Посткейнсиандық экономикалық теория

Посткейнсиандық және неоклассикалық теориялардың басты айырмашылығы тұтас тарихи уақыт пен логикалық уақыт арасындағы қарама-қайшылық болып табылады. Егер неоклассикалық теория әлемдік экономика дамуы проблемаларына жауап табуға қабілетсіз болса, онда қажетті жауап табуға қабілетті, баламалы экономикалық теория туралы мәселе туындайды. Неоклассикалық теорияның сондай-ақ кеңестік марксизмнің (батыс марксизмі емес) идеологиялық ангажирленуі (тапсырысты іс-әрекеті) оларды заманауи жағдайларды сараптауға жарамсыз етеді. Әрине, ешқандай экономикалық теория идеологиялық толықтай бейтарап бола алмайды. Мәселе идеологиялық және ғылыми құрамдастардың арақатынасында болса керек. Егер идеологиялық сараптау зерттеу қорытындыларын анықтаушы рөлін атқарса, онда ғылым жоқ, ал, керісінше идеология тәуелсіз, қисынды сараптаудың нәтижесінен шықса, онда экономикалық теория ғылыми атаққа дәмелі болмақ. Осындай ғылыми экономикалық теорияға, біздің пікірімізше, посткейнсиандық теория лайықты. Бұл теория кейнсиандықтың неоклассикалық теорияға жұтылып кетуінен сақтады және өзінің зерттеу әдіс-тәсілдерінің тәуелсіздігін қорғап қалды. Дж.М. Кейнстің есімімен байланысты экономикалық теория бағыттарының бірі оның «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж.) кітабының жарық көруімен дүниеге келді. Бұл еңбекте дамытылған идеялар капиталистік қоғам негіздерін дүр сілкіндірген 1929-1933 ж. Ұлы күйзеліс жылдарында қалыптасты. Дж.М. Кейнс еңбегінде капиталистік экономиканың ішкі тұрақсыздығының себебі жиынтық сұраныстың шектеулі болуынан іскерлік белсенділіктің құлдырап, жұмыссыздықтың өсуі екендігі көрсетілді. Экономикалық өсу мен жұмыспен қамтуды ынталандыру үшін мемлекеттік шығындар мен инвестицияларды арттыру арқылы жиынтық сұранысты арттыру керек деп есептеді Кейнс [1]. Кейнсиандық келіс сол кездері үстемдікте болған неоклассикалық әдебиеттердегі әдістерден қағидатты түрде ерекше еді. Әділетін айтар болсақ, мұндай келіс Кейнстен бұрын да әлсін-әлсін орын алғаны бар. Оны Сисмонди, Маркс еңбектерінен көруге болады. Бұлардың біріншісі циклдік құлдырауды халықтың кем тұтынуымен түсіндірсе, екіншісі бұл түсіндіруді дұрыс деп тапқанымен жеткіліксіз дей келе, капиталистік қоғамда халықтың тұтыну мүмкіншіліктері шектелген және ол диспропорцияға (тепе-теңдіктің бұзылуына) алып келеді деп есептеді. Қалай болғанда да экономикалық өсудің шешуші факторы ретінде жиынтық сұраныс проблемасын жан-жақты талдап жасау – Кейнстің қажырлы еңбегінің нәтижесі. Ол бұған неоклассиктердің догматтарынан бас тартқанынан кейін ғана қол жеткізді. Догматтарға қарсы кейнсшілер неоклассиктердің капиталистік экономика автоматты түрде өзін-өзі реттейді, сондықтан ол орнықты деген постулатын терістеп, тепе-теңсіздік қатеріне қарсыласу үшін не істеу керек екендігін көрсетеді. ХХ ғасырдың екінші жартысында батыс елдерінің экономикалық дамуына Кейнс идеялары зор әсер етті. Ол ұсынған дағдарысқа қарсы шаралар батыс экономикасының өсуіне көмектесті. Кейнс марксизмге өшпенділікпен қарады, бірақ оның кейбір идеялары, атап айтқанда, капитализмнің ішкі тұрақсыздығы, оның өзін-өзі реттеу арқылы орнықты дамудың жаңа траекториясын табуға қабілетсіздігі капитализмді марксистік тұрғыдан сынаушылардың диірменіне су құя түсті. Кейнсиандықтың бірден күш ала бастауы, содан танымалдығының арта түсуі неоклассиктерді дамытудың орнына оны неоклассикалық теорияға қосу арқылы «жақсартуға» көше бастағанын көрсетті (Хикс, Самуэльсон) [2]. Нә­ ISSN 1563-0285 kaznu Bulletin. international relations and international law series. №4 (68). 