Қозғалыс ұстанымдарындағы кейбір ұлттық идеялар

Қазақстанда кейінгі жылдары ұлттық идеология тұрғысында әр түрлі пікірлер баспасөз беттерінде айтылып жүр. Кейбір авторлар ұлттық идеологияны жасауға байланысты өз пікірлерін жариялап, мемлекеттің әлі бұл мәселеге мән бермей отырғандығын алға тартады. Жалпы идеологияны таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін қоғамдық сана, яғни саяси­құқықтық, ғылыми­пәлсапалық, адамгершіліктік­эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялық идеялар жүйесі деп түсінетін болсақ, мемлекеттік ұлттық идеология сол мемлекеттегі өмір сүретін барлық ұлттар мен ұлыстардың, ең бастысы адамның мүддесіне сәйкес болуы қажет. Олай болса, біздің мемлекетімізде мүлде ұлттық идеологияның нышаны жоқ деу арқылы біздің түпкілікті қателесуіміз мүмкін. Өйткені мемлекетіміз өз тәуелсіздігін жариялағаннан бастап­ақ әртүрлі мемлекеттік маңызы бар нормативтік­құқықтық актілерде өз мақсат­ мүдделерін нақты, айқын түрде көрсетіп жүр. Дегенмен әлі күнге барлық қазақстандықтардың басын біріктіретін, олардың осы мемлекетте өмір сүріп, өз ұрпақтарын осы мемлекет аумағында өсіріп, оны сүюге, мақтан етуге, жан­тәнімен оны қорғауға деген сезімін тудыратын идеялар жиынтығының болмауын мойындамасқа болмайды. Қазірде бізде тек ұлттық идеологияның алғы шарттары ғана жасалған деуге болады. Ресейлік ғалым А. Владимиров ұлттық идеяға белгілі бір талаптар қояды: «Национальная идея должна быть: ­ цельной, то есть содержать в себе базовые ценности как цели нашего личного и национального (государственного) бытия; ­ интересной, то есть отражающей коренные интересы личности, народа (и государства) и понятной им; ­ понятной миру; ­ не конфронтационной и объединяющей; ­ квинтэссенцией здравого смысла; ­ устремленной вперед и «вовне», через совершенствование «внутри»; ­ с неоспоримой перспективой развития; ­ понятной в своей стратегии и механизмах программного воплощения; ­ способной обеспечивать получение первых позитивных результатов как точек роста в ближайшем обозримом будущем; ­ с собственной внутренней структурой, в том числе иметь уровни идеи, объединенные едиными ценностями, базовыми подходами и общим замыслом воплощения; ­ базовой основой согласия в обществе и единой координационной платформой практической деятельности всех органов власти»[ Владимиров А.И. О национальной государственной идее России. ­ М.: Маркетинг, 2000. ­62 б.]. Алайда ұлттық идеологияның негізінің бірден жасалына салмайтындығын, сондай­ақ бір қойылатын қатаң талаптар шегінде ғана жасалуы мүмкін еместігін, біртіндеп, мемлекеттің даму тарихына байланысты жылдар бойында қалыптасатындығын ескерсек, алғаш тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалауға өзінше үлес қосып, өз идеялары үшін күрескен Азат қозғалысының қазақстандық ұлттық идеяның негізінің қалануына атсалысқанына ешкім де дау айта алмайды деп сенуге болады.

Мемлекетіміз өз тәуелсіздігін жарияламастан бұрын мемлекеттілік, адам құқығы, демократия, жариялылық, билік бөлінісі, зайырлылық және тағы да басқа идеяларды көтерген Азат қозғалысы ұсынған саяси­құқықтық идеялар бүгін де мемлекетімізде өз қолданысын тауып келеді. Енді Азат қозғалысы ұсынған ұлттық идеологияға қатысты мәселелерге тоқталсақ, ол үшін қозғалыс қабылдаған ресми құжаттарына жүгінген жөн. Айта кететін бір жайт, осы қозғалыс қабылдаған және жоба ретінде ұсынған құжаттарда көзделген саяси­құқықтық идеялар кейіннен тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің көптеген негізгі нормативтік құқықтық актілерінде орын тауып, мемлекеттік саясаттың басты бағыттарына айналды. Қозғалыс жарғысында орын алған саяси­құқықтық ұстанымдар қозғалыс ұсынған конституция және егемендік туралы декларация жобаларында нақтыланып, толықтырылып беріледі.

