Парламенттік жиналыстар

Парламенттік тобырда әртекті, аноним емес тобырға ортақ, белгілердің көпшілігі бой көрсетеді. ­ Пікірлердің сыңаржақтығы. ­ Сіңіруді қабылдау және оның шет­шегі. – Жетекшілер рөлі. ­ Олардың тартымдылығының себептері. — олар жиналыстардың нағыз қожайындары болып табылмайды, осылайша жиналыстардың дауыс беруі aт төбеліндей азшылықтың дауыс беруі болып жатады. ­ Жетекшілердің құдіреттілігі абсолютті. ­Олардың шешендік өнерінің элементтері. ­ Сөз бен бейне. ­ Тартымдылығы жоқ шешен өзінің дәлелдерімен ешкімді иландыра алмайды. ­ Жақсы да, жаман да сезімдерді асыра көрсету. ­ Белгілі бір сәттерде бой көрсететін автоматизм. ­ Конвент мәжілістері. — Жиналыс тобырға тән белгілерден айрылын қалатын жағдайлар. ­ Техникалық мәселелердегі мамандардың ықпалы. ­ Барлық, елдердегі парламенттік режимнің артықшылықтары мен қатері. — Ол осы заманғы қажеттіліктерге икемделген, бірақ ол қаражат шығынын және бостандықтың ұлғая түсетін шектелуін ерте жүреді. — Қорытынды. Парламенттік жиналыстар әр текті, анонимді емес тобыр. Олардың құрамы әртүрлі дәуірде және әртүрлі халықтарда әрқилы екендігіне қарамастан, бәрібір олардың бәріне ортақ ұқсас белгілерді байқатады, және нәсілдің ықпалы сол ұқсастықтарды не азайуында не күшейтуінде ғана білінеді. Әрқилы елдердегі, Грекиядағы, Италиядағы, Португалиядағы, Испаниядағы, Франциядағы, Америкадағы парламенттік жиналыстар олардағы жарыссөздер мен дауыс беруде өте ұқсас және үкіметтерге бірдей қиындықтар туғызады. Айтпақшы парламенттік режим, осы заманғы барлық өркениятты халықтардың мұраты болып табылады, дегенмен оның негізінде коп адам бір жерге жиналып, олардың аз ғана сапынан гөрі тәуелсіз де даналық шешімге тезірек келуге қабілетті деген жаңсақ идея жатыр. Парламенттік жиналыстарда біз тобыр атаулыға тән белгілерді: идеялардың сыңаржақтығын, ашушаңдықты, сырт ықпалды, тез қабылдауды, сезімдерді асыра көрсетуді, жетекшілердің басым ықпалын кездестіреміз. Бірақ өзінін ерекше құрамының салдарынан парламенттік тобырдың кейбір ерекшеліктері болады, бұл арада біз соларға тоқталамыз. Пікір біржақтылығы бұл тобырдың аса маңызды белгісін құралды. Барлық партияларда, әсіресе латын халықтарында, біз ең күрделі әлеуметтік проблемаларды барлық жағдайларға қолданылатын ең қарапайым абстрактты принциптер мен жалпылама заңдардың көмегімен шешуге бірдей бейімділікті байқаймыз.

