Паралогия арқылы легитимация

Енді легитимация проблемасы жөніндегі дәйектер бүгінгі күн тұрғысынан біздің қойған мәселені шешуге жеткілікті келтірілді дейік. Ұлы әңгімелер енді әңгімеленбейді; және постмодернистік ғылыми дикурсты ақтау үшін біз Рух диалектикасына да, адамзатты азаттау ісіне де жүгіне алмаймыз. Бірақ, біз жаңа ғана көргеніміздей, «кіші әңгіме» шығармашылық және ең алдымен ғылыми қиял үшін үлгілі форма боп қала береді. Өзге жағынан, заңдылық критерийі ретіндегі консенсус принципі де жеткіліксіз. Немесе ол ғылыми парасат және тәуелсіз ерік ретіндегі адамдар арасындағы келісім және ол диалог арқылы алынған. Біз дәл осы форманы дамыған күйде Хабермаста табамыз. Алайда, бұл концепция азаттық жөніндегі әңгіменің заңдылығына негізделеді. Немесе жүйе оны нәтижелілікті қолдау және жақсарту мақсатындағы өзінің бір құрамасы ретінде пайдаланады. Луман мағынасындағы административалық процедуралардың объектісі қажет. Сөйтіп, әңгіме тек нақты мақсатқа, — өндіріс жүйесін заңдастыратын — жету құралы бола алады. Демек, мәселе, тек қана паралогияға негізделген легитимацияның болу мөлшерін анықтау. Негізі, паралогия мен инновацияны айыру керек: соңғысын жүйе өзінің тиімділігін күшейту үшін талап етеді, ал, біріншісі — мәнісі көбінесе мойындалмайтын тәсіл. Іс жүзінде көбінесе (бірақ, міндетті емес) бірі өзгесіне айналады және бұл болжамға онша әсер етпейді. Егер ғылыми прагматиканы суреттеуден шықсақ (7 тарау), онда келіспеушілікке шүйліккен жон. Келісім ол көкжиек; оған жету беймүмкін. Парадигма басшылығымен жүргізілетін зерттеулер кереғар пікірлерді тегістеуге тырысады; ол технологиялық, экономикалық, немесе көркем болсын, бір идеяны жетілдіруге ұқсас. Бірақ, әрқашанда біреу келіп «ақылды» тәртіпті бұзатыны қайран қалдырады. Түсіндіру мүмкіндіктерін тұрақсыздандыратын және ой үлгілерін өкімдеуде көрінетін, немесе жаңа зерттеу алаңын суреттейтін ғылыми тіл ойынының жаңа ережелерін ұсынатын күш бар екенін болжау керек. Том «морфогенез» деп атаған процесс ғылыми өмір үлгісінде танылады. Ол да ережелерге бағынады (катастрофалардың класстары бар), бірақ оның детерминациясы әрқашанда шектеулі. Ғылыми дискуссияға ауыстырылған және уақыт перспективасында орнатылған бұл ерекшелік «жаңалық ашудың» болжамсыздығымен әйгіленеді. Мөлдірлік идеалына қатысты ол келісім сәтін кейінірек шегіндіретін қараңғылық тудыру факторы болады.

