түзеді. Жасөспірімнің логикасы мен ойлау жүйесін дамытудағы қолданылатын технологиялар педагогикалық және психологиялық үдерістерді жүзеге асырудан тұратындығы аян. Сол себепті жасөспірім зердесін дамытудың бір амалы зияткерлік ойындарды ойлау өнерін тәрбиелеу әдісі ретінде қолға алу болып отыр. Зерделік ойын этюдтері – ойын соңында туындайтын, жеңуді не тең ойнауды міндеттейтін ойын үдерісініңі үзіндісі. Ә.Ақшораев бұл туралы: «… этюдтерді құрудың және оны шеше білудің өз алдына жеке заңдылығы бар, әр этюдтер ойынды табысты аяқтауға машықтандыру болып табылады», – дейді. 4­12 жасар өспірімдерді бестем ойынына дағдыландыруға ойынды бүтіндей ойната бергеннен гөрі оларға ойын этюдтерін ұсынып, соның жеңіске жету жолдарын ашуға жұмылдырған тиімдірек болады. Ол үшін барлық жұп қарсыластарға бір ғана этюдті беріп, белгілі бір уақыт ішінде соны ойнап бітірткен абзал. Соңынан әр жұптың ойын үдерісін талдап, жетістік пен кемшіліктерді ортаға салса, жас ойыншылар тәжірибені тезірек әрі тиімдірек қабылдайды Жасөспірімнің тану, түйсіну, қабылдау, ойлау қабілеттері логика мен ойлау өнерінің дербес әлеуеттері ғана емес, оның шығу тегіне де қатысты екендігін пайымдаған зерттеу еңбектері ойлау өнерінің интеллекциялық әрекет әдісі болып табылатын жинау да зияткерлік ойын дағдысын сіңіру үдерісінен тұратындығын байқатты. Сонымен бірге ойлау өнерінің қағидаларын, заңдылықтарын зияткерлік ойындарды меңгеру мен зерттеу барысында қол жеткізуге болатындығын аңғардық. Зияткерлік ойын арқылы өспірім зердесін (интеллект) дамыту оларға зияткерлік ойындарды үйретіп, ойнатумен шектелмейді, жас ойыншының даму,жетілу сатыларын тұрақты түрде бақылау да осы жолдағы міндеттің бірі есебінде қамтылады. Ол үшін әрине, түрлі әдістерді қолдануға болады. Эмпирикалық түрде қадағалау бағыты бойынша бақылау,анкеталау, сұқбат алу,тестілеу секілді зерттелуші нысанмен қоян­қолтық араласу жұмысы арқылы қажетті мәлімет алу да осы жолдағы бір қадам. Атап айтқанда, бұл тарапта мынадай жұмыстар жүргізуге болады: ­ әрбір ойыншыдан бастапқы деңгейді анықтау үшін анкета алынады; ­ олардың ата­аналары мен оқытушыларынан баланың әлеуетін білуге арналған анкета алынады; ­ тоғызқұмалақшы өспірімдердің ойынды ойнауға дейінгі және одан кейінгі психологиялық бейнесін сұқбат арқылы жасап, салыстырмалы әдіспен даму сатысын анықтауға болады; ­ сондай­ақ, ойнауға дейінгі және одан кейінгі логикалық деңгей өзгерісін білуге арналған Логикалық тест өткізіп, салыстырумен логикалық­психологиялық талдамасы алынады. Жасөспірімдердің логикасына тоғызқұмалақтың ықпалын анықтауда олардың зияткерлік (интеллектуалдық) деңгейін айқындау яғни интеллектлерін өлшеу ­жаттықтырушының басты міндетінің бірі. Ол үшін интеллект өлшеу әдістемесінің диагностикасы түзілетін барынша белгілі интеллектінің екі үлгісі барын ескерген жөн: 1) Чарльз Спирмен – интеллектінің қос факторлы теориясы: кез келген зияткерлік қызметті мыналар анықтайды: әлдебір жалпы фактор (G­фактор) және осы қызметке тән (спецификалық) фактор (S­фактор). G­фактор – басты фактор ­ кез келген зияткерлік қызметтің табыстылығын анықтайды. 2) Луис Терстоун – интеллектінің мультифакторлық теориясы: әрбір бөлек интеллектуалдық акт – көптеген жекелеген факторлардың өзара ықпалдасу нәтижесі.

Читайте также:  Қылмыс артып, сенім азайып барады

Оставить комментарий