Пішпек төтенше съезіндегі қаулы

1884 жылдың 6 наурызында Токмак уезінің Пішпек төтенше съезінде халық, құрметті билер, барлық болыс басшылары, ауыл старшиналары, құрметті кісілері бар — барлық жоғарыда аталғандар өзара келісе отырып, істі талқылау барысында келесідей шарттарды қалап алды: 1) Уездің өз арасындағы құдалық (Жесір дауы) рәсіміне қатысты даулардың 1868 жылдың 1 қаңтарынан бергісі ғана қаралуға жатады, ал оған дейінгі жылдардағы құдалыққа қатысты талап істерін ескеруі бойынша салауатқа беру керек. Құдалық рәсімінің бұзылуына байланысты істі қарауда антқа салуға болады, ол үшін үлкендер арасынан біреуін ант бергізуге болады, егерде дұшпандығы болып, зияны тиеді десе үлкендерден үш адам алып тастауға болады. 2) Құн және өзге де талап істері 1882 жылдың 5 мамырынан бергісі қараласын, бұған дейінгі жылдардағы істер ескіруі бойынша салауатқа жіберілмейді.

Құн дауы бойынша табылмай немесе керісінше дәлелдейтін көрген кісі табылса, онда болыстықтан төрт адам ант ішіп, жан береді. Қастығы, зияндығы тиер деген он екі адамды болыстықтың ант берушілер қатарына алып тастауға болады. Құнды болған жақ 4 бөліктен 260 жылқы, 100 қой және болыстан бір сәйгүлік, жас түйе мен бір тайлақ түйені төлемге беруі тиіс. Егер де кесілген құнды төлеуге құнды болған жақ дәрменсіз болса, 10 үй болып тіпті ауыл болып төлемді жабылып көтереді. Егер кісі өлтірген қойса, оның төлемін төлеу қажет. 3) Қолдың әрбір зақым алған саусағына айыпқа 9 бас мал, мұрынға төрт бөлікпен 50 жылқы, тіл зақымданса — түйеден бастап жүз жылқыға дейін төлемін береді. Егер екі аяқтың бірі сынса жарты құн, екеуі қатар сынып, жарамсыз болса толық құн төлейді. Түскен бір тіс үшін түйесіз 9 мал алынады; кесілген не жұлынған сақалға түйе бастатқан тоғыз мал айып алынады, әйелдің бұрымын кесіп алғанға ешқандай айып белгіленбейді.

Егерде бірін­бірі пышақтап, жарақат түсірсе, түйеден бастап он бес малға дейін төлем береді. Жарылған бас пен бұзылған бетке түйесіз тоғыз мал төлейді. Біреуін мойнына жиі салып немесе осы тектес қылық көрсетсе, ат­шапан айып тартады. Біреудің аты кісі өлтіріп не жарақаттаса, оған ат иесі кінәлі емес, айыптас құн да тартпайды, тек сол атты алуға болады. Бөтен біреудің баласын бәйгеге түскен атқа мінгізіп, одан бала жазым болып кетсе, оған құн төленбейді. Қызмет барысында өліп кеткен малайға құн жоқ. Жазғаны сол болып, біреудің әйелі түсік тастаса, оған құн танылмайды. Біреудің әйелін өліп, құн төлетсе, Құнның жартысы күйеуіне, жартысы әйелдің туғанына тиесілі. Егерде әйелін ері өлтірсе, әйелдің туғандары толық құн алады. 4) Бір болыстық ішіндегі құн дау турасындағы қазақтар арасындағы талап істері бойынша ант беру мәселесі қойылған жағдайда, қуынып отырған ауыл түгелдей, сонымен бірге болыстықтың негізгі құрамының кісілерімен қатыстығы бар делінетін 24 отбасы ант беруге қатыстырылмайды. Егерде біреу өліп, артында еркек кіндіктен мұрагері қалмаса, оның мал­мүлігі туған­туыстары мен әйелінен қалған қыз­қырқынға үлестіріп беріледі. Кімде­кім өзінің әйелін үш куәгердің көзінше талақ етсін деп айтса, әйелдің басы бос болып, оған төленген қалыңы қайтарылмайды. Ері бар әйелді балағаттап, боқтаған кісі түйе бастатып жиырма бес мат айыпқа беріледі. Құдалықтың рәсімі бойынша (жесір дауы) жауапкердің төлеуге малы жетімсіз болса, бір атадан тарайтын жақын, туған­туысқандары көтеруі керек, егер олардікі жетпесе бір болыстың ішіндегі туғандары көтереді. Егер де туыстары болмаса оның, елулік және старшинство көтереді. 5) Ұрлық істер бойынша ұрлығы жан берушімен не дәлелдеушімен дәлденсе төлемін төлейді. Ұрлық малдың бір басы үшін он бас мал төленеді, егер жауапкердің малы жоқ болып, төлей алмаса сол старшинствоның ондығына дейін жұрт жабылып көтереді. Ұрлығы үшін кесілген малдың төлемін болыс болып бере алмай, жұрт ұрыны Сібірге жіберуге аяп, бірігіп ұсыныс жасаса тек ұрлық малды ешбір айып ­ қиылсыз иесіне қайтарады.

