ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ

Көп адамдар елді басқару кезінде тақсыр және іс жүргізуде әрбір байбатша ең алдымен партиялар мүддесін назарда ұстауы керек деген жаңсақ пікірге бой алдырған; асқар кемеңгерлік, керісінше, алуан түрлі партиялардың өкілдері келісетін нәрсені жүзеге асырып, ортақ мүдделермен, не жекелеген адамдардың мүдделерімен санасуды бұйырады. Мұнымен мен, алайда, партиялар пікірін мүлдем елемеу керек деп отырған жоқпын. Жай дәрежедегі адамдарға көтерілу үшін біреудің етегінен ұстау қажет; бірақ өз күшін сезетін текті адамдарға тәуелсіздігін сақтап қалған абзал. Және тіпті көтеріле бастаған адамның өзіне неғұрлым сенімді табысқа жету үшін, оз партиясының барлық мүшелері арасынан басқаларға анағүрлым қолайлы болу үшін әдетте соншалықты қанағатшыл адалдық көрсеткен жақсы.

Партия неғұрлым әлсіздеу және мүшелерінің саны жағынан азырақ болса, бірлік соғұрлым бекемірек болады; және саны шамалы қайсарлардың саны коп, бірақ неғұрлым қанағатшылдар үстем шығатын кездері жиі кезігеді. Екі партияның бірі өз тіршілігін тоқтатса, екіншісі бөлініп келеді. Мәселен, Лукулл мен сенат жайсаңдарын біріктірген («Optimates» деп аталған) партия Помпей мен Цезарьдің партиясына біршама уақыт қарсы тұра білді; бірақ сенаттың билігі күйреген кезде, Цезарь мен Помпей де бөлініп кетті. Антоний мен Октавианның партиясы да нақ осылай біршама уақыт Брут пен Кассийге қарсы тұрды, алайда Брут пен Кассий құлағаннан кейін іле­шала Антоний Октавианнан ажырап кетті. Бұл мысалдар ашық жауласу жағдайында тұрған партияларға да қатысты, бірақ нақ осыны неғұрлым жеке жағдайлар жөнінде де айтуға болады. Және бөліну тұсында көбіне көп екінші рөлдерде болғандар партияның басына келеді, бірақ, дәл солай, бейшара болып шығып, шеттетілетін жағдай да жиі кездеседі, өйткені көбісі тек оппозицияда ғана күшті, оппозиция болмаса – пайдасыз.

Біз мынаны жиі көреміз: бір адам табысқа жеткеннен кейін, тегі, алғашқысынан өз аларымды алып болдым деп ойлап, жаңа пайдасын көздеп, өзінің көтерілгені үшін қарыздар партиясына дұшпан партияға өтеді. Мұндай қашқынға бұл оңай, өйткені күштер ұзақ уақыт тең болғанда, тіпті бір артық жақтас табудың өзі тараптардың біріне артықшылық береді, ал бүкіл еңбек соған телінеді. Егер біреу екі партияның арасында орташа жолды ұстанса, бұл қашанда қанағатшылдықтан емес, көбіне бас пайдасын ойлаудан болады және екеуінен де пайда табу мақсатын көздейді. Италияда, мысалы, аузында үнемі «Padre commune» жүретін папалар сезікті болып саналады, өйткені бұл барлық құралдармен өз тегін ұлықтауға ұмтылыстың нышаны қызметін атқарады. Корольдердің қандай да бір партия жағына шықпағаны мақұл, өйткені әрқилы одақтар монархия үшін сөзсіз қауіпті; олар боданның парызынан үстем түсетін міндеттемелер жүктеуі мүмкін және мұндайда король, Франциядағы Лига тұсында болғанындай, «tanquam unus ex nodis’Ke» айналады. Партиялардың және олардың арасындағы алауыздықтың шектен тыс күшеюі тақсырлардың әлсіздігін көрсетеді және олардың даңқына істерінің табысты болуына едәуір зиян тигізеді. Монархия өкіметіндегі партиялардың қарекеттері (егер астрономдардың тілімен айтар болсақ) ең төменгі орбиталардың қозғалысына ұқсас, оларда өз қозғалысы да бола алады, бірақ сонымен бірге жоғары қозғалысқа ­ «primum mobile’re» тартылады.

Читайте также:  ОККАЗИОНАЛИЗМЫ В ЯЗЫКЕ СОВРЕМЕННОЙ ПЕЧАТИ

Оставить комментарий