Плазманың өткізбейтін қасиеті

Протоплазма қабаты суды жақсы өткізумен қатар суда еріген заттарды нашар өткізуі, тіпті өткізбеуі мүмкін. Оны мынадан көруте болады: егер қызылшаны бірнеше күн суға салып қойсақ, клетка тірі кезінде клетка шырынындағы антоциан пигменттерін суға шығармайды. Егер оны қайнатып, плазма құрылысын бұзсақ, клетка шырынындағы антоциан бұзылмаған клетка қабығындағы поралардан өтіп, суды қызыл түске бояйды. Тірі клеткадан клетка шырынында еріген заттар, мысалы қант сыртқа шықпайды. Егер клетканы калий селитрасының (КЖ)3), канттың және т.б. зиян келтірмейтін заттың концентрлі ерітіндісіне салып қойып, микроскоп арқылы қарасақ — плазмолиз құбылысын байқаймыз. Плазмолиз кезінде клетка шырынындағы су сыртқа шығып, клетка шырынының концентрациясы артып, протоплазма әбден жиырылады. Протоплазма мен қабықтың арасын сыртқы ерітінді алып жатады. Тонопластан клетка шырынында еріген заттар өте алмайды. Осындай клетканы суға салсақ, протоплазма суды тез өткізіп, клетка шырыны суды сорып, қайтадан бастапқы қалпына келеді — деплазмолиз. Көпшілік жағдайда концентрлі заттар протоплазмаға енбей, оның суын тартып алып, протоплазманы сусыздандырады. Протоплазма клетка қабығынан қашықтау кезінде ойыс плазмолиз туып, біраз уақыт өткесін /10-15 мин./ дөңес плазмолизге көшеді. Кейбір обьектілерде алғаш ойыс плазмолиз орнына тітіркенгіш/ судорожный/ плазмолиз туады. Пияз эпидермисін бір молярлы роданды калий ерітіндісімен өңдеу арқылы плазмолиз тудыруға болады.

Көп уақыт өтпей-ақ, клеткада плазмолиздің жаңа түрі тоқпалы /колпачковый/ плазмолиздің түзілгенін байқауға болады. Бұл кезде роданды калий КСN8, яғни оның ионы — СNS клеткаға еніп, мезоплазманы сұйылтады. Ол клетка шырынына жетпей өте алмайды. Мезоплазма бұл кезде шарға кигізген қалпақ тәрізденіп протопластың екі жақ бүйірін қоршайды. Міне, осы ерекшелігіне байланысты тоқпалы плазмолиз деп атайды. Сондай-ақ тоқпалы плазмолизді өсімдік кесіндісін бірер сағат азот қышқыл калиймен өңдеу арқылы да алуға болады. Тоқпалы плазмолиз протоплазманың бірінші өткізгіштік қасиетін, қабылдаған зат протоплазмамен байланысып, клетка шырынына жетпеуін көрсетеді. Протоплазмадан клетка шырынына өтіп келуін метилен көгінің /1:5000/ әлсіз ерітіндісін су өсімдігіне беріп өңдеу арқылы бақылауға болады. Белгілі уақыттан кейін бояу клетка шырынының ішіне өтіп, көпшілік жағдайда көп жинақталып, вакуоль ішінде бояу түнба түзе бастайды. Бұл жағдай протоплазманың бойынан суды өткізіп, суда еріген заттарды өткізбейтінін, оның шала өткізгіш қасиеті бар екенін көрсетеді. Бірақ клетка қабығынан кристаллоидтар оңай өтеді.

3. Пл азмолиз арқылы клетка шырынының осмос қысымын айыруға болады. Осмос қысымы жер бетіндегі өсімдіктерде 5-10 атмосфера шамасында. Су өсімдіктерінде 1-3 атмосфера. Жемістерде — қанттың көптігінен 20-40 атмосфера. Галофиттерде 60-100 атмосфераға тең. Клетка шырынының осмос қысымын мына әдістермен айырады. 1. Плазмолиз әдісі /1884 ж. Де Фриз ашқан/. Бұл әдіс үшін концентрациясы түрліше ерітінділер алып, оған өсімдік клеткасы бар кесінділер салып, плазмолиз құбылысын бақылау арқылы анықтайды. 2. Криоскопиялық әдіс, яғни клеткадан алынған шырынның мұз болып қату температурасы арқылы табу.

Оставить комментарий