Патшалық ресей кезеңі

«Алты қатын асқа барса, әрқайсысы мұңын айтар» дегендей ­ ақ, міне, мен де өз мұңымды айтамын. Қазақ ағайындарымыз болса, азын ­ көбін оқу ­ өнерменен көзін ашып, таң атып, күн шығып, күннің жарық сәулесіменен тіршілік қылып жатыр. Ал енді біздің ағайындарымыз болса, түндіктерін көтермей, таңның атқанын білмей шырт ұйқыда жатыр, не боларын білмеймін. Енді ол ұйықтап жата тұрсын, қазақ ағайындарымызбенен тілектес едік. «Әпке киген тонды сіңлі де киеді» дегендей қазақ ағайындарымыз қылған тіршілік бізге де келмей ме? ­ деп ойлаймын. «Жақсы сыналумен жариды, жаман сыналумен қариды» ­ деген мақал бар. Осы жақсы сыналу адамының бірімін. Қазақ ағайындарымыздан әр жерден оқу, өнер мен білімділер шығып, газет­журнал шығарып, халқының көзін ашып, пайдасын тигізіп жатыр. Міне, біз бұ қазақ ағайындарымыздың қадірін «Айқап» журналын алдырып оқығаннан бері қарай білдік. «Кісі болар кісінің кісіменен ісі бар, кісі болмас кісінің неменемен ісі бар», ­ деген сияқты біздің қырғызға газет алып, журнал алып оқыңыздар десек, «газет неге керек, журнал неге керек», ­ деп аң­таң қалады һәм газет, журнал шығарып ептеп ақша алады екен ғой деп айтады. Құрметті басқарушы, журналыңызды өткен жылдан бастап алдырып оқи бастаған едік. Біз өзіміз «Айқаптың» әдірісін білмесек те, молдамыз Ниязғали атынан былтыр ақша салып едік. Былтырғы «Айқаптың» бір­ақ нөмірі тиген жоқ, өңгесі қолымызға аман тиді. Бұл тимеген нөмірді базарда тұрған ноғай, сарт, дүнгеннің бейбастық адамдары алып жоқ қылса керек! Биыл қашқарлық Ғазатбаевқа ғинуар барысында ақша бердік! Қарақодада тұрған ноғай, сарт, дүнген, қашқарлықтардың көргенсіздігінен біздің ауыл базарынан жиырма шақырым алыстағандай жерде болған соң, бізге жетуі қиын, өз атыңыздан журнал алдырсаңыз екен дедік. Піспек уезіне қараған жиырма болыс қырғыз, он екі болыс қазақ, екі болыс дүнген. Бұл аймаққа қырық сегіз болыс ел қарайды. Осы айтылған мұсылмандардың бәрі де ғылым, өнерден бос жатыр. Қалған кәсіптері партия, дау, жанжал. Міне, осы жиырма төрт болыс қырғыздан біздің болыстан үш бала Уфада «Медресе Ғалияда» оқып жатыр. Бірінші, Ысқақ Қанағат қажы баласы. Екінші, Нарынқол Қабиров, үшінші, Ниязғали, Жақып пен Нарынқол әфенді биыл оқу бітіріп келеді. Міне, осылардың оқығанын жақтырмай, артынан өсек ­ аяң қылады. Оны айтып не қылайын, «дұшпан не демейді, түске не кірмейді», ­ дегендей талапты мырзалардың талабын құдай қабыл қылып, ғұмырларын ұзын қылуын тілейміз. ҚАЗАҚ­ҚЫРҒЫЗ­ТҮРІКМЕН Шаһмұрат Нәзіри 18 Заманымыздың өзі оқу, оқыту, өнермен айналысып қолдан келген қадірінше алға баруға иждаһат етіп, сол жолда мал­жандарымен қызмет көрсету заманы болған соң, әрбір халық өздерінің кемшіліктерін біліп, осы оқу, оқыту, өнер тарапына көңіл беріп, күннен күнге жоғарылап келе жатқаны әркімге белгілі ғой. Сол иждаһат қылынған нәрселерден тіпті қайырлы болмайынша өздерінің кең сахарасында қымыздарын ішіп, аттарына мініп, дүниенің бар қызығы бізде деп, сол жүрістерін таусылмас нығымет біліп жүрушілердің біріншісі Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деп атанған қазақтар. Екіншісі Түркістан, Қашқар тарапындағы қырғыздар. Үшіншісі Түркістан мен Астрахан теңізінің арасында мекен еткен түрікмендер. Бұлардың үлгісі қазақтар