2014 М.К. Байгісиев, А.O. Оңдаш 71 тижесінде оғаш метамарфоза пайда болды: тепе-теңдік теориясын терістейтін концепция, оны қолдайтын болып шықты. Бұл операция ғылымда «неоклассикалық синтез» деген атауға ие болды. Дегенмен Кейнстің ізбасарлары (Дж. Робинсон, Н. Калдор, П. Сраффа) кейнсиандықты неоклассикалық логикаға бейімдеуге келісе қойған жоқ. Олар қайта жасауды «бұрмаланған кейнсиандық» (bastard Keynesianism) ретінде сипаттап, оны басқаша, ғылыми мазмұнына сай келетіндей қарастырып, посткейнсиандық деп атады [3]. Мәселе мынада: Кейнс мұраларын тереңдете зерделеу оны біртекті емес екендігіне ізбасарларының көзін жеткізді. Макроэкономикалық мәселелер бойынша Кейнс неоклассикалық постулаттардан батыл аулақтады да, экономикалық теорияға жаңашылдық әкелді. Ал Кейнстің микроэкономикалық мәселелері бойынша көзқарастары, мысалы құн, баға туралы пайымдауларында неоклассикалық түсініктерге сыни көзқарастарын білдірмейді, ол бұл мәселеде маржиналистік тәсілдерді ұстанады. Бірінде неоклассикалық постулаттарды терістесе, екіншісінде солардың идеясы шеңберінде қалып, өзінің жаңашылдығы мен консерватизмінің шиеленісін байқамай қалады. Сондықтан Кейнсті неоклассикалық қайта түзеуге қарсылық ретінде пайда болған неокейнсиандық ағым толықтай Кейнс шеңберінде де қала алмады. Оның ізбасарларының дәстүрге адалдығы күлді де сақтап, жалынды да ұстап тұруды мақсат тұтқан жоқ. Мұраны сыни қайта бағалау, оны жаңа идеялармен жетілдірулер есебінен дамыта түсуді көздеді. Кейнстің идеяларын тереңдете пайымдау үдерісінде поляк экономисі Михаил Калецкий (1899-1970) ерекше көзге түсті [4]. Дж. Робинсон және басқа да бірқатар посткейнсиандықтардың пікірінше, бұл поляк экономисі экономикалық теорияға Кейнстің деңгейі қатарлас дерлік үлес қосты. К. Маркс, М. Туган-Барановский және Р.  Люксембург еңбектеріне сүйене отырып, Калецкий экономикалық динамика теориясын талдап жасады. Дж. Робинсон былай деп жазды: «Калецкий ескі үлгідегі теориялық түсініктерден (яғни неоклассикалық түсініктерден) бостан болды, ал Кейнс дегенмен одан толық арыла қойған жоқ еді, ол (Калецкий) жетілмеген бәсеке сараптамасы мен тиімді сұранысты байланыстыра білді және мұның өзі посткейнсиандық теорияның дамуына жол ашты» [5]. Макро- және микроэкономика проблемалары бойынша Калецкий шешімдері неоклассикалық тәсілдерге балама болды және классикалық дәстүрлермен де байланысты үзген жоқ. Өздерінің бастапқы даму нүктелерінде бірі неоклассиктердің, бірі марксизмнің концепцияларын ұстанған екі ғылым бір-бірінен тәуелсіз, бірақ өте жақын концепцияға тоғысты. Білетіндер, мұны екі автордың да өз теорияларының догмаларынан бостан болып, нәтижесінде ұқсас қорытындыларға келуін ғылыми өмірде салыстырмалы жиі кездесетін құбылысқа балайды. Дж. М. Кейнсті капиталистік құрылысты сақтап қалу мәселелері мазалады, ал Калецкий капитализмді социалистік жаңғырту жағында болды. Дүниетанымдарының айырмашылықтарына қарамастан, екеуі де өз ұстанымдарын шынайы экономикалық үрдістерді объективті ғылыми саралау жолымен негіздеуге ұмтылды. Ал мұның өзі оларды заңды түрде жақын қорытындылар жасауға алып келді. Дж.