Постмодерннің шарты

Бұл зерттеудің мақсаты — ең дамыған қоғамдардағы білім жағдайын қарастыру. Оны «постмодерн» деп атау ұйғарылған. Бұл сөз айналысқа Америка континентінде социологтар және әдеби сыншылардың қолдануынан туындаған. Оның мағынасы, XIX тасырдан ғылым, әдебиет және өнердің ойын ережелеріне әсер еткен өзгерістерден кейінгі мәдениеттің ахуалы. Бұл арада әлгі өзгерістер әңгімелеудің дағдарысына байланысты қойылады. Ғылым ежелден әңгімелеумен тартыста болған. Өздерінің критерийлерінің өлшеміне байланысты әңгімелеудің көбісі аңыздарға тәуелді. Бірақ, тылым қаншама өзін пайдалы ережелер және ақиқатты іздеудің орнықтыруларымен шектесе де, ол өзінің ережелерін заңдастыруға (летитимациялауға) тиіс. Дәл осыдан ол өзінің өз статусында философия деп аталатын белгілі заңдастыру дискурсын ұстайды. Бұл метадискурс ашықтан ашық түрде, мысалы, Pyx диалектикасы, мағынаның пайымдалуы (герменивтикасы), ақылдың, немесе еңбектенген субъекттің бостандығы, байлықты дамыту сияқты үлкен әңгімелерге назар аударғанда өзін заңдастыру үшін тек өзіне тана сілтейтін ғылымды «қазіргі» деп атайды. Дәл осылайша, мысалы, адресат пен адресант арасындағы консенсус ережесі қолайлы болар еді, егер ол өзін ақылды саналардың мүмкіндіктегі бір пікірлі перспективасына қосса. Ағарту дәуірінің әңгімелеуі осындай болған, онда білім қаһарманы абыройлы­ахлақты мақсат үшін, бәріне ортақ өлем үшін қызмет етеді.

Бұл жағдайда белгілі бір тарих философиясына сілтейтін метаәңгімелеу арқылы білімді заңдастырып; әрқашанда әлеуметтік байланыстарды билейтін институциялардың заңдылығы туралы мәселесіне келетініміз көрінеді: оларға да заңды болу қажет. Сөйтіп, әділет те, ақиқат сияқты, үлкен әңгімелеуге қатынасты боп шытады. Шектен тыс қарабайырландырсақ, былай айтуға болады: «постмодерн» деп метаәңгімелерге сенімсіздікті атайды. Бұл сенімсіздік, әрине, ғылым прогрессінің нәтижесі: бірақ, бұл прогресс өз негізінде оны негіздейді. Заңдастырудың метанарративті механизмінің көнеруіне метафизикалық философияның дағдарысы мен оған тәуелді университеттік институцияның дағдарысы сәйкес келеді. Әңгімені қызметі өзінің қызметкерлерін, өзінің ұлы қаһарманын, қауіптерін, ұлы саяхаттарын және ұлы мақсатын жоғалтады. Ол енді тілдің нарративті және сонымен бірге денотативты, перцептивты, дескриптивты, әрбіреуі мағынаның прагмативты sui generisiH әкелетін бөлшектердің тұманында сейілденеді. Біздің әрбіреуіміз осы мағыналардың көпшеленуінің қиылысында тұрамыз. Біз қажетті түрде орнықты коммуникациялар жасамаймыз және біз жасаған комбинациялардың қасиеттері қажетті түрде коммуникабелді емес. Сөйтіп, келешектегі болатын қоғам (структурализм, немесе жүйелер теориясы сияқты) Ньютон антропологиясынан гөрі тіл бөлшектерінің прагматикасына тәуелді. Тілдің көптеген түрлі ойындары бар, ол бөлшектердің әртектілігі, ол интуиция орнын тек атау арқылы жасайды, ол шектеулі детерминизм. Дегенмен, idealeyru билеушілері әлеуметтіліктің әлгі тұманды құрылымдарын input/output матрицалары арқылы басқарып көрген бөлшектердің өлшемдестігіне және барлық нәрсенің заңдылықтан туындайтынына байланысты. Олар біздің өмірімізді билік қабілетінің өсуіне тәуелді қылған.

Читайте также:  Бекетай би

Оның әлеуметті әділеттілік материясына заңдастырылуы, ғылым ақиқаты материясына заңдастырылғанындай перформативты жүйені оптимизациялауға және оның нәтижелілігіне байланысты. Осы критерийлерді біздің барлық ойындарымызға аздаған жұмсақ немесе қатаң террорсыз беймүмкін: операторлы, яғни, өлшемдес болыңыздар, немесе құрып кетіңіздер. Мейлінше перформанттылықтың осы логикасы коп жағдайда, әрине, санадан тыс нәрсе, әсіресе социо­экономикалық ауқымдағы кереғарлыққа қатысты: ол бір уақытта еңбектің минимумын (өндіріс шығындарын төмендету үшін) және максимумын (еңбекте жоқ тұрғындардың әлеуметтік ауыртпалығын жеңілдету үшін). Бірақ, сенімсіздіктің қазір ұлғайғаны сонша, енді бұл үйлесімсіздіктен, Маркс кезіндегідей, құтқарушы нәтиже күтпейді. Постмодернге, бірақ, опыну да және делигитимацияның позитивтілігі де жат. Метаәңгімелеудің ақырынан кейін легитимация қайда жатуға тиіс? Әрекетшілдіктің критерийлері технологиялық, ол әділеттілік және ақиқат туралы тұжырымдарға жатпайды. Әлде, Хабермас айтқанындай, дискуссияда туындаған консесусте ме? Бірақ, ол тіл ойындарының әрекеттілігін бұзады. Өйткені жаңалық әрқашанда өткірлікте ашылады. Постқазіргі білім тек қана биліктің қаруы емес. Ол біздің өзгешелікке деген сезімталдығымызды әрлейді және біздегі өлшеусіз нәрсені қолдау қабілетін күшейтеді. Ол өзінің ақылын эксперттердің гомологиясында емес, жаңалық ашушылардың паралогиясында табады. Жауабы әлі табылмаған сауалымыз мынадай: әлеуметті байланыс, әлеуметті қоғам легитимациясымен ғылыми қызметтің парадоксы ретінде айналысуға бола ма? Оның мәнісі неде? Алдыңыздағы текст белгілі жағдайлардың туындысы. Бұл — Квебек үкіметі жанындағы университеттердің Кеңесіне оның президентінің өтініші бойынша ұсынылған ең дамыған қоғамдардағы білім туралы Баяндама. Президент оны Францияда жариялауға рұқсатын берген, сол үшін біз үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Қалай болғанда да, баяндамашы эксперт емес, философ. Алдыңғысы өзінің бір нәрсе білетінін және не білетінін біледі, соңғысы — жоқ. Бірі қорытындылайды, өзгесі сауал қояды, тілдің екі ойыны осындай. Мұнда олардың араласқаны сонша., бірде біреуі ешнәрсеге әкелмейді. Философ, ең кемінде, білімге негізделген белгілі философиялық және ахлақты­саяси дискурстардың формалды және прагматикалық анализі өзінен кейін жарық көрерін айтып жұбана алады. Біз оны осы күйінше Париж VIII Университетінің (Винсенн) Политехникалық институтына бұл институт жоқ болуға да, туылуға да дайын өте постқазіргі сәтте арнаймыз.

Читайте также:  Мәдениетті қанша адам жасайды

Оставить комментарий