едік. Бұл қазақтар соңғы екеуіне қарағанда едәуір жақсы. Жақсылықты сол: бұлар оқу, оқыту, өнер істеріне көңіл беріп, алға барушылықты көптен бері іздеушілер. Сол жолдардан адаспай келе­келе осы күнде кәдімгідей алға басты. Бұлардың алға басушылығының белгісі: біз қарасақ, осы күнде Россияда болған әрбір медреселерде, орыс школдарында қазақ шәкірттері оқиды. Тіпті Астраханда қыздар да қалалық мектепте һәм гимназияларда оқиды. Екінші, осы күнде қазақша жазылған едәуір кітаптар бар. Бұл кітаптар қазақтардың өз тілдерін басқа халыққа білдіріп, өздерінің кім екендіктерін танытқаны. Үшінші, сол қайраттары арқасында осы күнде журнал шығаруға да жеттік. Иншалла, «Айқап» журналы өзі ұмтылып тұрған халықты көтермелеп, тағы да ұмтылдырар деген үмітіміз бар. Төртінші, қазақтар бұрын сахарада шашылып жүрсе де, бұл күнде қайсы бір жерде жиылысып қала салуға да мақұлдасқаны естіледі. Тезірек шаһарлы халық болар деген үмітіміз бар. Міне, қазақ туысқандарымыздың осы істерінің бәрі де өздерінің бір табан алға аттағандықтарын білдіреді. Екіншісі, қырғыздар дедік. Бұл қырғыздарға келсек, бұлар да заманымыздың харекетінен пайдаланып, оқу, оқытуға көңіл бөлгендері көрінеді. Неге десеңіз, қырғыздың жастары атырапқа шашылып оқып, өздері болса, мектеп, медреселер салдырып, сол жолда мал­ жандарыменен қызмет қылып жатыр. Осы істер қырғыз туысқанымыздың иждаһаттарының барлығын білгізеді. Үшінші, түрікмендер дедік. Келелік бұл түрікмендерге, бұлар қазақ пенен қырғыздай емес, оқу деген нәрсе олардың ұйымдасып жатқанда түсіне де кірмейді. Әлі ескі надандықтарыменен күн өткізіп, өздерінің екі тиын қара ақшаға керексіз болған орынсыз ерегістеріменен ғана жүруші бір халықтар. Оларға Еуропа тарапынан жақсы пікірлі бір кісі барып, өздерінің пайдаларын сөйлесе, қабыл етпейді. Әмма Инжәрадан басынан бақайына шейін тығып толтырып, он бес аршын шалма орап қайтқан бір және өздерінің зарарына сөйлесе де оның аузынан шыққан сөзін жерге түсірмей, өздеріне парыз қылып алады. Міне, түрікмендер сол жәһілдердің сөздеріменен осы заманның білімділерінен құп­құрғақ қу ағаш болып қалғандар. Одан басқа ондайлардың сөздеріне ермей ілгері ұмтылса, түрікмендер де адам баласы ғой, өздерінің кемшілігін біліп оқыр, оқытар еді. Келешек күндеріне қайғырып иждаһат етер еді. Не пайда ол сәлделілердің сөзі көңілдеріне орналасып қалыпты. Олай болса да түрікмендердің тез заманда бұлар ретіне қосылар деген үмітіміз жоқ емес. 1916 жылы Түркістанда үлкен, тарихи оқиға болды. Ресей басқыншылығына қарсы бағытталған қырғыздардың, оларды іле­шала қазақтардың, түркмендер мен өзбектердің көтерілістері Түркістанның соңғы елу жылында болмаған аса маңызды оқиғаға айналды. Патша үкіметі бұл көтерілістерді аяусыз басып ­ жанышты. Жалғыз орыс әскерлері ғана емес, Түркістанға қоныстандырылған бүкіл қарашекпенді мұжықтар да түркістандықтарға жаналғыштай тап берді. Түркістандағы қалалар қиратылып, ауылдар отқа оранды, бейкүнә сәбилер солдаттардың сүңгісімен аяусыз өлтірілді. 