М. Кейнс те М. Калецкий де шын мәнінде классикалық саяси экономия дәстүрлерін ұстанды және өздерінің әдіс-тәсілдерін неоклассикаға қарсы қойды. Біз мұны М. Калецкийдің марксистік тамырларын байқасақ, Кейнстің ғылыми-зертттеу логикасынан (қисынынан) табамыз. Дж.М. Кейнстің макроэкономикалық теориясына маржинализммен сыйыспайтындығы соның дәлелі болса керек. Дж.М. Кейнс те М. Калецкий негізін қалаған ғылыми бағытты олардың көптеген ізбасарлары едәуір байыта түсіп, дамытты. Олардың ішінен ең алдымен П. Сраффа мен Дж. Робинсонды атау керек [6]. Посткейнсиандық өмірде бар баламалы экономикалық ой-пікірлерді өзіне жақындататын логикалық орталық болып есептеледі. Себебі ол өзінің зерттеулерінде сараптаудың объективті логикасына жүгінеді. Мұндағы бірінші және негізгі айырмашылық – экономикалық теория пәнін түсінуде. Неоклассикалық теория үшін бастапқы түсінік табиғатта бар ресурстардың тапшылығы категориясы болып табылады және осыдан шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану мәселесінен экономикалық іс-әрекеттің бүкіл мән-мағынасы шығарылады. Осы қажеттіліктің дәл өзі ғылымның пәні болып жарияланады да, ресурстардың мүмкін болар нұсқаларын техникалық сипаттау және оны оңтайландыру әдістері орын алады. Посткейнсиандықтар болса, экономикалық теорияның пәні саяси экономия классиктері (Смит, Рикардо, Маркс) анықтаған пәнді ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы. №4 (68). 2014 72 Посткейнсиандық экономикалық теория мойындайды және өздерінің міндеті ретінде адамдардың экономикалық қатынастарын зерделеуді көздейді. Неоклассиктердің экономикалық сараптаудағы «технологизміне» және идеологиялық бейтараптығына олар экономикалық теорияның идеологиялық сипатын ашық дәріптеуді қарсы қояды. Посткейнсиандықтардың тағы бір ерекшелігі олар тұтынушыларды әлеуметтік біртекті деп емес, алған табыстары мен тұтынудың әртүрлі нормаларына қатысты ажыратады. Айталық, посткейнсиандықтар инвестицияны сараптау арқылы жұмысшылар жинақтамайды, капиталистер тұтынбайды деген жорамал негізінде әлеуметтік тұлғалардың қоғамдық ұдайы өндіріс жүйесіндегі рөлін дәлірек көруге мүмкіндік береді. Екінші айырмашылық тепе-теңдікті түсінуге байланысты. Неоклассикалық теория капиталистік экономика оның табиғатында бар қабілеттері арқылы экономикалық үдерістерді автоматты түрде реттейді дейді. Посткейнсиандық қарама-қарсы пікірді ұстанады: өзімен-өзі болған капиталистік экономика тепе-теңдікті бұзуға ұмтылады, қайшылықтарды асқындырып, тұрақсыздықты күшейтеді. Әртүрлі келістер адамдардың болашақты түсінуі мен болжауы қабілеттерін брнеше бағалаумен байланысты болса керек. Неоклассиктер оқиға дамуының ықтимал траекториясын есептеу басты ерекшелігі болып табылатын «ұтымды адам» гипотезасына сүйенеді. Рыноктық агенттердің өз пайдасын максималдауға тырысу әрекеттері осы ұтымды күтулерге құрылады. Егер ешқандай сыртқы күштер индивидтерге қажетті ұтымды шешімдерді қабылдауға кедергі келтірмесе, онда күтулер түгел жүзеге асады да экономика тепе-теңдікке келеді, яғни шаруашылық жүйесіне қатысты өзгерістер импульсіне жол бермейтін жағдай орнығады. Посткейнсиандық теория экономикалық құбылыстарды осылайша түсіндіруге қарсылық танытады. Олар адам қабілетінің шектеулі екендігі мен болашақтың белгісіздігі туралы кейнсиандық қағидатқа сүйенеді. «Посткейнсиандық экономикаға бастау» еңбегінде Дж. Робинсон: «Кейнс өзінің «Жалпы теориясын» жазғанда оның неоклассиктерден