Пір Бекет және Лев Толстой

Пір Бекет және Лев Толстой екі кезеңде өмір сүрген тілі діні салт­дәстүрлері бөлек екі елдің тұлғаларын жақындастыратын мәселені — Пір Бекеттің қасиетті аса таяғы мен Лев Толстойдың адам бақытының құпия сыры жазылыпты дейтін жасыл таяқшасы туралы айтылатын пікірлерді салыстырып көретін болсақ үлкен ұқсастықты аңғарамыз. Мәселен Бекет Ата Пақыржан қажыдан 40 шәкіртпен бірге оқуын бітіріп қайтпақ болғанда мынадай оқиға болғаны аңыз болып айтылады. Қарт ұстаз Пақыржан қажының қасиетті аса таяғы бар екен. Өзі қартайған соң оған ие болуға шәкірттерінің қайсысы лайықты дегенді ойлап мынадай тоқтамға келіпті. «Мына асаны мешіттің төбесіндегі тесіктен аспанға лақтырам соны кім бұрын тауып алса аса таяқ соныкі болады» — дейді ол. Ұстаз таяқты лақтырып жібергенде басқа шәкірттер таласа­тармаса есікке ұмтылғанда Бекет орнынан қозғалмай отыра беріпті. Мұның жөнін сұраған ұстазына Бекет: «Сіздің рұқсатыңызды күтіп отырмын. Асыққанмен жақын жерден таяқ таптыра қоймас. Алла жолымды оңаруы үшін өзіңізден бата сұраймын» — дейді. Осы аса таяқты Пір Бекеттің Оғландыдағы жартасқа шаншылып тұрған жерінен тапқаны айтылады. Осы аса таяқ көк түсті оған көкжасыл сырмен жазылған белгілер бар еді дегенді естігенде менің ойыма Лев Толстой өзінің ағаларымен бала кезінде құмарта ойнаған жасыл таяқша оралып еді. «Ол кезде мен 5 жаста Митенька 6 ал Сережа 7 жаста болатынбыз — дейді Лев Толстой. — Мына Жасыл таяқшада құпия сыр бар құпияны ашатын болсақ оның көмегімен адамдардың бәрі бақытты болады ешқандай ауру­сырқау жағымсыз жайлар болмайды ешкім­ ешкімді ренжітпейді адамдар бірін­бірі жақсы көреді олар бір­бірімен дос болады дейтін пікір жадымызда сақталып қалыпты». Міне осылай деп Толстойдың өзі айтқандай адамдар құмырсқадай ұйымшыл болып бірлесе адал еңбек ету арқылы асыл мұраттарға жете алады. Лев Толстойдың сөзінен ісі айнымайтын ол — өмірде ешкімді ренжітпеген қайырымды болған жан. Ол Мұхаммед пайғамбардың пікірін қолдап оның өмірі туралы кітап та жазбақ болған. Өз кезегінде Бекет Ата да түрікмен Бектұрды батырмен жекпе­жекке шыққаннан кейін екеуі тәубаға келіп тең жағдайда достасқан. Бұдан былай екі халық бір­бірімен соғыспасын деп пәтуаласқан. Екеуі де өз жерінде мешіт­медресе ашып Мұхаммед пайғамбардың ісін мұсылман дінін дәріптеген. Бекет Атаның аса таяғы деп аталатын қасиетті аса жалғыз болмаса керек. Бекет Атаның өз ұрпақтарында бір қасиетті аса таяқ бар болса Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы тұратын Тұрсынғали Нәкешев деген азаматтың үйінде Пір Бекеттің бір керемет құпия сыры бар аса таяғы да сақтаулы тұрғаны да анық. Оны атаның өзі лақтырғанда Шектібай қазірет тауып алған көрінеді. Бұл аса таяқта арабша жазулар және 26 кішкене белгілер бар екен. Қасиетті таяқтағы белгілер санының 26 болу құпиясы «Құран­кәрімнің» қай сүресіне негізделген деген