1916 жылғы көтеріліс, шын мәнінде «Азияда бес түрік» кітабының авторы ішінде болған Жетісу қырғыздары арасында басталды. Кейін бұл ұлт­азаттық қозғалысқа Самарқанның өзбектері, Арал маңындағы қарақалпақтар, Каспий төңірегіңдегі түркімендер мен кең даланы мекен еткен қазақтар қосылды. Көтеріліс тек ресми үкіметке ғана емес, бүкіл орыстарға қарсы бағытталған еді. Алман­Австрия майданында жеңіліске ұшыраған шақта бұрқ ете түскен Түркістандағы бұл ұлт­азаттық күрестен Ресей қатты қорықты. Түркістандағы көтерілісті басып­жаншу ісі өкімет үшін үлкен мәселеге айналды. Орыс демократтары арасында либерал ретінде танымал болған және Ресей үкіметі тарапынан талантты қолбасшы ретінде бағаланған генерал Курапаткин Түркістан өлкесіне генерал­губернатор болып тағайындалды. Қозғалысқа қатыспаған бұқара халық үшін барынша демократ болып көрінген Курапаткин көтерілісшілерді аяусыз жазалады. Генерал Курапаткин Патшаға ұсынған есепті баяндамасында көтеріліске қатысты төмендегідей мәлімет берді: «Ресми мәліметке қарағанда 1916 жылғы көтеріліс кезінде орыстар 3709 адамынан айырылған. Бұлардың 2325­і өлтірілген, 138­і хабар­ошарсыз кеткен. Жоғары шенді қызметкерлерден 7, жергілікті қызметкерлерден 22 ресми тұлға өлтірілген. Көтерілісті басу үшін 14,5 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 69 пулеметтен тұратын әскери күш қолданылды». Курапаткин есепті баяндамасында Түркістандағы көтеріліс кең ауқымды қамтығандықтан және оның салдары үлкен болғандықтан, оны басу үшін ерекше шаралар қолданғанын атап айтқан . Курапаткин бекіткен қарар ­ қаулыларды жүзеге асыру мақсатында 1917 жылдың 1 ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына кесілді, 168 адам жер аударылды, 357 адам абақтыға жабылды. Ресейдің жазалаушы отрядтары тарапынан өлтірілген яки асып ­ атылғандар бұл есепке кірмейді. Жоғарыда айтылған «бес түрік» болған аймақта 2 510 366 гектардан артық жерді үкімет тартып алды, 37 355 қырғыз отбасы үйінен қуылды. «Азияда бес түрік» атты мақалада айтылатын жаппай Қытайға көшкен ел осы қырғыздар еді. Большевиктердің басылымдарында бұл ұлт­азаттық қозғалыс туралы аз айтылған жоқ. «Көтерілістің» сипаты мен себептеріне қатысты көптеген ойлар жазылып, айтылды. Түркістандық коммунистер мен орыс коммунистер арасында осы мәселеге қатысты басталған айтыс­тартыстардың партияның ең жоғары сатысына дейін жетуіне байланысты, түркістандық коммунистердің осы тақырыпты қайта­қайта қаузай беруіне жол бермеу және жергілікті жазушылардың аузын жабу үшін арнайы шаралар қолдану керектігін айтқандар да табылды. Соған қарамастан, осы мәселеге қатысты пікірлер мен тұжырымдар соңғы кезге дейін Түркістандағы орыс және түрік тілді басылым беттерінде жалғасып келуде. Көтеріліс туралы ең көп жазған һәм көтерілістің сипаты туралы орыстар және олардың жақтастарымен айтысып келген тұлға ­ Түркістанның зиялы коммунистерінің бірі Тұрар Рысқұлов. Рысқұловтың пікірінше («Қызыл Өзбекстан» газеті, №11,14,15,19,61,63; «Коммунистическая мысль», № 2,4) 1916 жылғы көтеріліс «үлкен саяси төңкеріске негіз болған ұлт – азаттық қозғалыс. Ол орыс большевиктері айтқандай байлар мен пан ­ исламистердің ұйытқы болуымен басталған және буржуазия ұлтшылдарының идеологиясына қызмет еткен қозғалыс емес». Осындай көзқараспен жазылған мақаласында («Новый Восток», № б, 1924, с.407­434) автор көтерілістің астарында таза экономикалық себептер (жер мәселесі, Ресейден көшіріліп әкелінген келімсектер мәселесі, т.