басты айырмашылығы тиімді сұраныс проблемасы болды. Кітап жарыққа шыққаннан кейін ол басқа бағытты жүргізе бастайды. Ол негізгі айырмашылықта көріп, болашаққа қатысты күтулердің міндетті түрде белгісіз болып табылатынын анықтады. Дәл осы арадан посткейнсиандық теория басталады. Белгісіздікті мойындау тепе-теңдіктің дәстүрлі концепциясын талқандайды» [7]. Посткейнсиандықтардың пікірі бойынша, экономикалық шешімдерді әрқашан оралмайтын өткен шақ пен белгісіз болашақ арасында қабылдауға тура келеді, сондықтан олардың салдары дәлме-дәл белгілі бола алмайды. Міне, осы келіс ақша мен инвестициядан бастап инфляция мен құлдырауға дейінгі әртүрлі экономикалық категориялардың посткейнсиандық түсініктерін анықтайды. Ал неоклассиктерде басқаша. Адамның «көріпкелдігі» гипотезасына сүйенетін олар өткенді болашақа аударып, төңкереді (экстраполяциялайды), ал енді ондағы жаңа факторлардың әрекеті әсерін толықтай есептеу мүмкін емес. Нәтижесінде өмір оларға Ұлы күйзеліс, стагфляция (тоқырау мен инфляцияның бірдей орын алуы) немесе рыноктың реформалардың жүзеге аспай қалуы секілді тосын сыйлар жасайды. Үшінші негізгі айырмашылық экономикалық сараптаудың бағыт, бағдарына қатысты. Неоклассикалық теория басымдықты айналым сферасына береді. Олардың қызығушылығын тудыратын басты үдеріс – бұл рыноктағы тауарлар айырбасы. Ұсыныс (өндіріс) айырбас үдерісіне бағынышты ретінде түсіндіріледі. Дәл сондықтан да игіліктердің сиректік проблемасына үлкен маңыз беріледі. Ал посткейнсиандық бізді классикалық дәстүрлерге қайтарады. Соған сәйкес экономикалық болмыстың анықтаушы сферасы өндіріс болып табылады және мұнда үлкен ғылыми мән-мағына бар. өндіріс мәселесін алғы шепке шығару сиректік проблемасын басқаша көрсетуге мүмкіндік береді. Оған ұдайы өндіріс мүмкіндіктері қарсы қойылады. «Посткейнсиандық модельдерде өндіріске басымдық беру жағдайында күрделі қаржы да, еңбек те толықтай пайдаланылмайды деп жорамалданады. Мұндай мағынада ресурстар сирек болып табылмайды. Олай болса негізгі мәселе – оларды қалай бөлу емес, өндірісті немесе өсу қарқынын қалайша арттыру мәселесі болып табылады. Сиректік қағидатын тиімді сұраныс қағидаты ауыстырады». Бұдан біз екі концепцияның баламалы екендігін көреміз. Егер экономикалық теория шектеулі ресурстарды (сиректік) ұтымды (оңтайлы) пайдалану туралы ғылым ретінде анықталатын болса, онда экономиканың басты сферасы, қисын бойынша сұраныс пен ұсыныс механизмі шеңберінде айналымдағы тауарлар, қызмет көрсетулер және қаржылық активтер болып табылады. Бұл механизмдегі негізгі рөл сатушылар ISSN 1563-0285 kaznu Bulletin. international relations and international law series. №4 (68). 2014 М.К. Байгісиев, А.O. Оңдаш 73 мен сатып алушылардың іс-әрекетін басқаратын бағаға тиесілі болады. Осы қисын бойынша жүрсек қоғамның экономикалық өсуіне ақша массасының көлемі, пайыздық мөлшерлемесі және валюта курсы секілді қаржылық сектордың категориялары арқылы әсер ету мүмкіндіктері тіптен шектеулі болады. Посткейнсиандық концепцияның қисыны басқаша. Оның классикалық дәстүрлерден өніп, өскен экономикалық теория анықтауларында экономиканың басты сферасы өндіріс болып табылатындығы көрсетіледі. Олай болса ресурстар табиғаттың бергені емес, адамның ұдайы өндірісі, сонда сиректік молшылыққа айналады. Бірақ өсу қарқыны үздіксіз және орнықты болуы үшін не істеу керек? Қолда бар ресурстар толық қамту деңгейінде