Программ дегеніміз не?

Адам бір істі істерде, әуелі ол істің үлгісін пішіп, жоспарын жасап алады. Мысал: етікей етік тігерде, етік иесінің аяғын (тұрқын, алқымын, жіліншігін) өлшеп алады да, үлгі пішеді, қалып жабады, жамалайды, шешесі баласына көйлек пішерде, баласының бойын, аярын, қолын, мойнын өлшеп алып шүберек жыртады. Иесі үй саларда дуалдың ұзыны, биігі, қалыңдығы қандай, бөлмесі, терезесі, есігі қанша болатының пештері қай жердей салынатынын шамалай алып, соған қанша кірпіш, қанша темір, ағаш, әк кететінің қысқасы сол үйдің қандай сомға түсетінін мөлшерлеп, план жасайды. Сондай үлгі, жоспар (план) оқытушыға да керек. Үлгісіз, қалыпсыз етік, өлшеусіз көйлек, плансыз үй көңілдегідей боп шықпайды. Жоспарсыз, плансыз оқыту да сол сияқты. Қандай мекеме, ұйым болсын, қандай ғалым, маман, өнерпаз болсын, плансыз ешбірі іс қылмайды. Осы күнгі мекемелер жазаласа, алдағы бес жылдық жұмыстың планын жасап қойып отыр. Қандай уақ жұмыс болсын, үлгісіз, плансыз істелмейді, шешеміз текеметке түр сала ма, қарындасымыз орамалдың алақанын кестелей ме, алдымен желі тартып, су жүргізіп алады да, содан кейін қошқар мүйіз, сыңар ойық, көр­жерін толтырады. Міне, программ деген сондай, істелмек жұмыстың үлгісі, планы, қазақша жоспары екен.

Читайте также:  Халық өкілдігі туралы

Оставить комментарий