Ойыншының зердесін тексеру әдістері

Зияткерлік ойындарды өспірім логикасын жетілдіруге пайдалану бұл үдерісті үнемі бақылау қажеттігін туындатады. Ол үшін қарадүрсін әдіс жеткіліксіз, ғылыми сипаттағы әрі уақыттың сынағынан өткен әлемдік деңгейдегі зерде қабілетін тексеру әдістемесі қажет. Бүгінгі таңда ТМД елдерінде, әсіресе Ресейдегі зердені (интеллект) өлшеу үшін қолданылатын негізгі тестер ­ Дэвид Векслердің (АҚШ,1939ж) жалпы интеллектінің, вербальдық­логикалық және көру­әрекет интеллектінің, түрлі жекелеген зияткерлік қабілеттердің (жалпы білім көлемін, мүдденің бағытталуы мен кеңдігі, сөздік қорды қолдану, пайымдай білу, логикалық жалпыластыруға қабілет, назар мен жад, көру­қимыл үйлесімі және т.б.) даму деңгейін өлшеуге арналған «Интеллект құрылымы» тестлері. Бұл 5­75 жас аралығындағы адамдарды 11 субтестімен (Wechsler D. Manual for the Wechsler Adult Intelligence Scale. N.Y., 1955) тестілеу әдісі болып табылады. Соған сәйкес ересектер мен балаларға арналған тест нұсқалары болады [47]. Векслер тесті (басқаша: Векслер шкаласы, Векслердің интеллект тестісі, WAIS, WISC деп атала береді) батыс елдеріндегі зердені зерттеу тестлерінің ең танымалдарының бірінен саналады. Автор ­ Дэвид Векслер (1896—1981), америкалық клиникалық психиатр, Нью­ Йорк университеті Медициналық колледжінің клиникалық психологиясының профессоры. Қазіргі кезде Д.Векслер тестісінің 3 нұсқасы қолданыста: ­ WAIS (Wechsler Adult Intelligence Scale) тесті ересектерге (16­64 жас аралығы) арналған; ­ WISC (Wechsler Intelligence Scale for Children) тесті балаларға (6,5­16,5 жас аралығы) арналған; ­ WPPSI (Wechsler Preschool and Primary Scale of Intelligence) тесті балдырғандарға (4­6,5 жас аралығы) арналған. Ресейде WISC тестін бейімдеген А.Ю.Панасюк (1973 г.), елдің жағдайына сәйкес келмейтін тапсырмаларды қайта қарастырды. Оның өзгерісі, әсіресе, вербальдық бөлімдерге ­ «Ұғымпаздық», «Хабардарлық», «Сөзуарлық», «Ұқсастық» субтестілеріне қатысты. Сондай­ақ, 1992 жылы (Киевте) Украинаның психологиялық ҒЗИ психодиагностика бөлімінің Ю.З.Гильбух жетекшілігімен WISC тестісі басқа орыстілді бейімдеуден өтті. Вербальдық субтесттер: 1. Жалпы хабардарлық субтесті. Қарапайым мәліметтер мен білімдерге қатысты қорды тексереді. 29 сұрақ қойылады, әрбір дұрыс жауап үшін баға ­ 1 балл. 2. Жалпылама ұғымпаздық субтесті. Ұғымдардың мәнін ұғудың толықтығын, пайымға деген қабілетті, қоғамдық нормаларды түсінуді тексереді. 14 сұрақ беріліп, оған жауаптың нақтылығына сәйкес ­ 0, 1 немесе 2 балл беріледі. 3. Арифметикалық субтест. Назарды жұмылдыра білуді, сандық материалға әрекет ете білуді бағалайды.Сыналушы арифметикалық есептер жыймасын ауызша шешуі қажет. Баға жауаптың дәлдігіне ғана емес, есеп шығаруға кеткен уақыт та бағаланады. 4. Ұқсастықты тану субтесті. Ұғымдарды түзуге, жіктеуге, реттеуге, абстракциялауға, салыстыруға деген қабілеттер бағаланады. Сыналушы жұп ұғымның арасындағы ортақ қасиетті біліп, сипаттауы тиіс. Баға қорыту деңгейіне орай: нақтылау, функционалдық, тұжырымдық деңгейлерге қол жеткізуге қарай 0­ден 2 баллға дейін беріледі. Субтесте 13 жұп ұғым беріледі. 