тиімді сұранысты қамтамасыз ету қажет. Сонда ресурстардың көлемі тұрақты түрде арта түседі. Мұның өзі өздігінен жүзеге аспайтын құбылыс болғандықтан посткейнсиандықтар толық қамтуды қамтамасыздандыру, инвестицияны арттыру және техникалық прогресті жеделдету жолымен экономикалық өсуге белсенді әсер ету концепциясын ұсынады. Посткейнсиандықтың неоклассикалық бағыттан төртінші айырмашылығы – қоғам өмірінің негізі ретіндегі неоклассикалық әлеуметтік дарвинизм (тіршілік үшін күрес) қағидатын терістеуі және әлеуметтік әділеттілікті жақтауы. Кейнс капитализмнің өзіне тән тіршілік үшін аяусыз күресін бейнелі түрде суреттеп, оны неоклассикалық ресурстарды бөлу және пайдалану теориясының ақтап алуына қарсылық білдірді. «Бұл теорияға сәйкес, – деп жазды Кейнс, – «жалған бағыт» бойынша қозғалыстағы өндірістік ресурстарды тәуелсіз іс-әрекет арқылы идеалды бөлуге болады-мыс. Мұның астарында кімде-кім өзінің капиталын немесе өз еңбегін жалған жолға бағыттас, оларға аяушылық та, қорған да болмауы тиіс. Бұл жолы болғыш пайдақұмарларды тіршілік үшін күрес барысында алға шығарып қоюдың әдісі. Бұл ең тиімділердің тиімсіздерді банкротқа ұшыратуы болып табылады. Мұнда күрестің құны есепке алынбайды, тек қана тұрақты болады деп саналатын түпкі нәтиженің олжасы көз алдынан кетпей қояды. Егер өмірдің мақсаты ең жоғарыда тұрған жапырақтарды үзіп алу болса, онда оған жетудің ең қолайлы жолы – ұзын мойынды жирафтар қысқа мойындыларын аштан қатырады дей беріңіз». Егер рынок өзімен-өзі болып «ұзын мойынды жирафтар» ойына келгенін істейтін болса, онда біреулердің гүлденуі басқалардың мерт болуы есебінен жүзеге асады. Реттелмейтін рынок туралы өз түсіндірулерін жалғастыра келіп Кейнс былайша сабақтайды: «Егер жирафтарды өздерімен өздерін қоятын болсақ, онда, 1) ағашқа жақын келген ұзын мойынды жирафтар жапырақтың максималды санын үзіп алады да, басқалары аштан қырылады; 2) әрбір жираф жапырақтың ең шырыны мол, дәмдісіне ұмтылады; 3) биіктегі, бірақ ең ұтымды жапыраққа жету үшін үлкен жираф мойынын соза береді. Осылайша, дәмді, шырыны мол жапырақтардың басым бөлігі жұмсаған қажыр-қайратына емес, мойынының ұзындығына сенгендердің ауызында кетеді». Бұл Дж.М. Кейнстің капитализмге берген анықтауы. Ұзын мойынды жирафтарға ең дәмді жапырақтар тиесілі болу керек, ал қысқа мойындыларды аяқпен таптап кетуге де болады. Посткейсиандық мұндай антагонизмді сақтап, қорғауға және заңдастыруға қарсылық білдіреді. Ол экономикалық және әлеуметтік қатынастарды реттеу амалдары антагонизмді жоймаса да, оның салдарын едәуір жұмсартуға көмектесетін әдістерді қолдануды ұсынады. Посткейнсиандықтардың антагонизмді жұмсарту әдістеріне тұрғындарды жұмыспен толық қамтуға жету немесе реттеудің басқа да шараларын қолдану бастамалары жатады. Бұл үшін тіпті құқықтық және этикалық нормаларды ұстанудың өзі жеткіліксіз. Әрине, оларды қатаң сақтауды қоя тұрғанды олардан біраз алыстау екенімізді мойындаған жөн, ұлттық табысты тұрғындардың барлық топтары мүдделеріне сай бөлу үшін мемлекеттің әлеуметтік бағдарланған іс-шаралары болуы қажет. Сонда ғана әрбір адам үшін лайықты өмір сүру мүмкіндігін жасауға қол жеткізіледі. Ежелгі гректер: нан және думан деп ұрандатса, қазіргі бұқара үшін дамудың материалдық және рухани құрамдастарын олардың еңбегіне сәйкес оңтайлы бөлу өзекті болып қала бермек.

Читайте также:  Алаш азаматтарының ақталуы

Оставить комментарий