Принциптер табиғи түрде әрбір партияға сәйкес өзгеріп отырады, бірақ тобырдың арасында болуының салдарынан­ақ әрбір индивид сол принциптердің абыройын асырып көрсетуге ұмтылып, оны әбден шегіне жеткізуге тырысып бағады. Міне сондықтан парламенттер әрқашан шектен тыс пікірлердің өкілі болып табылады. Ондай жиналыстардың біржақтылығының ең мінсіз үлгісі ­ ұлы революцияның якобишілері. Догматтар мен логиканы өзек еткен, тап басып анықталмаған жалпылама ойлар басын шырмаған якобишілер өздерінің табанды принциптерін, болып жатқан оқиғаларға көңіл бөлместен, өмірге ендірмек болды, және олар бүкіл революция арқылы соларды байқамай­ақ жүріп өтті деп кесіп айтуға болады. Өздеріне жолбастар қызметін атқарған өте қарапайым догматтармен қаруланған олар қоғамды барлық бөліктерінде қайта құра аламыз, өркениятты әлеуметтік эволюцияның ерте фазасына оралта аламыз деп ойлады. Олар өздерінің мақсатын жүзеге асыру үшін қолданған тәсілдер де абсолютті сыңаржақтығымен ерекшеленді. Олар тек өздеріне бөгет болған нәрселердің бәрін күштеп жоюмен шектелді. Айтпақшы, барлық басқалары да ­жирондистер, монтаньярлар, термидоршылар және т.с.с. дәл сол рухта қимылдады. Парламенттік тобыр ұйытуға оп­оңай көнеді, және жалпы тобыр атаулыдағыдай, ұйыту тартымды жетекшілер тарапынан жасалады. Бірақ парламенттік жиналыстарда ұйытуға көнбістіктің қатаң белгіленген шекаралары бар, оларды көрсете кету бөгет болмайды. Жергілікті немесе облыстық мүдделерге қатысты барлық мәселелер жөнінде парламенттік жиналыс мүшелерінде ешқандай уәж мызғыта алмайтын соншалық табанды, өзгермейтін пікірлер болады. Тіпті Демосфен таланты да кейбір мәселелер, мысалы ықпалды сайлаушылардың протекционизм және т.б. жөніндегі талаптарына катысты депутаттардың пікірін өзгертуге мәжбүр ете алмас еді. Бұл рухта сайлаушылардың өз депутаттарына алдын ала жасаған ұйытуының күші соншалық, ол басқа ұйытуға бөгет болып, пікірдің абсолютті табандылығын қолдап отыруға жәрдемдеседі. Тегінде, сайлау кезінде күн ілгері белгіленген сол пікірлерге ағылшын парламентінің байырғы қайраткерлерінің бірінің мына бір толғамы да жататын шығар: «Вестминистер деп мәжілістерде отырған елу жылымның ішінде мен толып жатқан сөздерді тыңдадым.

Солардың ілуде біреуі ғана пікірімді өзгертуге мәжбүр ете алады, бірақ солардың бірде­бірі менің дауыс беруімді өзгерте алған жоқ». Жалпы сипаттағы мәселелерде, мысалы министрлікті жабу, салықтар енгізу сияқты мәселелерде ешқандай пікір тұрақтылығы деген болмайды, сондықтан бұл жетекшілердің ұйытуы әдеттегі тобырлар арасындағыдай тәрізді ықпал ете алады. Әрбір партияда кейде мүлдем бірдей ықпал ете алатын жетекшілер болады да, соның салдарынан депутат кей ­ кейде бір­біріне қарама­қарсы ұйытуға тап болып, табиғи түрде кібіртіктікке ұшырайды. Осыдан кей­кейде депутат түкке тұрмайтын ширек сағат ішінде оз пікірін өзгертетін, бұрынғысына қарама­қарсы дауыс беретін және жаңа ғана өзі дауыс берген заңға оның мәнін түп­тамырымен жоятын әлдене бап енгізетін жағдай осымен түсіндіріледі. Осылайша, мысалы, депутат, зауыт иесінің өзінін жұмысшыларын таңдап алу және жұмыстан босату құқығын ғана тартып алып, сол заңға түзету енгізу үшін дауыс бергенде алдындағы заңды мүлдем күшінен айырады. Нақ осынау негізде депутаттар палатасы әрбір заң шығару кезеңінде пакты, айқын пікірлермен қатар тым тиянақсыз, бұлыңғыр пікірлерді де кездестіріп отырады. Бірақ жалпылама сипаттағы мәселелер әрқашан неғұрлым коп болатындықтан, палатада солқылдақтық сөзсіз басым болады, және де мұнын алдындағы қорқыныш түртпектеп отырады, оның көзге түспейтін ұйытуы жетекшілердің ұйытуына әрқашан қарсы салмақ болғысы келеді. Жиналыс мүшелерінде бұрын қалыптасқан пікір болмайтын жарыссөздерде (айтпақшы, ондайлар өте коп болады) тобырға оз пікірін күштеп таңатын жетекшілер әрқашан жеңіске жетіп отырады. Ондай жетекшілерге қажеттіліктің айдан анықтығы олардың топтар басшылары атауымен барлық елдердің жиналыстарында кездесетіндігінен және олар сол жиналыстардың нағыз билеп­төстеушілері болып табылатындығынан көрінеді. Тобырдағы адамдар қожайынсыз түк те бітіре алмайды, сондықтан да қандай да бір жиналыстағы дауыс беру әдетте өте шағын азшылықтың пікірін білдіру болады. Жетекшілер негізінен өздерінің ойларын емес, тартымдылығын көлденең тартады, және мұның ең жақсы дәлелі. егер олар қандай да бір кездейсоқтық салдарынан сол тартымдылықтан айырылын қалса, сонымен бірге олардың ықпалы да келмеске кетеді.