5. Сандық қатарлардың қайталану субтесті. Әрекетшіл (оперативтік) жад пен назарды тексеруге бағытталған, екі бөлімнен тұрады: есте сақтау және сандарды тура және кері ретпен қайталау. 6. Сөзуарлық субтест. Вербальдық тәжірибені (сөздердің мазмұнын ұғу мен анықтай білу) зерделеуге бағытталған. Бірқатар сөздердің мәнін айтып беру ұсынылады. Барлығы тапсырмада 42 сөз болады: алғашқы 10 – мейлінше кең таралған, күнделікті қолданыстағы сөздер; келесі 20 – орташа күрделі; үшінші топқа 12 жоғары деңгейлі күрделі сөздер кіреді. Баға – 0­ден 2 баллға дейін қойылады. Бейвербальдық субтестер: 7. Цифрларды таңбалау (шифрлау) субтесті. Көру­қимыл дағдысын меңгеру деңгейін тексереді. Тапсырма: әрбір цифр астындағы торкөзге сәйкес таңба (таңбалар жыймасы) жазу ұсынылады. Орындау уақыты шектеулі. Баға дұрыс таңбаланған цифр санына сәйкес қойылады. 8. Жетпес егжейлерді (деталь) табу субтесті. Көре білу қабілетінің, байқампаздық, басты егжейлерді ажырата алу қабілетін тексереді. Сыналушыға 21 сурет беріледі, олардың әрқайсысынан жетіспес бөлшек болмаса сәйкессіздік табу керек.Дұрыс жауап баллмен бағаланады. 9. Костың кубтар субтесті. Сенсомоторлық координацияны, бөліктерден бүтінді жинау қабілетін тексеруге бағытталған. Сыналушыға алуан түсті ағаш кубтардан он сурет үлгісін құрау ұсынылады. Уақыт шектеулі. Баға тапсырманы дәл орындау мен оған жұмсалған уақытқа орай беріледі. 10. Көріністер тізбегінің субтесті. Үзіктерді логикалық бүтінге айналдыру, жайттарды түсінуге және оқиғаны алдын ала сезуге деген қабілетті зерттейді. Тапсырмада сегіз түйдек көрініс (картина) беріледі. Әрбір көрініс түйдегі сюжетке біріккен, сыналушы оларды белгілі бір логикаға сәйкес тізбектеп жайғастыруы керек. Баға шешімнің дұрыстығы мен уақытына сәйкес қойылады. 11. Фигуралар құрау субтесті. Бөліктерден бүтінді құрау қабілетін зерделеуге бағытталған. Сыналушыға белгілі бір тізбекке сәйкес төрт фигураның («адам», «профиль», «қол», «піл») егжейлерін бұлардан бірдеңенің құралатыны көрсетілместен беріледі.Бағалауда жұмсалған уақыт пен шешімнің дұрыстығы ескеріледі. Бұл тестерді сынаушы бәрін бір уақытта өткізбей, өзінің қалаған кезінде және түрлі кезеңдерде түрлі көрсеткіш бойынша сынауды ұйымдастыруына қарай қолданады. Нақты мысал ретінде «Тұран­Астана» университеті мен «Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі жасасқан келісім­шарты негізінде жүзеге асырылған эксперимент барысын ұсынып отырмыз. Бұл тәжірибелік жұмыс Астана қаласындағы № 56 мектеп­лицейінің 5 «г» сыныбы (22 оқушы) мен № 7 мектеп­ гимназиясының 5 «ә» сыныбында (17 оқушы) өткен еді. Зерттеу барысы алдын ала жоспарланып, қатысушыларға ыңғайлы мезгілде өткізу қолға алынды. Жоспарланған эмпирикалық тәжірибе сәйкесінше мыналар атқарылды: ­ оқытушылары мен жаттықтырушылардан анкета алу арқылы зерттелетін жасөспірімдердің педагогикалық­психологиялық картасы жасалды; ­ логикалық тест­бақылау өткізу арқылы салыстырмалы екі топтың – тоғызқұмалақ ойнайтын және ойнамайтын топтардың логикалық­психологиялық деңгейі салыстырыла отырып талданды.

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ НЕСИЕЛЕР ЖАҒДАЙЫ

Оставить комментарий