Читайте также:  Сабақ кестесі туралы

Сол кезең үшін басты мәселе болған тәуелсіздік мәселесін қозғалыс 1 шілде 1990 жылы қабылданған жарғысында басты мақсат ретінде көрсетті: «Халықаралық одақтық шартпен біріккен, еркін тәуелсіз мемлекеттердің ынтымақтастығы аясында Қазақстанның мемлекеттік егемендік алуын Азат қозғалысы өзінің ең басты мақсаты санайды» [Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысының жарғысы // Азат. ­ 1991. – қаңтар (№1). – 4 б.]. Қозғалыс мемлекеттің тәуелсіз болуын, сол арқылы өз тағдырын өзі шешуін және өз тәуелсіздігі үшін күресуін жақтайды, өйткені мемлекет өзгенің боданы болған кезде ондағы жергілікті халықтың мүддесіне сай келетін және ол ұлттың өз құндылықтарын сақтап, ары қарай дамытуына жағдай туғызатын саясат жүргізілмейтіндігін уақыт өзі дәлелдеп берген еді. Сонымен қатар жарғыда мемлекеттік биліктің түбірімен өзгеріп, оның орнына халықтық өкімет, яғни халықтың еркі негізінде жасақталатын мемлекеттік билік органдарының құрылуы, сондай­ақ мемлекеттің өз Ата заңы конституциясы халықтық електен өту арқылы қабылдануы да негізгі мәселелердің бірі ретінде қарастырылады. Бұл құжатта мемлекеттік біртұтастық, аумақ бөлінісіне жол бермеу де назардан тыс қалмаған. Мемлекеттік билік бөлінісі, заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарының өзара тепе­теңдік және тежемелік қағидасы негізінде қалыптасуы, қоғамның демократияландырылуы, жариялылыққа, ой және сөз бостандығына жол беру, азаматтардың сайлау және сайлану құқықтарының дамуына ықпал жасау мәселелері де Азат қозғалысының негізгі ұстанымдарының қатарында болды. Жарғыда нарықтық экономикалы мемлекет құру, онда барлық меншік түріне мемлекет тарапынан кепілдік берілу мәселелері де көзделген. Қозғалыс сол уақыттағы шешілуі қиын болған инфляция, жұмыссыздық сияқты күрделі құбылыстарды шешуді мемлекеттің басты міндеті ретінде көрсеткен.

Қозғалыс жарғысының алғашқы бабы қозғалыстың Қазақстан жерінде гуманистік, әлеуметтік және тарихи­ұлттық әділеттілікті мақсат тұтатын, бейбітшілік сүйгіш, иманжүзді, қазіргі дәуірге сай демократиялық тәуелсіз мемлекет орнату жолында күресетін барлық тұлғалардың басын біріктіретіндігін мәлімдейді. Зерделеп қарасақ, осы баптағы қозғалыстың алдына қойған мақсатынан құрылуға тиіс мемлекеттің басты мақсаты адам және ұлт мүддесі үшін қызмет жасау болуы қажет екендігін көреміз. Одақ ыдырамастан бұрынғы кезеңде Қазақстанда ең алғаш рет орныққан коммунистік режимнің ұстанымдарын жоққа шығарып, оның орнына гуманистік бағыттағы, адамның жеке бас бостандығы мен таңдау еркіндігін басты орынға қоятын, сондай­ақ халық жадынан өшірілген тарихи құндылықтарды қайта жаңғырту арқылы, ұлттық сананы қайта қалыптастыру, ұлттық тіл, діл, дін мәселелерін өз деңгейіне көтеру үшін күресуге бел буған қозғалыс мүшелерінің сол кезең үшін батыл шешімге келуінің өзі біраз жайды аңғартқандай. Қозғалыс мемлекеттің егемендік алуын ұлттардың өз рухани құндылықтарымен қайта қауышып, ұлттық сананың жаңғыруының кепілі деп санайды. Бұл жерде тек қазақ ұлтының ғана емес республиканы мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың бір­біріне кедергі келтірмей жоғалтқан құндылықтарымен қайта қауышуы басты мақсат болып саналады, мемлекет тәуелсіздігі мен ұлт, адам бостандығы қатар алынады. Сонымен қатар қозғалыс өзінің ең негізгі мақсатының бірі ретінде республиканың байырғы тұрғындары қазақ ұлтының ұлт ретінде өз­өзіне келіп, жоғалтқан құндылықтарын қайта жаңғыртуын, өзге ұлт өкілдерімен теңесіп, өзінің ұлт ретіндегі ұлттық абырой сезімін оятуды қояды.