Жетекшілердің тартымдылығы индивидуалдық сипатта болады және атына, даңқына тәуелді емес. 1848 жылдың өзі бірге мәжіліс құрған ұлы адамдары туралы Жюль Симон былай дейді: «Ғаламат құдіретке ие болудан екі­ақ ай бұрын Людовик Наполеон түк те емес еді… Виктор Гюго мінбеге көтерілді. Ол ешкімді селт еткізе алмады. Омы Феликс Пианы тыңдағандай ықыласпен тыңдады, бірақ азырақ қол шапалақталды. «Мен оның идеяларын ұнатпаймын, ­ деді маған Волабелл Феликс Пиа туралы, ­ бірақ ол ең ұлы жазушылардың бірі және Францияның аса ұлы ділмары». Сирек те құдіретті ақыл иесі Эдгар Кинэ түкке татымайтын. Ол жиналыс ашылғанға дейін әйгілі адам еді, ал жиналыста титімдей де беделге ие бола алған жоқ… Саяси жиналыстар жер бетіндегі кемеңгердің нұры бәрінен кем сезілетін орын. Онда дер кезінде әрі қажетті жерінде айтылған ділмарлық, және отаныңа емес, партияға көрсеткен қызметің маңызды. 1848 жылы Ламартинға, 1871 жылы Тьерге лайықты құрмет көрсету үшін өзекті, еңсеру мүмкін еместей қауіп­қатер төнуі қажет болды, сол қатер жойылған бойда, қорқыныш сезімі де, алғыс сезімі де ғайып болды». Мен бұл цитатаны психологиялық тұрғыдан алғанда болмашы ғана қызықтыра алатын түсіндірулер үшін емес, онда бар фактылар үшін келтірдім. Егер тобыр жетекшілердің отанға немесе партияларға еткен қызметін қаперге ала¬тын болса, онда ол өзінің тобырлық сипатынан айырылып қалар еді. Жетекшіге мойынсұнатын тобыр тек оның тартымдылығына ғана бағынады, және бұған ешқандай мүдде немесе алғыс сезімі араластырылмайды. Сондықтан да жеткілікті тартымды жетекші абсолютті дерлік билікке ие болады. Мысалы, өзінің тартымдылығының арқасында атақты бір депутаттың ұзақ жылдар бойы ғаламат ықпалға ие болғаны белгілі, ол соңғы сайлауда белгілі қаржы­қаражат оқиғаларына байланысты қатты таяқ жеді. Бұрын оның бір ғана ишарасымен тұтас министрліктер төңкеріліп түсетін еді, және бір жазушы оның қызметін былай анықтайды: «X. мырзаға біз Тонкин үшін тиесіліден үш есе қымбат төлегеніміз үшін, Мадагаскарда бекем жағдайға ие бола алмағанымыз үшін, төменгі Нигердегі үстемдігімізден алдап­арбап айырғаны үшін, Египеттегі бұрынғы басым жағдайымыздан айрылып қалғанымыз үшін қарыздармыз. X. мырзаның теориялары бізге Наполеон І­нің барлық ойрандарынан көп аумақты шығын әкелді». Айтпақшы, жоғарыдағы жетекшіні тым айыптай берудің керегі жоқ.