сұраққа жауапты академик Ақжан Машановтың «Әл Фараби және Абай» деген кітабынан тапқандаймыз. Кітаптың алғы сөзінде 28 қаріптік араб әліпбиін АБЖАД тәпсірі деп аталатын сегіздік топқа жіктеу арқылы сандық мәнге ие болады делінген. Осының негізінде араб әріптерінің сандық мәндерін есептеу арқылы ғылымда үлкен­үлкен жаңалықтар ашылған деп көрсетілген. «Құран­кәрімде» «Ал­Хадид» сүресі («Темір» сүресі деп те атайды) бар. АБЖАД есебі бойынша Темір деген сөздің сандық мәні — 26. Темірдің электрондарының саны — 26. Менделеев кестесінде темірге 26­ыншы орын берілген. Қорыта айтқанда 26 саны «Құран­кәрімнің» 57­інші сүресіне негізделген. Сонымен екі ұлы тұлғаның арасындағы рухани сабақтастықтың бір дәлелі қасиетті таяқтардағы жазулардың құпиясы. Бала күніндегі жасыл таяқшаға жазылған адам бақытының құпия сыры қайрымдылық пен адалдыққа сүю мен әділеттілікке негізделгеніне Лев Толстой өмір бойы сенген. Сексеннен асқан шағында оның күнделігіне «Мұны біздер ойын деп атадық ал шындығында осы таяқшаға жазылған адамдарды бақытқа жеткізетін өнегелі сөздерден басқа бұл дүниеде көргендердің бәрі ойын екен» деп жазғаны ұлы жазушының өмірлік сеніміне дәлел. Толстойдың мүрдесі өзінің өсиеті бойынша қасиетті жасыл таяқшаны бала күнінде жасырып ойнаған жеріне жерленген. Ал Бекет Ата болса қасиетті аса таяғының қадалған жері Оғландыға жер асты мешітін салған. Өсиеті бойынша өлгенде сол мешіттің ішіне жерленген. Бұл күндері Бекет Атаның басына өміріне бақыт ауруына шипа іздеген алуан түрлі ұлттың өкілдері түнеп сырқаттарынан жазылып жандарына қуат алып жатады. Сондай­ақ жер шарының түкпір­түкпірінен ұлы жазушы Лев Толстой рухына тәуап етуге ағылып келіп жатқан халық «Ясная Полянада» да толастамайды. Осы екі тұлғаның өмірлік мақсаты мен қызметіндегі рухани сабақтастық екеуінің де мұсылман дінінен ақиқатты көре білуінде деп ойлаймын. Ол үшін Л.Толстойдың: «Мен үшін мұсылмандық өзінің бүкіл болмыс­бітімімен шіркеу православиясінен анағұрлым жоғары тұрғанына күдік болмауы тиіс» — деген бірауыз сөзінің байыбына барып мән­мағынасын зерделей білсек те жеткілікті сияқты. Бәдір НҰҒМАНҰЛЫ қарт журналист («Егемен Қазақстан» 8 қыркүйек 2000 ж.) АЛҒЫС АЙТАМЫЗ Осы жылдың 8­9 қыркүйек күндері Сұмса жерінде Пір Бекет Атаның 250 жылдығы ерекше елдік сипатта асқан ұйымшылдықпен абыройлы өтті. Мереке кезінде Абыз ата Аруақты Піріміз Ер Бекетке деген ұрпақтарының ыстық ықыласы ақ ниеттері шексіз болды. Елдің мерейі өсіп абыройы асқақтады. Бұл күндер береке­бірлігімізді игі іске деген риясыз ынтамызды байқатты. Ел өміріндегі ерекше тарихи оқиға болған Ата тойына атсалысқан азаматтарға кәсіпорындар мен ұжымдарға алыс­жақыннан келген ағайындарға ақ ниеттерін арнаған барша жандарға алғыс айтамыз. Баршаңызды да Бекет Атаның аруағы қолдап желеп­жебеп жүрсін!

Читайте также:  Этология және этнология

Оставить комментарий