Бұл нақтылау жүйе теориясының және ол ұсынған легитимацияның еш ғылыми негізі жоқ екенін көрсетеді: біріншіден, ғылым өз­өзі ретінде өз парадигмасында тірлік етпейді, екіншіден, қоғам бұл парадигмаға сәйкес қазіргі тылым терминдерінде суреттеле алмайды. Бұл тұрғыда Луман аргументацияның екі маңызды бабын қарастырайық: бір жағынан, жүйе тек күрделілікті кеміткенде ғана тірлік ете алады, ал өзгесінен, ол тұлғалардың үміт, армандарын, өз мақсаттарын икемдеуі тиіс. Күрделілікті кеміту жүйе компетенциясымен өнімді көбейту үшін талап етіледі. Егер барлық хабарлар барлық тұлғалар арасында еркін айналса, онда ақпараттың үлкен көлеміне байланысты дұрыс таңдауға тоқталу үшін, шешім қабылдау мерзімін ұлғайтуға тура келер еді, ал оның ақырында нәтижелілік түсер еді. Расында да, жылдамдық ансамбль өнімділігінің құрамасы. Егер біз үлкен апаттар қаупіне ұрынғымыз келмесе, бұл «молекулярлы» пікірлерді есепке алмаймыз. Луманша, — және бұл екінші баб, — тұлғалық үміттерді «ешқандай апаттарға ұшырамайтын» өтірік үйрету процессі арқылы басқаруға болады, онда үміттер жүйенің шешімдерімен сәйкес болады. Соңғылар үміттерді қанағаттандыру үшін тірлік етпейді: үміттердің өздері осы шешімдерге, немесе олардың нәтижелеріне талпынуға тиіс. Әкімшілік процедуралар тұлғаны жүйеге оның нәтижелілігі үшін керек нәрсені істеуге мәжбүр етеді. Бұл перспекгивада телекоммуникация техникасы мен информатиканың қандай қолданысқа түсетінін көруге болады. Контекстін бақылауы мен билігі өз­өздігінен құнды деген идеяның белгілі мөлшерде негізі бар — олардың жоқтығынан бары жақсы. Перформаттылық критерийінің өз «артықшылығы» бар. Жүйе метафизикалық дискурсқа байлануды қажет етпейді, ол қиялдардан бас тартады, ол үшін айқын зерде мен суық жігер қажет, ол мәндерді анықтаудың орнына интеракциялардың есебін қояды; «ойыншылар» жауапкершілікті тек өздерінің тұжырымдары тана үшін емес, бұл тұжырымдарды өздеріне бағындыратын ережелер үшін де қабылдау керек. Сөйтіп, олар тұжырымдарды жағымды қылады. Ол білімнің прагматикалық функцияларын айқын көрсетеді, егер олар тиімділік критерийіне бағына алатын болса: айғақтардың прагматикасын, дәлелді келтіруді, мәлім нәрсені таратуды, қиялдауға үйренуді. Жүйе барлық тіл ойындарын дамытуға, бұл ойындарды тануға өз үлесін қосады (олар, тіпті, дәстүрлі білімнен босатпаса да); ол кәдімгі дискурсты метадискурсқа айналдыруға тырысады: кәдімгі тұжырымдар өз­өздерін және түрлі прагматикалық жағдайларды келтіре беруге бейім, әйтсе де, соңғыларды оларға қатысты актуалды хабарлармен салыстырған жөн. Ол ғылыми коммуникация өзінің тілін сындырып, қайта жасағанда өз жұмысында кездестіретін ішкі коммуникация проблемаларының табиғаты әлеуметтік қоғамдастықтар табиғатымен ұқсас деген идеяны алға тарта алады.

Читайте также:  Тарихты қамтымайтын анықтаманың қарама­-қайшылығы

Жүйе тіпті жанжал жасау қаупін тудырып, өзінің артықшылығына өзінің мығымдылығын да балай салады. Өнімділік критреийі шеңберінде сұрау «яғни, өкімдеудің формасы) өзінің қанағаттанбаған сұраныстан туған азаптан шыққандығынан ешқандай легитимділікті шығара алмайды. Хұқық азаптан емес, жүйені тиімді қылатын зерттеуден туындайды. Нағыз бейшараланғандардың сұранысы жүйенің реттеушісі болып қызмет етуге тиісті емес, өйткені оларды қанағаттандыру тәсілі бесенеден белгілі және, демек, оның нәтижелілігін жақсартпайды, тек қана шығынды көбейтеді. Жалғыз ескерту: қанағатсыздық ансамблді тұрақсыздандырады. Өзінің еркіне қарсы, зорланып, жүйе әлсіздікке икемделуге мәжбүр. Бірақ, оған «өмір» үлгілерін қайта тарататын деп жорамалданатын жаңа сұраныстар туғызу қасиеті тән. Бұл тұрғыда адамзатты өзінің артынан сүйреткен белгілі бір авангардистік машина сияқты. Ол оны басында адам қалпынан айырса, наративты өнімділіктің өзге деңгейінде қайтадан адам қалпын қайтарады. Технократтар қоғам өзіміздің сұранысымыз деген нәрсеге сене алмайды. Олар қоғамның өзі оны біле алмайтынын «біледі», өйткені сұраныстар жаңа технологияға тәуелді қосындылар. Осыдан шешім қабылдайтын кісілердің тәкаппарлығы мен көрсоқырлығы да туады. Бұл «тәкаппарлық» олар өздерін әлеуметтік жүйемен біртұтас санайтындығынан туындайды. Ал, соңғыны олар өзінің аса перформатты бөлігін іздеген тұтастық деп санайды. Егер енді біз ғылыми прагматикаға бұрылсақ, ол бізге ондай баламалылықтың беймүмкіндігін көрсетеді: бірде бір ғалым принципті түрде білімнің бейнесі бола алмайды және зерттеудің «сұранысын» тұтастық ретіндегі ғылым үшін перформатты бола алмады деп жоққа шығара алмайды. Зерттеудің кәдуілгі жауабы одан гөрі былай: «Көрейік. Мәселеңізді айта түсіңіз». Ол ешқашанда мәселе шешілді, немесе мұндай қайта қараудан ғылымның тиімділігіне нұқсан келеді деп ойламайды. Одан гөрі керісінше. Әрине, іс жүзінде бәрі бұлай бола бермейді. Біз жылдар бойы өзінің жобаларын өткізе алмаған ғалымдарды есепке алмаймыз, өйткені, олар тек қана университеттік, немесе ғылыми иерархияда жеткен позицияларды тұрақсыздандыруын қоймай, проблематикаға да нұқсан келтірген. «Тәсіл» мықты болған сайын, ең кемшін келісімге жетудің өзі қиындайды, өйткені ол консенсуске жеткізген ережелердің өзін өзгертеді. Бірақ, ғылыми ұйым осылайша қызмет еткенде, ол өзін тәртібі гомеостазисқа реттелген кәдімгі билік ретінде көрсетеді. Бұл Лумн суреттеген жүйенің тәртібі сияқты террористтік тәртіп. Террор дегеніміз тіл ойынынан шыққан партнерды жоюдан немесе жою қаупінен туындаған тиімділік. Егер партнер үнсіз қалса, немесе келісе бастаса, ол басылғандықтан емес, ойыннан аласталу қаупінен (хұқықтан айырудың көптеген түрі бар). Ғылымда теңдесі жоқ шешім қабылдаушы адамдардың тәккаппарлығы осындай террор жасағандықтан шығады. Жүйе айтады: «Үміттеріңізді біздің мақсаттарымызға икемдеңіздер, әйтпесе…». Тіпті түрлі ойындардың мүмкіндігі де нәтижелілікке байланысты.