Әрине, оның қызметі бізге тым қымбатқа түсті, бірақ оның ықпалы негізінен қоғамдық пікірге негізделіп отырды, сол пікір отарлау мәселелерінде қазіргі көзқарастардан өзге болатын. Жетекшінің қоғамдық пікір алдында жүріп отыруы ілуде бір ғана кездеседі; әдетте ол сол пікірге ілесіп қана отырады да, соның барлық қателіктерін бойына сіңіреді. Өзінің тартымдылығынан басқа жетекші пайдаланатын сендіру тәсілі барлық басқа тобыр атаулы арасындағымен бірдей. Сол тәсілдерді шебер пайдалану үшін жетекші, тіпті саналы түрде болмаса да, тобыр психологиясын түсініп, тобырға қалай сөйлеу керектігін білуге тиіс. Оған әсіресе белгілі сөздердің, формулалар мен бейнелердің тартымдылығы белгілі болуға тиіс. Ол негізінен мүлдем дәлелсіз болса да жігерлі кісілерден және әбден үстірт ойлармен көмкерілген жарқын бейнелерден тұратын мүлдем арнаулы ділмарлыққа ие болуға тиіс. Ділмарлықтың мұндай түрі барлық жиналыстарда,тіпті бүкіл салмақтылығына қарамастан, ағылшын парламентінде де кездеседі. «Төменгі палатадағы алып­жұлып бара жатқан мәні жоқ, өңкей бесенеден белгілі пікірлер алмасудан тұратыны, бірақ тіліп түсетін сөздерден тұратын жарыссөз туралы жиі оқуымызға тура келеді, ­ деп жазады ағылшын философы Мэн. Алайда жамап­жасқалған осынау формулалар таза демократияның қиялына кереметтей ықпал етеді. Тобырды жалпылама сипаттағы дәлелдермен, егер олар оның қиялына ықпал ететін сөздермен жеткізілсе, әрқашан оп­оңай иландыруға болады, сол дәлелдер ешқандай алдын ала тексерілмесе де, тіпті олар түсінбейтін нәрсе болса, солай болады. Осы цитата нұсқайтын қаяусыз сөздердің мәні тіпті де асыра көрсетілмеген. Біз соз бен формулалардың ерекше құдіретін бірнеше рет көрсеткенбіз. Қалтқысыз бейнені көз алдыңа әкелетіндей сөздерді қолдану керек. Біздің жиналыстар жетекшілерінің бірінің сөзінен көшіріп алынған мына бір тіркес сондай ділмарлықтың тамаша үлгісі болып табылады: «Бір ғана кеме сатылғыш саясаткер мен кісі өлтіргіш анархисті айдалып барар жердің беймаза жағалауыма қарай ала жөнелген күні олар бір­бірімен әңгімелесе қалса, олар бір­ біріне бір ғана әлеуметтік тәртіптің қосымша екі жақ беті секілді көрінер еді». Осынау сез көз алдыңа елестеткен бейне әбден анық және, әрине, шешеннің қарсыластары мұның қатері қандай екенін сезінуге тиіс болатын. Оларға бір мезгілде беймаза жағалау да, өздерін әкетіп бара жатқан кеме де елестеуге тиіс болатын, өйткені олар шешен ара жігін тым нашар ашып нашарлаған саясаткерлер санатына теліне салынуы мүмкін ғой. Әлбетте, бұл тұста олар Робеспьердің гильотинамен азды­көпті анық қорқытатын бұлыңғыр сөздерінен зәре­құты қашатын Конвент мүшелері сезінгендей қорқыныш сезімін бастан кешіруге тиіс болатын.

Конвент мүшелері бойын билеген сол қорқыныш сезімімен ұдайы Робеспьердің дегеніне көне беретін. Адам сенбес өсіріп көрсетуге бару жетекші мүддесіне қызмет етеді. Сөзін жаңа ғана мен келтірген шешен оншалық қарсылыққа ұшырамай­ақ, банкирлер мен священниктер бом¬ба жаратындарды жалақыға ұстады, ірі қаржы компанияларының әкімдері нақ анархистер секілді жазалауға лайық деп көйіте алар еді. Мұндай ғайбаттар тобырға әрқашан ықпал етеді, және олар неғұрлым ызалы және неғұрлым қоқан­лоққылы сипатта болса, соғұрлым күштірек ықпал етеді. Тыңдаушыларды осындай сөздерден артық ештеңе үрейлендіре алмайды, олар сатқын немесе жемтіктес деп аталып қалармыз деген қауіппен қарсылық та білдірмейді. Мұндай ерекше ділмарлықты барлық жиналыстарда байқауға болады, және сын сәттерде олар тіпті күшейе түседі. Осы көзқарас тұрғысынан алсақ, революцияның ұлы шешендерінің сөздерін оқу әбден қызықты. Сол шешендер қылмыстарды жамандап, жақсылықты дәріптеу үшін, сондай­ақ тирандарға лағнет жаудыру үшін, іле­шала «бостан болып өмір сүру немесе өлу керек» деп ант беру үшін оз сөздерін ұдайы үзіп жіберу міндетім деп білетін. Тыңдаушылар атып тұрып, сатырлата қол соғатын да, қайтадан орындарына жайғасатын. Жетекші кейде ақылды да білімді болуы мүмкін, бірақ жалпы алғанда бұл қасиеттер оған пайда келтіру орнына, тіпті зиян тигізеді. Ақыл дүниенің күрделілігін аша отырып, оның өзінің анықтап, түсіну мүмкіндігін беріп, адамды неғұрлым кешірімшіл етеді, сондай­ақ уағызшы және апостол болу үшін қажет сенімнің қатқылдығы мен күшін айтарлықтай жұмсартады. Барлық замандардың ұлы жетекшілері, әсіресе революция көсемдері ала бөтен өресіздігімен көзге түскен, және олардың ең өресіздерінің өзі негізінен барынша ықпалды болған. Солардың ең атақтысы Робеспьердің сөздері көбінесе өзінің одағайлығымен қайран қалдырады. Сол сөздерді оқи отырып, аса құдіретті диктатордың орасан зор рол атқарғанын өзімізге өзіміз түсіндіре алмаймыз. «Таптаурын сөздер, дидактикалық ділмарлықтың мылжыңы және пасықтан гөрі, сәбиді алдай алатын, қорғаныста да, шабуылда да «Көне, жақындап көр!» деп өрекпитін шәкірттің мәнеріне жақын көпірме сөз. Ешқандай идея, ешқандай алғыр ой не оқыс соз жоқ, есесіне боран соғып тұрған кездегі іш пыстыру.