Читайте также:  Жилищно-коммунальное хозяйство: проблемы и пути их решения

Егер қауым ұрыны Сібірге айдатуға келісім беріп, бидің кескен мерзіміне Сібірге ұстап беріп әсіресе, мұндай жағдайда қуынып отырған жаққа тек алған малды қайтарады. Егерде жұрт іші алған малды мерзімін өтеп келгеннен кейін төлесін деп қаласа, біз мұны қабыл алмаймыз, би шешімінің көшірмесі бар мал иесі малын толық қайтаруға хақысы бар. Мал ұрланды деп күдіктеніп не болмаса із кесіп күмән түссе ант беріп тазаруға болады. Қолхат немесе шешімнің көшірмесі бар ескірген дауды қайта қозғап, оны жауапкер танымай дау тудырса, мұндай іс билер сотында қаралады. Біреудің құда түсіп, қалыңы төленіп қойған жесірін алып қашып кетсе, құдандалы күйеуіне берген қалыңын қайтаруы тиіс және қыздың әке­шешесіне түйе бастатқан тоғыз айып төлейді. Егерде алынған қалыңды қайтара алмаса, бір түйе, сегіз мал мен қосып қызды қайыруы тиіс. Ал басы бос, құда түспеген қызды алып қашса, жігіт бір түйе мен 25 мал қалыңын төлеп, жолын береді. Екі адамның бірі екіншісіне келіп, борышқор төлемін бере алмаса, кепілге тұрған адам не борышқордың жақын туысы жауап береді. Егер де борышқордың төлемге малы жетімсіз болуы себепті кепілге тұрған кісі жауапкершілігін артып, борышын өтеп берсе, борышқордың жақын туысқандары кепілге тұрған кісіге барлық шығынын қайырып береді. Құрметті кісіні балағаттап, онысы дәлелдесе бір түйе мен ат айыпқа алынады. Шешім бойынша мал бағасы мынандай: ассы түйе 30 рубль, бесті түйе 25 рубль, құнан түйе 20 рубль, тайлақ 15 рубль, ассы ат 13 рубль, бесті ат 11 рубль, құнан 9, тай 7 рубль; мүйізді ірі қара: ассы 11 рубль, бестісі 9 рубль, құнан 9 рубль, тайынша 4 рубль; қой малы: құнан қой 3 рубль, сек 2 рубль. Қолхат негізінде қой өндіріп алу көзделсе, қолхатта жазылған тәртіпте төлемі жүргізілсін. Ұрыны астындағы ұрлық мал мен ұстаса, ұстап алған кісі астындағы малды пайдалана алады, сондай­ақ ұры астындағы ат ұрының өзінен болып, жұртқа танымал болса да ұрыны ұстаған адам оны алып қоя алады. Егерде ұры алған малдың иесіне белгілі жүйрік атта кетсе, мал иесі ұрыны ұстаған адамнан әр жүйрік ­ жорғасына бір жақсы аттан балады.

Читайте также:  Ұлттық экономиканың дамуындағы көліктің рөлі

Аталған шарттарға болыс билеушілері, ауыл старшындары, билер, құрметті кісілер мөрлерін басты. Түпнұсқада 76 мөр басылған. Ескерту: Осы қаулы борышын өтеуге байланысты дәрменсіз борышқор үшін туысы мен ел жұрты жауап беруін бекітпеді. Тоқмақ уезінің бастығы полковник Пущин. 2­шарт (аударма) 1884 жылдың 9 наурызында Тоқмақ уезінің бүкіл халқы төтенше съезді өткізуге қажетті киіз үй мен сойыс малды есептеп, келесі шарттарды белгіледі. Қарабалта съезіне әулие атарлықтар өздерінің киіз үйі мен соятын қойын алып келу керек. Бәжі, Алабұға болыстары Қарабалтаға сойымға жүз қой және ер болыс бір үйден алып келеді. Пішпек төтенше съезіне Толқын, Әлмеді және Бөлекбай болыстары 100 қойдан және бір­бір үйден алып келеді. Константин көпіріндегі Верный съезінде Тынай және Сарыбағы болыстары 100 қойдан, бір киіз үйден алып келеді. Егер Қашқарда съезд орнай қалса Темірболат, Бүрікші, Құрманжан болыстары 100 қойдан сойыс мал және ер болыс бір­бір киіз үйден алып келеді. Атбашыда өтетін төтенше билер съезінде Нарын және Есенгүл болыстары 100 қойдан, бір­бір киіз үйден алып келсін. Съезге Әндіжан уезімен бірге Сияқ және Кулчугашеу болыстары 100 қойдан және бір­бір киіз үйден алып барады. Әрбір болыстықтан 100 қойдан артық сойыс мал алынбайды. Сойыс қой мен жатар үй үшін ақы алынбайды. Бұған растап мөрлерін басты. Түпнұсқада 77 мөр басылған.

Оставить комментарий