Читайте также:  Социализм моральдық нұсқау ретінде

Қозғалыс мүшелерінің назарынан мемлекеттің болашағы жастарды тәрбиелеу, оларды отаншылдыққа баулу мәселесі де тыс қалмаған. «Азат» қозғалысы ұсынған тәуелсіздік туралы декларация жобасында жастар туралы заң қабылдану қажеттігі, сонымен қатар жас мамандарды шет елдерге жіберіп оқыту арқылы мемлекеттің барлық салаларын білікті мамандармен қамтамасыз ету бағдарламасын жасау нақты мақсат ретінде атап көрсетілген. Сонымен қатар осы құжатта алғаш рет мемлекеттегі ұлтаралық татулық пен достастықты қамтамасыз ету үшін Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі құрамында республиканың өмірінің барлық салаларында ұлттық топтардың белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ететін ұлттар кеңесін құру да көзделеді [Гражданское движение Казахстана «Азат», из декларации основных целей и принципов» // Горизонт. ­ 1990. – 8 сентября. – 5 б.].

Қозғалыс Қазақстанда өзге ұлт өкілдерінің мүддесіне қайшы келместен ұлттық мемлекет құруды көздейді, ол туралы қозғалыс белсендісі С. Өзбекұлы ұсынған мемлекеттің конституциясының жобасының 1­бабы келесідей мазмұнда беріледі: «Қазақ республикасы – тәуелсіз, демократиялық, ұлттық мемлекет», сондай­ақ, жобада мемлекеттік тіл қазақ тілі болып бекітіледі. Осы конституция жобасында мемлекеттің егемендігі халық қолында екендігі, сонымен қатар мемлекеттік биліктің де иесі халық екендігі баса көрсетіледі. Сонымен қатар ұлттық мемлекет болғандықтан республикалық заңдардың жергілікті халықтың дәстүрі, әдет­ғұрпы мен демографиялық ерекшеліктері негізінде қабылдануы қажеттігі алдыға тартылады [Өзбекұлы С. Қазақ Республикасының конституциясы (жоба) // Азат. ­ 1991. – қаңтар (№1). ­ 2­3 бб.]. Дегенмен, осы ұлттық заңнама, ұлттық мемлекет жөніндегі ұсыныстар өз уақытынан өте ерте ұсынылғанын уақыт көрсетті және осы идеялар арқылы сол кездегі қазақстан халқы Азат қозғалысын ұлтшыл ретінде айыптаған еді.

Жоба авторы мемлекеттік елтаңба, жалау және гимн сияқты рәміздердің де халықтық талқылау арқылы қабылданатынын ескерте кеткен. 19­шы бап Қазақ республикасы азаматтардың жеке меншігіне, үй­жайына, хат­хабар құпиялылығына ешкімнің қол сұқпауын қамтамасыз етеді. 20­шы бапта Қазақ республикасының азаматы заңсыз жауапқа тартылса ол барлық саяси, әлеуметтік, азаматтық, мүліктік құқықтарын орнына келтіруге хақылы екендігі нақтыланады.

Жобаның 7­ші бабы мемлекеттің барлық азаматтарына олардың ұлтына, нәсіліне, тегіне, әлеуметтік­мүліктік жағдайларына, діни нанымына, партиялық мүшелігіне, кәсібіне, тұрғылықты жеріне қарамастан Конституцияда көзделеген барлық праволар мен бостандықтарға кепілдік беретіндігін және азаматтық пен тең құқылыққа қол сұғу заң бойынша жазаланатындығын бекітеді. Қозғалыс көппартиялылықты, саяси құқықтық идеялар плюрализмін қолдайды және осы жобада конституция шеңберінде қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің мемлекет және қоғам өміріне қатысуына кепілдік берілу қажеттігін алдыға тартады. Діни сенім, адамдардың дін таңдау құқығы әр адамның еркінде болуы, мемлекеттің діннен, діннің мемлекеттен алшақ болуы, зайырлы мемлекет құру мәселесі де қозғалыстың қаперінен тыс қалмаған.