б.) жатқанын айта келіп, Патша өкіметі ресми түрде мәлімдегендей «Жетісу (қырғыз) көтерілісі – пан ­ исламистер, пан ­ түркистер, әсіресе, Османлы өкіметінің ұйымдастыруымен пайда болған көтеріліс» емес екенін бұлтартпас айғақтар арқылы алға тартады. Бір кездері патша өкіметін мазалаған көтерілістің сипаты, тарихи тамыры мен себептері сияқты мәселелер бүгін большевик орыстардың мазасын алуда. Түркістан ұлт ­ азаттық тарихында елеулі орын алатын «1916 жылғы Түркістан көтерілісі» Түркістан жастары үшін сөзсіз білінуі тиіс маңызды мәселе. Осы күнге дейін Түркістандағы түрік тілді басылымдарда 1916 жылты көтеріліске қатысқан адамдардың естеліктерінің жарияланбауы, әрине, өкінішті жайт. Көтеріліске қатысты баспасөз беттерінде жарық көріп жатқан материалдар негізінен көтерілістің сипатын Марксизм тұрғысынан талдаған мақалалар мен патша өкіметінің архивтерінен табылған құжаттардың төңірегінен әрі аспауда. «Жумхуриет» газетінде жалғасып жатқан «Азияда бес түрік» атты еңбек осы тұрғыдан біздің назарымызды аударды. Өйткені автор Адил Хикмет бей 1916 жылғы Түркістан көтерілісінің ең қуатты тірегіне айналған қырғыздар көтерілісіне тікелей қатысқан һәм оған басшылық жасаған тұлғалардың бірі. «Азияда бес түрік» атты мақаланың 1916 жылғы көтеріліске қатысты тұстары бізге жаңа мәліметтер ұсынуда. Әсіресе, мақаланың «Жумхуриет» газетінде 17­22 шілде күндері арасында жарияланған бөлімдері өте құнды. Сонымен қатар ерекше атап өтерлік тағы бір жайт бар. Автор, «Азияда бес түрік» атты мақаласын жазып отырғанда Стамбул басылымдарынан жиі кездестіретін «әсерлі әңгімелердің» ықпалында қалып қойса керек. Немесе ол өзін осылай жазуға мәжбүрледі ме, әйтеуір, мақаладағы өте маңызды тарихи оқиғалар тізбегі қажетсіз әсерлі сөздердің көбігінің астында қалып қоя береді. Мысалы үшін Ресей және Түркістан басылымдарында жарияланған құжаттарда аты жиі аталатын һәм көтеріліске үлкен ықпал еткен Шабдан батырдың балаларымен бес түріктің қарым ­ қатынастары жайында тағы да нақтырақ айта түсу керек еді. Ал Адил бей бұлар туралы қысқаша ғана мәлімет берумен шектеледі. Осындай ұсақ­түйек кемшіліктеріне қарамастан, адил Хикмет бейдің мақалалары 1916 жылғы Түркістан көтерілісінің көптеген қалтарыс тұстарын ашып көрсетеді. Еңбектің Түркістан ұлт­азаттық тарихын зерттейтін болашақ ұрпақ үшін маңызды құжат қызмет атқаратыны даусыз. ТҮРКІСТАН Қыр баласы2’Әлихан Бөкейханов 5 Түркістан колония сапарына жарыды білем. Түркістанның ескі үкімет қойған генерал­ губернаторы ұсталып, абақтыға жабылып, Петроградқа айдалып кетті. Жаңа уақытша болған бостандық, құрдастық, туысқандық үкіметі Түркістан уәлаятын басқаруға Түркістан комитетін сайлады. Бұл комитетке үкімет өзгерісінің атынан іс қыласың деп ерік берді. Түркістан уәлаятына бостандық, құрдастық, туысқандық шырағында насихатталатын болса Түркістан комитетіне ерік. Бұл сияқты жол Англияның колониялары Австралияда, Канадада, Оранжевая республикасында. Бұлардың өз алдына Г.Думасы бар. Бар законын өз Г.Думасы шығарады. Англия Г.Думасы, палата общин құр бата бере алады. Бұған қарағанда учредительное собраниеден кейін Түркістан өз дегені өзінде колония болар. Түркістан комитетіне сайланған кісілер: 4 Г. Дума члені Н.Н. Щепкин. Бұл кадет партиясының көсемі, шешені, ұлтшыл, соғыстан бері майданда іс қылған. Жаңа заман болып, осы жақсы жаздың күні тұрған соң майдан аралап солдатқа бостандық, құрдастық, туысқандық жөнін айтып 42 қайтара жиылыста сөз сөйлеген. Н.