Читайте также:  Диктатура туралы мәлімет

Өмір үлгілерінің қайта анықталуы өнімділік көбейту мағынасындағы жүйе қабілеттілігін жақсартуда. Әсіресе, бұл телематика технологияларын енгізгенде байқалады: технократтар одан либерализацияны сұхбаттасушылар арасындағы интеракцияның баюын көреді, бірақ оларды қызықтыратын эффект одан жүйеде оның нәтижелерін жақсартатын жаңа қауіптер туындайды. Ғылым, егер ол таңдай білетін болса, өзінің прагматикасында орнықты жүйеге қарсы модель. Әрбір тұжырымды оның бұрынғы белгілі нәрседен бөлек мазмұны болғанда және аргументация мен дәлелге көнгенде ғана ұстауға болады. Ол ашық жүйенің нұсқасы, ол «идеяның тууына», яғни, өзге тұжырымдарға және ойынның өзге ережелеріне мүмкіндік береді. Ғылымда барлық өзге тілдердің қайта жазылуы және бағалануы мүмкін жалпы метатіл бар. Міне, дәл осы нәрсе оны жүйеден бөлектейді және ақыр аяғында террорға жол бермейді. Шешім қабылдаушыларға және оны орындаушыларға бөлектену, егер ол ғылыми қоғамдастықта орын алса (ал, оның орын алатыны аян), ғылыми прагматикаға емес, әлеуметтік­экономикалық жүйеге қатысты. Ол танымдағы қиялды дамытудың ең басты кедергісі. Жалпыланған түрде легитимация туралы мәселе ғылыми прагматика әйгілеген антимодель мен қоғам арасындағы қатынас туралы мәселе. Оны қоғамды құрайтын тіл материясының шұбатылған орамдарына қолдануға бола ма? Немесе ол танымның шектеулі ойыны боп қала ма? Ал, егер солай болса, оның әлеуметтік байланысқа қатысты рөлі қандай? Немесе ашық қоғамдастықтың қол жетпес идеалына қатысты? Немесе қоғам үшін нәтижелілік критерийін қолданып, ал өзіне келгенде одан бас тартатын топтарға қатысты ше? Әлде билікпен қызметтес болудан бас тартып, зерттеу жүргізу үшін енді кредит алу мүмкіндігі болмаса да контркультураға ауысу қажет пе? Зерттеуіміздің басынан бастап біз түрлі тілдер ойыны арасындағы тек қана формалды емес, сонымен қатар прагматикалық айырмашылыққа назар аудардық: мысалы, денотативты және танымдық, прескриптивты және әрекетшіл. Ғылыми прагматика денотативты тұжырымдарға шүйлігеді, дәл осы арада ол танымның институцияларын (институттар, орталықтар, университеттерді) орнату үшін орын береді. Бірақ, оның постмодернистік дамуы бірінші планға мына дәйекті шығарады: денототативты тұжырымдардың талқылануының өзі ережелерді сақтауды талап етеді. Ал, ережелер денотативты емес, прескриптивты тұжырымдардан тұрады, шатаспау үшін оны метапрескрипция деп атайық (олар тіл ойындары тәсілдерінің қандай болуы тиіс екенін өкімдейді). Қазіргі ғылыми прагматикасындағы Ажыратушы қызмет немесе қиял, немесе паралогияның қызметі осындай метапрескрипцияларды («негіздер») туғызу және партнерлардан оларды қабылдауды талап ету. Бұл талапты қабылдауды қамтамасыз ететін жалғыз легитимация, ол жаңа идея, яғни жаңа тұжырымдар тудыруға мүмкіндік береді.

Читайте также:  Шығыс елдеріндегі түркітану ғылымы

Оставить комментарий