Соның бәрін оқып шығып, Камилл Демулен секілді еріксіз «уф!» деп шеріңді тарқатасың». Ақыл өрісі өте тар, бірақ аса сүйкімді жанға қандай да бір берік сенімнің сұмдық қуат беретінін кейде ойлаудың өзі үрейлі. Бірақ қандай кедергіден де тайсалмай, қалап білу үшін оз бойында нақ осы қасиеттердің бәрін ұштастыра білу қажет. Тобыр міне осындай жігерлі де сенімді жандарды инстинктті түрде өзінің әміршілері деп біліп, сондайларға ұдайы мұқтаж болады. Парламент жиналысында әлдеқандай сөздің табысты болуы шешеннің келтірген дәлелдеріне емес, ерекше дерлік оның өзінің тартымдылығына байланысты. Және бұл мынамен қуатталады: егер ол әлдеқандай себеппен өзінің тартымдылығынан айырылып қалар болса, ол сонымен бірге өзінің ықпалынан да айырылады, яғни ол өзінің қалауымен дауыс беруге ықпал ету билігінен де айырылып қалады. Соз сөйлеген белгісіз бір шешенге келсек, оның сөзі өте дәлелді болғанымен, бірақ оның сөзінде сол мықты дәлелдерден басқа ештеңе болмаса, ол әрі кеткенде оз сөзін аяғына дейін тыңдатуға ғана үміттене алады. Депутат әрі көреген психолог Декюб тартымсыз депутаттың бейнесін былайша суреттейді: «Мінберге қонжиып, депутат қойнынан құжаттарын шығарып, оларды аспай­саспай реттеп алып, сенімді түрде сөйлеуге кіріседі… Ол өзінің төл сенімін тыңдаушылар жанына жеткізе аламын деген ой мен өзін әлдилейді. Ол өзінің уәждерін мұқият салмақтап алған, толып жатқан цифрлар мен дәлелдер жинаған, табысқа жететініне сенімді, өйткені, оның ойынша, айдан анық нәрсеге қарсылық атаулы дәрменсіз. Сөйтіп ол өз сөзінің орынды болатындығына кәміл сеніп бастайды, әрі әріптестерінің де ықылас­ілтипатына сенеді, өйткені олар, әрине, шындыққа бас июден өзге бірдеңені қаламайды ғой. Ол көтеріле бастаған күбір­сыбырға ренжіңкіреп сөйлей бастап еді, сол сәтте залда пайда болған қозғалыс есін алып жіберді. Егер тыныштық орнамаса, мұның не болғаны? Ешкімнің мұны тыңдамайтыны несі? Бір­ бірімен әңгімелесіп отырған мына екеуінің ойында не бар? Ана депутаттың орнынан тұрып кетуіне қандай өзекті себеп түрткі болды? Шешен сасайын дейді, қасын түйіп, амалсыз тоқтады. Президенттің демеуімен сөзін қайта сабақтап, дауысын көтеріңкіреді. Оны тыңдаушылар тіпті азайып барады. Ол дауысын бұрынғыдан да қаттырақ шығарды, абыржи да бастады; шу ұлғайып барады. Ол енді өзін өзі естуден де қалды, тағы да тоқтады, содан кейін біреулер «сөзді доғар» деп айта ма деп қорқып кетіп, тағы сөйлей бастады. Айқай­шу шыдамастай жағдайға жетті».

Оставить комментарий