Н. Щепкин Түркістан комитетінің басы, председателі. Қалған Түркістан комитеті кісілері: 1 Г. Дума члені Әлихан Бөкейханов, 2 Г. Дума члені Мұхаметжан Тынышбай баласы, 3 Г. Дума члены Садри Максудов, B.C. Елпатиевский, А.А. Липовсющ, П.Б. Преображенский, Б.А. Шкапский, генерал Абдулғазиз Дәулетше баласы. Преображенский, Липовский Түркістанда туып өскен. Елпатиевский мен Шкапский Түркістанды аралап көріп білген. Түркістан жайына қанық адамдар. Түркістан комитеті билейтін облыстар: Самарканд, Сырдария, Ферғана, Жетісу, Закаспий һәм Бұхара, Хиуа хандықтары. Құдай оңдап, Бұхара һәм Хиуаға бостандық, құрдастық, туысқандық күні туды білем! Қытайға ауған қырғыз қайтса, бұрынғы ата қонысы өздерінше беріледі. Қырғыз қарындасым кір жуып, кіндік кескен жеріне қайтқаны жақсы болар еді. МҰСТАФА МЫРЗА ШОҚАЙДЬІҢ ХАТЫ Бас редактор мырза! «Ұлық Түркістанның» 37­нші санында «жұмысшы және солдат депутаттарының өлкелік советінің мәжілісінде Орталық Кеңестен (Шурадан) советке уәкілдер жіберу мәселесі қаралғанда Ташкент Ғұлама жамиғатының жол басшыларынан Серәлі әпенді Лапин мырза қазіргі Орталық Кеңестің мүшелерінің бәрі де «самозванецтер» деді» деген бір хабар басылған еді. Осыған байланысты төмендегі сөздерді газетіңізге жариялауыңызды өтінемін. Серәлі мырза Лапин айтқан сөзінің дұрыс емес екенін өзі де білуі тиіс еді. Өйткені, Орталық Кеңес осы жылдың сәуір айында құрылып, мұсылмандардың бірінші құрылтайында ұлық Серәлі мырзаның қатысуымен Орталық Кеңеске мүшелер сайланды. Ол мүшелер төмендегі кісілер болатын: Серәлі Лапин, Убайдулла Хожа, Шаһиахмедов, Нарботабеков, Ақаев және мен. Осы құрылтайдың қаулысымен Орталық Кеңеске облыстардан да өкілдер сайланған еді. Бұлардың арасында агроном Хидает бек Ағаев, адвокат Оразаев және журналист Мехмет Әли Ефендизаде бар еді. Одан кейін Орталық Кеңес тарапынан шақырылған екі жиында да (екеуі де қыркүйек айында өткізілді) Орталық Кеңестің бүкіл мүшелеріне сенім білдірілді. Серәлі мырза Лапин, Оталық Кеңестің мүшесі болып тұрып, бастапқы Ғұлама жамиғаты тарапынан жасалған құрылтайларда әуелі Орталық Кеңес мүшелерін қайтадан сайлау мәселесін көтерген еді. Қазір түсінікті болып отыр, Орталық Кеңеспен күресу үшін ол Орталық Кеңес мүшелерін «самозванецтер» деп атау сияқты күлкілі сылтау ойлап тапқан. Алайда, Серәлі мырзаның есіне сала кетейік, өзінің жеке басының партия іші «интригаларын» жүзеге асыру мақсатында Орталық Кеңестің аты керек болған кезде Кеңестің өзге мүшелері сияқты өзі де «самозванец» болып тұрған. Ол кезде «самозванец» аталуға қысылмаған, керісінше, Кеңестің мүшелері болмай қалған кезде, оларға хабар бермей, өзіне қажет қарар ­ қаулылар шығарып, үстіміздегі жылдың 4­мамыр күні жұмысшы және солдат депутаттарының өлкелік советіне жалған мәлімет беріп, оларды да шатастырған еді. Орайы келіп тұрғанда еске ала кетейік, Орталық Кеңестің атын пайдалануға байланысты Кеңес тарапынан 9­мамыр күні шақырылған мәжілісте қарар қабылданған уақытта Серәлі мырза Лапин өзі шығарған қарарға «төраға міндетін атқарушы» деп қол қойған еді.

Читайте также:  ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАРЫ

Оставить комментарий