Біз жоғарыда ұлттық идеологияның мемлекет емес жеке адам мүддесі үшін жасалынуы қажеттігін сөз еткен едік, автор өзі ұсынған жобаның екінші бөлімін азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне арнайды. Ондағы басты қағида 14­бапта көзделеді: «Қазақ республикасында азаматтарға заң тыйым салмаған нәрсенің бәріне рұқсат етіледі», ал кеңестік режимде бұл қағида керісінше мағынада жұмыс жасағанын ескерсек, қозғалыстың ең гуманды бағытты заңнамасы болатын мемлекет құру ниетінде болғанын көреміз.

Читайте также:  САЯСАТТЫҢ ЖАҢА ҚЫРЛАРЫ

Қозғалыс жоғарыда көзделген мақсаттарға қол жеткізудің бірден­бір жолы ретінде республиканың тәуелсіздігін жариялауын көреді және тәуелсіздік алған соң осы мемлекеттің байырғы тұрғындары, қазақ ұлтының қайта жандануына мемлекет мейлінше жағдай жасайды деп сенеді, тәуелсіздік пен ұлттық қайта жаңғыру ұғымдарын қатар қояды. Дегенмен, тәуелсіздік алған күннің өзінде де мемлекеттің тек осы мәселеге айрықша мән беруі ол ұстанып отырған саясатқа қатысты болатындығын ескермейді. «Обладание же государством само по себе еще не дает нации мирового признания, более того, в зависимости от жесткости его структур и режима, государство может серьезно тормозить процесс восхождения нации к своему человеческому достоинству (взять, к примеру, русскую нацию в России сталинского прошлого или грузинскую нацию в гамсахурдиевской Грузии). Потому как независимость государства далеко не всегда влечет свободу нации и человека, отождествлять независимость и свободу не следует» [Котов А.К. Восхождение к национальному: к концепции права человека на национальное достоинство. ­ Алматы: Рауан, 1992. – 31 б.]. Айта кетуіміз керек, тәуелсіздік алғанымызға он сегіз жылға аяқ басқанына қарамастан нақты қазақстандықтардың басын біріктіретін ұлттық идеологияның өмірге келмеуі көңіл қынжылтады. Әр адамның өзінің осы мемлекетте өмір сүруінің мәнін неден, нендей жалпылама идеядан және мақсаттан көруі қажеттігін ашып көрсету және оның осы мемлекетте өмір сүретіндігін мақтан етіп қана қоймай, осы құндылықтарды барынша қорғаштап, сол құндылықтардан өзіне қуат пен күш­жігер алуын қамтамасыз ету ­мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Кейбір авторлар тіпті мемлекеттің ұлттық идеологиясыз өмір сүруін жоққа шығарады. «Государство, не имеющее национальных интересов, нельзя называть государством в полном смысле этого слова. Это лишь набор властных структур, функционирующих за счет своего населения. Такое состояние государства просто недопустимо и далее продолжаться не может и не должно» [Владимиров А.И. О национальной государственной идее России. ­ М.: Маркетинг, 2000. – 59 б.].

Жалпы алғанда Азат қозғалысы өзі белсенді түрде қызмет еткен қысқа кезең ішінде бүгінгі күні үлкен мәнге ие болып отырған жайттар туралы саяси­құқықтық ой­пікір қалыптастыра білді, сондай­ақ өз ұстанымдары үшін батыл қадамдарға бара алды. Қозғалысқа өзі қызметін бастаған уақыттан бастап әсіре ұлтшыл бағыттағы ұйым ретінде баға берілгенімен, оның ұсынған саяси­құқықтық идеяларынан біз тек жалпы қазақстандықтарға бірдей, тең негізде құқық беретін, гуманды бағыттағы, демократиялық, құқықтық мемлекет құру мақсатын көре аламыз. Қозғалыс көсемдерінің бірі М. Исиналиев қозғалыс жайлы пікірін былайша білдіреді: «Гражданское движение Казахстана «Азат» и возникло как движение демократическое, гуманное, чтобы, во­ первых, способствовать росту национального самосознания одних, которые в своих желаниях полагались бы на свою организованность и активность действий, не надеясь, что кто­то добровольно преподнесет республике суверенность, ибо не для того столетиями, где насильно, где открыто, а где завуалировано, проводилась колонизаторская политика, насаждалась психология отношений метрополии и колонии. В советский период эта политика отличалась лишь тем, что была глубоко и утонченно замаскирована под идеологической фразеологией.

Оставить комментарий